Курстық жұмыс


ЖАЗУДАҒЫ КАЛЛИГРАФИЯЛЫҚ ДАҒДЫЛАРДЫ ҮЙРЕТУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ



бет11/17
Дата21.04.2022
өлшемі57,1 Kb.
#31830
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Байланысты:
курстық жұмыс

2. ЖАЗУДАҒЫ КАЛЛИГРАФИЯЛЫҚ ДАҒДЫЛАРДЫ ҮЙРЕТУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1. Бастауыш сынып оқушыларына көркем жазу дағдысын қалыптастыру


Оқушыларды дұрыс әрі көркем жазуға үйрету үшін оның қалыптастыру жолдарын білу керек.Яғни, психологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет. Жазу дағдыларын қалыптастыру және оны дамытып отырудағы негізгі шарттардың бірі әрі бастысы оқушылардың жазба жұмыстарын орындау кездегі психологиялық ерекшеліктерін айқындау болып табылады. Сынып оқушылары – ның біреуінде немесе әрбір оқушыда жазба жұмыстарын орындау барысында әр тірлі психологиялық өзгерістер болып отыруы мүмкін. Ондай психо- логиялық өзгерістерді байқамау салдарынан орындалған жазба жұмыстарының нәтижесі де әр деңгейде болады.

Жазба жұмыстарын орындау, жазу дағдыларын қалыптастыру, дамыту мақсатында психологиялық анализ жасауды көпшілік педагогтар қолдап отырса да, психологтар да, методистер де жазу жұмыстарына арналған шын мәніндегі методологиялық сипаттаманы бере алмай отыр.Осыдан келіп оқушылардың көркем әрі сауатты жазудағы кемшіліктері мен жазу жылдамдығын арттыру барысындағы жазу айқындығының төмендеуінің себебтері ашылмай отыр.

Жазу өте күрделі процесс. Ол адамның ми іс - әрекетімен және антомия – физиологиялық құрылымымен байланысты. Мәселен, Р.Е.Ленвиной,Ж.И.Шиф, С.М.Блинкова, А.Р. Лурия т.б. еңбектерінде адамның ми қыртыстарының бұзылуы оның жазу және сөйлеу тіліне кері әсерін тигізетіні дәлелденген.

Көркем жазуға үйрету кезінде саусақтың қазғалысының маңызы зор. Яғни, оқушы қаламсапты ұстай білу керек.Бұл қозғалыстар мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Баланың шар, төртбұрыш т.б. заттарды ұстай білу қабілеті 15 айлығында дамыса, қаламсап ұстай білу қабілеті кешірек қалыптасады. Т.С.Коморова « Бала 3 жасында қол қимылы қалыптасқанымен қаламсапты ұстай алмайды ». Бұл қабілеттерді арнайы жаттуғулар арқылы: сурет салу, жабыстыру т.б. негізінде қалыптастыруға болады. Е.Н.Соколованың зерттеу жұмысында 4 – 7 жасар баланың саусақ сүйектері онша дамымаған, олар жазған кезде ерні қоса қимылдайтыны байқалған. Яғгни, сөйлеу және қол қозғалысы бір – бірімен байланысты болады.

4 – 5 жасар баланың салған түзу сызықтары қисық және ирелек болып келеді. 6 жасар баланың жазуы бір шама түзеледі. Алайда, тік сызықты элементтерден дөңгелек элементтерге көшкенде біршама ауытқулар болуы мүмкін.

Д.Б.Эльконина, Л.Ф.Ткачевой, Л.В.Журовой т.б. зерттеулері бойынша 6 жасар баланың жазуы мен қатар дауыстап оқу қабілеті дамыған. Сондықтан бұл екеуін бірге алып жүрудің маңызы зор.

Жазудың графикалық дағдысы мектепке дейін қалыптасады. Мысалға, мектепке дейінгі ( 3 жасар) балалар қолына қаламсап алып сурет және сызықтар сыза басьайды. Кешірек мектепке дейінгі салған суреттерін көзбен бақылап, жеке әріптер сала бастайды.Баланың сурет сала бастауы қолын, саусақтарын, көзін дамытып жазуға дайындайды.Осылайша бала біршама жазуға дайындықпен мектепке келеді.Бірақ, мұндай дайындықтың кері әсері бар. Мәселен, сурет салу кезіндегі қаламсапты ұстау қалыптасып қалады да, ал бұл жазу кезіндегі қаламсап ұстау гигиенасымен сәйкес келе бермейді. Мысалға, үй, ағаш, шарбақ салғандағы тік сызық көлбеу жазуға кері әсерін тигізеді.Яғни, оқушылар көлбеу жазудың орнына тік жазады.Мұндай дағдыларды жою үшін жазу дағдыларын дұрыс орындау керек.

Жазуға үйренудің басында 6 жасар баланың жазу жылдамдығы баяу қар – қынмен дамып, аяқ жағында 7 жасар баланың жазу жылдамдығымен тең болады. Әрине алғашқы кезеңін 7 жасар баламен теңестіре алмаймыз. Себебе, олардың бұлшықеті әлі дамымаған және кішірек келеді. Жазуға үйрету барлық әріпті салып біткенде аяқталады деуге болмайды. Келесі кезекте оқушылар орфографиялық, графикалық дағдының әдістерімен танысады.[8. / 62 – 98 б./ ]

Жазу үрдісін жүзеге асыру үшін жазу құралдарының ( қаламсап, қарындаш, бор) көмегі керек. Бұл заттардың қолдануылу жолдарын білу міндетті.

Ережесі:

1. Жазудың құралдарын пайдалана білу;

2. Дәптердің дұрыс орналасуы;

3. Дұрыс отыра білу;

4. Қолдың дұрыс қозғалысы;

Дұрыс жазу үшін:

1. Үлгі мен жазудың нәтижесін салыстыра білу;

2. Баспа әріпті жазбаша түрде жаза білу;

3. Әріптің дұрыс жазылуын білу;

4. Әріпті байланыстыра білу ( үзіліссіз, жоғарғы жағынан, төменгі жағынан );

5. Әріптің біркелкілігін сақтау;

6. Сызықтар арасында және бір сызықта жаза білу;

7. Жазудың басталуы және бір жолды дұрыс толтыра білу;

8. Жазудың бағытының дұрыстығы;

Бұл ережелерді оқушылар бірден емес 2 - 3 жылда қалыптасады. Жазу барысыында оқушы көптеген талаптарды орындау қажет. Көп жағдайда оқушы жазуды үйрене бастағанда дәптердің дұрыс орналасуы, дұрыс отыру, қаламсапты дұрыс ұстау ситяқты ережелерді ұмытып кетеді: қаламсапты бар күшімен ұстайды, жазуы түзу болу үшін өзіне қарай тік сызуға тырысады, бірақ көлбеу жазу керек екендігін ұмытып кетеді. Мұндай қателіктерден қашу мүмкін емес. Қатені түзеу яғни, әр оқушыға ескерту ұзақ уақытқа созылады. Тек берілген жаттығуларды орындау оқушыға жеңіл болға кезде ғана түзетеді. Оқушылардан орфаграфиялық жазуды талап ете бастағанда оқушылар тақтадан немесе мұғалім айтуы бойынша жазады да, жазудың графикалық сауаттылығын бақылау баяулайды. Тіпті мұғалім айтқан дыбыс таңбаларының формасын ұмытып кетеді.

Оқушы жазуының айқын болмау себебін көбінесе, оның жазуға жете мән бермеуіне, дыбыс таңбаларының нақты формасын ұмытуынан немесе жазу жылдамдығының өт жоғары деңгейде болуынан деп жүрміз. Сондықтан аталған кемшілікті қайталамауға, айқын, көркем жаза алмаған жағдайда баяу, асықпай жазуға кеңес берумен шектеліп келеміз. Бірақ бұндай түсініктемелер мен кеңестер оқушының жазу дағдыларын дамытуға аздық етеді.Оқушының жазу жұмыстарына жете мән бермеуі, дыбыс таңбаларының жазылу формасын ұмытып қалуы ғана жазу айқындығы мен көркемдігін төмендетпейді.Сонымен қатар, оның әдемі, айқын жазуға деген шамадан тыс ұмтылысы да жазу айқындығының төмендеуіне әсерін тигізеді. Яғни, оқушының жазу жылдамдығын бірден емес бірте – бірте дымытып отыруы тиімді. Оқушы дыбыс таңбаларыныың дұрыс жазылуын ұмытып қалады ду де бір жақты пікір. Өйткені оқушы баяу жазу кезінде дыбыс таңбаларын дұрыс жаза біледі де, тек жазу жылдамдығы артқан кезде ғана асығыстыққа жол беріп, кемшілікке ұрынады. Әсірсе, оқушылардың жылдам жазу кезіндегі н, п, и, к әріптері мен м, ш, т әріптерін бір – бірінен ажырату көп қиындық келтіреді.Оның себебі оқушылар бұл дыбыс таңбаларын үзіліссіз, бір бағыттағы қозғалыспен жазады да, дыбыстардың өзіндік жазылу формасын сақтамайды. Әйтсе де жазу айқындығын сақтап жаза алады. [9./№ 5 – 6 / ]

Жазу дағдыларын игеру үшін оқушы әрбір дыбыс таңбаларың жазылу формасын, олардың бір – бірімен қалай жалғанатынын, жазу кезіндегі гигиеналық талаптарды, әсіресе, жазу жылдамдығы артқан кезде де жазу айқындығын сақтауды меңгеруі шарт. Бұл шарттардың барлығы да балалар бойында жазу кезінде нақты, тұрақты дағдыларды қалыптастыру және оны дамыту барысында жүзеге асады.

Жазуды үйренудің бірінші кезеңінде көптеген артық қозғалыс жаасалып,энергия көп кетеді. Бала қаламсапты қатты ұстайды,беттің бұлшық еттері мен бүкіл дененің бұлшықеттеріне күш түседі.Қолдың қозғалысы жазу үрдісінің алғашқы кезінде жай қимылдайды, дегенмен мектепке дйігі баланың қозғалысынан әлде қайда жоғары болады. Т.С.Коморова мен Е.Н.Соколованың зерттеуі бойынша 4 және 6 жасар баланың қимылының жылдамдығы бірнеше айлар бойы арнай жаттығулар барысында бақыланады. 7 – 8 жасар балаға берілетін жаттығулердың өзі оның жылдамдығын арттыруға әсерін тигізетін күрделірек болып келеді. Алайда 6 жасар балаға мұндай жаттығуларды тапсыра алмайды. Яғни, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру қажет.

Жазуға үйренудің алғашқы кезеңінде қолдың қозғалысы көздің бақылауымен жазылып отырады.Яғни, қолын жазу барысында қайда бағыттайды, көзін де әріпті жазу бағытымен бірге қозғалтады. Соған қарамастан оқушылар көптеген кемшіліктер жібереді. Олардың жазған әріптер формасын үлгімен салыстырсақ үлкен айырмашылық бар.

Әріптің үлгісі мен оқушының өзі жазған әріптерді салыстыра алмаудың негізгі себептері:


  1. Үлгімен салыстыра келе қате жазғаның көре тұра оқушы қайта түзеп жаза алмайды. Себебі, әріптің жазылу бағытын білмейді. Яғни, көзбен қозғала отырып жазу қабілеті дамымаған. Оқушыға дұрыс жазуға көмектесу үшін мұғалім қолын ұстап бағыттап отыру керек.

  2. Мұғалім тақтаға әріптің жазылу әдісін көрсеткенде оның жазылу ерекшеліктеріе назр аудармайды.

Жазу дағдыларын игеру үшін оқушы әрбір дыбыс таңбаларын жазылу формасын, бір – бірімен байланысу тәсілін, гигиеналық талаптарды, әсіресе жазу жылдамдығы артқан кезде жазу айқындылығын сақтауды меңгруі шарт. Бұл шарттардың барлығы да балалар бойында жазу кезінде нақты, тұрақты дағдыларды және дамыту барысында қалыптастырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет