Негізгі тҥсініктер: өндірісті автоматтандыру, жүйе, жиын, атқарымдық ықпалдасу, гетерогендік, ашық жүйелер Тақырыптың мазмҧны: Есептеу техникаларын кеңінен қолданбай және әртүрлі
бағытта ақпараттық жүйелерді құрусыз қазіргі кезеңдегі адам кызметінің әртүрлі
аяларының дамуы мүмкін емес. Осындай жүйелерде ақпараттарды ӛндеу дербес
ғылыми-техникалық бағытқа айналды.
Ғылыми-техникалық революция (FTP) - ғылымды қоғамдық ӛндірісті дамытудың
жетекші факторына айналдыру негізінде ӛндіргіш күштерді түбегейлі, сапалық қайта
құру. Бастауы XX ғасырдың ортасына келетін FTP барысында қаркынды дами отырып,
ғылымның тікелей ӛндірістік күшке айналу үдерісі аяқталады. Ғылыми-техникалық
революция қоғамдық ӛндірістің бет-бейнесін, еңбек жағдайын, сипаты мен мазмұнын,
ӛндіргіш күштердің құрылымын, қоғамдық еңбек бӛлінісін ӛзгертеді, ӛндіргіш
күштердің шапшаң ӛсуіне мүмкіндік береді, адамдардың мәдениетін, тұрмысын,
психологиясын, қоғамның табиғатпен ӛзара қатынасын қоса алғанда, қоғамдық
ӛмірдің барлық жақтарына ықпал етеді, ғылыми-техникалық ілгерілеуді (FTІ) күрт
жеделдетуге әкеледі.
FTI-нің бастауы техникадағы революциямен байланысты. Жобаланатын жүйелердің
күрделенуі мемлекетті ірі ұлттық ғылыми-техникалық жобалар шеңберлерінде ғылым
мен техниканың келісімді ӛзара іс-қимылын ұйымдастыруға итермеледі. Ғылымға
қаржы бӛлу мен зерттеу мекемелері санының күрт ӛсуі басталды. Ғылыми қызмет
жаппай кәсіпке айналды. 50-ші жылдардың екінші жартысында елдердің кӛпшілігінде ғылыми
қызметті жоспарлау мен басқарудың жалпы мемлекеттік органдары құрыла бастады. Ғылыми
және техникалық әзірлемелер арасындағы тікелей байланыстар күшейді, ӛндірісте ғылым
жетістіктерін пайдалану жеделдетілді. 50-ші жылдары ғылыми зерттеулерде, ӛндірісте, содан
кейін басқаруда, ҒТІ символына айналған, электрондық есептеу машиналары (ЭЕМ) жасалып,
кеңінен қолданыла бастады. Олардың пайда болуы ӛндіріс үдерісіндегі адамның жағдайы мен
рӛлін ӛзгертетін, ӛндіріс пен басқаруды кешенді автоматтандыруға бірте-бірте кӛшудің
басталуымен байланысты.
ҒТІ-нің бірнеше басты ғылыми-техникалық бағыттарын бӛліп кӛрсетуге болады:
ӛндірісті бақылау мен басқаруды кешенді автоматтандыру;