Кєсіпкерлік феномені ерте кезден бері єлеуметтік-экономикалыќ ѓылымныњ назарын аударуда


Қызылорда облысы әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап



бет3/3
Дата13.11.2022
өлшемі0,99 Mb.
#49774
1   2   3
Қызылорда облысы әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Оның мәлімдеуінше, «Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау» бағыты бойынша 2016 жылы республикалық бюджеттен 2 530,9 млн. теңге бөлінген. Жыл басынан бері экономиканың басым салалары бойынша барлығы 59 жоба мақұлданды. Осы жылы Шағын қалаларды дамыту бағдарламасы аясында субсидиялау қарастырылған. Бүгінгі таңда Жалағаш мен Арал қалаларында 3 млрд. теңге қаражатқа 36 жоба қабылданған.
«Кредитке ішінара кепілдік беру» бағыты бойынша биыл республика бюджетінен 70,0 млн. теңге қарастырылды. Жыл басынан бері 242,8 млн. теңгеге 20 жоба қабылданған. Алайда облыс аудандарында белсенділік төмен. Мәселен, осы бағдарлама іске асқанынан бастап Успен, Жаңақорған, Май, Шиелі аудандарынан бірде бір жоба ұсынылмаған.
«Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту» бағыты бойынша «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарлама аясында 2016 жылы республикалық бюджеттен 1 731,3 млн. теңге бөлінді. Инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы іске асырылғаннан бері Қызылорда облысында барлығы 6,6 млрд. теңге бөлініп, кәсіпкерлердің 27 жобасы мақұлданды. Қазіргі уақытта алты нысан салынып, қолданысқа берілді. Бұдан басқа сегіз нысан бой көтеріп, қолданысқа берілген, алайда олар мемлекеттік теңгерімге берілмеген, ал жеті нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүріп жатыр.[41]
2016 жылдың ақпанында Қызылорда облысының Арал, Жалағаш қалаларында Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының (КҚО) ашылуы өтті. Осыған ұқсас орталықтар былтырғы жылдың 15 қараша күні Қызылорда облысының Арал, Жалағаш қалаларында ашылған. КҚО ашылуы, ҚР Үкіметінің 2012 жылдың мамыр айында бекіткен 2012-2020 ж. Моноқалаларды дамыту бағдарламасының бөлігі болып табылады. Ал «Даму» Қоры өз тарапынан Кәсіпкерліктің қызмет бабы орталығының концепциясын жасап шығарды.
Осы концепцияға байланысты, кәсіпкерлерге кешенді қызметтер 3 деңгейлі жүйеде көрсетіледі: облыстық орталықтар деңгейінде (КҚКО - Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары), моноқалаларда (КҚО - Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары) және аудандарда (МКҚО – Мобильдік кәсіпкерлерді қолдау орталықтары)
Алғашқы КҚКО Алматы және Шымкент қалаларында былтырғы жылдың қазан айынан бастап жұмысын жүргізіп жатыр. Моноқалалар деңгейінде стационарлық Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау сұрақтары бойынша ақпараттық – консалтингтік қызметтер, бизнесті жүргізу бойынша және т.б. қызметтер көрсетеді. Айта кететін жайт, бүгінгі таңда 1200-ден аса кәсіпкерлер «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалы КҚО-нан кеңес алған.
Мобильдік кәсіпкерлерді қолдау орталығына келетін болсақ, бұл Қордың қызметкерлері кеңес беруге шығатын арнайы жабдықталған автобус. Қызылорда облысы бойынша мұндай мобильдік орталық 2012 жылдың қараша айының 15-нен бастап, шалғай орналасқан аудандарда кәсібін жаңадан бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерге «Даму» Қорының қызметтерін көрсете бастады. 2012 жылы пилоттық жоба уақытында МКҚО Қызылорда облысы бойынша 69 кәсіпкерге кеңес берді. [41]
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының мақсаты экономиканың шикізат емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру болып табылады. Сонымен қатар бұл бағдарлама Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру тетіктерінің бірі. Бағдарлама 2009 және 2010 жылдардағы жол карталарын іске асырудың қисынды жалғасы болып табылады, бұл ретте дағдарыстан кейінгі дамуға, қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалуға және жаңаларын құруға мән беріледі. 
Бағдарламаны іске асыру шеңберінде: жбаларды іріктеуді және қаржыландыру (қайта қаржыландыру) жөніндегі шешімді екінші деңгейдегі банктер бағдарламада белгіленген шарттарға сәйкес дербес қабылдайды, уәкілетті мемлекеттік орган мен арнайы белгіленген комиссия және кеңестер арқылы мемлекет субсидиялау, кепілдік беру және (немесе) мемлекеттік қолдаудың басқа да шараларын ұсыну мүмкіндігі бойынша шешім қабылдайды,бағдарламаны іске асыру шеңберінде мемлекет тарапынан барлық келісулерді жергілікті деңгейде «жалғыз терезе» қағидаты бойынша Бағдарламаның үйлестірушілері орындайды.
Бағдарламаны іске асыру шеңберінде міндеттерді шешу үш бағыт бойынша жүзеге асырылады. Яғни, 1) жаңа бизнес-бастамаларды қолдау, 2) кәсіпкерлік секторды сауықтыру, 3) экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау.
Облысымызда аталмыш бағдарлама аясында жасалып жатқан шаралар да халықты толыққанды сауаттандыруда. Жуырда ғана «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына енгізілгелі жатқан жаңа өзгерістерді талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Шараны «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалы мен облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы ұйымдастырды. Шараға екінші деңгейлі банк филиалдарының басшылары, әкімдік өкілдері және кәсіпкерлер қатысты.
Мемлекет басшысының бастамасымен әзірленген «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы Үдемелі индустриялық-инновациялық мемлекеттік даму бағдарламасын жүзеге асырудың бір тетігі болып табылады. Аталған бағдарламаға 2012 жылдың желтоқсан айынан бастап бірқатар толықтырулар мен өзгерістер енгізу жоспарланған. Бағдарлама Кедендік одаққа енетін елдердің кәсіпкерлік әлеуетін тарту мақсатында жаңа құраммен толыққалы отыр. Сонымен қатар, банктік несие және лизингтік келісімшарт бойынша пайыздық ставканы субсидиялау бойынша төменгі сыйақы мөлшерлемесін 9 пайыздан кем емес көлемде және 3-бағыт бойынша 10 пайыздан кем емес мөлшерде белгілеу жоспарланған. Бағдарлама бойынша басымды салалар тізімінен бірқатар саланы алып тастау жоспарлануда. Кепілдендіру тетігі бойынша 60 млн. теңгеге дейінгі несиелер бойынша кәсіпкердің өз үлесімен қатысу шартын алып тастау және кепілдендіру үшін төленетін комиссияны берілетін кепіл мерзіміне сәйкес тағайындау жоспарлануда, яғни 2 жылға дейін берілетін кепілдемелер үшін 0,5 пайыз кепіл сомасынан, 2 жылдан жоғары кепілдемелер үшін кепіл сомасынан - 1 пайыз. 4-бағыт бойынша жаңа екі компонент қосылу жоспарлануда. «Алдыңғы қатарда келе жатқан шағын және орта бизнес субъектілерінің жобаларын жүзеге асыру (BAS бағдарламасы)» жобасы және «Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын жасақтау» жобасы. Сонымен қатар, бизнесін жаңа бастаушы кәсіпкерлер үшін «Бизнес-Кеңесші» жобасы және кәсібін дөңгелетіп алғандар үшін «Бизнес-Кеңесші 2» жобалары болып бөлінбек. Оқытулар кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы және кәсіпкерлікті қолдау орталықтары базасында да жүргізілетін болады. Аудандарда оқытуды ұйымдастыру мобильді кәсіпкерлікті қолдау орталықтары арқылы жүзеге асатын болады. «Жұмыс жасап тұрған бизнеске сервистік қолдау» жобасы - кәсіпкерлерге қызмет көрсету және кәсіпкерлікті қолдау орталықтары базасында көрсету жоспарлануда және осы компонент бойынша сервистік қызмет түрлері кеңейтілетін болады деп күтілуде. Сондай-ақ, жақында кәсіпкерлікті мемлекеттің қолдауды хабардар ету мақсатында Қызылорда облысы, Шиелі ауданында Кәсіпкерлікті қолдау орталығы мен Шиелі аудандық кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен «Бизнестің жол картасы-2020» атты ақпараттық-түсіндірмелік семинар болып өтті. Аталмыш семинарда бастауыш және жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлер «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының мүмкіндіктері жайлы ақпарат алды. Жекелеп алғанда банктің несиенің пайыздарын субсидиялауды, жедел-кепілдікті алуды, несиелер бойынша дербес кепілдіктер алуды, сонымен қатар кәсіпкерлікті қалай ашуға және гранттық қаржыны қалай алуға болатыны жөнінде білді. Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасымен өзінің кәсіпкерлік әлеуетін көрсететін мүмкіндіктер жайында кеңінен әңгімеленді. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының екінші бағыты жұмыспен қамтуды орнықты және жемісті жәрдемдесу жолымен жергілікті тұрғындар табысын көбейтудегі, кәсібін бастаймын деушілерге және де кәсібі бар оны кеңейтем деушілерге бөлшек несиелер ұсынылатындығы айтылды. Бөлшек несиелер қолайлы шартпен бес жылға дейінгі уақытқа және үш миллион теңгеге дейін беріледі. Және де 18 айға дейін төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігі бар, пайыздық ставкасы мерзімінің соңғы күніне дейін жылына 4-тен-8 пайызға дейінгі деңгейде. Одан бөлек, өз мекемесіне кәсіпкерге инфрақұрылымдарға жетіспеген жабдықтар қажет жағдайда, яғни: жол құрылысына, жылу және сумен жабдықтауға, кәріз жолдарын жүргізуге, байланыс және электрлі желілерін тартуға, барлық шығындарды осы бағдарламамен мемлекет өз мойнына алады.
Қызылорда қаласының дамуы экономикалық өрлеудің тұрақты қарқынымен, негізгі капиталға инвестициялардың өсуімен және қаржылық капиталдың нығаюымен, халықтың нақты табысының өсуімен сипатталады.
Қызылорда қаласының әкімі аппаратында Экономиканың нақты секторын дамыту Бағдарламасын шүбәсіз орындау үшін жұмысты ұйымдастыру жүйесін жетілдіру бойынша шаралар қабылданып, проблемалы мәселелерді шешуде жаңа тәсілдер әзірленуде. Шығарылатын өнімнің бәсекелестік қабілетін көтеруді, өндірістік қуаттардың жұмысбастылығын, өткізу нарығының бар болуы мен өзге мәселелерді зерделей отырып, әрбір кәсіпорын қызметіне нақты талдау жасауды қамтитын, нақты сектор саласының шаралар жоспары бойынша жұмыстар жалғастырылуда, сонымен қатар шағын кәсіпкерлік субъектілерінің шығаратын өнімдерінің көлемін көтеру бойынша, шағын бизнесте қамтылғандар санын көбейту шаралары қаралған. Нақты учаскелерге жауапты орындаушылар бекітілген, экономиканың нақты секторы мен шағын кәсіпкерлік бағдарламаларының қимасында жұмыс орындарын құрудың апта сайынғы мониторингі жүзеге асырылады. Кәсіпорындар басшыларын шақырумен өткізілетін апта сайынғы мәжілістерде олардың проблемалы мәселелері қаралады және оларды шешу жолдары мен механизмдері анықталды, кәсіпорындарға бару арқылы, Бағдарламаны орындау барысына жүйелі тексерістер жүргізілді.
Осыған байланысты көптеген экономикалық көрсеткіштердің оң динамикасы байқалады.
2016 жылдың 10 айының ішінде жоспардың орындалуы экономика нақты секторының тау-кен өндірісі мен өңдеу саласының кәсіпорындарымен қамтамасыз етілді: тау-кен өндірісі – 5517,7 млн.теңге немесе 125,3%, өңдеу өнеркәсібі – 39240,8 млн. теңге немесе 104,5%. 2007 жылдың 10 айы ішінде өнеркәсіп өнімдерінің жалпы ауқымы 67307,8 млн. теңгені құрады немесе ағымдағы жылдың жоспарына шаққанда 102,6%, 2006 жылға қарағанда - 106,6%. Өнімнің физикалық көлемінің индексі 100,2% құрады.
Бүгінде қалада, әр түрлі жұмыс жағдайында отандық, сондай-ақ шетелдік те инвесторлар қызмет жасайды. Қызылорда қаласы кәсіпорындарының негізгі капиталға инвестициялар салуы өсуде. 2012 жылдың 10 айында қаланың ірі және орта кәсіпорындары мен ұйымдары негізгі капиталға 3101,5 млн. теңгені игерді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегіден 40,5% жоғары.Облыстық көлемдегі салыстырмалы салмағы 28,7%.
Жаңа өндірістерді құру бағдарламасы бойынша 2011 жылдың 10 айы ішінде ұннан жасалатын өнімдер (тұшпара, варениктер немесе кулинарлы цех) өндіру бойынша «Тұлпар» ЖШС-де 18 жаңа жұмыс орындары қосылған жұмыс учаскесі енгізілді. «Минова Қазақстан» ЖШС-де тау өнімдерін амперлік бекіту үшін арналған полиэфирлік смоладан ампула жасау бойынша 35 жаңа жұмыс орыны бар жаңа өндіріс іске қосылды. «Углесинтез» ЖШС-де 40 жаңа жұмыс орыны бар қаптау материалдарын (қабырға панельдері) өндіру бойынша учаскесі енгізілді. Бағдарламаға қосымша ретінде «Керн-С» ЖШС-де цоколды қабаттарды қаптау үшін арналған қызыл, жасыл және сұр түсті сплитерлік блоктар шығару бойынша 3 жаңа жұмыс орыны бар цех енгізілді, «КЗ ЭЛТО» АҚ-да 8 жаңа жұмыс орындары бар шамдар мен ажыратқыштар жинау бойынша учаскесі енгізілді. «Қазақстан Алюминий» АҚ-да 16 жаңа жұмыс орынын құрумен жоғары қысымды рукавтар учаскесі енгізілді. «Қызылорда машина жасау зауыты» АҚ-де 20 жұмыс орыны құрылды. «Шайман» ЖШС -да 35 жаңа жұмыс орыны құрылды. Жоспардағы 8-ге 9 жаңа өндіріс енгізілді. 175 жұмыс орыны құрылды.
Жұмыс істеп тұрған өндірістерді дамыту мен кеңейту бағдарламасы шеңберінде «Қызылорда электротехникалық жабдық зауыты» АҚ-ы мен «Қазақстан Алюминий» ЖШС-де сәйкес 20 және 144 жаңа жұмыс орындары құрылды. «Қызылорда машина жасау зауыты» ЖШС-і мен «Реагент-Восток» ЖШС-де сәйкес 16 және 50 жаңа жұмыс орындары құрылды. «Казцинк» АҚ, " мен «Казахмыс Корпорациясы» АҚ-да сәйкес 101 және 60 жаңа жұмыс орындары құрылды. "Техснаб «Майқайыналтын» ЖШС -де 5 жаңа жұмыс орыны құрылды. «Каустик» АҚ Қызылорда химиялық зауытында 12 жаңа жұмыс орыны құрылды.
Экономиканың нақты секторы бағдарламасы бойынша 820 жұмыс орыны құрылды, немесе жоспардан 1,3 есе артық.
Қызылорда қаласы кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін сапа менеджменті жүйесі жетілдірілуде. Қала кәсіпорындарында сапа менеджменті жүйесін енгізудің көп ауқымды, қымбат және ұзақ процесс екенін айта кету керек. Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруге даярлығына байланысты, қала кәсіпорындарында халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес ИСО – 9000, 14000, және OHSAS 18000 халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес сапа және экономикалық менеджмент жүйелерін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қазірде халықаралық сапа стандарты 27 кәсіпорында енгізілген, 34-і даярлық курсынан өтті, қаланың 45 кәсіпорыны сапа сертификатын алды.
Мақсаты мен міндеттеріне тоқталсақ, өнеркәсіп кешенін дамыту, импорталмастырушы және экспорттықбағдарлы өндірістер ауқымын орнықты өсіру жолымен Қазақстан Республикасының 2016 жылға дейінгі индустриалдық-инновациялық даму Стратегиясын, облыстың 2016 жылға дейінгі индустриалдық-инновациялық саясатын жүзеге асыру. Жаңа жоғары технологиялы, жоғары қосымша құнды өндірістерді ашу бойынша, инвестициялық жобаларды жеделдету бойынша тұрақты жұмыс жүргізу.
Негізгі бағыттары:

  • жабдықтарды жетілдіру мен жаңа технологиялар енгізуді инвестициялау;

  • машинажасау, химия және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын басым дамыту жағдайларын жасау;

  • тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін көтеру және оларды нарыққа шығару.

Іс-шаралар жоспарын қамтамасыз ету келесі шараларды жүзеге асыру арқылы жоспарланады:
- 87,2 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімін өндіру;
- 8 жаңа өндіріс орынын құру;
- жұмыс жасап тұрған кәсіпорындарды дамыту және кеңейту ;
- экономиканың нақты секторына инвестициялар тарту.
Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері алдын ала болжамдар бойынша қала экономикасының нақты секторына өзіндік және қарыздық қаражаттар есебінен 7,4 млрд. теңге инвестициялар тартылатын болады. 2.3 Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін арнайы салық режимі және несиелеу
Біздің елімізде меншіктің әр түрлі формаларына негізделген экономика қалыптасуында, себебі кез-келген елде экономиканың өсу деңгейі меншіктік қарым қатынастардың пайда болуымен өзара тығыз байланыста, сондай-ақ кіші кәсіпкерлік субъектілерінің әлемдік нарыққа шығу мүмкіндіктерін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президенті «Жеке кәсіпкерлікке қолдау көрсету туралы», «Жеке кәсіпкерлік туралы» және «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» заңдарды шығарды.
Бұл құжаттарда кіші кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіндегі салық салу жүйесінің жеңілдетілген түрін қолдана отырып, есеп жүргізу мен қаржылық есеп беруді құруға байланысты көптеген шарттар анықталады.
Салық жүйесі мемлекет бекіткен салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің және қаржы ресурстарының бір орталықтандырылған және жалпы мемлекеттік қорын құру мақсатында өндірілген жиынтығын, сондай-ақ принциптерінің, тәсілдерінің, нысандарының жиынтығын, оларды өндіру әдістерінің жиынтығын көрсетеді.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі, салық кодексіне сәйкес салық қызметі ұйымдарының салықтық қатынастарын ретке келтіретін салықтың түрлерін, жинақтарын және баж салықтарын, құқықтық нормаларын енгізеді.
Төлем төлеушілердің жекелеген топтары үшін арнайы салық төлеу тәртібі қаралған, онда есептеудің және жекелеген салықтарды төлеудің, есептеулерді тапсырудың жеңілдетілген тәртібі қолданылады.
Арнаулы салық режимдері мына жағдайларда қаралады:
- шағын бизнес субъектілеріне;
- шаруа (фермер) қожалықтарына;
- ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға;
- кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне қатысты арнаулы салық режимдері;
Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін арнайы салық режимінің ерекшелігі.
Арнайы салықтық режим корпоративті, жеке табыс (жалдамалы жұмыскерлердің еңбек ақысынан ұсталынатын табыс салығынан басқа), әлеуметік салық түрлері бойынша салықтық есепберуді жүргізу мен төлеудің жеңілдетілген есептеу жолын, сонымен қатар салықтық жүктемені азайтуға бағытталған жеңілдетілген ставка және басқада механизмдерді қарастыратын арнайы салықтық режим болып табылады.
Салықтық мақсатттарда, яғни шағын кәсіпкерлік субъектілеріне арнайы салықтық режимді қолдану үшін Салық кодексінде табыс, саны және қызмет түрлері бойынша шектеулер қойылатын «шағын кәсіпкерлік субъектісі» деген термин қолданылады.
«Шағын кәсіпкерлік субъектілері» түсінігіне келесілер кіреді:

  • жеке кәсіпкерлер – кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтар. Міндетті мемлекеттік тіркелімнен өтуі тиіс:

  • жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін тұрақты пайдаланатын;

  • кәсіпкерлік қызметтен салық салынбайтын табыс мөлшерінен асатын жылдық жиынтық табысы бар жеке кәсіпкерлер.

Жеке кәсіпкерлердің мемлекеттік тіркелімін салық органдары жүзеге асырады.
Заңды тұлға – меншік шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында оқшау мүлкі бар және осы мүлікпен өзінің міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді сатып ала алатын және жүзеге асыра алатын, сотта талап қоюшы және жауап беруші бола алатын ұйым.
Сонымен қатар арнаулы салықтық режимді келесі қызмет түрлерін жүзеге асыратын заңды және жеке кәсіпкерлер қолдана алмайды:
1) акциз өнімдерін шығару;
2) бухгалтерлік, қаржылық, кеңестік қызмет жүргізу;
3) мұнай өнімдерін жүзеге асыру;
4) шыны ыдыстарын қабылдау және жинау;
5) кен өндіру;
6) лицензиаланатын, оның ішінде:
- дәрігерлік, медициналық және ветеренарлық қызмет;
- тұрғын коммуналды-тұрмыстық объектілерді газбен жабдықтау бойынша құрылыс, жөндеу жұмыстарын жүргізу;
- қорғаныс, өрт сигнализациаларын және өртке қарсы автоматты құралдарға техникалық және жөндеу жұмыстарын жүргізу;
- өртке қарсы техникалар мен құралдар жүзеге асыру мен өндіру;
- жолаушылар лифтісіне ьқызмет көрсету және жөндеу жүргізу;
- дезинфекция, дезинсекция препараттары мен құралдарын көтерме саудада жүзеге асырып және қайта өңдейтін, оларды өндіретін, сонымен қатар оларды қолданумен байланысты қызметтер мен жұмыстар түрлерін жүзеге асыратын фирмалар;
- жолаушыларды және автокөлік жүктерін халықаралық тасымалдау мен жеткізу;
- емдік препараттарды шығару;
- эксперементтік, құрылыс-монтаждық жұмыстар, құрылыс материалдарын шығару бойынша жұмыс;
- алкогольді өнімдерді бөлшек жүзеге асыру.
Басқа сөзбен айтқанда, осы пунктерінде көрсетілген лицензиялық қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар шағын кәсіпкерлер үшін берілген арнайы салық режимін қолдана алады.
Мысалы, кәсіпкер автомобильдерді бензинмен қамтамасыз ететін станция мен кішкене дүкен мен асханаға иелік етеді делік. Бұл жағдайда кәсіпкер арнайы салық режимін қолдана алмайды, себебі берілген режим мұнай өнімдеріне қолданылмайды.
Сонымен қатар, берілген салық режимін келесілер қолдануға қр;ықтары жоқ:
- филиалдары мен өкілдіктері бар заңды тұлғалар;
- филиалдар мен өкілдіктердің өздері;
- еншілес занды тұлғалар мен тәуелді акционерлік қоғамдар;
- әртүрлі тұрғылықты мекендерде құрлымдық бөлімшелері бар салық төлеушілер.
Мысалы, заңды тұлғаның негізгі шарттары (табысы, жұмысшылар саны мен қызмет түрлері бойынша) бойынша арнайы салықтық режимді қолдануға толық мүмкіндігі бар, бірақ оның филиалы бар. Бұл жағдайда заңды тұлға мен оның филиалы арнайы салық режимін қолдана алмайды.
Арнаулы салық режимін таңдау кәсіпкердің еркімен жүзеге асырылады. Бұл жағдайда шағын кәсіпкерлік субъектісі бюджетпен есеп айырысудың тек бір формасын ғана таңдай алады. Арнаулы салық режимі шегінде түрлі қызмет түрлері бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлік формасын ескере отырып, бюджетпен есеп айырысудың үш түрі ұсынылады.
Бір реттік талон негізінде - кәсіпкерлік қызмет түрі эпизодикалық сипатта болады.
Егер де, кәсіпкердің табысы болса және ол өз қызметін жүзеге асыратын болса, онда ол бюджетпен патент негізінде есеп айырысуға құқылы.
Әр түрлі қызметпен жалдамалы еңбекті пайдаланып айналысатын кәсіпкер үшін жеңілдетілген декларация негізіндегі бюджетпен есеп айырысу ұсынылады.
Бюджетпен есеп айырысудың аталған формасындағы салық салудың мұндай механизімі кәсіпкерлік қызметтін даму деңгейін есептеу үшін, сонымен бірге кәсіпкерге салықтық тәртіпті үйретеді, бұдан да пайдалы бизнеске біртіндеп қадам басуына мүмкіндік береді.
Бір реттік талон негізіндегі арнайы салық режимі. Бір реттік талон қызметі кезеңдік сипатта болатын жеке тұлғалар үшін ұсынылады. Мұндай қызмет түріне өз қызметін жылына 90 күндей ғана жүргізетін қызмет жатады.
Сонымен бірге жеке тұлғалар мемлекеттік тіркеуден жеке кәсіпкерлік субъектісі ретінде босатылған. Мысалы, жеке тұлға бір реттік талон негізінде газеттер мен журналды сатумен айналысады. Бұл жағдайда онымен бір жыл ішінде 80 күнге талон алған (мамырда 25 күнге, маусымда 30 күнге, шілдеде 15 күнге, тамызда 10 күнге). Осылайша кәсіпкердің жыл аяғына дейін 10 күнге талон алуына болады.
Егер жеке тұлға бір жыл ішінде 90 күндік талон алып, өзінің кәсіпкерлік қызметін жалғастырғысы келсе, онда ол жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өтуі қажетте де салық органында салық салудың басқа режиміне өтуі тиіс.
Бір реттік талон негізінде бюджетпен есеп айырысатын жеке тұлға бақылау-кассалық машинасын қолданудан босатылады, оған берілетін бір ғана талап - ол бір реттік талонның қолда болуы.
Бір реттік талон құны қызметті жүзеге асырғанға дейін төленуі қажет. Талон құны жергілікті билік органымен бекітіледі. Бюджетпен бір реттік талон мен есеп айырысатын қызмет түрлері Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бекітіледі.
Патент негізіндегі арнаулы салық режимі.
Патент – арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және салық сомаларының бюджетке төленген фактісін растайтын құжат.
Патент негізіндегі арнаулы салық режимін қызметі тұрақты сипаттағы жеке кәсіпкерлер және мынадай талаптарға сай келетін:
1) жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын;
2) жеке кәсіпкерлік нысанындағы қызметті жүзеге асыратын;
3) жыл ішіндегі табысы 2,0 миллион теңгеден аспайтын жеке кәсіпкерлер қолданады;
Патент негізінде арнаулы салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған ретте салық төлеуші оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режиміне не салықты есептеу мен төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне өтініш негізінде ауысады.
Аталған өтініш патент негізінде арнаулы салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған кезде беріледі.
Патент жеке кәсіпкерге бір күнтізбелік жыл шегінде кемінде бір ай мерзімге беріледі.
Жеке кәсіпкер патент алу үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жері бойынша салық органына қызмет түрін көрсете отырып, уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысанда өтініш және Жеке кәсіпкерді ммлекеттік тіркеу туралы куәлікті табыс етеді.
Жеке кәсіпкер лицензиялауға жататын қызметті жүзеге асырған жағдайда олмұндай қызметті жүзеге асыруға құқық беретін лицензиясын көрсетуге міндетті. Бұл орайда патент лицензияның қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.
Патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын салық төлеуші салық органдарына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар мен жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша есептемелерді ұсынбайды.
Патенттің құнын есептеуді жеке кәсіпкер мәлімделген кірістің 3 пайызы мөлшеріндегі ставканы қолдану жолымен жүзеге асырады.
Патент құны бюджетке мынадай түрде:
1) жеке табыс салығы - патент құнының ½ бөлігі мөлшерінде;
2) әлеуметтік салық - Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру қорына есептелген әлеуметтік аударымдар сомасын алып тастағаннан кейінгі патент құнының ½ бөлігі мөлшерінде төленуге тиіс.
Жеке кәсіпкерді іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған жағдайды қоспағанда, патенттің күші жойылған мерзімге дейін кәсіпкерлік қызмет тоқтатылған кезде салықтың енгізілген сомасы қайтарылуға және қайта есептеуге жатпайды.
Нақты табыс патент алған кезде мәлімделген табыстан асып кеткен жағдайда, салық төлеуші бес жұмыс күні ішінде асып кеткен соманы мәлімдейді және осы сомадан салық төлейді. Салық төлеушінің өтініші бойынша бұрын берілген патенттің орнына оған табысы көрсетілген жаңа патент беріледі.
Мұндай есептесудің формасы кәсіпкерлік қызметпен енді айналысып келе жатқан кішкене айналымы бар кәсіпкерлер үшін тиімді. Мысалы, аяқ киім жөндеумен айналысатын шебер орташа табысы 30 мың теңгені құраса, яғни бір жылға орташа 360 мың теңге (30 мың теңге х12 айға = 360 мың теңге болады).
Патенті алу үшін кәсіпкерге қызметті жүзеге асыру орыны бойынша салық органына патент алуға жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу мен алатын табыс мөлшерін, сонымен қатар лицензиаланатын қызмет түрі болса лицензия түрін көрсетіп жазған өтініш тапсыруы қажет. Сонымен бірге, патент лицензия берілген мерзімге дейін жүзеге асырылуы қажет.
Патент бойынша салық сомасы алынатын табыстың көлемінде 3% негізінде бекітіледі. Басқа сөзбен айтқанда салық төлеуші салықты өзі, ешқандай есептеу жүргізбей-ақ біртұтас ставка мөлшерінде (3% сәйкес келеді) төлейді.
Салықтық міндеттемені анықтайтын мұндай механизм кәсіпкер үшін аса қиындық туғызбайды. Мысалға, жеке кәсіпкердің күтілетін табысы 60,0 мың теңге болғанда патент құны 1800 теңгені қүрайды (60,0 мың теңге х 3%). Патент қүны (1800 теңге : 2 = 900 теңге)- жеке табыс салығына (900 теңге) және әлеуметтік салыққа (900 теңге) бөлінеді де бюджетке есептеледі.
Патент салық органымен салық төлеуші патент құның бюджетке төлегендігі және жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы салымын растайтын құжаттарын өткізгеннен кейін ғана беріледі. Күтілетін табыстан алынған табыс жоғары болса, онда салық төлеуші 5 жұмыс күні ішінде жоғары болған сомада салық төлеуі тиіс.
Мысалы: патент алған кезде кәсіпкердің табысы 50,0 мың теңге болсын, ал нақты табыс 80,0 мың теңгеге тең. Асып кеткен сома 30,0 мың теңгеге сәйкес келеді. Бұл жағдайда салық төлеуші 900 теңгені жеке табыс салығы ретінде - 450 теңге, ал әлеуметтік салық түрінде 450 теңгені қосып төлеуі қажет (30,0 мың теңге х 3%).
Егер нақты табыс өтініште көрсетілген табыстан төмен болса, онда артық төленген соманы қайтару салық төлеушінің өтініші негізінде салық органдарымен бақылау жүргізілгеннен кейін ғана қайтарылады.
Жеңілдетілген декларация негізіндегі салықтарды төлеу шағын бизнес субъектілері үшін мемлекетпен есеп айырысудың негізгі практикалық нысаны болып табылады. Салық салудың осы тәртібі тоқсан аяқталған соң нақты алынған табыс бойынша салық міндеттемелерінің есептесуі болып табылады. Мұндайда салықтар шығыны есептеусіз біріңғай ставка бойынша есептеледі. Осы режимге өту үшін кәсіпкер салық төлеушіге тоқсан басына дейін бекітілген формада қызметті жүзеге асыру орыны бойынша салық органына өтініш жазылуы тиіс.
Берілген режим келесілермен ерекшеленеді:
біріншіден - салықгық міндеттемені есептеу нақты табысты алу тоқсан аяғында жүзеге асырылады.
екіншіден - жеңілдетілген декларация негізіндегі салық шығындарды есепке алмай тұтас ставка бойынша есептеледі. Яғни корпоративті немесе жеке табыс салығын және әлеуметтік салықтарды есептеу үшін шығындар есебін жүргізудің қажеті жоқ.
Қосылған құнға салық сомасын алып тастағанда бір тоқсанға жалпы алынған табысқа салықты есептеу кезінде (кәсіпкер қосылған құн салығын төлейтін жағдайда) күрделі-прогресивті ставка шкаласы: үшдеңгейлі - жеке кәсіпкерлер үшін, бес деңгейлі — заңды тұлға үшін.
Салықты жеңілдетілген декларация негiзiнде есептеудi шағын бизнес субъектiсi салық салу объектiсiне есептi салық кезеңiне тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы дербес жүргiзеледi.
Жеңілдетілген декларация есеп беру жылындағы айдың 10 күніне дейін табыс етілуі керек.
Сонымен, шағын кәсіпкерліктің әртүрлі фирмаларының орнығуы мен дамуы көбінесе аймақтардың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты. Шағын кәсіпкерліктің әрекеттігімен қатар, бірінші кезекте қоғамның әлеуметтік және институтционалдық салалары қамтамасыз етіледі.
Салықтық есеп берудің тәртібі және салықтық есепберу. Арнайы салықтық режим бойынша есепберу келесідей жүргізіледі:
- бюджетпен патенттік форма кезінде есеп айырысу – патент алуға өтініш;
- жеңілдетілген декларация негізінде бюджетпен есеп айырысу -жеңілдетілген декларация.
Салық төлеушілер салықтық есепберуді келісі түрде жүргізе алады:
- келу тәртібінде;
- арнайы тапсырыс хаты бойынша поштамен;
- электронды түрде.
Жеңілдетілген декларация бойынша арнайы салық органына есеп беру тоқсан сайын айдың 10 күнінен кешіктірілмей беріледі. Жеңілдетілген декларация бойынша салықты бюджетке төлеу есептік салықтық кезеннен кейін айдың 15-не дейін төленуі керек.
Шағын кәсіпкерлікті дамытуда қолайлы инвестициялық климат жасау және несиелеу жүйесін жетілдіру басты мәселе болып саналады. Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіру нарығы салыстырмалы түрде жас көрінеді.
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық көмекті арнайы құрылған «Қазақстанның Даму Банкі», «Ұлттық Инновациалық Қор», «Кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың қоғамдық қоры» және екінші деңгейлі банктер, сонымен қатар микронесиелік ұйымдар мен несиелік серіктестіктер көрсетеді.
Қазіргі кезде өте көкейкесті мәселелердің бірі болып шағын кәсіпкерлікті несиемен қамтамасыз ету мәселесі табылады. Кәсіпкерлерді несие алуға мүмкіндік беру – бұл тек шағын кәсіпкерлікті қолдап, оны «көлеңкеден» шығару ғана емес, соныман қатар жаңа кәсіпорындардың пайда болуына жол ашу.
Төменде Қызылорда облысындағы шағын және орта кәсіпкерлерге несие беретін ұйымдар мен банктердің тізімі берілген.
«Қазақстанның Халық банкі» АҚ: Қызылорда облыс филиалы, Арал аймақтық филиалы. «Қазақстанның Халық банкі» АҚ Шағын кәсіпкерлікті қаржыландырудың келесі бағдарламаларын жүзеге асырады:
- ЕБРР желісі бойынша шағын бизнесті несиелеу бағдарламасы. Шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру айналым капиталының көбейту үшін, шикізат алу үшін, қосымша жабдықтарды сатып алу үшін, ғимараттарға, автокөліктерге, құрылысты қаржыландыруға және де басқа негізгі капиталға несиелер ұсынады. Жұмыс істеп тұрған бизнес қана несиелендіріледі. Несие тек қана жалпы қамтамасыз ету түрлері бойынша ұсынылады.
- тауар және қызметтің отандық өндірушілеріне банктік займдарды ұсыну бағдарламасы. Бағдарламаның мақсаты болып экономиканың нақты секторында отандық тауар өндірушілердің тауар ассортиментін ұлғайту мен сапасын жақсартуды, өндіріс аудандарын көбейтуді, жаңа технологиялық жабдықтарды ендіруді қаржыландыру болып табылады. Негізгі шарт: ұсынылған жобалар банкте бекітілгеннен кейін «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорынан», ҚР сауда индустрия және энергетика министрлігінен, ҚР Қаржы министрлігінен, ҚР Әділет министрлігінен және ҚР Үкіметінен оң баға алу керек.
- Шағын және орта агробизнесті қаржыландыру бағдарламасы. Бұл бағдарламаның мақсаты Қазақстанның аграрлық секторында Шағын кәсіпкерліктің дамуына көмек жасау.
Қазкоммерцбанк.
«Қазкоммерцбанк» АҚ әр бір клиентке жеке жолын ұсынады, қаржылық информация мен жобаның құпиялығына кепіл болады. Экспертиза өткізу тегін жүргізіледі.
«Кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың қоғамдық қоры»
Центр Кредит Банкі АҚ: Қызылорда филиалы, Арал филиалы.
- ЕБРР желісі бойынша шағын бизнесті несиелеу бағдарламасы. Несиелеу шарты: несие сомасы – 30 000 АҚШ долларына дейін. Несие мерзімі 1 жылға дейін, проценттік ставка - айына 1,58 %.
- Азияның Несиелеу компаниясының, Орта-Азия-Америка Кәсіпкерлік қордың шағын бизнесті несиелеу бағдарламасы. Несие сомасы - 50 ден 500 мың АҚШ долларына дейін, несие мерзімі - 3 жылға дейін және проценттік ставка- жылына 18%.
Қазақстан Республикасындағы Шағын кәсіпкерлік кәсіпорындарын несиелендіруде бірқатар мәселелер бар. Біріншіден, берілетін кредиттердің сыйақы ставкасының жоғары; Екіншіден, кепілдік беру мәселесі өте қатаң;
Үшіншіден, Шағын кәсіпкерлік кәсіпорындарының қызметінде бірқатар мәселелердің болуы (бизнестің шынайы болмауы); төртіншіден, несие алу ісінде көптеген құжаттардың талап етіліп, уақыттың көп кетуі;
Бір жағынан, Шағын кәсіпкерліктің дамуына мемлекет тарапынан қолдау көрсету олардың қызметінің айқындылығына, активтерінің көбеюіне әкеліп соғады. Екінші жағынан, банктік қызмет көрсету рыногіндегі бәсекелестік банктердің клиенттермен қарым-қатынастарын қайта қарауына әкеліп соғады. Банктер несие беруді ғана емес оның қайтарылуын қамтамасыз етеді, олар заемшылармен жұмыстарын ұзақ мерзімге жүргізуді жоспарлауға тырысады. Банктер заемшылар бизнесінің өсуіне, кредиттеу бойынша тұрақты да сенімді әріптестердің болуын қалайды, яғни Шағын кәсіпкерлік кәсіпорындарының кредиттері неғұрлым өскен сайын кредиттерінің сыйақы ставкалары төмендейтін болады және Шағын кәсіпкерлік кәсіпорындары үшін құжат дайындау немесе уақыт жоғалту мәселелері болмайтын болады.
Грант беретін ұйымдардың тізімі:
Фонд Сорос-Казахстан, ЕБРР өкілдігі, Евразия Қоры, АҚШ эксперттерінің Халықаралық Корпусы, Орталық Азиядағы кәсіпкерлікті қолдаудың Американдық қоры, Қазақстанда Қайрымдылықтың Халықаралық корпусы, Халықаралық еңбек ұйымы, ПРООН Ресурстық орталығы, ЮНИДО, WINROCK INTERNATIONAL.

  1. Қазіргі жағдайда шағын кәсіпкерлікті қолдау және

дамыту жолдарын жетілдіру
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, кәсіпкерлік жүйесіндегі шағын бизнес қазіргі заманғы нарық экономикасын құрудың, оның икемділігі мен бейімділігін анықтайтын серпінді элементі болып табылады.
Экономикалық жүйені қолданудың тиімділігі де, экономикалық өсу, ЖІӨ құрылымы мен сапалы болуы да шағын, орта және ірі бизнестің өзара бәсекелестігіне байланысты.
Еліміздің экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі ҚР Мемлекеттік комиссиясының шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін (одан әрі – ШОКС) қаржыландыру туралы (10.02.2009ж) шешімін іске асыру мақсатында және ҚР Үкіметінің (13.02.2009ж) қаулысына сәйкес 2009 жылдың 16 ақпанда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (одан әрі – Қор) 3 млрд теңге мөлшерінде қаражат бөлді.
Бағдарлама шарттарын республикалық және аймақтық БАҚ-та және Қор сайтында жариялау нәтижесінде, сонымен қатар аймақтық мемлекеттік атқару органдарымен, қоғамдық ұйымдармен (Қазақстан қаржыгерлер ассоциациясы, «Атамекен Одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасы, Тәуелсіз кәсіпкерлер ассоциациясы, Франчайзинг агенттігі) және екінші деңгейдегі банктермен (одан әрі – ЕДБ) өзара әрекеттесу нәтижесінде, өткен жылдың бірінші шілдесінен бастап 300-ге жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері (одан әрі – ШОКС) Қорға кеңес сұрап, өтініш білдіріпті. Мамандардың айтуынша, жалпы сомасы 40 млрд теңгеге дейінгі 143 жобаны қарастыруға өтініш келіп түскен.
Келіп түскен өтініштердің ішінен жалпы сомасы 22 464 млн теңгеге сәйкес келетін 37 жоба, оның ішінде Қордан бірлесіп қаржыландыру шартымен 12 836 млн теңге мақұлданған.
Өткен жылы «Даму-Қолдау» қоры 12 жоба бойынша жалпы сомасы 5 584 млн теңгеге Қарыз шарттарын/Кредит желілерін ұсыну туралы келісімдер жасасқан. Оның ішінде Қордан 3 254 612 мың теңге мөлшеріндегі қаржы бірлесіп игерілген.
Қолдағы мәліметтерге қарағанда, 5 жоба бойынша жалпы сомасы 1 853 470 мың теңгеге қарыз берілген. Қалған 1 401 142 мың теңге қаражат қарыз шарттарын Кредит желілерін ұсыну туралы келісімдерге сәйкес 2010 жылы белгіленген мерзім бойынша берілмекші.
Сондай-ақ, жалпы сомасы 16 880 млн теңгеге сәйкес 25 жобаны қаржыландыру, оның ішінде Қордан бірлесіп қаржыландыру шартымен 9 582 млн теңгені «Даму» Қоры» АҚ өз қаражаты есебінен қаржыландыруды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта Қордың ішкі регламентіне сәйкес осы жобаларға сараптама жүргізілуде екен, ал 5 жоба бойынша Банктерден алдын ала кепілді хат алынды.
Бұдан басқа ШОБ субъектілерін «Даму-Колдау» қоры арқылы тікелей кредиттеу бағдарламасын биыл әрі қарай іске асыру туралы кешенді хабардар ету жұмысы жүргізілуде.
ШОКС жобаларын іріктеу кезінде басты басымдық әлеуметтік маңызы бар жұмыс орындарын ашатын және аймақ пен қалаларды дамытуды қарастыратын жобаларға жасалады. (Кесте 11)

Кесте 11
ШОКС жобаларының аймақтар бойынша құрылымы



Өңір

Жобалар саны

Жобалардың жалпы сомасы

Қор арқылы берілген займның жалпы сомасы







мың, тенге

%

мың, тенге

%

1.Алматы облысы



8

9 085 000

40,44%

4 178 730

32,55%

2.ОҚО

4

3 100 000

13,80%

1 900 000

14,80%

3.ШҚО

3

2 784 384

12,39%

1 573 984

12,26%

4.Алматы қ.

2

1 457 000

6,49%

1 150 000

8,96%

5.Қостанай облысы

4

1 228 987

5,47%

815 672

6,35%

6.Астана қ.

2

1 123 581

5,00%

895 480

6,98%

7.Жамбыл облысы

1

750 000

3,34%

750 000

5,84%

8.Қарағанды облысы

3

912 020

4,06%

385 800

3,01%

9.Атырау облысы

1

675 000

3,00%

329 000

2,56%

10.Қызылорда облысы

1

300 000

1,34%

280 000

2,18%

11.Маңғыстау облысы

1

150 000

0,67%

150 000

1,17%

12.СҚО

1

425 800

1,90%

150 000

1,17%

13.БҚО

1

161 325

0,72%

121 000

0,94%

14.Қызылорда облысы

2

211 143

0,94%

83 625

0,65%

15.Ақтөбе облысы

2

75 000

0,33%

48 940

0,38%

16.Ақмола облысы

1

25 000

0,11%

24 470

0,19%

Жиынтығы

37

22 464 240

100%

12 836 701

100%

Ескерту - http://kazgazeta.kz/

ҚР экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі Мемлекеттік Комиссия отырысының шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру жөніндегі №17-5/И-144 шешімін жүзеге асыру мақсатында және Қорға шағын және орта бизнесті тікелей қаржыландыру үшін кредит берілуін мақұлдау жөніндегі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ (одан әрі-Акционер) Директорлар кеңесі отырысының №9 шешіміне сәйкес «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-на шағын және орта бизнес субъектілеріне осы Бағдарлама негізінде 3 млрд. теңге мөлшерінде қаражат бөлген еді. Қор шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне және ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу, тамақ өнімдерін өндіру ұйымдарына 2009-2012 жылдары тікелей кредит беретін «Даму – Қолдау» Бағдарламасын дайындады. Екінші деңгейдегі банктер кәсіпкерлер қарызға алатын барлық сомаға және барлық мерзіміне сөзсіз және қайтарып алынбайтын кепілдік берулері керек. Қаржыландыру мерзімі: 2016 жылғы қаңтарға, 78 айға дейін инвестициялық мақсатқа және 36 айға дейін айналым капиталын толықтыруға беріледі. Бір қарыз алушыға берілетін лимит: 750 000 000 теңгеге дейін. Негізгі қарызды қайтару бойынша және есептелген сыйақыны кейінге қалдыру бойынша жеңілдік мерзімі: 12 ай. Қарыз алушы үшін сыйақы мөлшері 12,5%.


Шағын кәсіпкерліктің айрықша рөлі әлеуметтік «салмақты» төмендетуде, мемлекет есебінен дағдылы әлеуметтік кіріптарлықты еңсеруде анықталады. Ақыр аяғында шағын және орта бизнсеті дамыту орын алып отырған жағдайда анағұрлым өзекті, дағдарысты еңсерудің салмақты факторы саналады: өндірістің құлдырауы, жұмыссыздықтың өсуі, тұтынушылық сұраныстың төмендеуі, ғылыми-техникалық прогрестің баяулауы.
Осыған байланысты отандық және шетелдік қаржы институттары тарапынан экономиканы қаржыландыруды қысқарту жағдайында мемлекет Шағын кәсіпкерлікке нақты қолдау, қаржылық қолдау көрсетеді. Мемлекеттік нақты қолдау Шағын кәсіпкерліктің салалық және аймақтық ерекшеліктеріне қарамастан, барлық субъектілеріне көрсетіледі.
ШОБ дамытуға әлемдік қаржы дағдарысының ықпалын төмендету мақсатында ШОБ қаржылық қолдау көрсетуге арналған дағдарысқа қарсы бағдарламаны іске асырудың аясында 214,8 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлінді:

  • 126,8 млрд. теңге республикалық бюджеттің қаржысы;

  • 10 млрд. теңге «Даму» кәсіпкерлікті дамыту дамыту қоры» АҚ- ның жеке қаржысы (аталған бағдарламаны іске асыру ағымдағы жылы басталатын болады);

  • 50 млрд. теңге жергілікті атқарушы органдардың қаржысы.

ШОБ қаржылық қолдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) 48,8 млрд. теңге «Даму» кәсіпкерлікті дамыту дамыту қоры» - Еуразиялық даму Банкінің Шағын және орта бизнсе жобаларын қаржыландыруды тұрақтандыру бағдарламасының бірінші траншы. Аталған бағдарлма бойынша қаржылар толығымен игерілді және 2009 жылдың 20 наурызындағы жағдай бойынша ЕДБ игерілген қаржының тұтас көлемі, қайта бөлу мен шығаруды ескере отырып, 53,9 млрд. теңгені құрады. Аталған сома 2031 жоба қаржыландырылды, сонымен бірге несиенің орташа сомасы 26 млн. теңгені, орташа мөлшерлеме 17,7%, ал тиімді мөлшерлеме 20,2%-ды құрайды. 2,6 мың жұмыс орны құрылды және қолдау көрсетілді.
2) 50+50 млрд. теңге (100 млрд. теңге) «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры»
- Еуразиялық даму Банкінің Шағын және орта бизнсе жобаларын қаржыландыруды тұрақтандыру бағдарламасының екінші траншы. Аталған бағдарлама бойынша ШОБ субъектілері жобаларын қаржыландыруға 100 млрд. теңге бөлінді, оның 50 млрд. теңгесі «Самұрық-Қазына» қоры «Даму» қоры арқылы бөлінді және 50 млрд. теңгені екінші деңгейлі банктер бөлді. Соңғы қарыз алушылар үшін жылдық мөлшерлеме аталған бағдарлама бойынша қаржылар толық игерілді, жалпы 109,7 млрд. теңге сомаға 3 мыңға жуық жобаға несие берілді, 1,5 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.
3) 28+28 млрд. теңге (56 млрд. теңге) «Даму» қоры мен жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен аймақтардағы Шағын кәсіпкерлікті бірлесіп қаржыландыру бағдарламасы. Аталған бағдарлама «Даму» қоры мен жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен аймақтардағы шағын және орта бизнсеті жалпы 34,1 млрд. теңге сомаға бірлесіп қаржыландырады. Соңғы қарыз алушылар үшін аталған бағдарлама бойынша ынталандыру 14%-ды құрады.
2015 жылдың 20 наурызындағы аталған бағдарлама бойынша 779 жобаға 33,1 млрд. теңге несие берілді (оның ішінде 6,1 млрд. теңге әкімдіктердің қаржысы). 1829 жұмыс орны құрылды және қолдау көрсетілді.
Шағын кәсіпкерлікке қаржылық қолдау көрсету жөніндегі жұмыс экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру бойынша 2009-2010 жылдарға арналған біріккен іс-әрекеттер жобасының аясында іске асырылды.
Жоспармен шағын және орта кәсіпкерлікті несиелеуге бағытталған 240 млрд. теңге сомасында қаржы көлемі белгіленді, оның 70%-ға дейінгісі ағымдағы жобаларды қайта қаржыландыруға және 30% артық жаңа жобаларға бағытталды, тиімді пайыздық мөлшерлеме 12,5% деңгейінде бекітілді.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдаудың үшінші траншын іске асырудың негізгі шарттары анықталды:

  • қарыздар жаңа қаржыларды алуға және негізгі қаржыларды модернизациялауға, айналым қаржыларынтолықтыруға, сондай-ақ қолданыстағы қаржыларды қайта қаржыландыруға беріледі;

  • несиелеу мерзімі 84 айға дейін;

  • несиенің ең жоғары көлемі немесе қайта қаржыландыру 750 млн. теңге;

  • негізгі қарызды қайтару бойынша жеңілдікті кезең 12 айға дейін.

Аталған бағдарлама бойынша салалық шектеулер жоқ.
ШОБ қаржылық қолдаудың аталған шаралары әлемдік қаржы дағдарысының қазіргі жағдайында ШОБ субъектілерінің болашақта одан әрі өсуінің әлеуетін қолдауға және сақтауға мүмкінідік береді.
Бүгінгі таңда 3 транш бойынша ЕДБ аударылған 117 млрд. теңгеден 10,3 млрд. теңге игерілді және 623 жоба несиелендірілді.
Осылайша ШОБ-ты несиелендіруге бөлінген қомақты қаржы өзінің оң сипаттағы әлеуметтік тиімділігін беруі керек. Сонымен бірге қаржы ресурстарына қолжетімділік халықтың өз бизнесін ашып жүргізу мүмкіндіктеріне жол ашады, нарыққа байланысты ұсыныстардың өсуіне жағдай жасалады, нәтижесінде бағалардың түсуіне мүмкіндік туғызады.
Әкімшілік тосқауылдарды төмендету бойынша:
Шағын кәсіпкерлік үшін әкімшілік тосқауылдарды жою және бизнес климатын жақсарту жөніндегі комссия құрылды.
Комиссия жұмысының негізігі бағыттары рұқсат етілген жүйені, тексерістерді жүргізу тәртібін, жылжымайтын мүлік құқығын тіркеу жүйесін және тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді сертификаттау процедураларын жетілдіру (лицензиялауды қоса алғанда) болып табылады.
Комиссия құрамына «Атамекен» одағы ҰЭКК, Кәсіпкерлер форумы, Қызылорда облыс тық кәсіпкерлер ассоциациясы өкілдері енгізілген. Осылайша жан-жақты мүдделер көрсетілді.
Комиссия қызметінің басында 8 отырыс өткізілді, әкімшілік тосқауылдарды жоюға бағыталған бірқатар номативтік-құқықтық актілер қабылданды.
Комиссия отырысында ШОБ қызметіне қатысты мәселелер қаралды, соның ішінде:

  • әкімшілік тосқауылдарды жоюдың және Шағын кәсіпкерлікке

арналған бизнес климатын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралары туралы, оның ішінде рұқсат ету жүйесін жетілдіру мәселелері, тексерістерді ұйымдастыру мен жүргізудің бірыыңғай стандартын әзірлеу мақсаттылығы;

  • кедендік рәсімдерді жеңілдету туралы;

  • «Doing business» Халықаралық Банкі рейтингінің Қазақстан бойынша нәтижелері туралы және осы рейтинг жөнінде USAID жобасымен өзара іс-қимыл бойынша жауапты атқарушы анықталды.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің 2008 жылғы 1 қарашадағы өкімімен «Doing business» Халықаралық Банкі мен Халықаралық экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілігі рейтингіндегі Қазақстанның орнын көтеру бойынша ұсыныстарды әзірлеу жөнінде жұмыс тобы құрылды;

  • Қазақстан Республикасындағы Кәсіпкерлік субъектілерін тексеру

жүйесін реформалаудың тұжырымдамасының және 2009-2011 жылдарға арналған Рұқсат ету жүйесін жетілдіру тұжырымдамасының жобалары мақұлданды;

  • Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін жетілдіру

мақсатында қысқартуды пайдалану мүмкіндіктері туралы;

  • Шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру және дағдарыс кезінде

Шағын кәсіпкерлікті қаражатсыз қолдау шаралары туралы.
Барлық қабылданған шараларда республикадағы бизнес-климат оңды көрініс тапты, бұл «Doing business» Халықаралық Банкі рейтингінде Қазақстан орнының өзгергендігін айқындай түседі. Пайдаланған индикаторларды бизнес-ортаны жақсарту бойынша жүргізілген реформалардың жылдық бағасы ретінде қарау қажет.
Былтырғы жылы Қазақстан рейтингтер жүргізу әдістемесінің өзгеруіне байланысты 80 орынды иеленді.
Әкімшілік тосқауылдарды төмендету аясында кәсіпкерлік мүдделерді қорғау мақсатында бақылау және қадағалау саласындағы рәсімдерді біріздендіру мен оңтайландыруға, жеке кәсіпкерлік субъектісінің әдістерімен және бірыңғай түрін анықтауға, мемлекеттік органдардың өкілеттігін реттеу және шектеу, қайталауларды алып тастауға бағытталған «Қазақстан Республикасындағы бақылау және қадағалау қызметі туралы» Заң жобасын әзірлеу қарастырылған.
Бүгінде Шағын кәсіпкерлік нысандарына қаржылық қолдау ұсынуға қабілетті ұлттық институтқа, еліміздегі кәсіпкерлікті қолдау шараларының негізгі операторына айналған «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ отандық тауар өндірушілерге мақсатты түрде көмек көрсетуді жалғастырып келеді. Соңғы екі жылда «Даму» қоры Шағын кәсіпкерлік нысандарын несиелендіруге арнап қаражаттарды екінші деңгейлі банктерде негізделген түрде орналастыру жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асырды.
Өндіріс саласындағы кәсіпкерлік нысандарын қолдау мақсатында өткен жылы «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры» АҚ, «Стресстік активтер қоры» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және 5 екінші деңгейлі банктер арасында келісім жасалды. Осы келісім аясында шағын, орта және ірі кәсіпкерлердің банктегі қарызын қайта қаржыландыру үшін «Стресстік активтер қоры» АҚ «БТА банкке», «Казкоммерцбанкке», «Қазақстан халық банкіне», «Альянс банкке» және «Темірбанкке» 20 млрд. теңге көлеміндегі қаржыны депозитке орналастырды. «Даму-Өндіріс» бағдарламасы шеңберінде облыс бойынша 6 кәсіпкер екінші деңгейдегі банктердегі 16-20 пайызбен қаржыландырылған өндіріс саласындағы жобаларын қайта қаржыландыру арқылы сыйақы ставкасын 8 пайызға (жылдығына) төмендетіп, қаржыландыру мерзімін 7 жылға дейін ұзартты.
Қордың 2011-2016 жылдарға арналған жаңартылған даму стратегиясын енгізуіне байланысты алдағы уақытта Шағын кәсіпкерлікті дамыту саласында сапалы серпілістің, өнімділік пен бәсекеге қабілеттіліктің өсімі күтілуде. Осы стратегия шеңберінде қор қызметінің жаңа бағыттары әзірленді. Бүгінгі таңда ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру ұйымдарына тікелей несие беру жөніндегі «Даму - Қолдау» бағдарламасы жүзеге асуда. Шағын және орта кәсіпкерлік нысандары ЕДБ-дің кепілдігін ала отырып, инвестициялық мақсатқа 78 айға дейін, айналым капиталын толықтыруға жылына 12,5 пайызбен 36 айға дейін несие алу мүмкіндігі бар.
Кәсіпкерлердің кепіл мүлкінің жетіспеуі көп кезігетін проблема болғандықтан «Орта және шағын кәсіпкерліктің несиелерін кепілдендіру» бағдарламасы жасалды. «Даму» қоры кәсіпкерлік нысанның міндеттемесіне 50 пайызға дейін өз кепілдігін бере алады. Кепілдеме айналым қаражаты үшін 3 жылға дейін, негізгі құралдар алу үшін немесе инвестициялық мақсатта 7 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Кепілдеме бойынша сыйақы мөлшері 36 айға дейін жылына 2 пайыз, 37-ден 60 айға дейін 2,5%, 61-ден 84 айға дейін 3 пайыз болып бекітілген. Өндіріс саласындағы кәсіпкерлер лизинг бағдарламасы бойынша 8 пайыздық ставкамен лизингке техника, құрал-жабдық ала алады. Бұл бағдарлама бойынша серіктес-лизингтік компаниялар болып «БТА-ORІX», «Лизинг-групп», «Центр-лизинг», «Темір-лизинг» акционерлік қоғамдары бекітілді. «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заңның аясында Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тұрақты тапсырыспен қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар, мемлекеттік холдингтер және ұлттық компаниялар мемлекеттік тапсырыстарға қол жеткізе алатын болады.
Осыған орай, дағдарыс кезеңінде сұранымның, оның ішінде өндірістің құлдырауы байқалған уақытта отандық кәсіпорындарға өндірісті тоқтатпауға және келешекте өсуі үшін өз активтерін жаңғыртуға мүмкіндік беріледі. Бұл жағдайда мемлекет отандық өндіріс жұмысының экономикалық пайдасы жағынан ған емес, сонымен қатар әлеуметтік жағынан жалғасуына қызығушылық білдіріп отыр. Бүкіл әлемде Үкіметтер бар күшімен отандық өндірушілерді, оның ішінде олардың қызметкерлерін қолдауға тырысады.
Сонымен қатар Үкімет барлық компаниялар үшін бірыңғай талаптарды
қамтамасыз етуге және бәсекеге қабілетсіз кәсіпорындар мен өндірісорындарын дамытуға арналған ынталандыруларды алып тастау мақсатында мемлекеттік сатып алуды анағұрлым әділ өткізуді арттыруға бет бұратын болады [12, 74б].
Елімізде экономиканы дамытудың және оны әртараптандырудың ілкімді шаралары қолға алынуда. Солардың бірі – «Бизнестің жол картасы – 2020» жобасының жүзеге асырылуы. Бұл орайдағы жұмыстардың басталғанына екі жыл болды.
Республикада қолға алынған «Жол картасы» ауқымында жеке кәсіпкерліктің өрісін ұзартудың пәрменді шаралары жүргізілуде. Бұл орайда қол жеткізген қандай жетістіктеріміз бар және осы кәсіпкерлік саласында қандай өзгерістер болды? Алдымен Қазақстанның дағдарысқа қарсы бағдарламасын халықаралық қаржы институттары әлемдік қаржылық дағдарыс жағдайындағы табысты жүргізілген шаралардың бірі деп мойындап отырғанын атап өту қажет. Тұтастай алғанда, 2009-2010 жылдардағы дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру экономиканы тұрақтандырып, оның өсімін қамтамасыз етті, 10 мыңнан астам Шағын кәсіпкерлік субъектілері қаржыландырылып, кемінде 19 мың жаңа жұмыс орындары ашылды. «Жұмыспен қамту жол картасы» ауқымында 2011-2012 жылдары барлық бағыттарға 342,7 млрд. теңге бөлініп, 392 мың жұмыс орындары құрылды.
Кәсіпкерлікті қаржылай қолдау мақсатында үш мыңға тарта Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін төменгі мөлшерлемемен жалпы сомасы 184,5 млрд. теңге несиелер берілді және аталған несиелер қайта құрылымдалды. «Даму-Өндіріс» бағдарламасы ауқымында өңдеу өнеркәсібінде жалпы көлемі 34,7 млрд. теңге мөлшерінде 207 жобаны жүзеге асыруға несиелер ұсынылды.
Орталық деңгейде де, аймақтық дәрежеде де кәсіпкерлікті дамыту үшін әкімшілік кедергі-лерді төмендету бағытында үлкен жұмыс жүргізілді. 2010 жылы Бүкіләлемдік банктің Doing business» рейтингісі бойынша 2010 жылғы позициямыз 74-орыннан 59-орынға дейін көтеріліп, жақсара түсті. 2010 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында өнеркәсіптегі Шағын кәсіпкерлік субъектілері шығарған өнімдер үлесі 35 пайызды құрады, ол 2010 жылдың басында небәрі 14,7 пайызды құраған болатын. Келтірілген мәліметтер Қазақстан экономикасында әртараптандыру үдерістері өрістей түсіп, салалардың шикізаттық бағыттан бірте-бірте арылып келе жатқанын көрсетеді. Орталық деңгейде де, аймақтық дәрежеде де кәсіпкерлікті дамыту үшін әкімшілік кедергі-лерді төмендету бағытында үлкен жұмыс жүргізілді. 2010 жылы Бүкіләлемдік банктің Doing business» рейтингісі бойынша 2010 жылғы позициямыз 74-орыннан 59-орынға дейін көтеріліп, жақсара түсті. 2010 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында өнеркәсіптегі Шағын кәсіпкерлік субъектілері шығарған өнімдер үлесі 35 пайызды құрады, ол 2010 жылдың басында небәрі 14,7 пайызды құраған болатын.
Үкімет тарапынан бүгінгі таңда келесі нақты шаралар қолға алынып отыр. Бүгінде «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үш бағыт бойынша іске асырылуда.
Бірінші бағыт бойынша, мемлекеттік қолдау тек қана жаңа өндірістерді ұйымдастыру мен кеңейтуге және жаңартуға бағытталған жаңа жобаларға көрсетіледі. Оның ауқымында несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің бір бөлігін субсидиялау, ішінара кепілдендіру, сервистік қолдау және кадрларды даярлау жүзеге асырылады.
«Кәсіпкерлік секторды сауықтыру» деп аталатын екінші бағыт бойынша, несиелік қарыздары бар кәсіпкерлерге бұрын берілген заемдарының пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Субсидиялау борыштар кәсіпкерлердің бұрынғы бар несиелерін арзандатуға, сондай-ақ бюджетке салықтарын төлеу кейінге шегерілуге ұсынылды.
Үшінші бағыт өз өнімдерінің кемінде 10%-ын экспортқа шығаратын кәсіпорындарды қолдауды көздейді. Олар үшін мемлекет сондай-ақ несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауды қарас-тырады. Субсидия берілетін несие көлемі 3 млрд. теңгеден аспауы тиіс. Сонымен қатар бұл жағдайда өтінім беруші жоба құнының кемінде 15%-ын өз қаражатынан қаржыландыруы тиіс.
Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудың өткен жылғы тәжірибесі Шағын кәсіпкерлікті қолдауға кешенді тұрғыдан келу қажеттігін көрсетті, бұл ретте тек қаржылық шаралар ғана емес, жұмыс істеп тұрған және қызметін жаңадан бастаған кәсіпорындарды қолдаудың басқа да шаралары ойластырылуы тиіс.
Сондықтан да Қазақстан Үкіметі «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасына жаңа төртінші бағытты – «Кәсіпкерліктің әлеуетін күшейту» деген тармақты қосты. Онда жұмысын жаңадан бастаған кәсіпкерлерді қолдау, жұмыс істеп тұрған бизнесті жүргізуді сервистік қолдау, Шағын кәсіпкерлік топ-менеджерлерін оқыту, «Іскерлік байланыстар» жобасы, техникалық және қызмет көрсету кадрларын даярлау шаралары көзделген.
Қазақстан Республикасында сауданы дамытудың 2010-2016 жылдарға арнаған бағдарламасын қабылдады, ол 2010 жылғы 30 қазанда Үкімет қаулысымен бекітілді. Бұл бағдарламаның негізгі міндеттері – ішкі сауданы мемлекеттік қолдау жүйесін қалыптастыру, қазақстандық өнімдерді сыртқы нарықтарға шығаруға қолайлы жағдайлар туғызу болмақ. Бұдан басқа, Үкімет әлеуметтік маңызды тауарларға баға мониторингісін жүргізумен қатар, бұл тауарларға бағаны реттеп отыру шараларын да жүзеге асыруда.
Кеден одағы, одан әрі – Бірыңғай экономикалық кеңістік және Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жағдайында, әсіресе, өнеркәсіптің өңдеу салаларындағы қазақстандық бизнес бәсекеге қабілетсіз болып қалуы ықтимал. Басты себеп – кәсіпкерлердің тасымал шығындарының жоғары болуы. Сондай-ақ электр энергиясымен, сумен, жылумен, газбен, байланыспен және т.б. қамтамасыз ету бойынша қызметтер ұсынатын алпауыттардың тарифтері жоғары екендігін атап өту қажет. Сондықтан да Шағын кәсіпкерлік үшін тарифтерді төмендету, инфрақұрылымды, бизнеске қызмет көрсететін сервистік салаларды дамыту қажет. Сонда ғана Шағын кәсіпкерліктің тынысы ашылады. Өйткені, бұл сала – экономикамыздың өзегі болуы тиіс.
Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі қабылдаған стратегиялық бағыты шеңберінде елдің ұзақ мерзімді дамуын жоспарлауды жалғастыру мақсатында, оны іске асырудың бірінші кезеңінің аяқталуына байланысты 2010 жылғы 1 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейігі стратегиялық даму жоспары бекітілді, ол елдің он жылдық кезеңге арналған негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайды.
2020 Стратегиялық жоспары 2010 жылдан 2019 жылға дейінгі кезеңді қамтиды, жалпы ұлттық стратегиялық бағыттар және өлшемді индикаторлармен бірге Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары мен даму мақсаттарын, экономиканың стратегиялық маңызды салалары мен мемлекеттік басқару салалары дамуының түпкілікті нәтижелерін белгілейді, сол арқылы елдің 2020 жылға дейінгі одан әрі даму шектері қалыптасатын болады.
Мемлекеттің күш-жігері бес негізгі бағытқа шоғырланатын болады:
1) дағдарыстан кейінгі дамуға дайындық;
2) экономиканы жедел әртараптандыру;
3) болашаққа салынған инвестициялар;
4) азаматтарға қызмет көрсету;
5) ұлтаралық келісімді, қауіпсіздікті, халықаралық қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Осылайша, 2020 Стратегиялық жоспарында ел дамуының мынадай түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу көзделген: (1) Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 2020 жылға қарай нақты мәнде алғанда 2009 жылғы деңгеймен салыстырғанда кем дегенде үштен біріне ұлғаяды, (2) алтын-валюта резервтерінің деңгейі (Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін қоспағанда) үш айлық импорттан немесе (қандай көрсеткіштің жоғары болатынына қарай) елдің мемлекеттік жјне корпоративтік секторларының қысқа мерзімді (1 жылға дейін) сыртқы борышынан темен болмайды, (3) Ұлттық қордың активтері ЖIӨ-нің кемінде 30 %-ға ұлғаяды (90 млрд. АҚШ доллары); (4) осы кезеңде инфляция орташа алғанда жылына 5-8 % деңгейінде ұсталып тұрады; (5) экономиканың шикізат емес секторларына салынатын отандық жјне шетелдік инвестициялар (өнеркјсіп, ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, қызметтер) кемінде 30 %-ке ұлғаяды; (6) ЖІӨ-дегі Шағын кәсіпкерліктің (ШОБ) үлесі 7-10 %-ке ұлғаяды; (7) ЖІӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 2016 жылға қарай кемінде 12,5 %-ті, 2020 жылға қарай кемінде 13%-ға ұлғаяды; (8) жалпы экспорт көлеміндегі шикізаттық емес экспорттың үлесі кемінде 2016 жылға қарай 10%-дан 40 %-ға дейін және 2020 жылға қарай 45%-ға дейін ұлғаяды; (9) өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 2016 жылға қарай 1,5 есеге, 2020 жылға қарай 2 есе ұлғаяды; (10) ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 2016 жылға қарай 2 есеге және 2020 жылға қарай 4 есеге ұлғаяды; (11) ЖІӨ энергия сыйымдылығы 2016 жылға қарай кемінде 10 %-ке және 2020 жылға қарай кемінде 25%-ға азаяды.
Бизнес ортаны жақсарту
Стратегиялық жоспар-2020-ны іске асырудың алғашқы жылдары мемлекет отандық кәсіпкерлер үшін де және халықаралық инвесторлар үшін де бизнес жүргізудің құнын азайтуға бағытталған белсенді шараларға бастама жасайды. Әкімшілік рәсімдердің шеңберін белгілей және оларды жүзеге асырудың ашықтығын арттыра отырып, мемлекет төрешілдік пен сыбайлас жемқорлықтың Қазақстандағы іскерлік ахуалдың маңызды аспектілеріне ықпал етуін төмендетуге ұмтылатын болады.
Бизнес ахуалды жақсарту жөніндегі стратегиялық мақсаттар 2020 экономиканың шикізат емес секторларына салынатын отандық және шетелдік инвестициялар қарай (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, қызметтер) кемінде 30 %-ға ұлғаяды.
ІЖӨ-ге тікелей шетел инвестицияларының (ТШИ) үлесі он пайыздық деңгейге ұлғаяды.
ІЖӨ-дегі Шағын кәсіпкерліктің (ШОБ) үлесі 7-10%-ға ұлғаяды инвестиция көздері әртараптандырылады (әрбірінің үлесі 5% және одан көп болатын негізгі 10 инвестор ел)
Қазақстан Дүниежүзілік Банктің “Бизнес жүргізудегі жеңілдік” (“Doіng Busіness”) рейтингі бойынша көрсеткіштері ең жақсы 50 елдің қатарына енеді.
2016 Қазақстанның Дүниежүзілік Банктің “Бизнес жүргізудегі жеңілдік” (“Doіng Busіness”) рейтингі қарай бойынша көрсеткіштері 2011 жылмен салыстырғанда жеті позицияға жақсарады уақыт пен шығындарды қоса алғанда, бизнесті тіркеуге және жүргізуге байланысты операциялық шығындар (рұқсат алу, лицензия алу, сертификат алу, аккредитация, консультация алу) 2011 жылмен салыстырғанда 30%-ға төмендейді 2011 жаңа нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен жылға қабылдау үшін реттеушілік әсер етуді қарай талдау әдістемесі (РӘТ) әзірленетін болады. Қазақстанның Дүниежүзілік Банктің “Бизнес жүргізудегі жеңілдік” (“Doіng Busіness”) рейтингі бойынша көрсеткіштері 2008 жылмен салыстырғанда жеті позицияға жақсарды. Еуропа қайта құру және даму банкі мен Дүниежүзілік Банктің Іскерлік ахуалға және кәсіпорындар жұмысының тиімділігіне шолудағы (BEEPS) бизнес ортаның даму көрсеткіштері жақсарады уақыт пен шығындарды қоса алғанда, бизнесті тіркеуге және жүргізуге байланысты операциялық шығындар (рұқсат алу, лицензия алу, сертификат алу, аккредитация, консультация алу) 30%-ға төмендейтін болады.
Қорытынды
Кәсіпкерлік – бұл меншік формасына тәуелсіз жеке және заңды тұлға меншікке (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік кәсіпорынның шаруашылық жүргізу құқығына негізделген тауарға (жұмыс, қызмет) деген сұранысты қанағаттандыру жолымен алынатын жеке табыс немесе пайдаға бағытталған инициативті қызмет.
Шағын кәсіпкерлік - бұл мемлекеттік органдар және басқа да өкілетті ұйымдар көрсеткіштерімен, заңмен бекітілген анықтама негізінде нарықтық экономика субъектілерімен жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызмет. Әлемдік және отандық тәжірибе көрсеткендей әр түрлі ұйымдық–құқықтық нысандағы кәсіпорындарды (ұйымдар) шағын кәсіпкерліктің субъектісі ретінде анықтайтын негізгі критериларға бірінші кезекте, есепті кезеңде кәсіпорында (ұйымда) жұмыспен қамтылған жұмыскерлердің орташа саны жатады.
Қазақстан Республикасының «Шағын кәсіпорындарды қолдау туралы» заңға сәйкес шағын кәсіперлік субьектілері болып кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, орташа жылдық жұмыскерлердің саны 50 адамнан аспайтын және активтердің жалпы құны жылына алпысмын еселік айлық есептік көрсеткішті құрайтын кәсіпорындар саналады.
Кәсіпкерлік табиғи жолмен қалыптасқан дамыған елдермен салыстырғанда, Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізу барысында кәсіпкерліктің даму барысын жылдамдататын іс-әрекеттер жүзеге асырылды. Жаңа Конституция, шаруашылық қызметті реттейтін заңдар қабылданды, жекешелендіру жүргізілді, кәсіпкерлік субъектілері қалыптастырылды.
Шағын кәсіпкерліктің даму маңыздылығын оның келесі ерекшеліктерімен сипаттауға болады: шаруашылықтың жергілікті шарттарына тез қалыптасу; шағын кәсіпкерлік субъектілерінің іс-әрекетінің тәуелсіздігі; салыстырмалы жоғары емес шығындар, әсіресе басқару шығындары; өз идеяларын жүзеге асыруда жеке адамдар үшін үлкен мүмкіндіктер; капиталға деген төмен қажеттілік және жергілікті нарық талаптарына сәйкес өндіріс пен өнімді өзгертудегі.
Шағын кәсіпкерліктің елдегі дамуы жұмыс бастылық, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту сияқты бірқатар мәселелерді шешуге көмектесері сөзсіз.
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі принциптері:
- Қазақстан Республиаксында шағын кәсіпкерлікті дамытудың басымдығы;
- шағын кәсіпкерлікті мемлекетттік қолдаудың кешенділігі;
- шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрлымның және жүзеге асырылатын шаралардың шағын кәсіпкерліктің аралық субьектілері үшін қол жеткізерлік болуы;
- шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту саласындағы халқаралық ынтымастық болып табылады.
Атқарушы үкімет органдары мемлекетттік қолдау жүйесі арқылы шағын кәсіпкерлік субьектілерінің осы заманғы жабдықтар мен технологиялар алуына жәрдемдеседі, технопарк желілерін, лизингтік орталықтар, венчурлік фирмалар мен бухгалтерлік, аудиториалық, жарнамалық, маркетингтік қызмет көрсету және де басқа инфрақұрлым обьектілерін құру жөніндегі шараларды әзірлеп жүзеге асырады.
Дипломдық жұмыста аймақта шағын кәсіпкерліктің мәліметтеріне талдаулар жасалған. Әр жылда берілген мәліметтерге сүйенетін болсақ, шағын кәсіпкерлік саны да, онда қызмет жасайтын жұмысшылар мен қызметкерлер саны да, олардың еңбек ақысы да жоғарылаған. Сонымен қатар, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін арнайы салық режимінің ерекшелігі қарастырылған.
Арнайы салықтық режим корпоративті, жеке табыс (жалдамалы жұмыскерлердің еңбек ақысынан ұсталынатын табыс салығынан басқа), әлеуметік салық түрлері бойынша салықтық есепберуді жүргізу мен төлеудің жеңілдетілген есептеу жолын, сонымен қатар салықтық жүктемені азайтуға бағытталған жеңілдетілген ставка және басқада механизмдерді қарастыратын арнайы салықтық режим болып табылады.
Қазақстанды өнімнің бестен бір бөлігін өндіретін орта кәсіпорындар өте аз және ол ЖІӨ-нің 2% ғана құрайды; ҚР ШОБ өнімінің өнерксіптік үлесі 1% құрайды;
Салыстырмалы түрде Америка Құрама Штаттарын қарастырсақ: оларда жеке сектор жалпы экономиканың 55,3% алады, соның ішінде қызмет көрсету секторының өзі ЖІӨ 67,8% құрайды.
Жалпы Қазақстандағы бизнес жүргізу үшін жасалған ортаны қарастыратын болсақ. Бүкіләлемдік банктің жүргізген зерттеулерін жыл сайын шығатын «Бизнесті жүргізу» (Doing Business Report) басылымы жария ететін 2010 жылғы мәліметтер бойынша Қазақстан 181 елдің ішінде бизнес жүргізу үшін қолайлы ел тізімінде 59 орында, ал лицензиялау бойынша 2015 жылы 175 орынға ие болды.
Қазіргі кезде елімізде қолданылатын лицензиялау мен рұқсат беру жүйесі бұрыңғы одақ кезіндегі жүйенің жалғасы ретінде, бұл әр белгілі бір операция жүргізу үшін рұқсат құжаты талап етілетінінен көрінеді. Мемлекеттін нарықтық реформалар арқылы экономиканы ретке келтіру ұмтылысына қарамастан, лицензиялау жүйесі мемлкеттік экономика дамуының тежеушісі болып тұр.
Қазақстанды бизнес қауымдастықтың сұрауы бойынша мемлекеттік бағдарламаға «Кәсіпорындарды сауықтандыру» пункті қосылған. Бұл бағытта мемлекттік қолдау банктердің несие бойынша пайыздық қойылымдарын субсидиялау мен бюджетке салық төлеуді кешіктіруге рұқсат беру көзделуде. 20 млн АҚШ долларына дейінгі кредит субсидиялауға жатады. Несиені субсидиялау тек жылдық проценттік қойылымы 12% аспайтан болса ғана іске асады, оның ішінде 7% қарыз алушы, ал 5% мемлекет төлейді.
Сонымен бірге кәсіпкерлікті сауықтындыру үшін мамандандырылған қаржылық құралдарды дамыту арқылы жүргізуге болады. Қазақстанның болашағы кәсіпкерлікте деген тұжырымды дұрыс емес деуге болады.
Шағын кәсіпкерлікті дамытуда қолайлы инвестициялық климат жасау және несиелеу жүйесін жетілдіру басты мәселе болып саналады. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық көмекті арнайы құрылған «Қазақстанның Даму Банкі», «Даму» кәсіпкерлікті дамыту дамыту қоры», «Ұлттық Инновациалық Қор», «Кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың қоғамдық қоры» және екінші деңгейлі банктер, сонымен қатар микронесиелік ұйымдар мен несиелік серіктестіктер көрсетеді. Осы қызметтерге мысал болып «Кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың қоғамдық қоры», «Даму» кәсіпкерлікті дамыту дамыту қоры» табылады. Қорлардың сәтті қызметі аймақтағы шағын кәсіпкерліктің даму мен қолдау бағдарламасының белгіленген мақсаттарды тиімді орындауға және облыста кәсіпкерліктің әрі қарай дамуына мүмкіндік береді.
Қорытындылап айтқанда, облыста болып жатқан әлеуметтік экономикалық процесстер мен қоғамдық құбылыстарды кеңістік және уақыт бойынша зерттеуде нарықтық қатынастарды ұдайы өрістетерін экономикалық категория ретінде шағын кәсіпкерлік туралы мәліметтер осы жұмыста қарастырылды.
Сонымен аймақта шағын кәсіпкерліктің дамуы үшін арнайы құқықтық және экономикалық климат жасау керек. Өйткені бұл жұмыспен қамту проблемаларын шешуге, өнімділікті көбейтуге және ұзақ мерзімде ІЖӨ көбеюіне мүмкіндік береді.
Қазақстанның нарықтық қатынастарға өту мерзімінен бастап өкімет елдегі шағын кәсіпкерлік дамыту жөнінде көп күш салуда. Кәсіпкерлік саласында бір қатар мемлекеттік бағдарламалар қабылданған. Шағын кәсіпкерлікті қаржылық қамтамасыз ету саласындағы инфрақұрылым жетілдірілуде. Бірақ, өткізілген зерттеулер бүгінгі күнде қолданылатын несиелеу механизмі әрі қарай жетілдіруді талап ететіндігін көрсетті. Несиелік механизмнің әрекет етуін талдау Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тиімді қаржыландыру жөніндегі көптеген кемшіліктерді айқындауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, бастауыш бизнес, инновациялық технологияларды енгізетін кәсіпорындар, венчурлық бизнес сияқты шағын және жеткілікті дамыған механизмы жоқ. Сонымен бірге, жобалық қаржыландыру және лизинг сияқты шағын кәсіпкерлікті ұзақ мерзімді несиелеу формаларын зерттеу республикада несиелеудің бұл формалары кең тарамағандығын көрсетті. Қазіргі кезде дейін несиелік жүйенің үшінші деңгейі дамыған. Шағын кәсіпкерлікті несиелеудің бар әдістемелерінің келесі кемшіліктері бар:

  • несие алушының несиелік қабілетін бағалау кезінде қолданылатын коэффициенттер жүйесі толық емес, өйткені ол шағын кәсіпкерлік ерекшелігін көрсетпейді;

  • кәсіпорын ішіндегі маркетинг менеджмент, ақпараттық ағымдар ұйымдастырылуын бағалауға жеткілікті көңіл бөлінбейді;

  • шағын және орта кәсіпорындар персоналының дайындығының төмен деңгейін емкере отырып, банк эксперті бизнесті оның бәселелік қабілетінің тұрғысынан бағалауға ерекше көңіл бөлуі тиіс;

  • Шағын кәсіпкерліктің нақты кәсіпорны жұмыс істейтін сыртқы ортаны бағалау әдістемесі өңделмеген;

  • несие мониторингісінің нақты тәртіпке салынған және бірыңғай әдістемесі жоқ.

Сонымен қатар даму кезеңінде тұрған инвестициялық жобаларды, инновациялар мен бизнесті несиелеу қажет. Бұл отандық банктер көзқарасынан жоғары тәуекелді жобаларды несиелеуге қатысуды қаламауларына байланысты. Мұндай консервативтік көзқарас ел экономикасының дамуын тежейді және банктерге осы іс-әрекет саласынан табыс алуға мүмкіндік бермейді.
Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын мемлекеттік қолдаудың халықаралық тәжірибиесін талдау индустриалдық дамыған елдермен осы салада қолданылатын негізгі тетіктер болып төмендегілер табылатындығы жайлы қорытынды жасауға мүмкіндік берді:

  1. Тікелей қаржылық көмек.

  2. Жанама және несиелік жеңілдіктерді ұсыну.

  3. Кеңестік – ақпараттық көмек.

  4. Сәйкес инфрақұрылым құру.

  5. Шағын кәсіпкерлікке жәрдем берудің арнайы ұйымдарын құру: “технопарктар”, инновациялық қорлар, тәуекелді қаржыландыру фирмалары, бұл Шағын кәсіпкерлік кәсіпорындарын несиелеу кезіндегі банктердің тікелей тәуекелін төмендетуге мүмкіндік береді.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ





  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауы 2016 жылғы 11 қараша

  2. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты

  3. ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы

  4. Официальный сайт АО «Фонд развития предпринимательства «Даму», www.damu.kz

  5. 2010 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің №301 Қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы


  6. «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19-шы маусымдағы № 12 заңы.

  7. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі – Алматы: ЮРИСТ, 2001.- 309б.

  8. Қазақстан Республикасының “Шағын кәсіпкерлік туралы” 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 124 заңы.

  9. “Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы” заңы. 2003

  10. ҚР Заңы №220 – 1 22.04.1998ж. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы». (өзгерістерімен және толықтыруларымен 16.07.99ж., 21.05.02ж.,29.12.03ж., 18.03.04ж.)

  11. 19.06.1997ж. №135 «Жеке басты кәсіпкерлік туралы» ҚР заңы.

  12. Қазақстан Республикасының Салық кодексі. Алматы, - 2005, -300 б.

  13. Н.Назарбаев «ҚАЗАҚСТАН-2030»: Барлық қазақстандықтардың өркендеуі, қауіпсіздігі және игілігін көтеру: Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. – Алматы: Білім, 1997 .

  14. 2007 жылы тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» заңы

  15. 1268 ҚР Президенті мен ҚР Үкіметінің актілер жинағы. – 2009 жыл №45 – б. 95.

  16. Сборник законодательных актов о малом бизнесе в РК. Алматы, 2003 – 241 с.

  17. «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға». Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауы, Астана қ., 2009 жылғы 6 наурыз.

  18. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша әдістемелік құрал. Алматы, 2009

  19. Блинов А.О. Малое предпринимательство: Теория и практика. Учебник: М-Дашков и К, 2003. -355с.

  20. Кантарбаев А.К. Предпринимательство: институционально-эволюционный подход. – Алматы, Раритет, 2000.

  21. Мамыров Н.К. Смагулов Н.Т. Основы предпринимательства. Алматы, 2001

  22. Лапуста М.Г. Малое предпринимательство: Учебное пособие. - М: ИНФРА, 2002. - 277с.

  23. Малое предпринимательство: теория, мировой опыт и Казахстан. Под.ред. Е.Б Жатканбаева. -Алматы: Қазақ Университеті, 2001. - 188с.

  24. Сабден О.С. Управления малым предринимательством: вопросы теория и практики. АСТАНА: Ел орда 2001, - 307с.

  25. Кыдыралина Б.М. Организация малого предпринимательства в РК. Караганда 2000

  26. Коласс Б. Управление финансовой деятельностью предприятия. – М.: Финансы, Юнити, 1997.

  27. Банковское дело: Учебник для вузов / Под ред. О.И. Лаврушина.- М.: Финансы и статистика, 2003.

  28. Рыночная экономика Казахстана: проблема станавление и развития / под. ред. М.Б Кенжегузин-Алматы, МОН РК – 2002, - 386с.

  29. Статистический Ежегодник Казахстана: Агенство РК по Статистике 2010, 219-231с.

  30. Статистический пресс-бюллетень = Статисикалық пресс бюллетень/ под ред. Ю. Шокоманова- Алматы РК по Статистике-2007 №1 34-39 бет

  31. Қазақстандағы шағын кәсіпкерлік. Астана 2010.Статистикалық жинақ. ҚР Статистика Агенттігі.

  32. Қызылорда облысының әлеуметтік экономикалық дамуы: ҚР Статистика жөніндегі агенттігі. Қызылорда облысының статистика басқармасы 30-34 б. 2010ж. 12/2010

  33. 2010 жылдың 4 тоқсанына Қызылорда облысының шағын кәсіпорындардың қызметінің негізгі көрсеткіштері. Қызылорда облысының статистика басқармасы. Қызылорда 2010.

  34. Статистикалық жылнама: ҚР Статистика жөніндегі агенттігі. Қызылорда облысының статистика басқармасы. Қызылорда 2011, 70-72 б.

  35. Байнеитова И. Основные препятствия деятельности субъектов малого предпринимательства // Саясат 2004, №8, - с. 14-15.

  36. Лохман Б. актуальные вопросы развития малого и среднего предпринимательство. // Вестник КазНУ: Серия Экономическая, -2005, №2 (42), - с. 95-104.

  37. Назарбаев Н. А. Бизнес готов служить народу. //Казахстанская правда - 2005, -26 марта.

  38. Мейірбеков Б. Шағын кәсіпкерлікті жан жақты қолдау керек // Ізденіс = Пойск: серия Гуманитарная 2004 №1 34-39 б.

  39. Қошқаров Ж. Экономикалы дамыған елдердің шағын кәсіпкерлігі // Ізденіс-Поиск: серия Гуманитарная. 2003 №3. 65-68 б.

  40. Теңізбаева А. Несиелік қатынастарды құқықтық реттеу мәселелері // Заң 2003 № 9

  41. http://www.elgazeti.kz/?p=6152

  42. http://www.kaz.stat.kz/digital

  43. http://www.wikikaz.kz/




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет