«Цитология негіздері» қолданбалы курс биология пәні бойынша теориялық және айғақтық материалдардан тұрады. Оқушылардың биологиядан алған білімдерін тереңдету мақсатында бағыт –бағдар беру арқылы толықтыру. Жалпы білім беретін негізгі мектепте биология пәнінен қосымша білім берудің маңызы зор . Сонымен бірге қазіргі кезде білім беру жүйесінің алдында тұрған негізгі міндет білімді де білікті жас ұрпақ тәрбиелеу. Курс негізінен цитологиялық білім негіздерінің мәнін ашатын материалдарды негізге ала отырып құрылды. Бағдарлама мектепте жүргізілетін биологиялық білім мазмұнына қойылатын талаптарға сай жасалды.
Курста цитология ғылымы клетканың құрылысын, химиялық құрамын және клетка цитоплазмасындағы әр түрлі құрылымдарды зерттейтіні, олардың зат айналым процесіндегі маңызы жайлы терең білім беру. Биологиялық білімді тереңдету арқылы оқушы білімділігін арттыру. Жасуша физиологиясы, жасушадағы органикалық заттар жайлы білімді дамыту. Биология пәнін оқуытуда пәнаралық байланысты және ғылым салаларынан алған білімдерін пайдалана отырып ,оқушы шығармашылығына жол ашу.
Курстың мақсаты : Цитологияның негізігі ерекшеліктеріне, клетка теориясына, клетка құрылымына, физологиясына тоқталып тереңірек білім беру. Сабақ барысында оқушыларға білім бере отырып, шығармашылықпен жұмыс жасауға баулу, әр түрлі қосымша материалдарды пайдалана отырып, ізденуге үйрету. Оқушылардың биологиялық сөздіктер ұғымын түсінуге, ой-өрісін дамытуға көңіл бөлу.
- Қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу.
- Білімді жеке тұлға тәрбиелеу.
- Интернет жүйесіндегі биологиялық материалдарды қосымша
пайдалануға үйрету.
- Пәнге деген қызығушылықты арттыру;
- Пәнаралық байланысты тиімді қолдану.