Л. С. Выготский бойынша даму сатысы



Дата02.10.2023
өлшемі12,8 Kb.
#112698
Байланысты:
3-лекция выготский (1)



  • Л.С.Выготскийдің мәдени-тариха теориясы.

  • Л.С. Выготский бойынша даму сатысы.

  • Л.С. Выготскийдің кемістік пен оның орнын толтыру туралы ілімі.

  • Қорытынды.

  • Пайдаланылған әдебиеттер.

Выготский Лев Семенович (1896-1934) Көрнекті психолог ғалым. Л.С.Выготский 1896 жылы 5 қарашада қазіргі Витебскі облысы, Орша қаласында (бұрынғы Могилев губерниясы) туған.
Ата-анасы білімді, шетел тілдерін жақсы меңгерген адамдар болған.
Отбасы мен әулетінің тағылымы мен өнегесіне жастайынан қаныққан Выготский өзінін қысқа өмірінде зеректігі мен ынталығына орай ғалым мен өнердің сан-саласынан әр тарапты терең білім алып, өз дәуірінің озық ғалымы және ардақты азаматы болып жетілді.
Л.С.Выготскийдің мамандығы әдебиетші болса да, психология ғылымына ерекше зер салып осы саладағы еңбектерін материалистік ілімінің методологиялық принциптері тұрғысынан іздестіреді. XIX ғасыр аяғы мен XX ғасыр басында қарқынды дамыған бүкіләлемдік психология ғылымының сан-салаларынан жарық көрген шетелдік ғалымдардың зерттеулерін сын көзімен қарап, оларға талдау жасап, XX ғасыр психологаясының дамуына орасан зор үлес қосты. Выготскийдің жан-жақты білімі мен жеке басының дарындылығы психология саласында материалистік көзқарастарна тіректелген жаңа теориялық тұжырымдар жасауға даңғыл жол ашты.
Адамның жан дүниесінің сыр-сипатын терең зерттеген Л.С.Выготский адам психикасының мәдени-тарихи дамуы және «бала психикасының жақын арадағы даму аймағы» дел аталатын тұжырымдарын айрықша атап көрсетуді қажет етеді. Мәдени-тарихи теория туралы Выготский іліміндегі жүйе, ең алдымен, адамның әлеуметтік өміріндегі тіршілік бейнесі қоғамның даму дәрежесіне, екіншіден, ондай даму деңгейі сол әлеуметтік өрістің заттарды ұстап-тұтыну деңгейіне тәуелді, үшіншіден, адамның жарық дүниеге келуінен өмірінің соңғы кезеңіне дейін ұрпақтан ұрпаққа мұра ретінде қалдыратын өмір тәжірибесіне, іс-әрекеті мен мінсз-құлық бейнесіне, бір сөзбен айтқанда, бүкіл жан дүниесінің өзгеріп өрістеуіне, қалыптасуына ықпал етіл отыратым тарихи фактор ретінде қарастырьшады. Сондай-ақ баланың дамуы мен өсіп жетілуі, кәмелетке толып, азаматтық қасиетке ие болуы, кісілік сипаттарының жетілуі де өрістеп отыратын тарихи жағдайларға, әлеуметтік ортаға байланысты.
Л.С.Выготскийдің психология ғылымында ерскше орын алатын теориясы – бала дамуының жақын арадағы аймағы деп аталады.
Бұл теорияның түпкі мәні – баланы тәрбиелеп оқыту, оған білім беріп, дүниетанымын қалыптастыру үнемі онын табиғи даму деңгейінен оздырып отыруды талап етеді. Мұндай талап біріншіден, баланың психикасын, оның жан дүниесінің дамуын, ақыл-ой деңгейін өрістетіп, оны жетілдіруде шама-шарқы жетерлік оқу-білім алуға, оны ездігінен ойлантып-толғантуға, әрбір зат пен құбылыстың мазмұн-мағынасын пайымдап білуіне жетектеп отырады. Бала оқу-тәрбие үстінде өз санасын неғұрлым күрделендіріп, заттар мен құбылыстар арасындағы себепті байланыстарды зерделсп танитын міндеттерге машықтанулары керек.
Егср баланың табиғи дамуында оның психикасы күрделеніп, сана-сезімі жетілетін болса, ал оқу-тәрбие жұмыстары арқылы оның дүниетанымы мен білімінің шеңбері кеңейеді. Оның дамып жетілуі, сыртқы ортадан түйсініп, қабылдаған, көріп білгендерін ой елегінен өткізіп санасының өрістеуіне әсер етуін сыртқы факторлардың (экстериоризация) ішкі факторларга (интерноризация) айналуымен белгіленеді. Осы жайт Выготскийдің адамның мәдени-тарихи дамуы жайындағы теориясының мәнісінен туындайды.
Л.С.Выготский теориясының енді бір ерекшелігі баланың айналасындары адамдармен қарым-қатынас жасауда тарихи тәжірибелерді, тыныс-тіршілік шындығын өзгелердің сөзінен, тәлім-тербие өнегесінен жанамалай үйренуі. Осылайша бала өзінің дербестігін, жеке басының психикалық қасиеттерін өрістетеді, әлеуметтік ортадан меңгерген білімі мен әр алуан мағлұматтары оның ішкі дүниесінің, психикасының дамуындағы ең жоғары қызмет, яғни, болмыстың бала санасындағы бейнелеуі деп аталады.
Бала басынан кешірген әр қилы оқиғалар мен болмысты белгі, таңбалар ретінде танып-біліп, олардың мән-жайын түсінуі оның жан дүниесін байытады, яғни мұндай процесс баланың әрбір нәрсенің мазмұнын өз ойымен, ақылымен пайымдап білуін қалылтастырады. Дамудың осы жолы Выготскийдің айтуынша материалдық (заттық) дүние жоғары психикалық қызмет арқылы мәдени факторға (оның бейнесіне) айналады. Сондай-ақ жаттаудың сөздік-мағыналық еске айналуы, нәрселердің бейнесін көз алдына келтіріп елестету – сол зат жайындағы ойлау әрекетіне алып келеді, немесе бұлар творчестволық қиялға айналады, қарапайым қимыл-қозғалыстар ерікті қимыл-әрекеттерге ауысады.
Жоғарыда айтқанымыздай іші процестердің бәрі сыртқы әсерлер нәтижесінде пайда болып, қайтадан ішкі процесстерге (интериоризацияға) айналады.
Психикалық құбылыстардың пайда болуы туралы осы пікір баланың мәдени дамуыңдағы кез келген қызметтің сыртқы көрінісінін сахнаға шығуы екі түрлі бағытта анық байқалады екен. Оның бірі – әлеуметтік сипатта болса, екіншісі – психологиялық сипатта көрініп отырады.
Даму процесіндегі мұндай психикалық заңдылық алдымен адамдардың өзара қарым-қатынасы арқылы өріс алса, кейіннен оның нәтижелері адамның ішкі көңіл-күйінен жақсы байқалады. «Жоғары психикалық қызметтің даму тарихы» дейтін еңбегінде (1931) Выготский осы пікірін одан әрі жалғастыра түсіп, баланың жоғары психикалық қызметі әлеуметтік ортада ересектермен қарым-қатынас жасау арқылы туындан отырады осы жағдайда ғана оның сана-сезімі өсіп жетіледі. Выготскийдің бұл тұжырымы баланың «жақын арадағы даму аймағы» жайындағы қағидасын негіздеуге тірек болды.
Л.С.Выготский тарихи даму кезендерінде адам психикасының өзгеріске түсіп отыратындығын, әсіресе оның ойлауы мен сөйлеуінің өрістеу сатыларын жан-жақты іздестіреді. Осы тұжырымның мәні 1934 жылы жариялнған «Ойлау мен сөйлеу» деген енбегінде жан-жақты қамтылған.
Л.С.Выготский пікірі бойынша, адамның тұлғасы өзінің енген қарым-қатынастарының кешенді әсерінің нәтижесінде дамиды.
Сонымен тұлға - бұл біріншіден, әлеуметтік қатынас пен саналы әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Екіншіден, бұл индивидтің жүйелі қасиеті, оның қоғамдық қатынасқа енуімен анықталып және де біріккен әрекет пен қарым-қатынаста қалыптасып отырады.
Л.С.Выготскийдің ілімі бойынша, онтогенетикалық даму кезінде бала санасының жүйелік құрылысы өзгереді. Осы теориялық пайымдауды жалғастыра отырып, біз адам тұлғасы да жоғары интерактивтік деңгейдегі тұрақты салыстырмалы психологиялық жүйе екенін мойындауымыз керек. Және бұл жүйенің де өзіндік даму кисыны мен заңдылықтары бар.
Л.С.Выготскийдің мәдени-тариха теориясы: «Баланың мәдени дамуындағы барлық функция сахнаға екі рет, екі тұрғыда алдымен социалдық, интерпсихикалық категория ретінде, кейін психологиялық тұрғыда, интерпсихикалық категория ретінде, алғашында адамдар арасында, кейін баланың ішкі әлемінде көрсетеді» дегенге негізделген. Выготский бойынша барлық ішкі процесстер интериоризацияның өнімі болып табылады: олар баланың ересектер тікелей социалдық контакттарында туындайды, ол кейін оның санасына тұтастай енеді».
Тұлға - бұл қоғамдық-тарихи дамудың өнімі. Адамның қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны, оның орындайтын іс-әрекеті -бұл оның тұлғасының қалыптасуын анықтайтын жағдайлар. Тұлғаның қалыптасуы адамның мінездемесі үшін маңызды орын алады, яғни оның мінез-кұлык пен іс-әрекетінің жоғары саналы формаларын қамтамасыз етіп, оның ақиқатқа байланысты барлық қарым-қатынастарының бірлігін құрайды.
Нәтижесінде адамның кез келген реакциялары және ішкі аффективті өмірінің құрылымы оның әлеуметтік тәжірибе барысында жинақталған тұлғаның ерекшеліктерімен анықталады. Тұлғаның қалыптасуы биологиялық және әлеуметтік факторларға байланысты екені мәлім. Сонымен қатар тұлғаның дамуында негізгі болып - нақтылы тарихи орта саналады. Оқушылардың тұлғасының дамуы - механизмді құрастыратын көптеген ішкі және сыртқы факторларға тәуелді болып келеді.
Л.С. Выготскийдің: "баланың психикасы әлеуметтік табиғатқа...", - деген пікірі осыған негізделеді. Л.С. Выготскийдің айтуы бойынша, баланың тұлғалық дамуы - оның дамуындағы әлеуметтік жағдайлармен байланысты.
Психологияда "жеке тұлға” деген ұғымның әр түрлі түсініктері бар: жеке тұлға – әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері: оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогресс тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және арнайы көрініс табуы арқылы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады.
Әрбір жеке тұлға қасиеттер жиынтығы арқылы әрбір тұлғаның басқа бір тұлғадан айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі бар екенін сипаттайды. "Қасиет ұғымы философияда категория ретінде жалпы ғылымдар аясында түсіндіріледі. Қасиет-зат, қатынас және солар арқылы анықталатын ұғым. Сапа заттың өзіндік сипатын, біртұтастығын бейнелесе, қасиет соның бір көрінісі,”-деп анықтама беріледі .
Психология ғылымы қоғамдық ортадағы қасиеттің мән-мағынасын "индивидке тән психикалық іс-әрекет пен мінез-құлықтың білгілі бір сандық – сапалық деңгейін қамтамасыз етіп отыратын тұрақты түзіліс,”- деп түсіндіреді. Яғни қасиет сөзінің мән-мағынасы кең көлемді қамтитын болғандықтан, тұлғаның даму барысында өзіне тән мінез-құрылымдарымен сипатталаты анық.
Әдетте, адамның мінезі мен темпераментінің ерекше белгілері шығармашылық іс-әрекеті мен қабілеттілігінің өзгешелігі арқылы ерекшеленеді. Ұжымдағы адамдардың тұлғалық қасиеттеріне төмендегіше сипаттама беруге болады.
Тұлғаның даму құрылымы үш бөліктен тұрады. Біріншіден, тұлғаның ақыл-ойын дамыту арқылы санасын жетілдіру; екіншіден, мәдениетті және адамзаттық өркениетті тұлғаның бойына біртіндеп сіңіру; үшіншіден, жеке тұлғаны іс-әрекетке ендіру арқылы өзін-өзі тәрбиелеуге белсене қатыстыру.
Рухани құндылықтар құрамына тұлғалық (жалпыадамзаттық), қоғамдық (әлеуметтік мәнді) және мемлекеттік (ұлттық) құндылықтар алынады. Балалар мен жастардың рухани-адамгершілік жағынан қалыптасуы, өмірге өздігінен даяр болуы, қоғам мен мемлекеттің дамуын қамтамасыз етеді.
Л.С.ВЫГОТСКИЙ БОЙЫНША ДАМУ САТЫЛЫҒЫ
Жасқа байланысты даму - балалық шақта – өзінің бір қатар ерекшеліктерінің салдарынан әр жас сатысында баланың тұлғасын түгел өзгертетін күрделі процесс.
Л.С. Выготскийдің жасқа байланысты кезеңдеуі төмендегідей болады
- жаңа туу кризисі – нәресте кезеңі (2 ай – 1 жас)
- 1 жас кризисі – балбөбек кезеңі (1-3 жас);
- 3 жас кризисі – сәбилік және мектепке дейінгі кезең (3-7 жас)
Л.С. Выготскийдің жасқа байланысты кезеңдеуі төмендегідей болады
- 7 жас кризисі – мектеп жасы (7-13 жас;
- 13 жас кризисі – жеткіншек кезеңі (13-17 жас);
- 17 жас кризисі
Кемістік және оның орнын толтыру
Дамудың біріншілік және екіншілік кемістігі туралы ұғымды Л.С. Выготский енгзді. Алғашқы кемістіктер қандай да бір биологиялық жүйенің (анализаторлар,ми бөліктері) патогендік факторлардың әсерінен органикалық зақымдануы мен жетілмеуі нәтижесінде пайда болады. Екіншілік кемістіктер – бірінші кемістіктерден туындамайтын, бірақ солардың негізінде қалыптасатын (саңыраулардың сөйлеу тілінің бұзылуы, соқырлардың қабылдау және кеңістікті бағдарлау қабілетінің бұзылуы, т.б.) психикалық жетілмеу және әлеуметтік мінез – құлықтың бұзылуы тәрізді сипатқа ие. Кемістік биологиялық негізден қаншалықты алыс болса, соншалықты психологиялық – педагогикалық коррекцияға оңай бағынады. «Элементарлық функциялармен салыстырғанда жоғары функциялар анағұрлым тәрбиге көнгіш болады».
Даму процесінде бірінші және екніші кемістіктер арасындағы биологиялық және әлеуметтік шартты бұзылулар арасындағы қатынастар өзгереді. Егер оқыту мен тәрбиелеу негізгі кедергі органикалық кемістік болса, яғни туынды кемістік бағыты «төменнен жоғары» болған жағдайда дер кезінде коррекциялық – педагогикалық жұмыстар басталмаса, екінші кезекте пайда болған психикалық жетілмеулер мен жеке тұлғалық қалыптың бұзылуы баланың әлеуметтік ортаға деген, өзіне деген кері, жағымсыз көзқарасының қалыптасуында жетекші орын алады. Психологиялық қиын мәселелер шеңберін кеңейте отырып, туынды кемістік барлық элементарлық психикалық функцияларға өзінің кері ықпалын жасай бастайды, патогендік әсерлер «жоғарыдан төмен» қарай бағытталады.
Л.С. Выготскийдің кемістік пен оның орнын толтыру туралы ілімі.
А.Адлерден кейін Л.С. Выготский де функционалдық позициядан алғанда қандай да бір органикалық кемістік баланың кеміс екендігіне дәлел еместігіне назар аударады. Кемістіктің әсері ылғи да екі жақты: бір жағынан, ол ағзаның қалыпты әрекетін қиындатады, екінші жағынан – кемістіктің орнын толтыратын басқа функциялардың қарқынды жетілуіне жағдай жасайды. Л.С.Выготский былай деп жазды: «Жалпыға бірдей бұл заң ағзаның биологиясына да, психологиясына да бірдей қатысты: кемістік минусы компенсация плюсіне айналады».
Психикалық функциялардың кемшілігі мен зақымдануларын компенсациялау тек жанама жолмен жүзеге асырылады. Жанама жолға жататындар – жүйеішілік қайта құрулар (жойылған функциялардың сау компоненттерін пайдалану) немесе жүйе аралы, мысалы, соқырлардың оптикалық заңдылықтарды меңгере алмауы сипап сезумен компенсацияланады (Брайль шрифті).
Л.С.Выготский баланың мәдени дамуының жанама жолынан емдік педагогиканың негізін көреді: «Кеміс баланың өзіндік дұрыс келбеті оның қандай да бір функциясының жоғалуынан қалыптаспайды, сол жоғалған функцияның бала дамуында жаңа бір құрылымдарды туғызатындығынан».

Қорытынды


Психологияда "жеке тұлға” деген ұғымның әр түрлі түсініктері бар: жеке тұлға – әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері: оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогресс тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және арнайы көрініс табуы арқылы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады.
Л.С.Выготский пікірі бойынша, адамның тұлғасы өзінің енген қарым-қатынастарының кешенді әсерінің нәтижесінде дамиды.
Сонымен тұлға - бұл біріншіден, әлеуметтік қатынас пен саналы әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Екіншіден, бұл индивидтің жүйелі қасиеті, оның қоғамдық қатынасқа енуімен анықталып және де біріккен әрекет пен қарым-қатынаста қалыптасып отырады.
Л.С.Выготскийдің ілімі бойынша, онтогенетикалық даму кезінде бала санасының жүйелік құрылысы өзгереді. Осы теориялық пайымдауды жалғастыра отырып, біз адам тұлғасы да жоғары интерактивтік деңгейдегі тұрақты салыстырмалы психологиялық жүйе екенін мойындауымыз керек. Және бұл жүйенің де өзіндік даму кисыны мен заңдылықтары бар.

Пайдаланылған әдебиеттер:



  • Выготский Л.С. Психология личности том.2.М.2000.

  • Асмолов А.Г. Психология личности

  • Жарықбаев Қ. Психология. Алматы: Білім,

  • Намазбаева Ж.И., Психология, оқулық Алматы-2005.

  • Выготский Л.С. Избранные психологические труды.-М.:Институт практической психологии.1995

  • Выготский Л.С. Психология развития человека


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет