Курстық ЖҰмыс тақырыбы



бет1/3
Дата14.06.2023
өлшемі93,25 Kb.
#101448
  1   2   3

Ф.7.04 -01

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ


М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ



Филология факультеті


Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Омар Шораяқовтың мысал жанрына қосқан үлесі
Пәні: ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті
БББ: 6В01710-қазақ тілі мен әдебиеті
Орындаған: Сәбитқызы Мейірім Тобы ФИ-20-1к2
(Студенттің аты-жөні)

Жетекші ____________________________


Жұмыс ____________


(бағасы)
бағасына қорғалды
«_____» ________ 2023 ж.

Норма бақылау:


______________________
аға оқытушы Елтаева Ж.Қ

Комиссия:


Кайимов М.Е. ___________________________

Нұрбек М. ___________________________


Шымкент – 2023 ж.


Ф.7.04-03
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДА‬‬ҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
Қазақ ті‬‬лі мен әдебиеті кафедрасы
Бекітемін
Каф.меңгерушісі ф.ғ.к.,
доцент Б.Т. Тасполатов
«_____» ______2023ж.

№____тапсырма




Қазір‬‬гі қазақ әдебиеті _пәні бойынша курстық жұмысты (жобаны) орындауға
Студент Сәбитқызы Мейірім Тобы ФИ-20-1к2
Жұмыс тақырыбы (жоба) Омар Шораяқовтың мысал жанрына қосқан үлесі
Берілген мәліметтер: Омар Шораяқовтың мысал жанрындағы шығармаларына талдау жүргізу



Курстық жұмыстың мазмұны

Бөлімдер бойынша парақтардың шамамен саны

Орындау мерзімі

КІРІСПЕ







1
1.1
1.2

1.3


омар шораяқов шығармашылығы
Омар Шораяқовтың өмірінен мағлұмат
Зерттеуші Нұрбай Жанәділовтың Омар Шораяқов жайында жазбалары
Омар Шораяқовтың мысал жанрына қосқан елеулі үлесі







ҚОРЫТЫНДЫ







ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ







Ұсынылған әдебиеттер:
1 Шораяқтың Омары. Сөйле, тілім, жосылып: Өлеңдер, дастандар, айтыстар / Шораяқтың Омары; Құраст. Әбжан Айсауытов.- Алматы: Рауан, 1995.- 301 бет.
2 Шораяқов Омар. Шайыр: Өлеңдер, дастандар, айтыстар / Шораяқов Омар; Құраст. М. Байділдаев.- Алматы: Жазушы, 1984.- 176 бет.
3 Шораяқтың Омары. Шығармалары: Терме-толғаулар, өсиет-мысалдар, айтыстар мен дастандар / Шораяқтың Омары; Жауапты ред. Б.Кәрібозұлы.- Астана: Фолиант, 2009.- 336 б.-(Сырдария кітапханасы)
4 Шораяқұлы О. Жастарға өсиет (Ташкентте оқып жүрген Шайхыға): Өлең / Шораяқұлы О. // Ана тілі.- 2014.- 4-10 қыркүйек (№ 35).- 100 б.

Тапсырманың берілген күні:


Жұмысты қорғау күні: __________________
Жұмыстың жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Қалшабеков А.Қ ____________________
(лауазымы, қолы, ТА.Ә.) (қолы)

Тапсырманы орындауға қабылдады_____________________________________


МАЗМҰНЫ



КІРІСПЕ 4
1 ом‬ар шораяқов ‬ шығармашылығы 5
1.1.Ом‬ар Шораяқов‬тың өмірінен мағлұмат 5
1.2 Зерттеуші Нұрбай Жанәділовтың Омар Шораяқов жайында жазбалары 6
1.3 Ом‬ар Шораяқов‬тың мысал жанрына қосқан елеулі үлесі 10
ҚОРЫТЫНДЫ 17
Пайдаланыл‬ған әдебиет‬т‬ер тізімі 18

КІРІСПЕ


Жұмыстың өзектілі‬‬гі және маңыздылығы. Қазақ әдебиеті тарихында С‬‬ыр сүлейлері атауымен өзіндік шығармашылық мектеп қалыптастырған халық жүрегіне берік орныққан б‬‬ір топ ақындар шоғыры бар. Солардың бірі – Шораяқтың Омары. Оның қазақ әдебиетінде‬‬гі мысал жанрына қосқан үлесі ұлттық мәдени тарихында айрықша дараланып көрінеді. Мысал – өзіндік ерекшелі‬‬гі бар жанр. Ол күлдіргі, әшкерелейді, ой салады және тағылым беріп тәрбиелеуге шақырады.
Мысал арқы‬‬лы ақындар рухани құндылықтарды арқау етіп, талғам биігінен көрінуді басты назарда ұстаған. Мысалда ең жоғары құндылық адамды дәріптеу, оның и‬‬гі қасиеттерін үл‬‬гі етеді. Академик З.Қабдолов: «Мысалдың өзінше тән жанрлық ерекшелі‬‬гі барлы‬‬ғы даусыз. Өмірде сатираға негіз болу үшін өзі күліп тұрған тақырып жоқ. Демек, мысал арқы‬‬лы әзіл, мазақ, шенеу сияқты суреттеліп, соңында тобық‬‬тай түйін тұспалдап берілетін мысалдың сипаты әр түр‬‬лі болып келеді.
Курс жұмыстың мақсаты және міндеті. Омар Шораяқовтың мысал шығармаларына талдау жасау. Осы мақсатқа орай, алдымызға бірнеше міндеттер қойдық:
- Омар Шораяқовтың өмірінен мағлұмат беру;
-зерттеушілердің жазбаларынан Омар Шораяқов жайында ойларынан мысалдар келтіру‬ т ;
- Омар Шораяқовтың мысал жанрына қосқан елеулі үлесі.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Зерттеу барысында талдау, жүйелеу, жалпылау және салыстыру әдістері қолданылды.
Курс жұмысының құрылымы: жұмыс кіріспеден, бір негіз‬‬гі бөлімнен және қорытынды бөлім мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 омар шораяқов шығармашылығы






    1. Омар Шораяқовтың өмірінен мағлұмат

Омар Шораяқұлы (22 қазан 1878, қазіргі Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Тұрмағамбет ауылы – 14 маусым 1924, сонда) – ақын. Омар он жеті жасқа дейін өз ауылындағы Алдашбай деген молдадан оқып, мұсылманша білім алады. Кәсіп іздеп 1896 жылы Қазалы қаласына келіп, Нәмекей Болташев деген татар саудагеріне жалданады. Сонда тоғыз жыл бойы жалшылықта жүргенде ауруға шалдығып, 1905 жылы туған аулына келеді. Он алты алты жасынан бастап өлеңді ауызша да, жазып та шығарған. Шығармаларының ішінде көптеген толғау, терме, тақпақ, өсиет, мысалдармен қатар он бестен аса дастаны («Қара шекпен», «Жарлы тәліп», «Кедей», «Тау елі» т.б.) және Қарасақал Ерімбет ақынмен жазып айтысқан айтыс өлеңі бар.
Алғашқы өлеңдерінде (“Сөйле, тілім, жосылып”, “Шығарған сөзім шырайлы”, “Өмір өрнектері”, т.б.) ақындық пен сөз өнерін жырға қосты. “Аталық кеңес”, “Жастарға өсиет” өлеңдерінен ұлттық тәлім-тәрбие тағылымы танылады. Діни тақырыптағы “Барамыз байтақ орынға”, “Әмманың ажал тағдыр мұрасындай”, “Айналайын атыңнан”, “Әуелі аспан менен жер жараттың”, “Жәрдемші Жаппар атты жалғыз еге”, т.б. жырлары мұсылмандықты насихаттап, адамгершілікпен имандылыққа уағыздайды. Омар мысал жанрында “Бір пияла май”, “Қойшы мен ұры”, т.б. туындылар жазды. Оның адалдықты үлгі ететін (“Жарлы Тәліп”, “Қара шекпен”), әйел махаббатының құдіретін ұлықтайтын, зұлымдықтың зардабын сөз еткен (“Үш күлше”) дастандарымен қатар ислам дінінің қалыптасуы мен таралуын қамтитын, діни-ағартушылық бағыттағы “Мұхаммед”, “Мағауия”, “Хақ Сүлеймен”, “Калимулла”, “Әбу Шахыма” сияқты жыр дастандары сақталған. “Тау еліне” атты тарихи хат-дастаны қазақтың мәдени дәстүрінің өркендеуін мазмұндаған эпикалық шығарма. Жұмбақ өлеңдері көп. Кезінде Жүсіп Таубайұлы, Қарасақал Ерімбет («Айтыс», 2т,1963), Нұрмахан, Заубай, Шәкей салдармен айтысқан. Ақын «Болысқа», «Қойшы мен ұры», «Аталық кеңес», «Жастарға өсиет», т.б. өлеңдері бар[1,26].
Омар шығармалары туралы алғаш М.Байділдаев “Ақындар творчествосы” (1959) атты кітабында жазды. Ақын өлеңдері “XX ғасыр басындағы қазақ ақындарының шығармалары” (1963), “Үш ғасыр жырлайды” (1965), “Айтыс” (1965, 2-т.), “Бес ғасыр жырлайды” (1985, 3-т.), “Ай, заман-ай, заман-ай” (1991), “Қазақ поэзиясының антологиясы” (1993), «Қасиетті Қармақшы» (2003), «Ғасырлар толқыны» (2004) жинақтарында жарияланған. «Шайыр» (1984, құрастырып, алғы сөзін жазған М.Байділдаев) деген атпен жеке кітабы жарық көрген.

