Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет46/135
Дата25.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#143241
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   135
Байланысты:
Дәрістер

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
нарықтық экономикалық қатынас талабына сай дамуы жағдайында салық жүйесінің бір 
орында, өзгеріссіз қалуы мүмкін емес. Алайда қысқа уақыт аралығында қабылданған 
шексіз өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі нәтижесі оның әлі де болса 
жетілмегендігін көрсетеді.
Бүгінгі күні республикада салық заңдарының барлық негізгі кемшіліктері ескерілген, 
әрі жетілдірілген жаңа Салық кодексі дайындалып, 2001 жылдың 12 маусымында 
қабылданды. 
Уақыт ағымының әсеріне, заман талабына сай қабылданған Салық кодексінде 
келесідей мәселелерді шешуге басты назар аударылған. 
Біріншіден, барлық шаруашылық субъектілеріне салықтандырудың тең жағдайын 
жасау. Екіншіден, кейбір жекелеген категориядағы салық төлеушілерге берілген 
жеңілдіктерді жою арқылы салық жүктемесін жеңілдету. Үшіншіден, салық заңдылығы 
жөніндегі барлық ережелер мен нормаларды тікелей қызмет ететін заң мөлшерінде 
біріктіру. Төртіншіден, салық заңдылығының тұрақтылығын қамтамасыз ету. 
Салық заңдылығында өзгерістер мен толықтырулар болашақта да жүргізіліп 
отырылады. Өйткені экономикалық қарым-қатынастар бір орында тұрып қалмайды, ол 
жаңа даму сатысына көшкен сайын салық заңдылығының да сол экономикалық саясатқа 
сай өзгертіліп отыруы керек. Сондықтан өзгерістің енгізілуі де заңды. Бірақ, кодекс 
бойынша енді жаңадан енгізілген өзгерістер жылына бір рет енгізілуі тиіс. Енгізілген 
өзгерістер келесі жаңа жылдың басынан бастап күшіне енеді. Бұл ереже біржағынан салық 
төлеушілерге жаңа енгізулерге алдын ала дайындалып, операциялар мен қаржы 
шешімдерін жоспарлауға мүмкіндік берсе, екінші жағынан салық қызметкерлерінің 
жұмысын жеделдетуге және жеңілдетуге көп әсерін тигізеді. 
Салық кодексі 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Ол салық салудың 
ойластырылған құқықтық негізін құрудың түпкілікті міндетін шешуге бағытталған.
Жаңа Салық кодексіндегі салықтардың, салық сипатындағы алымдардың тізбесі 
мыналарды құрайды: 
1.Салықтар: 
1.Корпорациялық табыс салығы 
2.Жеке табыс салығы 
3.Қосылған құнға салынатын салық 
4.Акциздер 
5.Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері 
6.Экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента салығы 
7.Әлеуметтік салық 
8.Жер салығы 
9.Көлік құралдарына салынатын салық 
10.
Мүлік салығы 
11.
ҚР жасалған келісім-шарттары бойынша өнімді бөлу жөніндегі үлесі 
2.Алымдар: 
1.Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым 
2.Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым 
3.Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалынған мәмілелерді 
мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым 
4.Радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік 
тіркегені үшін алынатын алым 
5.Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін 
алынатын алым 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет