жауапкершілік жүйесін енгізуді қарастыру.
Бүгінгі күннің міндеті - ұсақ кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлерді орта деңгейге көшіру үшін жағдай және алғышарттар қалыптастыру.
Облыстағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму ерекшеліктерін зерттей келе, жұмыстың жаңалығын анықтайтын келесі ғылыми әдістемелік және тәжрибелік нәтижелерін ұсынамын:
- Қызылорда облысында шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына кері әсерін тигізетін факторлар анықтау;
- облыстағы өндірістік кәсіпорындардың әлеуетіне сандық және сапалық денгейден экономикалық бағалар беріліп, өндірістік шағын және орта кәсіпорындарды дамытудағы іс-шаралар жүйесі ғылыми негіздеу;
- шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы мен қызметінің экономикалық тиімділігін болжау үлгілері жасау;
- аймақ деңгейінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың экономикалық тетіктері зерттеп, аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына ықпалын бағалауда әдістемелік нұсқаулар дайындау.
Кәсіпкерлік ерекше қызмет түрі. ол белгілі бір тарихи әлеуметтік ортада пайда болып, ұлттық құндылықтар мен дәстүрлер жүйесінде дамиды. сондықтан, шаруашылықтағы табыс ең жоғарғы әлеуметтік құндылық болғандықтан, қоғамдағы кәсіпкерлік қызметтің беделін қалыптастырмай т абысқа ж ет у қиын.
еліміз әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруге ұмтылып жатыр. елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның бәсекеге барынша қабілетті, әрі серпінді дамып келе жатқан әлем мемлекеттерінің қатарына қосылуы алдыңғы қатарлы қоғам құрудағы басымдықтардың бірі» [2] деп өз Жолдауында атап өткен болатын. Қазіргі таңда еліміздің барлық саясаты осы бағытта жұмыс істеп жатыр, ал экономиканың, халықтың әл-ауқатының бірден-бір қозғаушы күші – шағын және орта кәсіпкерлік болып келеді. сондықтан, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға және жан-жақты қолдауға қазіргі уақытта үлкен мән беріліп отыр. кәсіпкерлік қызметтің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолында кәсіпорынның басты қарастыратын жағдай - өндіріс ресурстарын тиімді пайдалану . Өндіріс ресурстарына кәсіпкерлік қабілет және менеджер икемділігі жатады. Қазіргі кездегі менеджментте өндіріс, ақша кірісіне қатысты ресурстар болып: жер, еңбек, капитал, іскерлік, ақпарат жатқызылады. Кәсіпк ердің дұрыс және тиімді шешім қабылдауы үшін ең бастысы сенімді ақпараттың болуы.
кәсіпкерлік қызметтік ұйымдастыруда маркетингтік зерттеу бегісіздік деңгейін төмендетеді және нарықты зерттеумен ғана шектелмейді, жаңа та уар идеясын іздеуден бастап, оның тұтынушыға жетуге дейінгі аралығын қамтиды. Мемлекеттің эк ономикада жүргізіп отырған саясатының арқасында соңғы жылдары Қазақстан республикасы бірқатар әлеуметтік-экономикалық табыстарға
қол жеткізді. минералды-шикізаттық ресурстар экспорты ұлттық экономика үшін болып жатқан дағдарыстарға төтеп беруге және эк ономикалық өсу дің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Бүгінгі таңда ірі мемлекеттік бағдарламалардың ойдағыдай жүзеге асырылуында
аймақтардың рөлі артқанын байқаймыз. сол себепті Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы, келешек өрлеуі көбінесе оның аймақтарының, облыстарының дамуын басқарумен сипатталады. Бәсекелестік күресте аяғынан
тік тұра алатын, кәзіргі заманға сай кәсіпкерлікті құру Қызылорда облысының
экономикасын тұрақты дамуына алып келетін қоғамның негізгі күштерінің бірі болуы қажет.
Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы жетік дамыған аймақтың бірі болуы қажет. Егіншілік саласында шағын кәсіпорындар күріш өсіруге, көкөніс, бақша өнімдерін өсіруге, картоп өсіруге дағдыланған. Ал мал шаруашылығына келер болсақ, шағын кәсіпорындар негізінен жылқы өсірумен, түйе өсірумен, қой бағумен және қаракөл шаруашылығымен айналысуда.
соңғы жылдары Қызылорада облысында шағын бизнестің дамуы сандық жағынан артып келеді. Кәсіпкерлік субъектілерінің санының өсуі, бәрінен бұрын, шағын кәсіпкерлік сәтті дамуына кәзіргі заман талаптарына сай, қолайлы алғышарттардың бар екенін көрсетеді.
Біріншіден, облыста тұрақты әлеуметтік экономикалық дамудың тенденциясы құрылуда. екіншіден, толық аяғына дейін бітпегенімен, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға жеткілікті
дайындалған нормативті заң актілері жасалып, жұмыс жасауда. Үшіншіден, кәсіпкерлердің қоғамдық құрылысын дамытуға ұйымдық-құқықтық
жағдайлар жасалған, және олардың қатысуы шағын бизнесті қолдау саясатын жасап, іске асыруда.
Қызылорда облысы экономикасының қозғаушы күштерінің бірі кәсіпкерлік болып табылады. Өңірде шағын және орта бизнеспен айналысатындардың саны күн санап өсіп келеді, сондай-ақ тауарлар мен қызметтердің өндіріс көлемі де ұлғаюда.
Облысымызда шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған үш бірдей құрылым жұмыс жасайды.
Олар:
«кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың қоры»
лизинг компаниясы
бизнес инкубатор.
Қордың негізгі міндеттері:
- кәсіпкерлікті одан әрі дамыту;
- жаңа өндіріс ашу және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейту;
- жаңа жұмыс орындарын ашу;
- аймақ экономикасына инвестициялар тарту;
- әлеуметтік саланы қолдау мен дамыту;
- әлеуметтік бағдарламаларды жасап, іске асыру.
Қор кәсіпкерлер субъектілеріне қаржылай көмек беруді үш бағытта:
- несие беру;
- қаржылай лизинг;
- бірлескен кәсіпорын құру іске асырады.
Енді бұл бағыттарды толық қарастырайық.
Несие беру - қысқа мерзімді, қайтарымды, төлемді және жаңа жұмыс орындарын ашу, уақытында салық төлемдерін өтеу жағдайында жүзеге асырылады. Несие алу кезінде жарамды кепілдік мүліктің болуы міндетті. Несенің жоғарғы шегі бір жобаға 1,5 млн тенге мөлшерінде белгіленген.
Қор қосымша қаржы тартуға түрлі тәсілдерді пайдаланады. Соның ішінде екінші деңгейдегі банктермен бизнес жоспарларды бірлесе қаржыландыруды іске асырады. (Сурет 9).
Ақшалай несие
-
Банктермен бірлесе қаржыландыру
|
Өз қаражаттары арқылы қаржыландыру
|
Несиелер
|
|
15000000дейін 4 % 18 айға дейін
|
15000000 дейін 4 % 18 айға дейін
|
Сурет 9. Кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың қоғамдық қорының
несие саясаты
Қор өзі құрылған үш жылдың ішінде 98 млн тг астам банк қаржысын тартқан, бұл жалпы қаржыландырудың 31,6%. Несие беру «Халық Банкінің», Тұрғын үй құрылыс банкінің Қызылорда филиалы арқылы жүргізіледі. Алғашқы кезде банктің несиесі жылына 20% ставкамен берілсе одан кейін ол 14,5% -ке, кейіннен 12,5%-ке төмендетілді.
Қор жұмыс істеген үш жылдан астам уақытта оған қаржылай көмек сұрап шағын кәсіпкерліктің 372 субъектісі келген. Солардың 225-не 311129,6 мың теңге несие берілген. Соның нәтижесінде 1950 жаңа жұмыс орны ашылған. Қордың қаржысын облыстың 3 қаласы мен 9 ауданы алған. (Кесте 9), (6 сурет).
Қордың несиесі мынадай өндіріс кәсіпорындары үшін бөлінген:
Алдымен өндіріс - импорт айырбастау қондырғыларымен материалдарын өндіруге, халық тұтынатын тауарлар шығаруға, азық-түлік өндіруге 40126,2 (12,9%) жұмсалған.
Екіншіден ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және өңдеуге 140877 мың теңге (45,3 %).
Үшіншіден саудаға 11945 мың тенге (3,8%).
Кесте 9
Несие портфелінің аймақтық құрылымы
|
Бастапқы қызметте тіркелген бизнес-жобалар (жаңа жұмыс орындар)
|
Бастапқы қызметте
|
Несие алған ШКС саны
|
Берілген несиелердің жалпы сомасы, мың. теңге
|
Несие алған ШКС бойынша жаңа жұмыс орындардың құрылу
|
Барлығы
|
372 (2872)
|
225
|
311129,6
|
1950
|
Қазақстан Республикасы
|
130
112
18
|
61
51
10
|
156876,6
146841,4
10035
|
407
3454
62
|
Қызылорда облысы
|
11
|
5
|
6395
|
43
|
Қызылорда қ.
|
3
|
1
|
1000
|
2
|
Арал қ.
|
11
|
7
|
7300
|
90
|
Жалағаш қ.
|
4
|
1
|
1500
|
15
|
Жаңақорған ауданы
|
13
|
8
|
9950
|
145
|
Қазалы ауданы
|
9
|
4
|
4500
|
45
|
Қармақшы ауданы
|
26
|
18
|
8671,2
|
81
|
Сырдария ауданы
|
21
|
13
|
15410
|
72
|
Шиелі ауданы
|
12
|
8
|
21250
|
43
|
Май ауданы
|
17
|
18
|
25970
|
256
|
Е с к е р т у – Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы. Қызылорда облысының Статистика департаменті, 2016ж.
|
Төртіншіден қызмет көрсетуге - тұрмыстық қызмет, қоғамдық тамақтандыру, көлік, медицина қызметіне 118181,4 мың тенге (38%) бөлінген. (Кесте 10), (Сурет 10).
Сурет 10. Жобаларды қызмет түрлері бойынша қаржыландыру
Осы сандардан қордың негізінен өндіріспен айналысатынын байқауға болады. Қор өз қызметінде қалыптасқан кәсіпкерлерге ғана емес, жаңа іс бастаған кәсіпкерлерге де көмектеседі. Осы мерзім ішінде аталмыш қор 70 жаңа субъектіге 39135,2 мың теңге беріп, соның арқасында 541 жаңа жұмыс орны ашылған.
Қордың банктен тағы бір ерекшелігі - несиені уақытында төлемегендерге айып пұл салмайды. Тағы да бір айта кетер жаңалық – қор былтырдан «инновациялық қор» орталық несие серіктестігін құрып, ол Ұлттық банктің лицензиясын алып, банк-операторсыз біздің аймақта қажетті жобаларды қаржыландыра алады. Бұл несие процентін төмендетіп, кәсіпкердің кепілдігі жоқ болса да қарыз алуға жол ашады. Егер де қор тағы да алдағы уақытта шағын несие беретін ұйым ашса шағын кәсіпкерлер үшін көп көмек болар еді.
Кесте 10
Несие портфелінің салалық құрылымы
Қызмет түрлері
|
Қаржыландыру сомасы мың теңге
|
Барлығы
|
2008
|
2009
|
2010
|
2011
|
Өндіріс
|
7000
|
22091,2
|
7750
|
3285
|
40126,2
|
Қызметтер
|
8892
|
13258
|
88366,4
|
19610
|
130126,4
|
Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және өңдеу
|
3300
|
41927
|
20920
|
74730
|
140877
|
Барлығы
|
19192
|
77276,2
|
117036,4
|
97625
|
311129,6
|
Е с к е р т у – Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы. Қызылорда облысының Статистика департаменті, 2016ж.
|
Себебі көптеген кәсіпкерлердің кепілдікке қоятын заттары, әсіресе ауыл адамдарында жоқ немесе ескірген. Ал шағын несие беру осы мәселелерді ашуға көмектесер еді.
- Лизинг компаниясы
Қазіргі қаржылық және өндірістік саланың тез дамуы, әсіресе өндіріс циклы тоқтамайтын кәсіпорындарға несие алу ұтымды емес. Әдеттегі несие беру шарттары кәсіпорындағы орындарды қанағаттандыра алмайды. Мысалы технологиялық процесстерді қолданатын кәсіпорындарға жарты жылдан соң моральдық жағынан ескіріп қалатын жабдықтарды банкіге кепілдікке қойып алу қолайлы емес. Немесе өз ісін жаңа ашып жатқан кәсіпкерге де банктен несие алу тиімді емес.
Шағын бизнес кәсіпорындары облыстың барлық аймағында құрылып, жұмыс істеуде. Шағын бизнес кәсіпорындарының көп бөлігі Қызылорда қаласында (743,3 пайыз). Арал қаласында (16,9 пайыз), Жалағаш қаласы мен Қармақшы ауданында (1,4 пайыздан) шоғырланған.
Бизнес инкубатордың негізгі міндеті – шағын бизнес субъектілерінің қалыптасып, аяғынан тік тұрып кетуіне ресурстар мен қызметті ұсына отырып, жағдай жасау. Ол үшін арнайы жұмыс схемасы жасалған. Мысалы бизнес -инкубаторға келген кәсіпкер осы жерден қоғамдық қордан несие алуына болады. Бұнда оқыту орталығы және заң кеңесін беретін заң орталығы орналасқан. Мұнда сауда беретін несие серіктестігі мен лизинг компаниясы кәсіби есепшілер даярлайтын курс жұмыс жасайды.
Осы уақытта облыстық бюджеттен қаржыландырылған шағын кәсіпкерлік субъектілерінің 146 бизнес жоспарына сараптау жасалған. Оларға бизнес жоспар, маркетинг зерттеуге көмек беріліп, 220 жаңа іс бастаушы кәсіпкерге несие алу үшін бизнес жоспар жасауға жәрдемдескен. Қоғамдық қор мен бірлесе отырып 74 жаңа кәсіпкерге шағын несие алуға кеңес беріліп, соның нәтижесінде 42 кәсіпкер 5890 мың теңге шағын несиесін алған.
Облыстың түкпір түкпірінен келген 437 кәсіпкер оқытылып, өздерінің кәсіби деңгейін көтерген. «Бизнес–инкубатор» қазынашылық кәсіпорнының өз ісін бастағысы келеген кәсіпкерлерге көмек берудің арқасында қаншама шағын кәсіпкерлер, жұмыс орындары ашылып, жұмыссыз жүрген мыңдаған адамдар жұмысқа тартылған. Егер алдағы уақытта «Бизнес–инкубатор» осылай жұмыс істесе ол еліміздің экономикасын көтеруге біршама өз үлесін қосар еді.
2016 жылы Қызылорда облысында "Жұмыспен қамту - 2020 Жол картасы" бағдарламасы бойынша ауылдық кәсіпкерлікті қолдауға 712, 804 млн. теңге бөлінді. Аумақтық уәкілетті ұйым - "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Қызылорда облысындағы филиалы бұл соманы толық игерді.
Бағдарлама бойынша 306 шағын несие берілді. Оныңы ішінде 339 млн. теңгеге 161 қарыз өз бизнесін ашуға, 373,804 млн. теңгеге 145 қарыз бизнесті дамытуға бағытталды.
2016 жылы бұл бағдарлама бойынша шағын несиелеу мақсатында Жалағаш қаласына 65,296 млн. теңге, Арал қаласына - 100 млн. теңге бөлінді. Қазір филиалға 22 млн. теңгеге 9 өтініш түсіп, 21 млн. теңгеге 8 өтініш мақұлданды.
Қызылорда облысы республикада «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру бойынша көш бастап келеді. Бүгінгі күні үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламаларын іске асыру бойынша үйлестіру кеңесімен несиелік 34 млрд.-тан астам теңгеге 174 жоба мақұлданды. Бұл 24 мың жұмыс орнын сақтап қалуға және шамамен 4000 жаңа орын құруға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар қаржы емес құралдардың есебінен 2279 кәсіпкер қолдауға ие болды, оның ішінде 1336 адам кәсіпкерліктің негіздері бойынша білім алды. 658 түлек облыстың кәсіпорындарында жастар тәжірибесінен өтті. Өңірдің 285 кәсіпкеріне бизнесті алып жүру бойынша сервистік қолдау көрсетілді.
Алдын ала болжам бойынша 2016 жылдың 5 айында шағын және орта бизнес субьектілерімен өндірілген өндірістің көлемін арттыру жоспарлануда.
Облыста шағын және орта бизнеспен айналыстан кәсіпкерлердің белсенді субьектілері 55 мың адамнан асып жығылады. 200 мыңнан астам адам немесе облыс халқының экономикалық белсенді бөлігінің 28 пайызы осы саламен айналысуда.
2016 жылдың 1 тоқсанында облыста шағын және орта бизнес субьектілерінен келген салық түсімдері 15 млрд. теңгені, яғни жалпы көлемнің үштен бірін құрады.
Қызылорда облысы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша қабылданған жобалар санынан республикада алдыңғы қатарда тұр деп мәлімдеді облыстық кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы А. Бабанко өңір әкімі Қ. Көшербаевтың төрағалығымен өткен кеңейтілген кеңесте, деп хабарлайды BusinessNews.kz
Достарыңызбен бөлісу: |