Л1 Инклюзивті білім беру пәні және мақсат-міндеттері


Л 12 Психологиялық-педагогикалық консилиум



бет9/9
Дата11.10.2024
өлшемі24,6 Kb.
#147737
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
DOC-20230123-WA0005

Л 12 Психологиялық-педагогикалық консилиум
Инклюзивті білім беруді енгізу және дамыту жағдайында заманауи білім берудің тиімді дамуы, әр білім алушының ерекшеліктерін, оның психологиялық-дене дамуының ерекшеліктері мен жеке қажеттіліктерін ескере отырып баланың жеке бағытын және оны кәсіби қолдау жолдарын анықтай білуді талап етеді. Білім беру ұйымдарында және командадағы мұғалімдердің іс-әрекетін үйлестіруде, психологиялық-педагогикалық консилиумдар (ППк) құру ұсынылады. Білім беру мазмұнын жаңарту аясында ППк барлық дерлік білім беру ұйымдарында жұмыс істейтінін атап өту қажет. Бірақ оның қызметінің жүйесі барлық білім беру ұйымдарында бірдей нақты емес. Кейбір мектептерде, бала бақшаларда немесе колледждерде консилиум мамандарының командалық кешенді жұмыс атқаруына әкімшілік тарапынан қажетті қолдау көрсетілмейді, сол себепті ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің нәтижелі болу жауапкершілігі жекелеген маманға немесе мамандарға (педагог-психолог, дефектолог немесе логопед) жүктелуі мүмкін. Психологиялық-педагогикалық консилиум – бұл ең алдымен психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі мамандарының кәсіпаралық ынтымақтастығының түрі, яғни білім алу және тәрбие процесінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаға көмек көрсету стратегиясын бірігіп жасайтын барлық педагогтар ұжымы. Кеңесші орган ретінде консилиумның негізгі мақсаты – жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие процесіне енгізілген балаларды қолдау стратегиясын анықтап және түзету-дамытушылық жұмыстарын жүргізудің жеке жоспарларын әзірлеп қана қоймай, баланың дәстүрлі ортаға әлеуметтенуіне, неғұрлым жоғары деңгейде әлеуметтік бейімделуіне арналған шаралар мен жолдарды анықтау. Консилиум: – білім беру ұйымының барлық педагогтік ұжымына – бала тұлғасын барлық параметрлерін (психологиялық және психикалық дамуын, дамуындағы әлеуметтік жағдайды, денсаулық жағдайын, педагогикалық әрекеттердің оңтайлылығын) есепке алу арқылы қарастыруға, сонымен қатар әр білім алушының мүддесіне қарай оқу-тәрбие процесіне қатысушы субъектілердің арасында міндеттер мен жауапкершілікті бөлу арқылы қолдаудың жалпы бағдарламасын белгілеуге мүмкіндік береді; – сынып жетекшісіне – қарым-қатынастың ерекше тәсілдерін қажет ететін бала туралы білетінін, сол баламен қарым-қатынаста болатын консилиум қатысушыларына жеткізу; – педагог-психологқа – оқыту мен тәрбиелеудің неғұрлым жақсы жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында, баланың танымдық және эмоциялық жағдайларына әділ баға беру арқылы және оның білім алуға талпынысын есепке ала отырып әр педагогқа жеке бағдарлама әзірлеуге көмек көрсету; – әкімшілікке – балаға көмек көрсетудің біріккен стратегиясын әзірлеу барысында оқу-тәрбие процесіне қатысушы педагогтардың, психологтардың және басқа да субъектілердің күшін үйлестірге мүмкіндік бередіу. Команданың құрамына: білім беру ұйымының әкімшілігі, мұғалімдер, арнайы педагогтар (психолог, логопед, дефектолог мұғалім, әлеуметтік педагог), медицина қызметкерлері, ата-аналар, қоғамдық ұйымдардың, қамқоршылық кеңестің және серіктес ұйымдардың өкілдері, жасөспірімдер ісі бойынша инспектор кіреді. Психологиялық-педагогикалық консилиум іс-әрекеттің келесі бағыттарын жүзеге асырады: 1. ықтимал «қауіп тобын» анықтау мақсатында консилиумның барлық мамандары білім алушылардың скрининг-диагностикасын жүзеге асыруды ұйымдастырудың іс-шараларын өткізу; 2. ықтимал «қауіп тобы» балаларының ішінен психологиялық-физикалық ауытқулары немесе білім беру бағдарламаларын меңгеруде қиындықтары бар балаларды анықтау; жеке диагностика өткізу және бала проблемасының мәнін анықтау; 3. даму ерекшеліктері бар білім алушылар үшін жеке түзете-білім беру бағдарламаларын әзірлеу, білім беру бағытын таңдау; 4. қолдаудың жеке бағдарламаларын жүзеге асыру, түзете-дамытушылық іс-шараларын жүзеге асыру, кеңес жұмысының бағыттарын анықтау; 5. психологиялық-педагогикалық қолдаудың нәтижелілігін қадағалау. Аталған бағыттар бойынша әр педагог (сынып жетекші, пән мұғалімдері, логопед мұғалім, педагог-психолог, дефектолог мұғалім, әлеуметтік педагог) өзінің мамандану саласын ескере отырып жұмыс істейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет