Алғашқы бет курстық жұмыстың бірінші беті болғандықтан керекті құжаттарды іздеуде хабарлама көзі болып табылады.
Алғашқы беттің ресімделуі:
курстық жұмыс қайда орындалды, ұйым атауы;
курстық жұмыс орындалған бөлім атауы;
шектеулі таңба (керекті жағдайда);
курстық жұмыс «тақырыбы» деп көрсетіліп жазылады;
мамандық атауы, шифрі;
сол жағынан - «орындалды» деп, оң жағынан қарсы білім алушының фамилиясы, аты, әкесінің аты көрсетіледі;
бір жол төмен «жетекші», оның фамилиясы, аты, әкесінің аты, ғылыми атағы, дәрежесі, басқа да белгілері жазылады;
қала, жыл;
|
Курстық жұмыс мазмұнында кіріспеден бастап, барлық бөлім, бөлімше, пайдаланылған әдебиеттер және авторлары, қосымша атаулары, бет нөмірі көрсетіліп жазылады.
|
Кіріспе бөлімде курстық жұмыс тақырыбының өзектілігіне шолу, тәжірибедегі маңыздылығы, мәселенің қазіргі кезеңдегі шешімі, мақсаты, міндеті, теориялық, әдістемелік негізі жұмыстың жазылу базасында сақталуы керек.
|
Негізгі бөлімде курстық жұмыстың мазмұны мен маңызы ашылып, жұмыстың орындалу негізі және әдістемесі қорытындыланады.
|
Курстық жұмыстың негізгі бөлімі ереже бойынша, бөлім, бөлімшелерге (тарау, бап) бөлінеді.
|
Қорытынды бөлімде курстық жұмысы зерттеуінің қысқаша қорытындысы, алға қойған мақсат шешіміне баға, зерттелген обьекті бойынша нақты ұсыныстар сақталуы тиіс.
|
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі, ғылыми жұмыс талаптарына сәйкесті ресімделеді.
|
Қосымшада курстық жұмысы зерттеуіне байланысты орындалған материалдар енгізіледі.
|
Курстық жұмыс қабылдануындағы барлық берілген шешім нақтылығы мен маңыздылығына жауапты білім алушы – курстық жұмыстың авторы.
|
Курстық жұмыстың (жоба) рәсімделу тәртібі
|
Курстық жұмыс компьютерге теріліп, А4 форматта бір интервал арқылы ақ қағаздың бір бетінде орындалады. (Microsoft Word редакторы, шрифті «Times New Roman»). Шрифт – 14. Курстық жұмыстың мәтінін келесі өлшемдерді сақтай отырып орындайды: солынан – 30мм, жоғарыдан – 20мм, оңынан – 10 мм, төменінен -25 мм.
|
Курстық жұмыс орындалу тәсіліне қарай мәтіннің түрлі ресімделуі, басылып шығуы талапқа сай орындалуы керек.
|
Курстық жұмыс атауларының құрылымдық элементтері «МАЗМҰНЫ», «КІРІСПЕ», «НЕГІЗГІ БӨЛІМ», «ҚОРЫТЫНДЫ», «ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ» жұмыстың бастауы қызметін атқарады;
|
Курстық жұмыс бөлім, бөлімшелерге бөлінеді. Әрбір бөлім жаңа беттен басталып, бөлім мен бөлімше аяқталған хабарламаны сақтауы керек;
|
Бөлім, бөлімше атаулары жұмыс мазмұнын нақты және қысқа айқындауы керек;
|
Бөлім, бөлімше атауларын азат жолдан, жазба, әріп түрінде соңынан нүкте қоймай, сызбай жазады. Егер атаулар екі сөйлемнен тұрса, онда нүкте арқылы бөлінеді;
|
Курстық жұмыс беттері араб цифрымен, беттің төменгі жағынан ортасына нүкте қойылмай нөмірленеді;
|
Алғашқы бет жалпы бет санына кіреді, бірақ нөмірленбейді;
|
Бейнелеу және сызбалар жалпы парақ нөміріне енеді;
А 3 форматындағы кестелер мен бейнелер бір парақ болып есептеледі;
|
Курстық жұмыстың әрбір бөлімі жаңа беттен басталуы тиіс. Бір бөлім ішіндегі бөлімшелер өзара мәтіннен екі жол шегініс арқылы бөлінеді;
|
Бейнелеулер (сызбалар, карталар, графиктер, схемалар, диаграммалар, фототүсірілімдер) курстық жұмысындағы (жоба) мәтінге қатысты парақтан соң орналасуы тиіс;
|
Егер «1-Сурет», Сөз «Сурет» және оның атауы жолдың ортасына орналасады;
|
Бейнелеулерді бөлім аясында нөмірлеу керек (1.1 - Сурет )
|
Бейнелеулерге анықтамалар берілуі керек;
|
Кесте-көрсеткіштерді салыстырмалы түрде қолдану үшін көрнекті құрал. Кесте атауы оның мазмұнын нақты әрі қысқа айқындауы керек. Кесте атауы жолдын сол жағынан, азат жол қалдырылмай «1-Кесте», сөзінен кейін нүкте қойылып, сол жолда кестенің атауы жалғанып жазылады.
|
Кесте мәтінінен кейін мазмұнына сәйкесті орналасады;
|
Барлық кестелерде курстық жұмыста сілтемелер жазылып, «кестеде» деп, нөмірі көрсетіледі;
|
Үлкен көлемдегі кестелер келесі бетке көшірілгенде орналасу тәртібі сақталып, графасы көлемді болған жағдайда қосымшаға енгізіледі;
|
Курстық жұмыстың орындалуы мәтін өлшемдеріне сәйкесті болып, ауытқушылық болмауы керек;
|
«Ескерту» сөзін жазба әріппен азат жолдан астын сызбай жазу керек;
|
Курстық жұмысына «Ескерту» мәтін мазмұнына анықтамалық берілулер мен түсініктемелер қажетті жағдайда келтіріледі;
|
Формулалар мен теңдеулерді бөлектетіп, жаңа жолға жазылады. Формулалар мен теңдеулердің әрқайсысының жоғары, төменінен кем дегенде бір бос жол қалдырылуы керек. Егер бір жолға сыймаса, (=, +,-, х, : ) т.б математикалық белгілер арқылы келесі жолға көшіріледі;
|
Мәтінге сілтемелердегі формулалардың реттік нөмірі жақшаға алынып беріледі (1) ;
|
Пайдаланылған мәліметтер [ ] жақшаға алынып жазылады;
|
Әр қосымшаны жаңа беттен, жоғарыдан, жолдың ортасына «Қосымша» деп белгілеп жазады. Қосымшаның бастауы болуы керек. Ол мәтінге симметриялы жаңа жолдан жазба әріппен жазылады;
|
Курстық жұмысты қорғауды коммуникациялық, хабарламалық технологиялардың, электрондық ресурстардың, мультимедиялық, жаңа техникалық құралдардың жетістіктерінің аясында жүзеге асыра алады;
|
Курстық жұмысты қорғау тәртібі:
|
Курстық жұмыстың қорғалу тәртібі білім беру аясындағы орталық атқарушы ұйымдар бекіткен, білім беру ұйымдарының білім алушыларының ағымдағы бақылауының үлгерімі, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестациясының өтілу Ережесімен анықталады.
|
Бір курстық жұмысты қорғау ұзақтығы, ереже бойынша бір білім алушыға 15 минуттан аспауы керек;
|
Курстық жұмысты талқылауға барлық қатысушылар сөз сөйлеу, сұрақ беру түрінде қатыса алады;
|
Талқылаудан кейін комиссия хатшысы пікірлер мен рецензияларды есепке алады (жетекші қатысқан жағдайда сөйлей алады). Айтылған сын-ескертпелерге білім алушы дәлелді түсініктеме береді;
|
Курстық жұмысты қорғаудың қорытындысы негізінде, баға қойылады.
|
Курстық жұмысты қорғаудың қорытындысы комиссия мәжілісінің хаттамасымен әр білім алушыға жеке рәсімделіп, өткен күні хабарланады.
|