Сапа менеджментінің принциптері 9000 ИСО сериялы халықаралық стандарттары 8 сапа менеджменті
принциптеріне негізделеді:
1. Тұтынушыға бейімделу;
2. Басшылық жетекшілігі;
3. Персоналды қызықтыру;
4. Үрдістік тəсілдеме;
5. Менеджментке жүйелі тəсілдеме;
6. Ұдайы жақсарту;
62
7. Факторларға негізделген шешімдерді қабылдау əдісі;
8. Жеткізушілермен өзара тиімді орта құру.
1 принцип: Тұтынушыға бейімделу. Кəсіпорын тұтынушыдан тəуелді
болып табылады. Тұтынушының қазіргі болашақтағы қасиеттерін түсінуі керек.
Олардың ойларынан асып түсуге ұмтылуы керек. Кəсіпорын жұмысы
маркетингпен, яғни, нарықтың қажеттілігін зерттеп, талдаудан басталуы керек.
Кəсіпорын тұтынушыға қандай өнім, қандай көлемде қажет екенін оның саласы
қандай деңгейде болу керектігі туралы хабардар болуы керек.
2 принцип: Басшылар кəсіпорында бірыңғай мақсаттар, бағыттар болуын
ондағы микроклиматты тағайындайды. Басшылар адамдардың кəсіпорын
алдында тұрған мақсатқа жетуге тұтас бірадамдай қатысуына қол жеткізетіндей
ішкі жағдайларды қалыптастыра бастауы қажет. Басшылар əрқашанда жетекші
болып табылуы керек. Бұл болашақтың жағдайында адамдардың жұмыс істеуге
ынтасы болуы. 3 принцип: Қызметшілерді қызықтыру. Адамдар барлық деңгейде
кəсіпорынның негізгі күші болып табылады. Оларды жұмысқа толық тарту
олардың қабілетін кəсіпорынға көптеп жұмсауға мүмкіндік береді. Жұмысшы-
қызметкер тек ғана жалақы алу үшін ғана жұмыс істеуші емес кəсіпорынның
жанашыры болатындай жағдай жасауы керек. Əр адамның жеке мақсатының
кəсіпорын алдындағы мақсатпен үйлесуі керек.
4 принцип:Үрдістік тəсілдеме. Ойлаған нəтижеге əрекет тиісті қорларды
үрдіс ретінде басқарған жағдайда тиімді түрде жетуге болды. Үрдіс бір немесе
бірнеше оларды жүзеге асырғанда кірістер шығысқа айналатын əрекет түрлері
болып табылады. 5 принцип. Өзара байланысындағы үрдістерді жүйе ретінде шығарып алу,
тану, басқару. Ұйымның мақсатқа жетуіне, нəтижелік тиімділігіне үлес қосады. 6 принцип. Ұйымның тұрақты мақсаты оның əрекетін ұдайы жақсарғаны
болып табылады. Бұл принціпті жүзеге асыру түзетуші, алдын алушы əрекеттер
жүргізуі керек. Ұйымның сапа менеджментінің жүйенің тиімділігін жоғарылату
өлшеу үрдісін кеңінен қолдау нəтижесінде алынған фактілерінде негізделу
керек. 7 принцип. Тиімді шешімдер, деректер, ақпараттар талдауына негізделген.
Басқарушы шешімдер мен əрекеттер өнімдердің максимал жəне минимал
шығындарын қамтамасыз етуі керек. Бұл əрекеттер шығындарды көбейтуді
көрсетеді. Жақсарту негізінде кəсіпорынның нарықтағы орнын нығайтуы керек.
Ақпарат түзетуші алдын ала əрекеттерді талдағанда деректермен жаңа ойларға
негізделуі керек. 8 принцип. Ұйым мен оның жеткізушілері өзара байланысты, олардың
өзара пайда қатынасы екі тарап “ұйым-орта” құруға мүмкіндік береді. Бұл
принціп екі жақтың арадағы бағдарлық-серіктестік қарым-қатынастар орнатуға
негізделеді. Бұл қарым-қатынастар техникалық процестерді əзірлеу, жетілдіру
жұмысына екі жақтың да қатысуын жеңілдетеді. Өзара сенімділік тудырады.
Бұл процесті қамтамасыз ету үшін кəсіпорын жеткізушілер алдында процестер
құжаттанған талаптар қоюы керек. Сол жеткізушіге оған қойылған талаптарды
орындауға қабілеттілігін талдау үшін баға беру процестерін жеткізу керек. Бұл
63
жерде кəсіпорын мен жеткізуші бірлесіп жұмыс істеуі керек. Екі жақтың да
əрекеттерінің бір мақсатпен басқарылуы нəтижесінде ұдайы жақсартуға қол
жеткізуге болады.