Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік идеясы



Pdf көрінісі
бет73/132
Дата27.01.2023
өлшемі1,88 Mb.
#63186
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   132
Байланысты:
Дәрістер

1.3 Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік идеясы
Мүлдем төзбеушілік қағидасы – жаңалық немесе Қазақстан Республикасының әрбір азаматының 
борышы. 
Күн сайын, әрбір адам белгіленбеген жерге тасталған қоқыс немесе темекі тұқымы, 
подъезде темекі тарту, сағат 23:00-ден кейін тыныштықты бұзу, мас күйде көлік құралын 
басқару, ұсақ ұрлық және басқа да құқық бұзушылықтар сияқты ұсақ құқық 
бұзушылықтардың әртүрлерімен қақтығысады. 
Мұндай әрекеттердің заңсыз екені барлығына мәлім, алайда, адамдар оларды 
назарсыз қалдырады. Ұқсас немқұрайлылықтың негізгі себептері құқық бұзушымен 
қарым-қатынасты бұзуды қаламау, кінәліні жауапқа тарту кезінде ұзақ рәсімге тартылудан 
қорқу, сондай-ақ билік органдарының қажетті шараларды қабылдайтындарына сенбеу. 
Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында қоғамда тәртіпсіздік пен құқық 
бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастыру қажеттігін атап өтті, бұл 


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
«Дамыған қоғам барлық жерде тәртіп пен реттілік орнатудан, жайлы подъезден, жинақы 
ауладан, таза көшеден және жарқын жүзді адамдардан басталады». Қазақстан 
Республикасының азаматтары ең ұсақ құқық бұзушылықпен, бұзақылықпен, 
мәдениетсіздікпен ымыраға келмеуіміз керек, өйткені, осының өзі қоғам тыныштығын 
бұзады, өмірдің сапасына селкеу түсіреді. Тәртіпсіздік пен бетімен кетушілікті сезіну одан 
да елеулі қылмыстарға жол ашады. Ұсақ құқық бұзушылыққа төзбеу ахуалы – қоғамдық 
тәртіпті нығайтуға, қылмыспен күреске бастайтын маңызды қадам, ол үшін құқықтық 
нигилизмді жеңіп, қоғамды қоғамдық тәртіпті қорғау ісіне тарту керек. Мұның бәрі 
қоғамдық өмірдің нормасы болуға тиіс. Бұл идеяның негізгі қағидасы барлық қоғамның 
бірігуі және онда бұзушылықтың кез келген түріне төздеушілікті қалыптастыру болуға 
тиіс. Әрбір адамның отбасында, көшеде, ұжымда өзін дұрыс ұстауы, күмәнсіз, жалпы 
заңдылық жағдайына да оң ықпал етеді. «Мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыруда 
маңызды рөл, әсіресе бастапқы кезеңде қоғамның белсенді тұғыры болып табылады. Яғни 
әрбір азамат кез келген құқық бұзушылықты көрсе, ол туралы құқық қорғау органдарына 
хабарлауы тиіс, ал құқық қорғау органдары халықпен кездесулер өткізіп, құқық 
бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидасын енгізу қажеттігі жайлы халықтың 
назарына жеткізулері қажет, азаматтарға заңды сақтау және басқа адамдардың тарапынан 
құқық бұзушылықтардың жолын кесу қажеттігін түсіндіру қажет.
Бүгінгі күні қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүзеге асырылып жатқан іс-
қимыл мәселелерінің өзектілігіне байланысты, бұл іс-шара студенттер мен оқутышылар 
арасында жағымды резонансқа ие болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет