Құл-Мұхаммед М., төраға


«Батыр  Жәнібектің  өлеңі»



Pdf көрінісі
бет14/15
Дата22.12.2016
өлшемі1,95 Mb.
#64
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
«Батыр  Жәнібектің  өлеңі»—ХV  ғасыр  оқиғаларын  баян-

дауға  арналған  тарихи  жыр  үлгісі.  Томға  енген  тарихи  жыр-

лар дың ішіндегі ең көлемдісі. Жыр Қазақ хандығының негізін 

қалаған  хандардың  бірі  Жәнібек  ханның  (ХV  ғ.  басы—1470) 

жас кезіндегі ерлік істерін көркем тілмен әңгімелейді.

Шығарма оқиғасының уақыт мөлшері, деректі дәлдігі нақты 

өмір  шындығымен  сәйкес  келмегенімен,  жырда  Жәнібек  хан 

тұсындағы тарихи оқиғаларға қатысты жағдаятттар эпикалық 

туынды табиғатына тән көркемдік тәсілмен суреттеледі.

«Батыр  Жәнібектің  өлеңі»  деп  аталатын  жырды  ақын 

Омарбай  Малқаров  1947  жылы  Оңтүстік  Қазақстан  тұрғыны, 

белгілі  халық  ақыны,  жыршы  Орынбай  Таймановтан  жазып 

алған.  Қолжазба  бұрын  еш  жерде  жарияланбаған.  Жәнібек 

хан  тұлғасын  дәріптеуге  арналғандықтан,  кеңестік  идеология 

шеңберіне сай келмейтін ескі заман шығармасы ретінде тыйым 

салынған сияқты.

Жалғыз  ғана  нұсқасы  бар,  алғаш  рет  жұртшылық  наза-

рына  ұсынылып  отырған  жыр  мәтіні  толық  қалпында  сақтал-

ған.  Тарауларға  бөлінбеген.  Өлеңдік  құрылысы  жыр  үлгісіне 

құрылған.  Жырда  батырлық  эпос  элементтері  де  кездесіп 

қалады.

Жырдың  сюжеттік  желісі  батырлар  жырына  ұқсайды. 



Әзірет сұлтан заманында Ноғайлы елін басқарған Әлібек деген 

байдың  бір  балаға  зар  болып,  әйелі  Қарлығаш  екеуі  қартай-

ған  шақтарында  әулие  кезуі,  Шашты  әзіз  диуана  аян  беріп, 

перзенттің  өмірге  келуі,  ата-ананың  зарығып  көрген  Жәнібек 



362

ТАРИХИ  ЖыРлАР

362

363


атты  ұлының  жастайынан  ержүрек  болып,  батырлығымен 

жұртқа танылуы, он төрт жасында-ақ халқын сыртқы жаудан 

қорғау  мақсатында  қалмақ  ханы  Қараманға  қарсы  жорыққа 

аттанып, жеңіске жетуі, Арқадағы көп қалмақтың ол жорықта 

жүрген  кезінде  елін  шауып  алып,  қарындасы  Мақпалды 

тұтқын  етуі,  соңынан  Жәнібектің  халқын  қалмақтардан  боса-

туы сияқты жекелеген жыр оқиғасы «Қобыланды батыр», «Ал-

памыс батыр» жырларының желісін қайталайды.

Шығарманың  негізгі  идеясы—туған  халқын  сыртқы  шап-

қыншылықтан қорғау болса, тарихи жырға тән басты белгісі—

жалғыз  ғана  Жәнібектің  жеке  басын  дәріптеп,  қалмақ  батыр-

ларымен  жекпе-жегін  әсірелеп  қана  қоймай,  жауға  қарсы 

күрестегі  ел  бытыраңқылығы,  ағайын  алауыздығы,  осы  қиын 

жағдайдағы  бас  кейіпкердің  кейбір  дәрменсіздігі  елес  береді. 

Жырда  Жәнібектің  хан  болып  сайланғанға  дейінгі  өміріндегі 

бұл  келеңсіз  жайт  қалмақ  ханы  Қараманға  қарсы  аттанған 

ке зін де  нақты  байқалады.  Сол  сияқты  Жәнібектің  жорықта 

жүр ге нін пайдаланып, көп қалмақтың батыр елін шапқын шы-

лыққа ұшыратуы, қауіп-қатерден қашқан халықтың туған же-

рін  тастап,  Сыр  бойына  қарай  аууы,  Жәнібектің  жаудан  өшін 

алып, жеңіске жетуі, ең соңында ноғайлы елінің Жәнібекті хан 

сайлауы тарихи шындыққа сәйкес келеді.

Хан көтеріп батырды

Хан Жәнібек атанып,

Ноғайлының баласы

Қалмақтан шапқан құтылып,

Сонан соң шықты жарыққа.

... Хан Жәнібек хан болып,

Кейінге тарих қалды енді,—

деген  жыр  жолдары  бас  кейіпкер  Жәнібектің  ноғайлы  елінің 

ханы болып сайланғанын әйгілесе, жыр соңы:

Бүлінген халықты жинап алып,

Жай-жайына келтіріп,

Жағасына Арыстың

Ханқорғанда хан болып,—


362

362


363

ҒылыМИ  ҚОСыМШАлАР

деп  аяқталып,  Жәнібек  ханның  елді  біріктірудегі  рөлі  айқын 

көрсетіледі,  тарихтағы  нақты  жағрапиялық  өзен  атауы  да  ай-

тылады.  Ал  өмірдегі  Жәнібек  хан  Шу  өзені  бойында  хандық 

билікке келген. Соған қарамастан, екі өзен де Оңтүстік өлке лер-

де орналасуы себепті жыр оқиғасы тарихи шындықтан алыста-

май ды.  Сондай-ақ  жырда  шығарма  оқиғасы  өткен  оңтүстік 

өңір дің  Алматы,  Бішкек,  Әулиеата  сияқты  көне  қалалары  ат-

тары ның кездесуі де тарихилықты аңғартса керек. Ал Жәнібек-

тің елін қалмақтар басып алған кезде болыс, старшын сайлауы  -

ның  өткізілуі  қазақ  даласындағы  орыс  отаршылдығынан  сыр 

бе  ріп, жырдың ХІХ ғасырда өмірге келгендігін айғақтайды.

Жырдың  қолжазбасы  1947  жылы  сол  кездегі  Қазақстан 

Ғылым  академиясының  Орталық  ғылыми  кітапханасы  қоры-

на  түскен.  Қазір  де  осы  кітапхана  қорында  сақтаулы:  778-

папка.  3-дәптер.  Жыр  тарауларға  бөлінбеген.  Бастан  аяқ  жыр 

үлгісіне құрылғанмен Жәнібектің жорықта жүрген кезінде елін 

қалмақтардың  шауып  алуы  бірыңғай  қара  сөзбен  баяндалып, 

соңы қара сөзбен аяқталады. Оның өзі жер-су аттарының шығу 

тарихынан  сыр  шертіп,  түсінік  береді.  Ал  негізгі  жыр  желісі 

Жәнібектің Арыс өзені жағасында Ханқорғанда хан болуымен 

аяқталады.

Жыр  мәтінін  Орталық  ғылыми  кітапхана  қорынан  қол-

жазбатанушы  М.Шафиғи  көшіріп  алып,  томға  ұсынды,  ал 

текстологиялық тексеру жұмыстарын филология ғылымы ның 

кандидаты С.Сәкенов жүргізді.

С. Қорабай

ЕҢСЕГЕй  БОйлы  ЕР  ЕСІМ



«Еңсегей  бойлы  ер  Есім»    атауы  жыраулар  поэзиясында, 

аңыз-әңгімелерде  жиі  кездескенмен,  ірі  жыр  үлгісіндегі  көп 

нұсқалары  бүгінгі  күнге  жетпеген.  Томға  ұсынылған  жырдың 

осы нұсқасын  халық ақыны  Қазанғап Байболовтың жырлау-

ында  хатқа  түсіріп,  1938  жылы  Орталық  ғылыми  кітапхана-

ның сирек қорына тапсырған—И.ырсымбетов. Өкінішке орай, 

ол туралы басқа мәліметтер кездеспейді.  


364

ТАРИХИ  ЖыРлАР

364

365


«Еңсегей  бойлы  ер  Есім»  жыры  алғаш  рет  1991  жылы  Ал-

маты қаласындағы «НБ-Пресс» баспасында жеке кітап түрінде 

жарық  көрді.  Кітапты  баспаға  дайындағандар:  филология 

ғылымдарының  докторы,  профессор  М.Мырзахметов,  тарих 

ғы лымдарының  докторы,  профессор  М.Қойгелдиев,  пенфило-

ло гия ғылымдарының кандидаты М.Қалдыбаев.

«Моңғолдың құпия шежіресінде» Бодонжардың билікке қол 

жеткізгенге дейін өзен жағасында аң аулаумен күн кешкені ба-

яндалады. Осы мотивтің қазақ жырында Шыңғысқа таңылуы-

на  қарап,  монғолдың  аталмыш  шежіресінің  сюжеттері  қазақ 

да ласына ауызша айтылу арқылы жайылғанын шамалауға бо-

лады. Мысалы, «Аңшыбай» жырының да бас кейіпкерін бала-

лар  сабап,  ауылдан  қуып  жібереді,  сөйтіп,  Аңшыбай  төрт  жа-

стан он жасқа толғанға дейін дарияның жағасында жалғыз өзі 

құс атып жеумен күнелтеді. 

Бодонжардың, Шыңғыстың, Аңшыбайдың билікке келмес-

тен бұрын аң аулаумен күн көруі ғұрпын өткерудің соңғы кезе-

ңінде  кәмелеттік  сынақтан  сүрінбей  өткен  жасөспірімдердің 

ормандағы  үйде  тұрып,  не  аңшылықпен,  не  қарақшылықпен 

күн көруге мәжбүр болғанын еске түсіреді.

  «Еңсегей  бойлы  ер  Есім»  жырында  Шыңғыс  хан  дүниеге 

келгендігі ғажайып құбылыс ретінде, көрсетілген болашақ би-

леушінің анасының құрсағынан қан шеңгелдей туғаны айтыл-

ды.  Бұл  мотив  «Моңғолдың  құпия  шежіресінде»  де  Шыңғыс 

ханның ғайыптан пайда болғанын көрсету үшін қолданылғаны, 

кейіннен Қасым хан мен оның ұлы  Кенесарыға да таңылғаны 

белгілі.

Қазақ фольклорының үлгілерінде Шыңғыс ханның әртүрлі 

көркемдік  тәсілдерімен  дәріптей  бейнеленуі  оның  қазақ  дала-

сына  жасаған  басқыншылығына  қарамастан,  халқымыздың 

жадында жағымды кейіпте сақталғанын айғақтайды.

«Еңсегей бойлы ер Есім» жыры тек тарихи мағлұматтарды 

бойында  мол  сақтауымен  ғана  емес,  эпос  өнерінің  ғасырлар 

бойғы дамуы барысында қалыптасқан ғажайып типология  лық 

мотивтерді жеткізуімен де құнды.

Пікіріміздің  дұрыстығына  Есім  ханның  болашақ  су  тұл-

парының енесімен шағылысқан таңғажайып мақұлықтың ша-

ғылысқаны жырда:



364

364


365

ҒылыМИ  ҚОСыМШАлАР

«Жарылып дария күңіренді

Бір хайуан шығып келеді.

Кеудесі—жылқы, басы—адам,

Осындайша сүйегі.

Байталға келіп асылды,

Иіскелеп, аймалап,

Түсіп кетті қайтадан,—

деп  суреттелуінің  өзі-ақ  дәлел  болады.  Бұл  қазақ  эпосындағы 

дәстүрлі образдардың бірі болып табылатын су тұлпар бейнесі-

нің дамытылған түрі.

Қазақ  жырларындағы  тұлпарлардың  судан  шыққан  бей-

мәлім айғырдың үйірде жүрген биеге шауып кетуінен пайда бо-

луы «Шора батыр» жырының Молда Мұса жырлаған нұсқасын-

да да баяндалды.

Бұл  сюжеттік  сарын—түркі-моңғол  халықтарына  ортақ. 

В.А.Гордлевский,  М.Сағатов,  В.Г.Юматов,  М.Н.лосиевский 

е бек терінде сипатталатын су айғырлары немесе тұлпарлары қа -

зақ аңыздарында да кездеседі. Ал жартылай жылқы, жар ты  лай 

адам  болып  табылатын  зооморфтық  сипаттағы  мақұ лық  тар—

әлем халықтарына таныс құбылыс. Бұл тұста еске, ең алды  мен, 

Мұхаммед  пайғамбардың  кеудесі  жылқы,  басы  адам  кей пін-

дегі көмекшісі Пырақ пен грек мифологиясындағы кентавр лар 

түсері хақ.

Тәуекелдің өзіне дейінгі Шайбани нәсілдеріне кеткен есесін 

қайтару  жолында  бірқатар  ірі  жеңістерге  жетіп,  Орта  Азияға 

жасаған  ең  соңғы  жорығын  сәтті  тәмамдауға,  яғни  ең  соңғы 

Бұқар бекінісін шабылдау кезінде жараланып, соның зардабы-

нан Ташкент қаласында қаза болғаны—тарихи шындық. Есім 

сұлтан  ол  кезде  жырда  баяндалғандай,  Қашқарда  жайбарақат 

қыдырып  жүрмей,  ағасының  қасында  болған.  Басып  алынған 

Самарқандты  ұстап  тұру  үшін  Тәуекел  Есімді  жиырма  мың 

қолмен  қалдырып,  өзі  жетпіс  мың  қолмен  Бұқарға  аттанған. 

Кейін  Бұқардың  маңындағы  істің  қиынға  айналғанын  білген 

Есім де Тәуекелдің әскеріне қосылады.

«Еңсегей  бойлы  ер  Есім»  жырында  бас  қаһарманның  әкесі 

ретінде көрінетін  Тәуекел хан—шындығында, Есімнің ағасы. 

Қадырғали  Жалайыр  өз  шежіресінде  Тәуекел  хан  мен  Есім 

сұлтанның  Шығай  ханның  Яхшым  бегі  деген  бәйбішесінен 



366

ТАРИХИ  ЖыРлАР

366

367


туғанын  атап  көрсеткен.  Жыршының  Тәуекелді  «Тәуке» 

деп  те  атайтыны  да,  осы  Қадырғали  Жалайырдың  еңбегінде 

Тәуекелдің аты «Төкей» деп жазылғаны салдары болуы мүмкін.   

Ал Есім ханның жырда Тәуекел ханның ұлы ретінде көрінуіне 

Қазақ хандығының тағы да алғашқысына соңғысынан мұра бо-

лып  себеп  болған  секілді.  Жырда  көрсетілгендей,  Тәуекелдің 

қырықтан  асқанда  көрген  ұлы—Есімнің  он  сегізге  толғанда 

Тұрсын  ханның  қолынан  қаза  табуын  тарихи  деректер  раста-

майды.  Шындығында,  Тәуекел  Қазақ  хандығы  тағына  1882-

1898 жылдар арасында отырды. 

Жырда бұл шындық бұрмаланған. Бұның себебі—ақындық 

қабілеті  бар  айтушылар  дайын  жырды  өзгеріссіз  айта  беруді 

місе тұтпай, өз біліктілігінің деңгейінде жырға өзгерістер мен 

толықтырулар  да  енгізіп  отыратындығында.  Шығармада  Есім 

ханның  Қатаған  қауымын  түгел  қырып  жібергені  баянда-

луы  да—тарихи  шындыққа  сәйкес  келмейтін  әсірелеу.  Есім 

және  Тұрсын  хандардың  арасындағы  қанды  қырғыннан  кейін 

Қатағандардың  ежелгі  атамекені—Қазақ  даласынан  Өзбек 

еліне  қоныс  аударғаны  да  рас.  Алайда  олардың  елеулі  бөлігі 

қазақтың  Шанышқылы  руына  сіңген.  Сонымен  қатар  Есім 

ханның қалмақты шабу үшін алып барған және Тұрсын ханмен 

шешуші  шайқаста  пайдаланған  қолының  да  құрамында  Қата-

ған  руының  жауынгерлері  болған.  Зерттеушілер  қақтығыстан 

аулақ жатқан жерлерде, солардың ішінде Шығыс Түркістанда 

да Қатаған қауымының адамдары көп болғаны туралы жазады.

ұсынылып  отырған  туындының  өзге  қазақ  жырларынан 

тағы  бір  басты  өзгешелігі—онда  Тәуекел  мен  зайыбының 

Құдайдан  бала  сұраған  тілегі  қазақ  эпосы  үлгілерінің  басым 

көпшілігіндегідей,  Баба  Түкті  Шашты  Әзиз  әулиенің  басына 

түнегеннен  емес,  Бұқардағы  Бахауиддин  әулиенің  бейітіне 

зия рат  еткен  соң,  Қашқардағы  тірі  әулие  Аппақ  қожаға 

барған нан кейін орындалғаны. Бұл құбылысты Қазақстан ның 

елеулі  бөлігіне  кезінде  Нағыш-пенді  Бахауиддиннің  өзі  және 

оның ізбасарлары басшылық жасаған сопылық орденнің, тіпті 

Ап пақ қожаның зор ықпалымен байланыстырған жөн сияқ ты. 

Алайда  Аппақ  қожаны  Есім  ханның  пірі  ретінде  көрсету дің 

еш қи сы ны жоқ екенін айту керек. Тарихи деректерде ол Есім 

мен Тұрсын хандардың айтулы қақтығысы болғанда небәрі екі 

жастағы сәби еді.


366

366


367

ҒылыМИ  ҚОСыМШАлАР

Жырда  Тұрсын  ханмен  ақтық  айқаста  Есім  ханға  күш 

біріктірген  билеушілердің  көп  болмаған  себебі—эпос  поэти-

касы  бойынша,  халықтың  идеалы  болып  саналатын  батыр, 

хан  өте  ерекше,  керемет  адам  болып  көрсетіледі,  мінсіз  хас 

қаһарман  ретінде  дәріптеледі.  Міне,  жырда  қырғыз  қолының 

Есім  ханның  Тұрсын  ханды  жеңіп,  қашырғаннан  кейін  ғана 

әскери  қақтығысқа  араласқанын  баяндау  осындай  тәсілді 

жүзеге  асыруға  қызмет  етіп  тұр.  Сондай-ақ  жырда  Есімнің 

одақтастары  ішінен  Көкім  бидің  ғана  бейнеленуі,  ал  Тұрсын 

ханның жақтасы, қамқоршысы ретінде Үргеніш ханы Әбілғазы 

баһадүрдің  ғана  көзге  түсуі  туындыда  эпикалық  жинақтау 

тәсілінің қолданылғандығына мысал болады. 

Жинақтаушылықты  жыр  уақытына  назар  аударғанда  да 

байқаймыз.  Мәселен,    жырды  оқырман  Есімнің  Қазақ  ордасы 

тағына  отырған  кезі  мен  Тұрсын  ханды  өлтірген  уақытының 

арасы  екі  жылдан  аспайтын  мерзім  деген  әсер  алады.  Әкесі 

өлген  соң  елге  оралған  Есім  хан  алдымен  Ташкентті  шабады, 

одан  кейін  Үргеніштен  қайтып  келе  жатқан  Тұрсын  ханмен 

соғысып,  жеңеді.  Бұл  оқиғалар,  ары  кеткенде,  бір  айға  созы-

лады. ұзамай, Әбілғазы баһадүр аталған екі ханды татуласты-

рады.  Әбілғазы  еліне  қайтпай  тұрып,  Есім  елін  Тұрсын  ханға 

тапсырып,  өзі  қалмақтарға  қарсы  жорыққа  аттанып,  сол  са-

парда бір жыл жүреді. Одан арғы оқиғалардың да бір-екі айдың 

ішін де  шешімін  тапқаны  байқалады.  Демек,  жырда  көрініс 

беретін  уақыт  сығымдалған,  ал  тарихи  деректер  Тәуекел 

қайтыс болғанын, Есімнің Қазақ хандығының тағына отырған 

уақыты—1598  жыл  екенін,  ал  Тұрсын  ханның  1627  жылы 

өлгенін айғақтайды. Ендеше, Қазақ Ордасы тарихының жиыр-

ма  тоғыз  жылы  жырда  екі  жылға  сыйыстырыла  баяндалған. 

Міне,  бұл—фольклорда  эпикалық  уақыт  ерекшелігін  көрсете-

тін поэтика заңдылығы.

Сонымен,  жеті  мың  жолдан  тұратын  көлемді  де  күрделі 

эпикалық  туынды  нақты  тарихи  шындықтың  ізімен  дереу 

туған дүние емес, ол небәрі ауызша тарихнама үлгілерінің бірі. 

Сол  себепті,  оны  шынайы  тарихи  баламасы  ретінде  қабылдау-

ға  болмайды.  Өзге  де  көркем  шығармадағылардағыдай,  бұл 

жырда  да  тарихи  шындық  пен  поэтикалық  қоспалар  тығыз 

астасып жатыр, яғни тарихи шындық эпостың ғасырлар бойы 

қалыптасқан  дәстүрлеріне  бағындырыла  баяндалған.  Мұның 


368

ТАРИХИ  ЖыРлАР

368

369


дәлелі ретінде Шыңғыс ханның ғайыптан пайда болуы, бола шақ 

ұлы  билеушіге  лайық  балалық  шағын,  керемет  жағдайларда 

билікке қол жеткізуі; Тәуекелдің перзентсіздіктің зарын тартып 

қиналып, тарыққан сәтте Есімді Құдайдан сұрап алуы; жырдағы 

кейіпкердің өз тілегі бойынша ғайып болуы; бір қаһарманның 

сандаған  жауларды  жалғыз  өзі  қыруы;  бейнеленген  қарулы 

қақтығыстардың шешуші сәтте бас кейіпкердің бір өзі көптеген 

жауды өлтіру арқылы көрсеткен қайрат-жігеріне тәуелді болып 

отыруы,  жырдың  жағымды  кейіпкерлерінің  мінсіздендіріле, 

керісінше,  жағымсыз  кейіпкерлердің  мінез-құлықтарын  боя-

малай бейнеленуі, эпос поэтикасына тән әсірелеу, шендестіру, 

тағы да сол сияқты тәсілдердің молды  ғын айтуға болады. 

Қазанқап  Байболұлы  жеткізген  «Еңсегей  бойлы  ер  Есім» 

жырында  оқиғалар    көркем,  шұрайлы  тілмен  баяндалған. 

Туын дының  мәтінінде  кездесетін  аздаған  араб,  парсы,  көне 

түр кі  сөздері  жинақтың  қосымшасындағы  сөздікке  енгізілді. 

Жыр дың  толық  мәтіні  Орталық  ғылыми  кітапхананың  сирек 

қорындағы  түпнұсқа  (513-бума)  бойынша  өзгеріссіз  дайын-

далды.

ЕСІМ  ХАН



«Есім хан» жыры Қытай Халық Республикасында шығатын 

«Шалғын» журналының 1987 жылғы үшінші санында жария-

ланды. Соңында берілген түсінікте: «Айтып берген—Боранбай 

ләмжанұлы. Жазып алған—Оразбек Қанапин»,—деген мәлімет 

келтірілген. Өзге нұсқалары кездеспейді.

Жырда  аталған  кейіпкерлердің  Есім  ханнан  өзгелерін  та-

рихта  анық  болды  деуге  негіз  боларлық  деректер  кездеспейді. 

Жыр оқиғаларының болған жерлерінің «Қамыстақ», «Жидекті» 

деген  топонимикалық  атаулары  да  Қазақстанның  кез  келген 

түкпірінен  табылуы  мүмкін  болғандықтан,  бұл  шығармада 

нақтылы  қай  уақытта  болған  оқиға  бейнеленгенін  тап  басып 

айту мүмкін емес.

Дегенмен, Есім ханның жырда бейнеленгендей, қалмақтар-

дың басқыншылығына әлденеше рет ойсырата тойтарыс беріп, 

оларға  өзінің  үстемдігін  мойындатқаны—тарихи  шындық. 

Мысалы, В.А.Моисеев ХVІІ ғасырдың екінші онжылдығының 



368

368


369

ҒылыМИ  ҚОСыМШАлАР

ортасына  қарай  қазақ  пен  қырғыздың  кейбір  билеушілері 

ойрат  феодалдарына  тәуелді  болып,  ал  сол  ғасырдың  екінші 

онжылдығының соңына қарай Есім ханның ойраттарды бірне-

ше рет ойсырата жеңіп, оларды бітім жасауға мәжбүр еткені ту-

ралы жазған. 

Қазақ  халқының  жоңғарларға  қарсы  үш  ғасырға  созылған 

күресінің  тарихында  жаудың  Алтай  тауының  арғы  бетіндегі 

ата мекенінен келіп, қазақ қолынан жеңіліс тапқан кездерінде 

әрдайым сол тауды паналап отырғаны да шындық.

Қазақтардың  тегеуірінімен  жоңғарлардың  Маңыраққа  қа-

рай  шегінуі  Есім  ханнан  кейін  де  әлденеше  рет  қайталанға-

нын  Үмбетей  жыраудың  Бөгенбайды  жоқтап  шығарған  әйгілі 

толғауындағы: 

«Қозы Маңырақ, Қой Маңырақ

Арасы толған көп қалмақ.

Одан да жауды қашырдың, 

Алтай таудан асырдың»,—

деген тармақтар да айқын аңғартады.

Томға ұсынылған «Есім хан» жырының мәтіні  1987 жылы 

«Шалғын» журналында жарияланған нұсқаның негізінде дай-

ындалды.

ОлЖАШ  БАТыР



«Олжаш  батыр»  жырын  жеткізуші—белгілі  жырау  Жақ-

сылық  Төлепов.  Тапсырушы—Қазақ  КСР  Ғылым  ака де  мия -

сы ның Тіл және әдебиет институты 1949 жылы ұйым дастыр -

ған Гурьев экспедициясының мүшесі Аралбаев Жұб аныш. Бір 

ға на нұсқада жеткен туынды бұрын еш жерде жария ланбаған. 

Оның қолжазбасы Орталық ғылыми кітапхана сирек қорының 

560-бумасында сақтаулы.

Жырдың бас кейіпкері Олжаш батыр туралы дерек өте  си-

рек кездеседі. Жырдағы:

Шығайұлы Есім ханның заманында,

Ғасырдың он алтыншы бас кезінде

Олжаш шықты аттанып, туын байлап,—

24-0273


370

ТАРИХИ  ЖыРлАР

370

371


деген  жолдар  Есім  хан  мен  Олжаштың  ортақ  жауы  ретінде 

қалмақтың  ханы  Қатағанның  бейнеленуі  бұл  туындыға    Есім 

және Тұрсын хан арасындағы қақтығыс орын алған 1627 жыл 

оқиғалары  арқау  болған  деген  қорытынды  жасауға  болады. 

Мұндай тұжырым жасауға негіз беретін дәлелдің бірі—«Олжаш 

батыр»  жырында  да  жеңілген  хан  қыздарының  үлеске  салы-

нуы тарихының баяндалуы. Мұндай жағдай «Еңсегей бойлы ер 

Есім» жырында да бар. Онда Тұрсын ханның әйелі өзінің Айби-

ке, Нұрбике, Қоңырбике деген қыздарына Тобықты елін өздері 

іздеп  тауып,  қазақтың  игі  жақсыларын  таңдап  тию  жөнінде 

тапсырма  бергені  және  қыздарының  сол  кеңесті  бұлжытпай 

жүзеге асырғаны айтылады. Ал «Олжаш батыр» жырында Ол-

жаш Қатаған ханның Оразбике, Айбике, Нұрбике, Қызданбике, 

Қоңырбике атты бес қызын өзіне қарасты елдің қандай кісілері 

алуы  керек  екендігін  шешкені  сөз  болады.  Жалпы,  Тұрсын 

хан  қыздарының  әкесі  өлгеннен  кейінгі  тағдыры  Шәкәрім 

қажының  шежіресінде,  Қабанбай  батырдың  және  Жанбике 

руының шежірелік аңыздарында әңгімеленеді. Сондай-ақ Шақ-

шақ  Жәнібек  батыр  туралы  жырда  және  М.Тынышбаев  тың 

зерттеу  еңбегінде  келтірілген  Арғынның  Қаракесек  руы ның 

шежіресінде Қатаған ханның қыздарына қазақ батырлары ның 

үйленгені баяндалады.

Халық  арасында  біршама  уақыт  ауызша  айтылып  барып, 

қағазға  түскен  бұл  дереккөздерінде  «Тұрсын  хан»,  «Қатаған 

хан» деп аталған билеушілердің бір кісі екені екеуінің қыздары-

ның  аттарынан  (Айбике,  Нұрбике,  Қоңырбике),  «Олжаш  ба-

тыр»  жырында  Қатағанның  Есім  хан  бастаған  елге  шабуыл 

жаса ған  оқиғасынан  айқын  аңғарылады.  Соған  қарағанда, 

қазақ  ха лық  әдебиетінің  бірқатар  үлгілерінде  Тұрсын  хан 

қара ма ғын да  болған  қазақ  руының  атауы  оның  есіміне  айна-

лып кет кені аңғарылады.

Қосымша  деректер  болмағандықтан,  Олжаш  батырдың 

нақ ты  қай  уақытта  өмір  сүргенін  дәл  басып  айту  қиын.  Ал 

Шығайұлы  Есім  хан  жырда  көрсетілгендей  ХVІ  ғасырдың  бас 

кезінде емес, екінші жартысы мен ХVІІ ғасырдың бірінші жар-

тысында  өмір  сүрген.  Есім  ханның  нақты  қай  жылы  туғаны 

туралы  нақты  мәлімет  болмағанмен,  таба  алмасақ  та,  оның 

Қазақ Ордасының тағына 1598 жылы отырғаны белгілі. Осыған 

қарап, Олжашты да ХVІІ ғасырда өмір сүрген тарихи тұлға  лар 


370

370


371

ҒылыМИ  ҚОСыМШАлАР

санатына  қосуға  болар  еді.  Бірақ  бұған  жырда  кездесетін  өзге 

де  анахронизмдер  Олжаштың  өмір  сүрген  дәуірі  эпоста  дәл 

көрсетілген деуге мүмкіндік бермейді. Мәселен, анахронизм нің 

мына үлгісін алайық: 

Қара би Майқы ұлы—ақылшысы,

Ойшылы—Асан қайғы отағасы.

Майқы биді түркі тектес халықтардың бірқатары өздерінің 

арғы атасы деп есептейтіні, «Түгел сөздің түбі бір, Түп атасы—

Майқы  би»  деген  қанатты  сөзді  олардың  әрқайсысы-ақ  айта-

тыны,  кейбір  шежірешілер  оны  Шыңғыс  ханның  замандасы 

деп білетіні белгілі. Сондықтан Майқынының ұлы Олжаштың 

ақылшысы болғанына сену қиын.  Сол сияқты Асан қайғының 

өмір  сүрген  дәуірі  басқа.  Оның  үстіне  жырда  Асан  қайғы 

мен  Олжаштың  ұлы  Асан  бірлесіп,  Жиделі  Байсынға  қоныс 

аударғаны да айтылады.

Тарихи  жырлардың  көпшілігінде  жиі  байқалатын  жыр-

шының  өз  руынан  шыққан,  немесе  өзі  жырлап  отырған 

шығарманың  бас  кейіпкеріне  айналған  батырды  өзге  адам-

дардың  бәрінен  ықпалды,  артық  қасиетке  ие  етіп  көрсетуге 

ұмтылушылығы да—субъективизмнің бір түрі. Осындай субъ-

ективизм  жырдағы  Есім  хан  мен  Олжаштың  арақатынасынан 

да  байқалады.  Жырда  Есім  ханның  бас  кейіпкерден  әлдеқай -

да төмендетіле бейнеленгені Олжаш жоқта елін шапқан жауға 

өз  бетінше  ешқандай  қарсылық  көрсете  алмай,  оған  хабар 

беріп,  шақыруымен  келген  Олжашқа  әскер  жинап  берумен 

ғана  шектеліп,  жорыққа  қатыспауынан,  ханнан  қаймықпай 

Қатаған  қыздарын  Олжаштың  үлестіруінен  байқалады.  Бұл 

жерде  бас  кейіпкерді  дәріптеудің  ежелден  келе  жатқан  дәс-

түр лі  тәсілі  қолданғандығын  ұғыну  қиын  емес.  Жалпы,  әлем 

эпосы  үлгілерінде  бас  кейіпкерді  әсірелей  көрсетудің  жиі 

пайдала нылатын  әдісі  туындының  бас  қаһарманын  сол  елдің 

билеушісінен  басым  деңгейінде  суреттеу  болып  табылатынын 

еске түсіру қажет.

Томға  ұсынылған  «Олжаш  батыр»  жырының  мәтіні  Орта-

лық ғылыми кітапхананың сирек қорында сақталған түпнұс  қа-

ның (560-бума, 1-дәптер) негізінде дайындалды.



372

ТАРИХИ  ЖыРлАР

372

373


СӘТБЕК  БАТыР



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет