Курстық жұмыстың тақырыбы: Бастауыш сыныптардағы оқушыларға арналған ән үйретудің әдіс-тәсілдері
Мазмұны: Кіріспе
Жоспар: Бастауыш сынып балалары өміріндегі музыканың алатын орны
Бастауыш сынып оқушыларын ән салуға үйретудің тәрбиелік маңызы
Әнсалу- музыкалық әрекет ретінде
Бастауыш сынып оушыларын ән салуға үйретуді ұйымдастыру жиынтығы
Бастауыш сынып оқушыларын ән салуға үйретудің тиімді әдіс-тәсілдері
Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер Кіріспе Курс жұмысының өзектілігі. Шығармашылықтың көптеген түрлерінің ішінде музыка жан-жақты, көркемдік тәрбиесі және үйлесімділігі дамыған адамды эстетикалық жағынан қалыптастырудың барлық жүйесінде ерекше орын алады. Музыка жалпы тілі икемді, алуан түрлі және палитрасы бай. Жалпы сөзге келмейтін барлық нәрсені осы музыка арқылы жеткізуге болады. Музыка табиғаттың үйлесімді көрінісін ерекше жеткізе алады. Музыка басқа да өнер түрлері сияқты шындықты бейнелейді. Балет пен би өнерінде кейіпкерлердің іс-әрекеті арқылы көріністі байқасақ, музыкада дыбыстардың үндестігімен жеткізеді. Музыка оның қоршаған әлемге көзқарасын ашып, жұмыс істеуге көмектеседі және рухани байытады.
Қазіргі кезде білім берудің мақсаты-өсіп келе жатқан ұрпақты болашаққа даярлау. Шығармашылық- бұл осы мақсатты тиімді жүзеге асыратын бірден-бір жолы. Жалпы білім беретін мектепте оқушылардың ойын дамыту осы шығармашылық жұмыстар арқылы жүзеге асады.
Ал, музыканы тыңдау және талдау жұмысында шығармашылық жұмыстардың алатын орны ерекше. Сондықтан да біз тақырыбымызды осыла алдық.
Зерттеу мақсаты: Жалпы білім беретін мектептерде шығармашылық жұмыстар арқылы балалардың музыканы тыңдау және талдау іс-әрекетін ұйымдастырудың тиімді жолдарын айқындау.
Зерттеу нысаны: Жалпы білім беретін мектептегі оқушылардың музыка сабағындағы тыңдау және талдау қызметі.
Зерттеу пәні: Шығармашылық жұмыстар жүйесінің музыкалық сабақтар процесінде музыканы тыңдау және талдау арқылы белсендіру үдерісі.
Зерттеу міндеті: Шығармашылық жұмыстарды зерттеу және талдау.
Музыка сабағында оқушылардың шығармашылығын дамытуда музыканы тыңдау және талдау іс-әрекетін ұйымдастыруды зерттеу.
Музыка сабағында оқушыларды дамыту бойынша музыканы тыңдау және талдау ерекшеліктерін сипаттау.
Зерттеу болжамы: Егер, қазіргі кезде жалпы білім беретін мектептерде музыка сабағында зерттеу жұмыстарын енгізсек, музыкаға деген оқушылардың ынта-жігерін оята алатынымыз анық. Оқушылар сабақ барысында тыңдау және талдау іс-әрекеттері арқылы белгілі жетістікке жетері белгілі.
Зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығы: Жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың шығармашылығын дамытуға ықпал ететін музыка сабақтарының рөлін айқындау.
Шығармашылық деп қабылдаудағы, орындаудағы, музыка туралы ойлаудағы шығрмашылық дағдысын дамуын түсінеміз. Сонымен бірге интонация дағдылары мен оқу іс-әрекетінің әртүрлі салаларында тыңдаған музыканы талдай білу әрекеті және музыканы еркін, жетік меңгеру.
Зерттеу әдістері:
Әдебиеттерді талдау;
Зерттеу материалдарын жинақтау, талдау;
Анкета, тест жауаптарын алу;
Қорытындыларды сараптау;
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.