Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды



Pdf көрінісі
бет23/25
Дата06.03.2017
өлшемі1,58 Mb.
#7964
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

К. БЕГАЛИНОВА,
ҚазҰТУ, философия  
ғылымының докторы, 
профессор 
Г. ҚАСЫМБАЕВА,
ҚазҰТУ, техника 
ғылымының кандидаты 
ПАЙДАЛАНҒАН ƏДЕБИЕТТЕР:
1. Розин В.М. Философия образования: предмет, 
концепция, основные темы и направления изучения  
Философия образования для ХХІ века. – М., 1992.
2. Назарбаев Н.Ə. Жаңа əлемдегі жаңа Қазақ стан. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ə.На-
зар баевтың  Қазақстан  халқына  Жолдауы  Егемен 
Қазақстан, 2007 жыл 1наурыз.
3. Розин В.М. Философия образования: предмет, 
концепция, основные темы и направления изучения  
Философия образования для ХХІ века. – М., 1992.
4.  Назарбаев  Н.Ə.  Қазақстан  жолы – 2050: Бір 
мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ.  Қазақстан  Рес пуб-
ликасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қа зақстан 
халқына  Жолдауы  Егемен  Қазақстан, 2014 жыл 18 
қаңтар. 
5. Назарбаев Н.Ə. Қазақстанның болашағы қоғам-
ның идеялық бірлігінде. – Алматы: Қазақстан, 1993.
6. Буева Л.П. Человеческий фактор: новое мыш-
ление и новое действие. М.: Знание, 1988. – 64 б. 
7.  Шəкəрім.  Үш  анық. – Алматы:  Қазақстан, 
1991. – 118 б.  
К. БЕГАЛИНОВА. Қазақстандық білім беру жəне тəрбиелеу жүйесінің рухани...

№12    2014    А И АТ
108
108
Кемеңгерлік қасиет Алла Тағаланың адам-
зат  баласына  беретін  сыйы.  Сол  қасиетті 
қадірлеп, оның өрісін кеңейту тұлғаның қасиеті. 
Тұлғаның өз қасиетіне жауапкершілігі алдымен 
халықтың, ұрпақтың өміріне қажет нəрсе. Өзінің 
бойындағы  қабілеті,  қасиеті,  даналығы 
ха лықтың  игілігі  үшін  дарығандығын 
түсінген  адам  Алланың  сеніміне  ие  адам. 
Сондықтан  да,  ата-бабаларымыз  дін  мен 
ғылымның құндылығын, оны халық бойы-
на  таратып  отырған  зиялы  адамдарын 
құрметтеген,  олардың  идеяларын  пайдала-
нып отырған. Ал, халықтың сенімінен шығып, 
елдің  ұйытқысын  сақтап,  рухын  көтерудегі 
тұлғалардың  түсінігі,  өмірлік  ұстанымдары 
діннің  талабынан,  ұлттың  қалауынан  аспаған. 
Ұлттың қалауы дегеніміз – мемлекеттің мүддесі 
деңгейіндегі ұлт қажеттіктері, ұрпақтың рухани 
қажеттіліктері.  Бұл  түркі-қазақ  мəдениетінің 
өрісіндегі зиялылықтың рухын, тарихи дəстүрін 
салмақтай түспек. 
Кемеңгерлер рухы қоғаммен қатар өмір 
сүрсе ел мұратына жетеді. Себебі, кемеңгерлік 
қасиет жоғарыда айтып өткеніміздей халық-
тың ізгі өмірі үшін адамның бойына беріліп 
отырмақ.  Тарихи  уақыттың  қатаң  талабы 
мен  қиын  жолын  таразылап,  ізгіліктің  мəнін 
түсіну, со ған қарай бағыт алу бұл тұлғалардың 
болмысы. 
Түркі-қазақ топырағындағы ізгі қасиет-
тердің  үлгілеріне  толы  даналықтың  дара 
құбылысын  қалдырған  тұлғалардың  бірі 
Қожа Ахмет Иассауи. Сол тарихи уақыттан, 
бүгінгі, біздің заманымызға жетіп отырған,  
қасиетті бабаларымыздың жазып қалдырған 
рухани мұраларының атауының өзі  ұлты-
мыздың  өмір  сүру  дəстүрінің  рухын  бейне-
лейтін  мəндерге  толы.  Ұлттың  рухы  оның 
дүниетанымы мен өмір тəжірибесін тарихи 
жəне  мəдени  ұғымдарда.  Мəдени  ұғымдар 
ұлт тың  тұлғалану  болмысының  көзіне  ай-
налып отыратын тұлғалық идея. Тұлғалық 
идея  кемең гердің  ізгі  қасиеті,  даналығы 
арқылы  келеді.  Ізгі  қасиеттер  негізінде, 
даналық  өрісінде  орын  алған  бабалар  сөзі 
ақиқат  рухын  негіздеп  отыратын  дүние.  
Қазақтың  өмірінде  игі  істің  бағытына 
айналған  дүниетанымдық  ұғымдардың 
идеялық желісі осында.
Қожа  Ахмет  Иассауи  бабамыздың  мұра-
ларына  тоқталсақ  онда  діннің,  сол  арқылы 
адамның,  ұрпақтың  рухын  сақтап  отыратын 
ақиқатты дүниелерді танимыз.
Мінажат қылды міскін Қожа Ахмет,
Иə, Алла, бар пендеңе рақым ет.
Сорлы Ахмет сөзі əркез көнермес,
Жер астына кірсем де мен, ол өлмес.
Əм қор болмас қара жұртта 
 
 
 
қалып та-ай,
Əспеттеген оқыр оны жалықпай.
Оқығанды жебер рухым киелі,
Қиямет күні шапағатым тиеді.
Құдай маған нəсіп етсе жұмағын,
Құлық қойған жұртқа шапқат 
 
 
 
қыламын [1, 20].
Кемеңгерлік, тұлға бойындағы ізгі қасиет-
тер  тарихта  мəңгі  адамзаттың  мұрасына 
айналады.  Алла  Тағаланың  құдіретінің 
ақиқаты тұлға бойындағы əулиелік қасиет 
əр  кез  ұлттың  өмір  сүру  жолында  ұрпақ 
өмірінің мəні мен мазмұнын реттейтін күш. 
Халықтың арман тілегі, өрісті, талғамы биік 
түсінігі, ізгілігі, елдігі тарихта əулие, кемеңгер 
адамдардың дүниеге келуіне себеп болып от-
ырса  керек.  Халқының  ізгі  өмірін,  ұрпақтың 
игілігін  ойлаған  бабаларымыздың  тұлғалық 
деңгейлері олардың өмірінде. 
Дұғада боп жүрсе үнемі бұрыннан,
Өлген кезде беріледі нұр иман.
Хикметтерім кетті тарап жалғанға,
Кім естімей өлсе – сол жан арманда.
Өйткені, ол дертке дəрмен күш берер,
Ден қоймаған кісі бармақ тістелер.
Даналығым – дүниеге жыр дастан,
Дарқандансам, гүлге оранар сырласқан.
Мендік ақыл – өсиет сөз қаласа,
Білмегеннің ой - өрісі аласа [1, 21]. 
Даналық адамның жан азығы, ақыл-ойдың 
қуаты. Даналығын бүкіл ғаламның иесі Ал-
ла ның ақиқатынан бастап өрбіту ол Пай ғам -
барымыздың  жəне  оның  Сахаба ларының 
ізгі  қызметі.  Адамзат  өміріндегі  қасиетті 
адамдардың  ізгі  қызметі  игілік  болып  сақ-
талады. Рухани мұраның игілігі мəңгі ұрпақ 
ырысына, ұлт болмысының рухани өрісіне 
жарап  отырады,  оның  мəңгі  өмір  сүруі 
рухани  мұраның  ақиқатпен  жазылуында, 
ақи қатпен  өлшеніп  отыруында.  «Құранның 
қасиеті»  оның  бойында  барлық  жаратылыс 
бар, жаратылыстың ақиқаты бар. Сондықтанда, 
Алла  Тағаланың  құдіреттілігін,  жаратылыс 
бойындағы  даналықты  біліп,  оның  ұрпақ 
түсінігіне  жеткізудегі  əулие  бабаларымыздың 
қасиеті,  ғалам  жаратылысының  иесі  Алланың 
адамзатқа  берген  ізгілігінің  қасиетін  ұрпақ 
түсінігіне жеткізіп отыруында. 
Ислам діні түркі жұртына өзінің ізгілігін 
таратты.  Исламның  ізгілігі  адамзат  мəде-
ниетінің дамуына ықпал етті. Түркі əлемінде 
ислам  дінінің  өкілдері  қасиетті  тұлғалар 
əулиеліктің рухын қалдырды. Ислам дінінің 
халық  бойына  тегістей  тарап,  оның  ұлт 
мəдениетінің одан əрі дамуына ықпал етуіне 
себеп  болып  отырған  ұлттың  бойындағы 
ТҮРКІ-ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ТАРИХИ КЕҢІСТІГІНДЕГІ 
ҚОЖА АХМЕТ ИАССАУИ ДАНАЛЫҒЫ
Ғалым мінбері

№12    2014    А И АТ
109
109
рухани қасиеттер. «Тəрбиесіз өскен талантқа 
амал жоқ» – деп түркі ғұла ма ларының өздері 
жазып кеткендей,  бірер ғасырдың шеңберінде  
ұлттың бойындағы қасиеттер мен діннің қасие-
тін  қатар  ұғынып  жəне  сақтап  отырған,  оның 
болашағына да қызмет ететін мұраларды қал-
дырған ойшылдар қазақ топырағында кезекпе-
нен дүниеге келіп отырды. 
Рухтың  тірегі  рух,  кемеңгерлік  дана-
лықтың көзі. Зиялылықтан күш алған қоғам 
өмірінде  рух  пен  парасаттылықтың,  сана 
мен ойдың, сенім мен білімнің ар-намыстың 
рухы сақталады. Сондықтанда, Алла Таға-
ланың құдіреті жаратылыс ақиқатын, діннің 
қасиетін насихаттайтын əулие адамдар тарих 
алдындағы борышын адал атқарады. Олар 
ұрпақтың  жан  əлеміне  азық  болуы  үшін 
рухани мұраны келер уақыт ішінен дүниеге 
келетін ізгі адамдарға табыстап отырған
Хикметтерім – шəкірттердің ырысы,
Кірмес миға, болса кімнің кір іші.
Кереметім – келген пəрмен Сұбханнан,
Ұлы түбін Құран десін ұққан жан.
Тағылым сөзім сұлтан ғой бұл ғаламға,
Тақыр шөлді гүлбақ қылар табанда [1, 21]. 
Алла Тағала адам баласын жаратқанда 
оған өзін, халқын, ұрпағын ізгілікке бастап, 
қауымына  қуаныш  əкелетін  игілікті  иеле-
нуге  көп  мүмкіндік  берген.  Соның  негізгісі 
əулие  адамдар.  Бұлар  Алла  Тағаланың  өз 
құлдары  үшін  жаратқан  адамдары.  Осын-
дай құдірет иесінің жолымен жүріп отырған 
əулие бабаларымыздың өмірі, олардың өмір 
сүрген  қоғамы  өз  қасиетін  тарихта  мəңгі 
сақтап отырмақ. 
Адамның  өмірінің  философиясы,  ұлттың 
тағдырынан  туып  отырған  даналық,  бұл 
қасиетті «Құран сөзінен» алынған білім. Жара-
тылыс ақиқатын дұрыс танып білу, адам рухын 
дұрыс қадірлеп отыру, «Құран» білімі арқылы 
ғылымды  дұрыс  игеру  өмірдің  даналығын 
қалыптастырады.  Жаратылыс  рухын,  құдірет 
ілімін, «Құран»  даналығын  ұғыну  үшін  өмір 
болмысындағы  құдіреттілік  даналығын  ұғыну 
бар.  Бұл  дегеніміз  білім  арқылы  ақылды 
жетілдіру. 
Діннің даналығы ұлтты сақтайды, ұлттың 
сақталуы  адамзаттық  құндылықтардың 
сақталуы.  Дін  даналығы  арқылы  ұлттың 
сақталып  отыруы  діни  тұлғалардың  та-
рапынан  өмір  мəндік  құндылықтардың 
насихатталып  отыруында.  Түркілердің 
түсінігінде  өмірдің  мəні  ерлікте,  ал,  ерлік 
дегеніміз отанды қорғау, өзіңнің бойындағы 
жақсы  қасиеттерді  тани  білу.  Ерлік  пен 
жалғасатын  ұлттың  өмірі,  аға  ұрпақтың 
өнегесі халықтың өмір мəндік түсінігі. Ислам 
дінінің  түркі халықтарына тарауы, ұлттың өмір 
мəндік  идеясының    мəнін  тереңдетіп,  өрісін 
кеңейте түскен. Соның бір мысалы Қожа Ахмет 
Иассауи бабамыздың даналығы: 
Хикметімді жайсаң ғашық жаранға, 
Айтың ділі Əминадай адамға.
Қайда көрсең қу менен сұм жалақтап,
Пəк таппадым жеті ықылым адақтап.
Хикметімді аңғарғанға айтыңыз,
Қара қылды қақ жарғанға айтыңыз [1, 21].
Адамның рухани өмірінің, болмысының 
мəнін  айқындап,  рухын  сақтап,  қадір-
қасиетін  арттыратын  имандылық.  Рухани 
адам  халқын  сүйіп  елін  құрметтейді,  бала-
сын елдікке тəрбиелеп, діліне адал болады. 
Ол адамгершіліктің түп қазығы ділінде деп 
түсінген елдің дəстүрі.  Бұндай қоғамда жеке 
адамды  да,  халықты  да  тұлғаландыратын 
қасиеттер ел мен ердің тұтас ұлттық мұраты-
нан бастау алып отырады. 
Ұлттың  мұраты – тəуелсіз  ел  болу.  Ал, 
тəуелсіздіктің  басы  ұлттың,  ұлт  өкілі  же ке 
адамның    рухының  таза,  ой  өрісінің  кең, 
сенімінің  түзу  болуында.  Түркі  кемең-
герлерінің  рухани  мұралары  осы  бағытта 
жазылған.  Қожа  Ахмет  Иассауи  бабамыздың 
өзі де айтып кеткендей, қасиетті мұра ол ұлттың 
қазынасы,  халықтың  игілігі  үшін  жазылған 
дүние.  Сондықтанда,  оның  ең  басты  қызметі 
ұрпақ ішінен зиялылар рухын оятып, оларды ел 
мүддесіне қызмет етуге бағыттап отыруында. 
Зиялылық  адамның  бойындағы  ру-
хани  қасиеттерінің  көрінісі,  сол  рухани 
қасиеттерінің халықты əділеттілік жолына, 
игілікке бағыттап жетелеп отыратын идеяға, 
адам қызметінің тұтас негізіне айналуы. Ар - 
иманға ұйыған адамның рухы, өмірдің мəнін 
ислам  діні  арқылы  түсініп,  кемеңгерлердің 
өсиетінен білім алатын адам зиялылықтың 
қасиетін дұрыс түсініп, талабын тани білмек. 
Зиялылықтың ақиқатын дұрыс тану, бұл адамның 
ұлт  алдындағы,  игілік  жолындағы  тазалығы, 
жауапкершілігі. Сондықтанда, хикметті түсіну 
ол адамнан рухани тереңдікті талап етеді. 
Адамгершілікпен келген білім, иманды-
лықпен  мақсатына  жететін  адам  нағыз 
зиялы  адам.  Зиялы  адам  болу  үшін  зиялы 
өмір қажет. Зиялы өмір ол «Құран сөз дері», 
пайғамбарымыздың  өсиеті,  дінге  адал 
сахабалардың өнегесі. Бұл жөнінде Қожа Ах-
мет Иассауи бабамыз былай деген:
Нағыз ғалым тас тесекте байланар,
Жиһанға ілім жайса, көңілі жайланар.
Өзін білсе – Хақты біліп баққаны,
Құдайдан қорқып, ынсап-ұят тапқаны.
Өсиетімді өңшең дана дүр біліп,
Мақсатына жетсін сөзін жыр қылып.
Хикметім – ісім менен сөзім шын,
Еске тұтсам, Алла, есіркер өзіңсің  [1, 23]. 
Рухани мұра алдымен халықтың жан дүние-
сіне жақын, оның өміріне қызмет етіп отырады. 
Түркілердің  рухы  оның  дүниетанымында, 
өмір сүру салтында жəне оның ғалымдарының 
кемеңгер  болуында.  Шынайы  ғалым  болудың 
басты шарты, түркі зиялыларының ақиқаттың 
мəнін  діннен  танып  білуінде.  Алланың  бер-
ген  мүмкіндіктерін  дұрыс  пайдалану  ғылым, 
сол  ізгілігі  мол  жолға  ғалымның  өзін  өзі 
дұрыс  бағыттай  білуі,  халықтың  ұғымды 
Ү. СƏРСЕМБИН.  Түркі-қазақ мəдениетінің тарихи кеңістігіндегі Қожа Ахмет Иассауи...

№12    2014    А И АТ
110
110
білім  алуына  жағдай  жасай  алуы.  Адамның 
ой  өрісінің  де  шегі  бар,  біздің  көзіміз 
қанша  ұзақтықты  қамтыса,  адам  ойыда 
адамзаттық  кеңістік  пен  уақыттан  аспай-
ды.  Бүкіл  əлем  болмысының  табиғатын, 
ақиқатын  қамтитын  ой,  ақиқат  «Құран 
сөзі». Қасиетті «Құран» сөзінен сабақ алған 
түркі  кемеңгерлері  ғылымның  адамзат 
игілігіне  ортақ  қызметін  дұрыс  пайдала-
нып  отырған.  Ғылым  дамуы  үшін  рухани 
ортаның маңыздылығын көрсете білді. 
Ұлттың рухани ортасын қалыптастыратын 
дін, сол діннен білім алған, ғылым мен ілімді 
қатар  меңгерген  кемеңгер  адамдардың  ізгі 
даналығы  Қожа  Ахмет  Иассауи  бабамыздың 
мұрасының  басты  қасиеті  де  тарихи  мəніде 
осында:
Алла деп алып білім, тəлім көрдім,
Анадан қайта туған сəби болдым.
Арылып күнəсінен пəни жолдың,
Адалдық мақамына қайттым міне [1, 29].
Кемеңгерлер, батыр бабаларымыз жауапкер-
шілікті өздерінен жоғары ұстап, сол жолда ру-
хани тазалыққа, тереңдікке қол жеткізе алған 
адамдар.  Рухани  тазалық  адамның  қасиетін 
сақтап,  кемелін  арттырады,  рухани  тереңдік 
халыққа  да,  ұрпаққа  да  екі  өмірдің  игілігіне 
жол ашатын дүние. 
Адамның жер бетіндегі тіршілік атаулы-
сының  ішінде  жаратушы  иесіне  жақын 
болуының себебі, оның бар күші, бар қасиеті 
жан  əлемінде  болуында,  адам  жанының 
мəңгілігінде.  Адамның  адамгершілігі, 
иманды лық, рухани байлығы, зиялы əрекеті 
алдымен өз жанының өміріне де жағдай жа-
сай білуі. Ол қайырымды болу, ізгі өмір сүру, 
халқыңмен  бір  болу,  имандылықты  өзіңнің, 
ұлтыңның,  адамзаттың  тағдырын  шешетін 
білім  көзі  екендігін  ұғыну.  Ислам  діні  жара-
тылыс  ақиқатын,  адам  өмірінің  мəні  туралы 
идеяларды  нақты  түрде  таратып,  түсіндіру 
үшін  адамзат  баласына  жіберілген  ең  соңғы 
дін екендігін осыдан да ұғына аламыз. Əулие 
бабамыз хикметтерінде былай деген:
Басында əркімнің бұл жалған өтер,
Баянсыз – жатпай жиған малда бекер.
Қарындас, атаң-анаң қайда кетті?
Ағаш ат əлі-ақ бір күн саған жетер.
Хақты сүй, пендешілік қамын жеме,
Кісінің, қыл көпір тұр, малын жеме.
Қарындас қатын - бала кімнен қалмас,
Қожа Ахмет, сынды, сорлы сағың неге?!
Белгісіз қалды енді қанша ғұмырың,
Берік бол, жалғыз Хақты барым де де.
Адамның асыл тегі су мен күл ғой,
Күл болмақ қайта айналып жалын дене? 
[1, 50]. 
Дүниеқұмарлық,  алааяқтық,  жалқаулық 
бұның бəрі неден шығады жəне адамның өмірін 
неге  əкеліп  соқтырады?  Өмірдің  бар  қызығы 
байлықта деп ұғу түптеп келгенде адам санасын 
билейтін нəрсе. Бұндай жағдайда адамның рухы 
əлсірейді, бірлігі ыдырайды, түсінігі тайыздап, 
көзқарасы  өзгеріп  отырады,  түптеп  келгенде 
адам  өзінің  адами  қасиетінен  қол  үзіп  алуы 
мүмкін. Сондықтанда, адамдық мəн оның жан 
дүниесінің негізінде. Қазақ зиялысы Жүсіпбек 
Аймауытов айтқандай, «Əр жұрттың қанына 
біткен өзімшілдік, тұрған жерін, өскен елін, 
өз  тұқымым  басқадан  артық  болса  екен 
деген құрғақ тілек, құрғақ сезім ең төменгі 
дəрежедегі надан адамда да бар. Бұл қасиетті 
сезім  емес;  жерін,  үйірін  сағыну,  жеріне 
тарту хайуанда да бар. Үйренген тамақ, же-
ген жерін жақсы көру – табиғаттың еріксіз 
каноны. Ұлтты сүюдің ең төменгі дəрежесі 
осы» [2, 3].  
Ата  бабаларымыздың  елді  қорғаудағы, 
ұлтына,  адамзат  баласына  ортақ  игілігі  мол 
мұраларды қалдырып отырудағы деңгейі руха-
ни қызметінің терең əрі өрісті келуінде. Оған 
бірғана себеп болатын нəрсе, тарихтағы ұлттың 
тұлғалық қасиеттерінің сақталып отыруы жəне 
ислам  дінінің  пайда  болуы,  тарихи  өмір  мен 
діннің  шарттарын  үйлестіре  алған  кемеңгер 
тұлғалардың  өмір  сүруі.  Түркі  ойшылдары-
нан,  қазақ  билері  мен  жырауларынан  қалған 
даналық дүниелер ұлтты  сақтап отырды. 
Интеллектуалдық  өріс  адамның  діни 
сауат тылығында,  діни  сауаттылықтың 
халық қа  тигізер  пайдасы  адамның  қай 
өмірде  болсада  иман дылықтың  қасиетін 
тани  білуінде.  Адам  өмірінің  мəні  дүние 
болмысының заңдылығы арқылы реттеліп 
өлшеніп отырады. Əулие бабаларымыздың 
қасиеті өмірдің мағынасын, дүниенің болмы-
сының өлшемін даналықпен түсінді руінде.
Түркілік  дүниетаным  өрісі  өзінің  терең 
мағынадағы  жан-жақты  қырларымен  ерек-
ше,  мифологиялық,  діни,  ғылыми  жəне 
философиялық білімдерге, мəдени жəдігерлерге 
толы.  Ата-баба  рухын  құрметтеп,  оның  дəс-
түрін  жалғастыру  түркілердің    ұлттық  мəде-
ние тінің  белгісі.  Ұлы  тарихты  жасаған  түркі 
батырларының,  ғұлама  ғалымдарының, 
əулие  ойшылдарының  дүниелері,  түркілік 
философияның қалыптасу негіздері мен даму 
өрісін сақтап отырған.  
Үмбетхан СƏРСЕМБИН,
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе 
өңірлік мемлекеттік университетінің, 
Əлеуметтік-саяси пəндер 
кафедрасының меңгерушісі.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР:
1.  Иассауи  Қожа  Ахмет.  Даналық  кітабы. 
Алматы:  Халықаралық  Абай  клубы, 2009. – 
312 бет. 
2.  Жүсіпбек  Аймауытов.  Ұлтты  Сүю // 
Ақиқат №6, Маусым, 2013.
Ғалым мінбері

№12    2014    А И АТ
111
111
ЗАМАНХАТ
Міржақып ДУЛАТОВ. Латын қарпіне көшу туралы....1-3
Алдан ƏЙІМБЕТОВ. Бізге намыс жетпей тұр...............2-3
МАДИЯР. Қош келдің, Наурыз!........................................3-3
Мұстафа ШОҚАЙ. Ұлттық еркіндік жəне 
азаттық жолы................................................................4-3
Əлихан БӨКЕЙ ХАН. Қазақтың Қазақстаннан 
басқа Отаны жоқ....................................................................5-3
Ахмет БАЙТҰР СЫН ҰЛЫ. Сөзі жоғалған жұрттың 
өзі де жоғалады......................................................................5-3
Міржақып ДУ ЛАТ ҰЛЫ. «Боламыз» деген соң болуға 
аянбай қам қылу керек.............................................................5-3
Ғалалдин МАМИКОВ. Біздің  қазақ баласына не қылғанда 
басқа жұрттарға теңелуі хақында біраз кеңес......................6-3
Мұстафа ШОҚАЙ. Көрнекі тағылық..............................7-3
Тіл туралы заң қабылданар алдында..................................8-3
Қазақ жайы.............................................................................9-3
Мұстафа ШОҚАЙ. Ресейдегі ұлттық мемлекет 
мəселесіне орай....................................................................10-3
Жүсіпбек  АЙМАУЫТОВ. Қазақтың өзге ше мінездері.....11-3
Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ. Қазақ өкпесі............................12-3
ЖОЛДАУҒА – ҚОЛДАУ
Мұхит БЕКМЫРЗАҰЛЫ. Мəңгілік ел – жайдан-
жай айтыла салған сөз емес.................................................3-9
Сқақ НҰРМҰХАНБЕТОВ. Білім биікке самғатады...3-10
Марат НАДЫРОВ. Келешегіміз кемелді бол мақ........3-10
ҰЛЫТАУДАН ӨРГЕН ҰЛАҒАТ
Жаңабек ЖАҚСЫҒАЛИЕВ. «Қазақ тарихын сүю – 
қазақ халқын сүю!».............................................................11-5
Ғарифолла ЕСІМ. Ұлытау – билік ордасы.................12-10
Көпсекбай ТӨЛЕБАЕВ, Д. ЖАЙНАҚОВ, Ш. 
ӨТЕПБЕРГЕН. Халыққа қарата айтыл ған сөз....12-16
ЕЛБАСЫ ЖƏНЕ ЕЛМҰРАТЫ
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: 
бейбітшілік, руханият жəне келісім мəдениеті....................5-5
Н. НАЗАРБАЕВ. Ұлытау төріндегі толғаныс......................9-5
Н. НАЗАРБАЕВ. Ел алдында еңселі міндеттер тұр.....10-5
МЕМЛЕКЕТШІЛДІК – САНА  
СТРАТЕГИЯСЫ
Жарас СЕЙІТНҰР. Қазақ мəдениетін кім зерттесе 
тиімді болмақ?......................................................................6-65
ІЗГІЛІКТІ ҚОҒАМҒА БАРАР ЖОЛДА
Н. НАЗАРБАЕВ. Тəуелсіз Қазақ стан ның жеті қазынасы......1-5
Н. НАЗАРБАЕВ. Еуразиялық одақ идеясынан – Еуразиялық 
интеграцияның кемелденген көкжиегіне..............................6-4
Алик АЙДАРБАЕВ. Еліміздің дамуы мен халық тұр мы-
сының сапасын көтеру – ортақ мүдде.................................9-10
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ. Нұрлы жол – болашаққа 
бастар жол......................................................................12-4
ҚАЗАҚСТАН 2050:  МƏҢГІЛІК ЕЛ
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ. Қазақстан жолы – 2050: 
Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ.....................................2-5
Қазақстан халқы Ассамблеясының ел азаматтарына үндеуі.....2-14
Самат ЕСҚАЛИЕВ. Ұлы мақсаттарға жете лейтін Жол дау...2-15
Гүлмира СҰЛТАНБАЕВА. Қазақстандық «электронды 
демократия» мəселелері жəне болашағы............................2-17
Серік ПІРƏЛИЕВ. Ұлт болашағының ұлы жолы..........3-4
Х. ƏБЖАНОВ. Ұлттық идея – кемел келешектің кілті......4-5

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет