№15 дәріс
Тақырыбы:
Қазақ терминографиясы
Мақсаты:
Қазақ
терминологиясының қалыптасу, даму
мен орнығу кезеңін тарихи
дәуірлеу. Қазақ терминологиясының даму тарихы мәселесіне
тоқталған ғалымдардың
пікірлерін назардан тыс қалдырмау.
Дәріс жоспары:
1.
Қазақ терминологиясының кезеңдері
2.
Қазақ терминологиясының жаңа кезеңі
Дәріс мәтіні
(тезис)
Қазақ терминологиясының даму тарихы
алғашқы кезең, дәстүрлі кезең, социалистік
кезең, жаңа кезең
деп төрт топтастырылып отыр[9, 51].
Алғашқы кезең (1860-1910).
XIX ғасырдың соңы
мен XX ғасырдың алғашқы
онжылдығында қазақ
терминологиясының қалыптасуы,
дамуы мен орнығу кезеңінде
сөздердің терминденуін зерттеу мақсатымен оның даму жолы көрсетілген.
Қазақ
зиялылары ескі және жаңа ғасыр аралығындағы терминологияның
даму жолдарын
тұтастай қарастыра отырып, келешекте оның қандай болуы керектігін көрсетті. Қазақтың
мұндай ұлттық құндылықтары жаңа қазақ терминологиясын салаларға жіктеді. Осымен
бірге қазақтың ұлттық терминдерін жасаудың алғашқы үлгілері,
сондай ақ, алғашқы