«Энергетика» кафедрасы отырысында бекітілген
2019 ж. 28-қазан № 5хаттама
Пән ERG1041» - «Мамандыққа кіріспе»
Код және аты
Семестр күз, оқу жылы 2019-2020 № 0 емтихан билеті
1. Максимум балл - 24, жұмыс уақыты – 50 мин Суретте T, S координатасындағы су мен су буының фазалық диаграммасы келтірілген.
а) Су мен буға сәйкес аймақтардың атын және сипаттамаларын анықтаңыз.
б) К нүктесі қандай нүкте және ол қалай аталады?
Жауап: I аймақ-газ секілді күй (реал газдың қасиеттері бар аса көп ысытылған бу)
II-қаныққан су буының (екі фазалы күй) және судың тепе-теңдік күйі, бұл екі фазалы аймақты бу түзілетін аймақ деп атайды.
III-аймақ, ЕК изотермасымен шектелген-судың сұйық күйі.
III, II, I аймақтар бір-бірінен сол жақтағы АК және оң жақтағы КД шекаралық сызықтармен бөлінген.
Оң және сол жақтағы сызықтарға ортақ К нүктесі ерекше сипатталады да критикалық нүкте деп аталады. Бұл нүктеде қайнаған су, екіфазалық аймақты айналып өтіп аса ысған буға айналады және ол нүктеге Pкp, Vкр, Ткр параметрлері сәйкес келеді. Яғни Ткр температурасынан жоғары температурада су сұйық күйінде қала алмайды да буға айналып кетеді. Ал Pкp қысымынан жоғары қысымда және Ткр температурасына дейін суытқанда, бу ылғалды бу аймағын айналып өтіп, қайнаған суға айналады. Бүгінгі күнгі үлкен жылу электрстанцияларындағы негізгі қозғалтқыш-бу турбинасы, онда бу қазандығында алынатын су буы жұмыстық күш ретәнде пайдаланылады. Қазандықтағы процесстер әрдайым p=const, яғни тұрақты қысым кезінде өтеді.
2. Максимум балл - 10, жұмыс уақыты - 40 мин Плотиналы электр станциясының жұмысын түсіндіріңіз.
Рис. 1.,, Плотиналы су электр станциясының қимасы:
1 — судың жоғары деңгейі: 2 — судың төменгі деңгейі; 3 — плотина; 4 — қысым құбыры: 5 — жөндеу жапқышы; 6 — жапқыш; 7 — кран; 8 — спирал камера; 9 — гидротурбина; 10 — сору құбыры; 11 — гидрогенератор; 12 —станция ғимараты; 13 — кран: 14 — тарату құрылғысы; 15 — көтеру трансформаторы; 16 — әуе ЭБЖ; 17 — найзағай қорғанысы
Жауап: Су жоғары 3 плотинаның 1 деңгейінен 4трубопровод арқылы 9 гидротурбина орналасқан, 8 спиральды камераға ағып келеді.Ол камерадағы су қалақшаларды айналдырады да 10 трубопровод арқылы плотинаның 2 төменгі деңгейіне ағып келіп жиналады.
Турбинаның тік білігі 11 су генераторының білігімен жағанған. Генератордан алынған ток 14 таратқыш құрылғыға беріледі. Ол 15 жоғарылатқыш трансформатор арқылы 16 әуе желілері арқылы жоғары кернеу таратқышына беріледі де, ары таратылады. 17 трос найзағайдан қорғайды.
Судың 4 қысым құбырында ағуын бөгеу үшін 6 жапқыш пайдаланады. Жөндеу кезінде 5 жөндеу жапқышын қолданады. Жапқышты көтеру үшін 7 кран қолданылады. Машина залы 13 көпір кранымен жабдықталған. Ол агрегат жөндегенде пайдаланылады.
СЭС тегі технологиялық процесс ЖЭС қарағанда жеңіл, сондықтан мұндағы электр қондырғыларын жөндеу де қиындыққа соқпайды.
3. Максимум балл - 6, жұмыс уақыты - 30 мин Электр тізбегінде А түйініне I1=2 A, I2=1 A, I3=4 A келеді және I4=5 A мен I5 токтары кетеді. I5 тогын анықтаңыз.
Жауап: Есептеу үшін Кирхгоф заңын пайдаланамыз: түйінге келеген ток қосындысы одан кеткен токтар қосындысына тең.
Заңға сәйкес:
I1+ I2+ I3= I4+ I5 2+1+4=5+ I5 I5=7-5=2 А.