1.2 Зерттеуші Нұрбай Жанәділовтың Омар Шораяқов жайында жазбалары


1905 жылдың қаңтарының аязды күні. Қаһарына мініп, шығыстан соққан боранды жел бет қаратпайды. Үстінде жыртық сары тоны бар, аяғына киген «көлбақа тамақты» көн етегін қонышынан басқан сары бала жолда бірденеден қалғандай асығыс келеді. Қарсы алдынан бетіне соққан ызғарлы жел оның ашық тонынан өтіп, тұла бойын түгелдей жаулап алып, денесін суықтайды. Баланың үстіндегі қиюы қашқан сары тонның етегі желден шалқайып, «қанатын қаққан қара құстай» қалбалақтайды. жүріп келеді, сөйлеп келеді...
– Иә, құрысын, бәрі де құрысын шы. Ғаріпшілдіктің де көрген күні құрысын, анаңнан тумай жатып көрген азапшылық-ай ,– деді де жол үстінде бойы өзіндей боп өсіп тұрған қарауыл жыңғылдың ығына бір иықтай аяғын бүге қисая кетті. Жолға шыққанына біршама уақыт өтсе де оның Нәмекейге деген ашуы әлі басылар емес. Қайтсін байдың көрсеткен азары ішін өртеп барады. Иә, Нәмекейдің оған көрсеткен қорлығы жан дүниесін жиіркендіріп те жіберді. Өртенбегенде ше! Қанша жылдан бері сол мешкейдің есігінде жүріп, адал да қылаусыз еткен еңбегіне ең болмаса да қотыр тоқты да қимады ғой пәтшағар. Ал, оның былшық көзді бәйбішесі ше, туф, ойпырмай-ай, айтпағаны, жоқ қой сол сары қатынның. Ал, қожайын болса, оның ар жағында... Оңбаған сол сары қатынның боққа былыққан ащы тілінен шыққан сөзіне еріп, қақаған қыстың ортасында күн-түн демей адал қызмет істеп, алғыстың орнына қарғыс алдым. Тіпті, есігінің алдында жатқан анау сабалақ иті құрлы көрмей қуып шықты емес пе. Ой, антұрған неме...[2,48].
Бұл – жапан далада қожасына ренжіп, ішін ашу-ыза кернеп, туған ауылына қайтып келе жатқан баланың сөзі. Ол ызаға толы кеудесін кере көтеріп, басын олай-бұлай шұлғып, бір сәтке ойланып қалды. Қапалы жастың ойын әлденелер мазалайды. Бірақ, бұл бейбақтың жәрдемшісі, тіпті жанында сырын айтар ешкімі де жоқ. Алды-артынан ұйытқи соққан ызғарлы да аязды жел оның қиялын жетелеп, ашынған жүректі алысқа алып кете барады.
Әбден ашынған оның ойына қайдан келе қалғаны:
...Қайырып арқар сақтар таудың тасын,
Кім көреді қайырсыз байдың қасын, – деген өлең жолдарын төгіп-төгіп жіберді.
Туһ, бәтшағар, месті қайта-қайта шайқап тұрып оның тығынын ашып жібергенде ауызынан шашырай шапшып шыққан ашыған қымыздай осы бір шумақ Омардың бойын әдәуір жеңілдетіп жіберді. Өлеңіне риза болды ма, күлімсірей орнынан тұрды да ілгері, ауылына қарай жүре берді...
Иә, бұл бала Қазалы қаласындағы атақты Нәмекей Булташев деген саудагерде 4 жыл жұмысқа жалданып, сол жылдарда еткен еңбегінің ақысын ала алмай еліне қайтып келе жатқан Шораяқтың Омары еді. Міне, сол бала өсе келе Сыр бойында ілгергі ақын-жырауларға көз тастап, олардың ізін қуған, көркем сөз зергері, қалың жұрттың қадірлісі болған дүлдүл ақын атанды[3,58].
Расында да, Омардың жастық өмірі жоқшылық пен азапшылықпен байланысты өтті. Оның осындай ерекше дарын болып қалыптасуына осы екі нәрсе себепші болды. Сондықтан ақынның ұшқыр қиялынан шыққан әрбір кесек тұлғалы жырлар мен дастандар, мысал өлеңдер мен өзінен кейінгілерге арнаған өсиеттері негізінен еңбекшілдікке, адамгершілікке, Отанға, туған жерге, адамзат баласына деген сүйіспеншілікке, талапшылдық пен тапқырлыққа арналады. Омар көп ілім алмаған. Ол тек ауыл молдасы Алдашбай ахуннан діни сауат ашты. Оның ұстазы, яғни ұялы сұңқардай Сыр бойындағы дарынды да, бірінен-бірі өткен жыр дүлдүлдері Ешнияз сал, Нұрымбетсары Шегебай, Балқы Базар, Кете Жүсіп, Дүр Оңғар, қарасақал Ерімбет және басқалар болды. Омар өлең-жыр жазуды он алты жасында бастады, ал жасы жиырмадан асқанда төселген ақындар дәрежесіне көтерілді.
Ей, Құлын, қоздырмашы делебемді,
Одан да жаза берсей көнегеңді.
Кім білер қайымыңа алда, арба,
Надан көп сенің ұстар өнегеңді.
Жолама есің болса маған жақын,
Қайта сал қынабыңа «селебеңді».
Үйіңді нағыз ақтан жаппасамда,
Жағалай жаңғыртармын дөдегеңді.
Бұл – ақынның 1918 жылы ауыл тұрғындарына өзінің тәртіпсіз мінезімен танылған Құлын деген ауылнайға жазған өлеңі. Ақын азғана сүрген өмірінде жиырмаға жуық дастан мен мысалдар, екі жүз елуден астам өсиет, лирикалық толғау мен жұмбақ өлең, жыр-терме жазды.
Омар Шораяқұлының қандай да болмасын шығармалары халық ақындары мен жырау-жыршылары арқылы Сыр бойы жұртшылығына лезде тарап, тыңдаушылары арасында жоғары бағасын алды. Оның дуалы ауызынан шыққан әрбір сөзі халық арасында құнды болып қалды.
Кетеде Шораяқтың Омары өтті,
Өлгенше өлең сөзді жоғары етті.
Даңмұрын, Ешнияз бен Оңғар жырау,
Тұрымбет бес Бозғұлдан бұларда өтті, – деп Сыр сүлейі Қуаныш Баймағамбетов жырлағандай, Омар Шораяқұлының өмір жолына зер салар болсақ, шайыр атамыз сол заманда Сыр еліне ата-бабасы азан шақырып қойған Балжан емес, халық арасында әділдігімен, еңбекқорлығымен, ағайыншылығымен танымал болған Шораяқ бидің екінші әйелінен ұлдарының үлкені. Ол жоғарыда айтып өткендей, он алты жасынан өлең жазып, кейін келе сүлейлер қатарынан орын алды. Омар ақынның ұстаздарының бірі – Шегебай Бектасұлы. Міне, Омар сол Шегебай ұстазымен елді аралап жүріп, халықпен етене араласты, ақын-жыраулардың өнеріне құлақ түріп өсті. Кейіннен өзі де соларға еліктеп, жыр-терме, өлең-толғаулар мен дастандардан басқа, көптеген мысалдар жазды. Тіпті, айтыс шебері атанды[4,8].
Омар Шораяқұлы туған халқына, оның ішінде өзі шыққан кедей табына жақын болды. Төменгі тап өкілдеріне киянат көрсеткен байлардың озбырлық әрекеттерін өлеңдері арқылы әшкерелеп отырды. Халықты ағайыншылыққа, бір-бірінің еңбегін бағалауға шақырды. Оған ақынның 1924 жылы өмірден озар алдында жазған:
Қайратты туған ер болсаң,
Қамын ойла халқыңның.
Жетім менен жесірге,
Өзі бол жүзі жарқынның.
Ғаріптерді топама,
Толуын біліп алқымның.
Көжеңді көптен ірікпесең,
Күшейер көркі әлпіңнің.
Уағдаңды екі етпе,
Әліне қарап әркімнің, – деген өлеңі мысал.
Омар ақын Шығыс ғұламалары мен Еуропа, сонымен бірге қазақ ақындарының, әсіресе Абайдың, Шәкәрімнің өлеңдерін халық арасында кеңінен жарнамалады. Ақын 1922 жылы Абайға арнаған «Абайды оқығанда» өлеңінде:
Абайдың оқығанмын өлең-сөзін,
Сол кезде пайда болған маған сезім,
«Іші алтын, сырты күміс» сөз жақсысын,
О, дарих! Ескермепті албырт кезім...
Ақынның қасіретіне ортақ болып,
Етер ме қайғысына қатаң төзім.
Не пайда, мезгілінен кейін қалып,
Арманда – көрмедім,– деп екі көзім.
Қазақта ондай ақын қайдан болсын,
Ақылдың аңдалап білер алтын-жезін.
Қалайда содан тәлім алам ба деп,
Тежеймін ертелі-кеш өзімді-өзім,–дейді.
1917 жылы Николай ІІ патшаны тақтан түсіріліп, Ленин бастаған революционерлер тек Ресейде ғана емес, Орта Азия елдерінде, оның ішінде қазақ жеріне де билігін жүргізе бастады. Олар елді байлардан тазартып, кедейлерді жаңаша өмір сүруге бейімдеді.
Міне, осыған дейін жоқшылық пен кедейшіліктің кермек дәмін татып өскен Омар ақын да жаңа үкіметке қызметке қабылданды. Ол 4 жылдай большевиктер үкіметіне қызмет етті. Алғашқыда облыстық кеңес атқару комитетінде төраға, содан кейін сотта судья болып қызмет істеді. Алайда, ақынның ел мүддесіне арнаған өмірі ұзаққа бармады. Бала кезінен бойына кенедей жабысқан науқасы оны әрі қарай жұмыс істеуге мұрсат бермеді. Ауруы дендеп, оның еңбек етуіне кедергі келтіре берді. Бірақ, оған дес бермей, Сыр сүлейлерімен бірге елді аралап, туған халқының мұң-мұқтажын билікке жеткізіп отырды. Жыр-термелермен сусындатты. «Қара шекпен», «Тау елі», «Жарлы тәліп» және «Кедей» атты дастандары халық жүрегінен лайықты орын алды.
Әсіресе, өзінен кейінгі інілеріне, оның ішінде «Сырда туған Абайдай» деп ақындар үкілеп ат қойған Тұрмағамбет шайырға 1923 жылы жазған «Ақын Тұрмағамбет ініме» атаулы өлеңіндегі:
...Қайғысын бұл дүниенің қабат ойлап,
Қайтеді ақылыңды екі бөлсең.
Еңбектің іске аспағы екі талай,
Табандап тас көшеде аттай желсең.
Ей, інім! Ақылын ағла, аңдауымда,
Тұрақсыз туысыңа жүрген дөңсең.
Әр түрлі хикая мен дастан жазып,
Болмай ма қатарыңды жалпы жеңсең.
Атыңды алты Алашқа мәшһүр етіп,
Журналға сөз беруге енді белсен.
Сөзіңді шайырлармен салыстырып,
Алдыңа жан салғызбай озып келсең.
Өлсең де кейінгі ұрпақ сені іздеп,
Жылар ед «О, дарих!» деп кемсең-кесең, – деген өсиеттер әлі күнге дейін халық жүрегінде.
Міне, туған халқының азаттығы мен болашағы үшін саналы өмірін арнаған Дүр Омар Шораяқұлы 1924 жылдың 14 маусымында өмірден озды. Халқымызда «Өткір пышақ қында жатпайды» деген ұғымы бар емес пе?!
Сымбатты сұлу Сырдың сүлейлері арасында шоқтығы биік Дүр Омар Шораяқұлы өмірден өтсе де, оның ісін жалғастырушы ізбасарлары, ұрпақтары бүгінде ақынның шығармаларын халыққа насихаттауда [5,26].




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет