Label компоненті Label компоненті информацияны шығару үшін қолданылатын компонент. Көптеген қасиеттері TextBox компонентінің қасиеттеріне ұқсайды. Бұл компоненттің TextBox объектісінен өзгешеліктері: мұнда қосымша орындалғанда тексті редакциялауға болмайды; Бұл объектіні батырма ретінде де пайдалануға да болады Label өзіне тән қасиеттері: Caption — жазу орнату. AutoSize — объектінің шекара өлшемдерін жазудың ұзындығына байланысты горизонталь бағытта автоматты түрде соза алатын бульдік шама WordWrap — шекара өлшемдерін вертикаль бағытта созу.