Мұғалім: - «Бағыттау парағына» аты – жөніңізді толығымен жазыңыз. Сіздер дайынсыздар ма ? Тапсырманы орындауға рұқсат.
Ойынға қатысушылар келесі тапсырмаларды орындайды: «Құжаттар» бекеті. Сіз, жұмысқа орналасуға келдіңіз. Сізде қандай негізгі құжаттар болу қажет. Тапсырма: Еңбек шартына тұру үшін қажетті құжаттарды таңдаңыз. Дұрыс жауаптар: жеке куәлік, еңбек кітапшасы, сақтандыру куәлігі, әскери есеп құжаты, аттестат немесе диплом, ЖСН, қызметке жарамдылығын растайтын медициналық анықтама.
«Айдана» мейрамханасы бекеті. Сіз мейрамханада жұмыс істейсіз. Төрт адамға үстел басын дайындау керексіз.
«Өрт сөндіруші» бекеті. Сіздерге өрт сөндіруші киімін белгіленген уақыт мөлшеріне байланысты кию керексіз. Топтың жалпы уақыты саналады.
«Шаштараз» бекеті. Шаш өру үлгісін көрсету қажет.
«Травмотология» бекеті. Алғашқы медециналық көмек көрсету.