7
келтірген аңыздан қимақтардың негізін «татарлар елінен»қоныс аударған
тайпалар құрағандығын,билеуші әулетте сол жақта билік жүргізген кӛне
әулеттің жалғасы екендігі,олар ежелгі мекенінен ішкі алауыздық пен сыртқы
жаугершіліктен қоныс аударғанын байқауға болады.Олардың Шат деген
кӛсемінің болуы және Шаттың ағасының елді билеуі,осы ел билеушілерінің
Түрік қағандығы билік жүйесіндегі дәрежесін де кӛрсетеді.Яғни,татар
билеушілерінің атағы Шаттан жоғары болған деп жорамалдауға
болады.Сонымен қатар қимақ қағандығының құрамына жергілікті халықтың
қосылғанын олардың Ертіс ӛзеніне және оның иесі ӛзен айдаһарына табыну
салтынан аңғаруға болады.Осы аңызды тарихи деректермен
байланыстырғанда ерекше назар аударуға тұрарлықтай бір жайт бар,яғни
мұндағы «татарлар елі»,»жеті татар»,»татарстан» деген ұғымға баса назар
аударған жӛн.Аңызда қимақтар «татарлар» елінен келген деп
баяндалады.Мәселенің байыбы мен мәні сауал тудырады.Оған жауап ретінде
қимақтар мемлекетін құрған жеті тайпаның бірі татар тайпасы болғандығын
айтқан жӛн.Бұл татарлар тарихының ерте кезеңін тереңірек зерттеуді қажет
ететінін аңғартып тұр.
Тарих ғылымының қимақтардың ежелгі қонысы жӛнінде түрліше пікір
бар.С.М.Ақынжанов Гардизи әңгімесін негізге ала отырып,Ертіс
территориясындағы қимақтарды сырттан келген халық деп
пайымдады.Зерттеуші Гардизи әңгімелері сол уақытта болған нақты
оқиғаларды суреттейді дей келе қимақтардың алғашқы отаны солтүстік-
шығыс Моңғолияның жері деп кӛрсетті.Ол мұндағы тоғыз татарларын
меңзесе керек.Орхон ескерткіштерінде татарлар «тоғыз татар»,»отыз татар»
деген атаулармен кездеседі.Қытай деректерінде олардың арғы тегін «Дунху»
деп атаған.IV-XI ғ.ғ олар қазіргі ҚХР Ішкі Моңғолия
автономиясы,Хулуньбэйр аймағы мен соған іргелес жерлерде ӛмір
сүрген.Алғашында олар бес тайпа болып,кейін кӛне түрік қағанаты кезінде
олардың саны 30-дан асқан.Бұл кӛне түркі ескерткіштерінде «отыз татар» деп
аталатын ел».
Достарыңызбен бөлісу: