Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет9/12
Дата15.11.2023
өлшемі0,6 Mb.
#123713
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Дәріс конспектісі-12-23

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
Бесінші 
ЕҰУ Ф 703-08-15 Пәннің оқу-әдістемелік кешен. Бесінші басылым 
20 
сөздердің байланысы күңгірттеніп жойылады да, элементтері өзара кірігіп 
кеткен сөздер өзімен төркіндес сөздерден оқшауланып алшақтайды (жақ-жағу, 
жану, жарық, жалын) сөздері бір ғана түбірден 
жа-
тарағанмен, қазірде бұл 
сөздер түбірлес сөздер емес, мағына жақындағы бар сөздер ретінде үғынылады» 
(Тіл біліміне кіріспе. 283-бет) 
4. Сөзжасамдық тізбек тек қана түбірлес сөздерден құралады. 
5. Сөзжасамдық тізбектегі түбірлес туынды түбір сөздер бірінен-бірі 
тікелей жасалған туынды түбір сөздер, олардың арасында бөтен сөз болуы 
мүмкін емес. 
Сөзжасамдық тізбек тек бірінен-бірі тікелей туындаған, бірінің 
жасалуына екіншісі негіз болатын сөзжасамдық жұптардан ғана құралады. 
(айт - айтыс - айтыстыр - айтыстырғыз; кел-келтір - келтірім - келтірімпаз - 
келтірімпаздық). ¥яда қанша соз болса да, оның бәрі бірімен-бірі туындамаса, 
тізбек бола алмайды. 
6. 
Сөзжасамдық қызметтегі сөздер екі түрлі қызмет атқарады, 
туынды сөз жасаушы және одан жасалған туынды сөз. (жан -
жанғыз – жанғыздыр - жанғыздырт) 
Бұл қызметті ғылымда сөзжасамның негізділігі (мотивированность) деп 
атайды. Сөзжасамдық тізбек негіз сөз бен негізді сөздерден тұрады. Жаңа сөздің 
жасалуына негіз болатын сөз 
негіз сөз
деп аталады. Мысалы: айтыс, бастық, 
сәнді, келіс туындыларына негіз болған сөздер: айт, бас, сән, кел. Осы сөздердің 
негізінде жасалған сөздер негізді сөздер деп аталады. 
7. 
Тізбек мүшелерінің ішінде бір қызмет атқаратын мүшелер де 
болады. 
Әр 
тізбекте 
бір 
қызмет 
атқаратын 
екі 
мүше 
бар 
(тізбектің I мүшесі - негіз сөз, тізбектің соңғы мүшесі - негізді 
сөз). Бұл құбылыс әр тізбекке тән. 
8. Сөзжасамдық тізбектің құрамында бір негізді түбір сөз болады. Ол - түп 
негіз сөз. («негізсіз сөз» Н.О.). 
9. Сөзжасамдық тізбекте түп негіз сөздің саны шектеулі. Тізбектегі түп 
негіз сөздің саны тұрақты, негізді сөздің саны тұрақсыз. 
10. Сөзжасамдық ұяда тізбекті бастаушы сөз бен тізбекті аяқтаушы сөз 
болады. Тізбекті бастаушы сөз барлық тізбекке ортақ болса, тізбекті аяқтаушы 
сөздер әр түрлі болады: 
Шырай – шырайлан – шырайландыр - шырайландырт 
шыр 
шырын – шырынды - шырындылық
11. Тізбек құрамындағы туынды түбір сөздер бір сөз табына да, әр түрлі сөз 
табына да қатысты болады. Созжасамдық тізбектің құрамындағы сөздер
бірімен-бірі мағыналық байланыста болады. Өйткені сөздердің бәрі бір түп негіз 
сөзден туындаған түбірлес сөздер. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет