Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет24/135
Дата25.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#143241
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   135
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
атқарушы билік әрбір әкімшілік-құқықтық қатынаста, не тікелей субъект ретінде, не 
жанама субъект-қадағалаушы ретінде нақты немесе заңды түрде қатысып отырады.
Қазақстан Республикасындағы атқарушы билік мемлекеттік басқару органдары 
жүйесін құрайды. Оған:
-
Қазақстан Республикасының Үкіметі,
-
министрліктер,
-
республиканың мемлекеттік комитеттері мен ведомостволары,
-
жергілікті атқарушы органдар,
-
мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың әкімшіліктері жатады.
Бұл органдардың құқықтық жағдайының маңызды белгісі олардың заңға 
бағыныштылығы болып табылады.
2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет ұғымы және қағидаттары
топтастыру негіздері. 
Мемлекеттік қызмет атқарушы қызметті сыртқы жағынан сипаттайды. Мемлекеттік 
қызмет — мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік органдардағы 
азаматтардың кәсіби іс-әрекеті. Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік қызмет 2000 
жылдың 1 қаңтарынан бастап заң күшіне енген «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға 
сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарының бірі заңдылық қағидаты болып 
табылады: қазақстандық патриотизм, азаматтардың құқықтары, бостандықтары және 
заңды мүдделерінің мемлекет мүдделерінен басымдығы, мемлекеттік қызметшілердің 
кәсіби шеберлігі мен құзыреті, т.б. 
Мемлекеттік қызметші деп мемлекеттік органда мемлекеттік бюджеттен төленетін 
қызметті атқаратын және қызметтік өкілеттіктерін мемлекеттің міндеттері мен 
функцияларын жүзеге асыру мақсатында жүргізетін Қазақстан Республикасының азаматы 
танылады. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдарының құрамына мемлекеттiк 
қызметшiлердiң саяси және әкiмшiлiк лауазымдары кiредi. 
Саяси лауазымдарға:
1) Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын мемлекеттiк саяси 
қызметшiлер, олардың орынбасарлары;
2) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Палаталары және Парламент
Палаталарының Төрағалары тағайындайтын және сайлайтын мемлекеттiк саяси 
қызметшiлер, олардың орынбасарлары;
3) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратын басқаратын мемлекеттiк 
саяси қызметшi, оның орынбасарлары
4) Конституцияға сәйкес Президент пен Үкiметтiң өкiлдерi болып табылатын 
мемлекеттiк саяси қызметшiлер; 
5) орталық атқарушы органдарды басқаратын мемлекеттiк саяси қызметшiлер 
(басшылар) олардың орынбасарлары атқаратын лауазымдар жатады.
Саяси лауазымдарға Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн өзге 
лауазымдар да жатқызылуы мүмкiн. 
Мемлекеттiк 
әкiмшiлiк 
қызметшiлер 
үшiн 
лауазымдар 
санаттары 
белгiленедi. 
Мемлекеттiк 
әкiмшiлiк 
қызметшiлер 
лауазымдарының 
санаттар 
бойынша тiзiлiмiн уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының 
Президентi бекiтедi. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет