Өлшеу нәтижелерін өндеу 1. Потенциалдың нөлдік Потенциалы бар электродтан қашықтыққа тәуелділік графигін φ(r) тұрғызыңыз.
2. Зерттелетін өріс картинсында күш сызықтарын салыңыз.
3. Өрістің 2-3 нүктелері үшін φ(r) графигінің r оське әр түрлі көлбеуліктегі таңдар алынған бөліктерінде элекростатикалық өрістің керенулік мәні (6) формула бойынша анықтаңыз.
4. Жұмысты қорытындылау үшін зерттеліп отырған өріске талдау жасаңыз: күшті электр өрісі аймағы қай жерде орналасқанын анытаңыз және ол өріс картинасы мен грфигінде қалай көрінеді?
Бақылау сұрақтары: 1. Эквипотенциал беттің анықтамасын беріңіз, оның қасиеттері қандай?
2. Өрістің күш сызықтарының қасиеттерін анықтаңыз.
3. Электростатикалық өрістегі зарядқа әсер ететін күш негі тәуелді?
4. Біртекті электростатикалық өріске тән қасиеттер қандай?
5. және шамаларының байланыс теңдеуін жаз.
6. , , векторларының қасиеттерін пайдаланып, күш сызықтар қалай жүргізіледі?
7. Зерттелетін өрістің картинасында эквипотенциал және күштік сызықтар қалай жүргізіледі?
8. Потенциал градиенті венкторының қасиеттерін пайдаланып, күш сызықтарының бағытын қалай анықтайды?
9. Зерттелетін электростатикалық өрістің нүктелеріндегі кернеулікті қалай анықтайды?
10. Электр тізбегінде мультиметрлің атқаратын ролі қандай?
№2 Зертханалық жұмыс. Конденсатордың сыйымдылығын анықтау Мақсаты: Конденсатордың электр сыйымдылығын өлшеу әдістерімен танысу.
Құрал-жабдықтар: кернеу генераторы, мультиметрлер,<Ток генераторы >,<Кілт>,эталон сыйымдылығының <Конденсатор>, белгісіз сыйымдылықтағы <Конденсатор> миниблоктары.
Кіріспе Конденсатордың сыйымдылығын анықтаудың бірнеше әдістері бар. Бұл жұмыста сыйымдылықты өлшеу конденсатордың Q заряды, оның сыйымдылығы С және конденсатордың астарларының арасындағы потенциалдар айырмасы арасындағы қатынасқа негізделген: