Курстық жұмыс туралы Ережеден ( сендерге қатысты тұстарын ғана алып жібердім)



Дата06.01.2022
өлшемі18,7 Kb.
#15738
Байланысты:
Курсовая ереже-1

Курстық жұмыс туралы Ережеден (сендерге қатысты тұстарын ғана алып жібердім)




  • Курстық жұмыстар оқу жұмысы бойынша директордың орынбасарымен бекітілген кестесі бойынша тексеріледі және қорғалады.

  • Курстық жұмыс мемлекеттік немесе орыс тілінде қорғалады.

  • Курстық жұмыс бес балдық жүйе бойынша бағаланады.

  • Курстық жұмыс бойынша қанағаттанарлықсыз бағаны алған студентке:

  • осы пән бойынша білімдерді қорытынды аттестаттау тапсыруға рұқсат берілмейді;

  • Курстық жұмыс Ереже бойынша мамандықтар ерекшеліктеріне байланысты 20-25-30 бетті құрайды. Курстық жұмыстың белгіленген көлеміне Қосымшалар кірмейді;

Курстық жұмысты орындауда:



  • негізгі бөлімнің мазмұнын ашудан басқа – мәнжазба сипатта, зерттеуге алынатын, тәжірибеде қарастырылатын жұмыстың теориялық бөліміне назар аудару керек;

  • Практикалық сипатта –практикалық бөлімдерді орындауға назарды ерекшелеу керек;

  • Тәжірибеде теориялық бөлімнен басқа, жоспары, жұмыстағы әдістердің сипаттамасы, таңдалған әдістің нәтижесінің талдауы және өңдеуіне үлкен назар бөлу керек;

Алғашқы бет курстық жұмыстың бірінші беті болғандықтан керекті құжаттарды іздеуде хабарлама көзі болып табылады.



  • Алғашқы беттің ресімделуі:

  • курстық жұмыс қайда орындалды, ұйым атауы;

  • курстық жұмыс орындалған бөлім атауы;

  • шектеулі таңба (керекті жағдайда);

  • курстық жұмыс «тақырыбы» деп көрсетіліп жазылады;

  • мамандық атауы, шифрі;

  • сол жағынан - «орындалды» деп, оң жағынан қарсы білім алушының фамилиясы, аты, әкесінің аты көрсетіледі;

  • бір жол төмен «жетекші», оның фамилиясы, аты, әкесінің аты, ғылыми атағы, дәрежесі, басқа да белгілері жазылады;

  • қала, жыл;


  • Курстық жұмыс мазмұнында кіріспеден бастап, барлық бөлім, бөлімше, пайдаланылған әдебиеттер және авторлары, қосымша атаулары, бет нөмірі көрсетіліп жазылады.

  • Кіріспе бөлімде курстық жұмыс тақырыбының өзектілігіне шолу, тәжірибедегі маңыздылығы, мәселенің қазіргі кезеңдегі шешімі, мақсаты, міндеті, теориялық, әдістемелік негізі жұмыстың жазылу базасында сақталуы керек.

  • Негізгі бөлімде курстық жұмыстың мазмұны мен маңызы ашылып, жұмыстың орындалу негізі және әдістемесі қорытындыланады.

  • Курстық жұмыстың негізгі бөлімі ереже бойынша, бөлім, бөлімшелерге (тарау, бап) бөлінеді.

  • Қорытынды бөлімде курстық жұмысы зерттеуінің қысқаша қорытындысы, алға қойған мақсат шешіміне баға, зерттелген обьекті бойынша нақты ұсыныстар сақталуы тиіс.

  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі, ғылыми жұмыс талаптарына сәйкесті ресімделеді.

  • Қосымшада курстық жұмысы зерттеуіне байланысты орындалған материалдар енгізіледі.

Курстық жұмыс қабылдануындағы барлық берілген шешім нақтылығы мен маңыздылығына жауапты білім алушы – курстық жұмыстың авторы.


Курстық жұмыстың (жоба) рәсімделу тәртібі




  • Курстық жұмыс компьютерге теріліп, А4 форматта бір интервал арқылы ақ қағаздың бір бетінде орындалады. (Microsoft Word редакторы, шрифті «Times New Roman»). Шрифт – 14. Курстық жұмыстың мәтінін келесі өлшемдерді сақтай отырып орындайды: солынан – 30мм, жоғарыдан – 20мм, оңынан – 10 мм, төменінен -25 мм.

  • Курстық жұмыс орындалу тәсіліне қарай мәтіннің түрлі ресімделуі, басылып шығуы талапқа сай орындалуы керек.

  • Курстық жұмыс атауларының құрылымдық элементтері «МАЗМҰНЫ», «КІРІСПЕ», «НЕГІЗГІ БӨЛІМ», «ҚОРЫТЫНДЫ», «ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ» жұмыстың бастауы қызметін атқарады;

  • Курстық жұмыс бөлім, бөлімшелерге бөлінеді. Әрбір бөлім жаңа беттен басталып, бөлім мен бөлімше аяқталған хабарламаны сақтауы керек;

  • Бөлім, бөлімше атаулары жұмыс мазмұнын нақты және қысқа айқындауы керек;

  • Бөлім, бөлімше атауларын азат жолдан, жазба, әріп түрінде соңынан нүкте қоймай, сызбай жазады. Егер атаулар екі сөйлемнен тұрса, онда нүкте арқылы бөлінеді;

  • Курстық жұмыс беттері араб цифрымен, беттің төменгі жағынан ортасына нүкте қойылмай нөмірленеді;

  • Алғашқы бет жалпы бет санына кіреді, бірақ нөмірленбейді;

  • Бейнелеу және сызбалар жалпы парақ нөміріне енеді;

  • А 3 форматындағы кестелер мен бейнелер бір парақ болып есептеледі;

  • Курстық жұмыстың әрбір бөлімі жаңа беттен басталуы тиіс. Бір бөлім ішіндегі бөлімшелер өзара мәтіннен екі жол шегініс арқылы бөлінеді;

  • Бейнелеулер (сызбалар, карталар, графиктер, схемалар, диаграммалар, фототүсірілімдер) курстық жұмысындағы (жоба) мәтінге қатысты парақтан соң орналасуы тиіс;

  • Егер «1-Сурет», Сөз «Сурет» және оның атауы жолдың ортасына орналасады;

  • Бейнелеулерді бөлім аясында нөмірлеу керек (1.1 - Сурет )

  • Бейнелеулерге анықтамалар берілуі керек;

  • Кесте-көрсеткіштерді салыстырмалы түрде қолдану үшін көрнекті құрал. Кесте атауы оның мазмұнын нақты әрі қысқа айқындауы керек. Кесте атауы жолдын сол жағынан, азат жол қалдырылмай «1-Кесте», сөзінен кейін нүкте қойылып, сол жолда кестенің атауы жалғанып жазылады.

  • Кесте мәтінінен кейін мазмұнына сәйкесті орналасады;

  • Барлық кестелерде курстық жұмыста сілтемелер жазылып, «кестеде» деп, нөмірі көрсетіледі;

  • Үлкен көлемдегі кестелер келесі бетке көшірілгенде орналасу тәртібі сақталып, графасы көлемді болған жағдайда қосымшаға енгізіледі;

  • Курстық жұмыстың орындалуы мәтін өлшемдеріне сәйкесті болып, ауытқушылық болмауы керек;

  • «Ескерту» сөзін жазба әріппен азат жолдан астын сызбай жазу керек;

  • Курстық жұмысына «Ескерту» мәтін мазмұнына анықтамалық берілулер мен түсініктемелер қажетті жағдайда келтіріледі;

  • Формулалар мен теңдеулерді бөлектетіп, жаңа жолға жазылады. Формулалар мен теңдеулердің әрқайсысының жоғары, төменінен кем дегенде бір бос жол қалдырылуы керек. Егер бір жолға сыймаса, (=, +,-, х, : ) т.б математикалық белгілер арқылы келесі жолға көшіріледі;

  • Мәтінге сілтемелердегі формулалардың реттік нөмірі жақшаға алынып беріледі (1) ;

  • Пайдаланылған мәліметтер [ ] жақшаға алынып жазылады;

  • Әр қосымшаны жаңа беттен, жоғарыдан, жолдың ортасына «Қосымша» деп белгілеп жазады. Қосымшаның бастауы болуы керек. Ол мәтінге симметриялы жаңа жолдан жазба әріппен жазылады;

Курстық жұмысты қорғауды коммуникациялық, хабарламалық технологиялардың, электрондық ресурстардың, мультимедиялық, жаңа техникалық құралдардың жетістіктерінің аясында жүзеге асыра алады;


Курстық жұмысты қорғау тәртібі:




  • Курстық жұмыстың қорғалу тәртібі білім беру аясындағы орталық атқарушы ұйымдар бекіткен, білім беру ұйымдарының білім алушыларының ағымдағы бақылауының үлгерімі, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестациясының өтілу Ережесімен анықталады.

  • Бір курстық жұмысты қорғау ұзақтығы, ереже бойынша бір білім алушыға 15 минуттан аспауы керек;

  • Курстық жұмысты талқылауға барлық қатысушылар сөз сөйлеу, сұрақ беру түрінде қатыса алады;

  • Талқылаудан кейін комиссия хатшысы пікірлер мен рецензияларды есепке алады (жетекші қатысқан жағдайда сөйлей алады). Айтылған сын-ескертпелерге білім алушы дәлелді түсініктеме береді;

  • Курстық жұмысты қорғаудың қорытындысы негізінде, баға қойылады.

  • Курстық жұмысты қорғаудың қорытындысы комиссия мәжілісінің хаттамасымен әр білім алушыға жеке рәсімделіп, өткен күні хабарланады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет