Курстық жұмыс



бет5/17
Дата06.01.2022
өлшемі257,5 Kb.
#15739
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттер,баспасөз және әдістемелік еңбектерді оқып,сараптау.

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Негізгі бөлім

І тарау. Ойын арқылы оқыту мен ойлау қабілетін арттыру

      1. Ойын арқылы оқыту технологиясы

Белгілі психолог Е.А. Аркиннің пайымдауынша, ойын және ойыншық балалар өмірін сипаттайтын бірден-бір жалпы ұғым. Ойын арқылы бала үшін жаңа ортаға тезірек үйренуге мүмкіндік береді. Жаңа ортаға, оқу үдерісіне өту үйреншікті өмір сүру әдістерінің өзгертуді қажет етеді. Ал Ю.К. Бабанский ойынды бастауыш сынып оқушыларының барлық әрекеттерін ынталандырудың түрлері мен әдістерін ұсынады.

Ойын арқылы балаларды өмірге ең қажетті қасиеттерге: өжеттілікке, іскерлікке, жауапкершілікке, ептілікке тәрбиелейді. Балалар ойын үдерісіне жаңа білімдер, пайдалы іскерліктер, әдеттер мен дағдылар үйренеді. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес салынса, оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Н.К. Крупская: «Бала жас болғандықтан ғана ойнамайды, балалықтың өзі оған ойнау үшін, яғни жаттығу арқылы өмірде қажетті дағдыларды игеру үшін берілген» деген болатын. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді жеңіл келеді. Ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескеруге ерекше назар аударылған жөн. «Ой- ойыннан басталады» десек, баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін бастауыш сынып мұғалімінің қолданатын басты тәсілі—ойын.

Н.К. Крупская өзінің көптеген еңбектерінде ойынның бала өміріндегі маңызына үлкен мен берген. Қандай ойын болмасын, әйтеуір бірнәрсеге үйретеді, ең бастысы баланы – мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақтастықта болуға үйретеді. Ойын –балалар үшір оқу да, еңбек те. Ойын- айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездесетін қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетіен қалыптастырады дегенді айтады. Ал заманымыздың талантты педагогы В.А.Сухомлинский «ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармасыз ойсыз толық мәндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» деп санайды. Тиімді қолданылған ойынның түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын, оқушылардың зор ынтамен тыңдап, терең меңгеруіне көмектеседі. Өйткені, төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойыңға ауыңқырап тұрады. Қазақты ойын түрлерінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыласпен орындайды.

Сабақ барысында ойын түрлерін дидактикалық әдіс ретінде пайдаланудың маңызы зор. Ойын арқылы баланың адамгершілік қасиеттермен қатар білімге, өнерге құштарлығы қалыптасады. Тіпті нашар оқиды-ау деген оқушылардың өздері ойын түрлері араласқан сабаққа зер салып, ынталана түседі. Ойын араласқан жерде жарыс болмай тұрмайды. Оқушылар жолдастарынан қалып қоймау үшін сабаққа белсенді қатысып , қойылатын сұрақтарға жауап іздеп, ойлана бастайды. Сабақта ойын түрлерін оқушылардың ой-өрісін дамытуға әсер етеді. Педагогика ғылымында баланың жеке адам ретінде дамуы үшін ойын ерекше орын алады. Ойын-бұл жасөспірімнің өзінше еңбегі. Жалпы өмірде ойынның да қоғамдық мәні бар. Ойын барысында белгілі бір әрекет жасай отырып, жасөспірім қоғамдық өмірге қатысудың алғашқы үлгісін алады, ересектермен арадағы қарым –қатынас құрылымын түсінеді. Бала ойын арқылы өзі өмір сүріп отырған, дамып отырған белгілі бір әлеуметтік ортадағы норма мен әрекетті қабылдайды. Ойын белгілі бір ұстамдық тәртіптің көрінісі болып табылады.

Ойын-әлеуметтік қызмет. Ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын арттыратын құрал. Онда екі қызмет: таным және бағдарлық бар. Ойынның танымдық қызметі тануға деген мүдделікті қалыптастыру, ол бағдарлық қызметке араласуға ынтаны арттырады. Жас өспірім шақтағы мейілінше көп тараған ойындар таным сипатындағы спорт және басқа қозғалмалы және шығармашылдық рөлді ойындар балып табылады. Ойынға қызығу ойыншының жасына, жынысына, өмір жағдайына байланысты. Тілдің дамуына да ойын әсер етеді. Ойын ақыл-ой дамуына да әсер етеді, бала ойын үстінде заттар мен іс-әрекеттерді жалпылауды, сөздің жалпылама мағынасын қолдануды, т.б. үйренеді. Ойын баланың психикасында сапалы оң өзгерістер туғызады: онда мектеп жетекші болатын оқу әрекетінің негіздері қаланады.

Сабақты ойын түрінде жүргізу оқушылардың білімге ынта-ықыласын арттырады. Ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, түсінікті болады. Оқытудың түпкі мақсаты –оның сапалы болуы, яғни сабақтың түрлері мен әдістерін, мазмұнын жетілдіруге оның әдіскерлік танымдық, білімдік, тәрбиелік қызметі мен практикалық бағытын күшейту де осы міндеттерден туындайды. Сабақты ойын түрін пайдалану –сабақтың әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын түрін оқу үдерісінде пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезінде, қайталау сабақтарында пайдаланған тиімді. Ойын түрі сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Дидактикалық ойындар барлық сыныптарда қолданылады.

Оқушылардың шығармашылығын дамыту педагогикада басымды бағыт болып есептеледі. Жалпы алғанда, өркениеттің прогрессивті дамуының негізгі қозғаушы күші шығармашыл тұлға екені белгілі. Өйткені біздің заманымыздың Электрондық, атомдық, ғарыштық пен аталып жатуының өзі адамның ақыл –ойының, санасының жетілгендігінің көрінісі. Сондықтан оқушылардың оқу үдерісінде дамуын жүзеге асыру білім алу кезіндегі шығармашыл белсенділігі, өз беттерімен білімді игеру дәрежелері дидактика мен мектеп өмірінде үнемі басты мәселенің бірі болып қала береді. Әлеуметтік тұрғыда адамның белсенділігі мен дербестігі оның еңбегінің жемістілігін айқындайды және тапқырлығынның мәнін құрайды.

Ендеше оқушыларда осы қасиеттің пайда болуын тудыру әрбір ұстаздың негізгі міндеттерінің бірі болып саналады. Жеке тұлғаның ақыл-ойын, танымдық үдерісін жетілдірудің, әлеуметтендіру мен жан-жақты тәрбиелеудің көрсетткіші ретінде бағаланатын оқу үдерісінде оқушылардың жас және дербез ерекшеліктерін ескере отырып, ойын әрекеттерін ұтымды пайдаланудың мүмкіндіктері мол.

Ойын –бала әрекетінің бір түрі, адамзат мәдениетінің қазынасы. Ұлы педагогтар, ғалымдар баланы тәрбиелеудегі ойын рөлін жоғары бағалайды. Бала ойын арқылы өмірге енеді, табиғатпен, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түседі, таным-түсінігін арттырады, еңбек ете білу дағдысы қалыптасады.

Психологтар мен педагогтар ежелден-ақ ойын мәселесіне өз назарын аударған, тек XIX ғасыр аяғында ғана ойын арнайы зерттеу пәніне айналды. К.Грос, Э.Клаперед, А. Диваев, Р. Гауп, Н.Винооградов, В.Вахтерев және т.б. ойын теориясын құрастырды және ойын мәселесін көтеріп, іс әрекеттің маңызды түрі ретінде оның теориялық, әдіснамалық негізін ашты. Ойын мәселесінің жан-жақты зерттеуіне, ойынды топтастыру, жүйеге келтіру, жинақтау, дамыту, ойын түрлері, технологиясы, әдістері көптеген ғылымдар саласында: әлеуметтік, этнопедагогикалық, философиялық, педагогикалық, психологиялық, дидактикалық тұрғыдан қарастырылғанына қарамастан әлі толық шешімін таппаған. Алғашында іскерлік ойындар әлеуметтік- экономикалық міндеттерді шешу үшін қолданды. 1932 Ленинград жылдар инжинерлік-экономикалық инситутында М. Бирштеин басшылық етуімен Львов машина зауытының іске қосылуын көрсету үшін іскерлік ойыны өткізілді. Бұдан кейін іскерлік ойындар 1950 жылдары экономиялық қатынастар 1960 жылдары басқару және педагогика саласына тарады, Ол ойын түрлері Н.Грейф, Р. Уорфорд, Г.Шедровский еңбегінде дамыды.

Г. Шедровский анықтамасына сәйкес, іскерлік ойындарның мынадай ерекшелігі бар: а) қоршаған ортаға ерекше қатынас; ә) ойынға қатысудың субективті іс-әрекеті (әрбір ойынға қатысушыға өзінің білімділігін көрсету үшін ең жағымды жағдай қамтамасыз етіледі. Ойыншының өз «Менін» тек қана ойын жағдайында ғана емес, сонымен қатар тұлғалар арасындағы қатынастардың барлық жүйелерінде көрсетуге мүмкіндік береді); б) іс-әрекеттің тапсырма түрінде берілуі (ойынның енжарлық күйде емес, белсенді қатыныс негізінде «жеңісті», ұтыс бағытында ойналуы); в) түсінудің ерекше мазмұндағы (ойынға қатысушыларды теориялық, әдіснамалық тәжірибиелік білім мен дағды қалыпты жағдайда қабылдаумен көлемді ақпаратты есте сақтауға мәжбүр етпейтіндігімен анықталады).

Қазақ халқы жасаған мұралар сан алуан. Солардың бірі- ұлт ойындары. Ойынға тек ойын деп қарамай, халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, бір жүйеге келтіретін тамаша тәрбие құралы деп қараған орынды. Аға ұрпақ өз білгенін, өз көкейіне тоқығанын кейінгі ұрпаққа мирас еткен солардың бірі- ұлт ойындары. Ойынға баланың көңілін өсіріп, ойын сергітіп қана қоймай, оның таным-түсінігін де арттырады. Ойнай білген бала сол халықтың мінез-құлқынан, ой санасынан, тұрмыс салтынан хабар алады. Ұлт ойындар-халық педагогикасының негізгі бір саласы ретінде оұушыларға жан-жақты білім беруде, олардың өмір тәжірибиелерін кеңейтуде, дүниені танып білу қабілеттерін жетілдіруде аса қажетті тәрбие құралдарының бірі. Ұлттық ойындарды тәрбие құралына айналдыру үшін бірқатар әдіснамалық талаптардың қатаң сақталуын талап етіледі

Қазіргі заманда Қазақстанның өзіне ғана тән ұлттық сипаты бар білім беру жүйесін одан әрі дамыту,білім беру сапасында әлемнің басқада алдыңғы қатарлы беделді де,белді елдерімен қатар жұмыс жасау,қазақ тілін дамытуда өзіндік үлес қосу,бүкіл әлемдік деңгейге көтеру,білім беру ісінде әлеуметтік кеңістікке шығу-алдағы тұрған міндеттер.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтары,ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау,... оқытудың жаңа технологияларын енгізу,білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»деп,білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді

Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда.Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды,қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды,жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды,мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеру-маңызды мәселелердің бірі.

Бүгінгі таңда Қазақстанда Ш.Қаланованың, Ж.Қараевтің, Ш.Таубаеваның, Қ.Қабдықайровтың, С.Көшімбетованың, т.б ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылады. Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан 2030» Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді.Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады.Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр.Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады»[3,96-б.] деп көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамы алға апаратын құдіретті күш –білімге тән.Жас мемлекетіміздің болашағы-бүгінгі мектеп оқушылары.Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту-бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуды. Я.А.Коменскийдің, И.Гербарттың дәстүрлі обьект- субьектілі педагогикасының орнын басқасы басты, ол балаға оқу қызметінің субьектісі ретінде, өзін - өзі өзектілендіруге, өзін танытуға және өзін - өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағдайда педагогикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субьектілар – оқытушы мен оқушының тұлғалық бағытталған өзара әрекеті болып табылады.

Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. «Педагогика технологиялар – бұл білімнің; басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің; оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды».

Бүгінгі таңда П.М. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру (УДЕ) технологиясы, Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.А.Амонашвилидің ізгілікті – тұлғалық технологиясы В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, П.И.Третьяковтың, К.Вазинаның модулбді оқыту технологиясы, В.М.Монаховтың, В.П.Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары кеңінен танымал. Жанпейсованың

Қазақстанда Ж.А.Қараевтің, Ә.Жүнісбековтың,Жанпейісованың және т.б. ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процесті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді.

Дәстүрлі сыныптық – сабақ жүйесінің барлық элементерніңі және сабақты құрастыру техноглогияларын қолданумен қатар, мұғалім келесі педагогикалық техноглогиларды пайдалана алады: Ойын технологиялары, проблемелерды оқыту, оқу зерттеуін ұйымдастыру технологиясы, жобалау әдісі, ақпараттық – комуникациялық технологиялар. Осылардың ішіндегі ойын технологиясы туралы айтпақшымын.

Ойын - балалардың шынайы және ойлап тапқан шындығына тез, еркін енуіне, өзіндік «Менін» қалыптастыруға және шығармашылыққа, белсенділікке, өзін-өзі дамытуға мүмкіндік береді. («Мен оқушымын», «Мен және менің отбасым», «Мен жолаушымын», «Біз жолаушымыз», «Адамдардың кәсібі», «Мен кәсіпкермін», «Біз қонақтамыз») Мұндай ойын түрлерінің ерекшелігі - жоғары көңіл-күйде ойналатын рөлдер шынайы сезімге, ойға, ниетке толы болады және бала үлкендер сияқты дәрігер, эколог, жол көрсетуші болғысы келеді. Бұл ойындарда балалардың мінез-құлықтары мен іс-әрекеттері реттеледі. Ойын іс-әрекетінің мотивациясы еркіндікті, таңдау мүмкіндігін, қажеттілігін, өз-өзіне сенімін, өзін-өзі дамытуын қамтамасыз етеді.

Сонымен, ойын арқылы келесі маңызды міндеттер : баланың қоғамдық қатынастарға бейімделуі, жалпыадамзаттық мәдени құндылықтар мен әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдениеттерін меңгеруі; баланың шынайы адамгершілік коммуникацияға енуіне мүмкіндік беретін коммуникативті іс-әрекеттердің көрініс табуы жүзеге асырылады. Мұғалім ойын технологияларын пайдалана отырып, баланың әр қырынан көрінуіне (интеллектуалдылық, шығармашылық, эмоционалдылық, коммуникативтік) және оның мінез-құлқында, қарым-қатынасында, оқуында пайда болатын әртүрлі қиындықтарды жеңуге жағдай жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет