Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Пәннің оқу-әдістемелік кешені Басылым: алтыншы ЕҦУ Ф 703-08-17 Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым
туралы, клиент сҧраныстары туралы жазбалар ҥшін. Бірнеше кестелерде мәліметтерді
қайталауға болмайды.
Кестелерді ҥш тҥрлі тәсілмен жасауға болады:
• Мастер кӛмегімен;
• Конструктор режимінде;
• Кесте режимінде мәліметтерді енгізу және ӛрістерді анықтау.
Ӛрістер Ӛріс- берілген обьектінің белгілі бір атрибутының мәні, мысалы клиент фамилиясы,
кітап аты, оқиға мерзімі және т.б. Ӛріс параметрлері:
ӛріс аты 64 символға дейін болады (әріптер, цифрлар, пробелдар);
мәліметтер типі (стандартты немесе қолданушымен анықталған);
ӛріс қасиеттері;
ӛріс мазмҧны.
Мәліметтер қҧрылымының кӛпшілігі кестелік қҧрылымды болып келеді. Ӛріс - бҧл
кестенің элементі. Әрбір ӛрістің аты болады. Ӛрістің типі болады.
Ӛрістер типтері :
• Мәтіндік (Текстовый) - ӛлшемі ақырлы кәдімгі мәтіндік ақпаратты сақтауға арналған
мәліметтер типі;
• Сандық (Числовой) - нақты сандарды сақтауға арналған мәліметтер типі; Мерзімі/Уақыты
(Дата/Время) - кҥнтізбе бойынша кҥнін, айын және уақытты сақтауға арналған мәліметтер
типі
• Ақшалық (Денежный) - қаржылық шаманы сақтауға арналған мәліметтер типі;
• OLE обьектілер ӛрісі (Поле обьектов OLE ) әртҥрлі обьектілерді (картинкалар, клиптер
және т.б) сақтауға арналған мәліметтер типі;
• MEMO ӛрісі (Поле MEMO) - (65535 символға дейінгі) ҥлкен кӛлемді мәтінді сақтауға
арналған мәліметтер типі;
• Санауыш (Счетчик) - жазбаларды автоматты тҥрде нӛмірлеуге арналған мәліметтер типі;
• Логикалық - логикалық мәліметтерді сақтауға арналған мәліметтер типі.
Жазбалар. Жазба - белгілі бір обьект туралы толық мәліметтер жиынтығы. Жазба-кестенің
жолы. Әрбір жазба бӛлек ӛрістерден тҧрады. Бір жазбаны екіншісінен айыру ҥшін кестеге
бірінші кілт ӛрісін қосамыз.
Бірінші кілт - әрбір жазба ҥшін бірден-бір идентификатор (мысалы, компонент
шифры, тауар коды). Бірінші кілт ҧқсас деректерді айыру ҥшін қызмет етеді. Сонымен
бірге деректерді біріктіру ҥшін қызмет етеді. Және оның кӛмегімен бір кестені екіншісмен
байланыстыруға болады.