Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет31/116
Дата28.10.2022
өлшемі4,34 Mb.
#45944
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   116
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ҧлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: алтыншы 
ЕҰУ Ф 703-08-17 Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 
Бірақ біз «жүйе» мағынасын ұғым ретінде түсінеміз деп санай отырып, «үлкен» 
(күрделі) жүйе қасиетінің суретін сала аламыз. Негізінен, жүйені зерделеу мақсаты 
немесе жүйені басқару мақсаты белгілі. Бұл жағдайда біз, қандай да бір аспектіде
аталған аспектідегі жүйенің зерделеу құралдарынан немесе бақылаушының 
(орындаушының) мүмкіндіктері мен айқындамасы тұрғысынан басқарудағы 
артықшылықтары ретінде, жүйенің күрделілігін анықтай аламыз. Сонымен, мақсатқа 
қатысты жүйенің күрделілігін бағалау да ӛзгеруі мүмкін. 
Әдетте, 
үлкен 
жүйе 
эмердженттіліктің 
болуымен 
немесе 
тұтастық 
қасиеттерімен, яғни ішкі жүйелердің бақыланатын қасиеттері мен жүйелік 
байланыстарынан шығарылмайтын қасиеттермен сипатталады. (Ең болмаған да
практикалық есептерді шешу үшін қажет құралдар мен қорларды «ии»-ге кӛбейту 
ережесі туралы еске түсіреміз). Сондай-ақ егер жүйе «күрделі» сипаттамаға таласатын 
болса, алуандық ӛлшемі бойынша жүйелердің жоғары бағалануы дағдылы болып 
саналады. 
Күрделі әлеуметтік жүйені, мысалы, сатыластықтардың бір типіне саюға 
келмейді, ал мүшеленген жүйе бағыну (теңдей бағыну) қағидаты бойынша, 
құрылымдар арасындағы жай байланыстарды бермейді. Гомеостаз ұғымы күрделі 
әлеуметтік жүйелерге тән болып саналады, яғни бақыланатын жүйелер, олардың 
айтарлықтай күрделілігінен айқын емес тепе-теңдікте болады. Жүйелер күрделілігінің 
кейбір баламалы анықтамасын қарастырамыз. Оның тұтастығын жүйелер белгілерінің 
бірі деп санауға болады (эмердженттілікті еске түсіреміз). Бұл ретте, тұтастықты 
аяғына дейін толық анықтау қажет кӛзді алып тастау кеңістіктікті кӛру мүмкіндігінен 
айырады, 
бірақ 
экономикалық 
субъектілердің 
еркін 
қатарының 
жоғалуы 
экономикалық жүйені бұзбайды, сондай-ақ экологиялық жағдай индивидуумның 
жойылуы кезінде ӛзгермейді және т.б.). 
Бестік ретінде тұтастық кӛзқарасы тұрғысынан S жүйесін анықтаймыз. 
А - элементтердің бос емес жиыны, Р - қатынастардың (эквиваленттілік қатынастары) 
жиыны, «қасиеттер» R - жаңа қасиеттер, туғызатын тәртіп қатынасы; «ережелер» Q - 
предикаттар, қасиеттер сыныптары, қатынастар жиынының элементтері; С - B(j) 
эквиваленттілік сыныптарынан ӛкілдердің жиыны. 
Егер ол толық атқарымдыққа ие болса, жүйені күрделі деп атайтын боламыз. 
Жүйенің тұтастығы құрылымдық және атқарымдық саралануды қажет етеді; Р 
катынастары негізінде B(j) атқарымдық ішкі жүйелер құрылады - тірі
жүйелердің (организмдердің) толық құрылымдық-атқарымдық құрылымы және 
олардың атқарымдығын толық деп санау қабылданған, бес негізгі атқарымдары атап 
кӛрсетіледі: 
Шешуші - D-жүйе, сыртқы ортамен әрекет ету туралы жаһандық шешімдер 
қабылдау және жүзеге асыру үшін ішкі жүйелердің жергілікті есептерін бӛлу.
Ақпараттық - оны жаһандық, сол сияқты жергілікті деңгейге берумен
ақпараттарды жинау мен ӛңдеуді қамтамасыз ететін, I-жүйе. 
Басқарушы - жаһандық шешімді жүзеге асыруға арналган, С-жүйе. 
Гомеостазды - ішкі орталардың динамикалық тепе-тендігін қолдайтын және жүйе 
мен ішкі жүйелерде зат пен энергия қорларын және ағындарын реттейтін, H-жүйе. 
Адаптивті - A-жүйе, жүйелердің құрылымдары мен атқарымдарын жақсарту үшін 
тәжірибе жинақтау. 
Кез келген жүйе жалпы, осылайша, шешуші (эвристикалық) автоматтың 
ақпараттық, басқарушы, гомеостаздық және адаптивтік (икемді) автоматтармен 
композициясы ретінде пайда болған абстрактылық автоматпен теңдестірілуі мүмкін. 
Сондай-ақ күрделі жүйеде оның бүкіл ішкі жүйелерінің ӛздері күрделі жүйелер болып 
саналады және оның әрбірі жоғарыда кӛрсетілген типтердегі автоматтардан тұрады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет