Мультиметрлер блогы
Мультиметрлер блогы қоректендіру көзі мен тілшелі вольтметрі бар екі цифрлық врольтметрден тұрады. «Сеть» тумблері мультиметрді қосады (мультиметрлерді қоректендіру көзіне).
Мультиметр тұрақты және айнымалы кернеу, тұрақты және айнымалы токтар, кедергілер, сыйымдылық және температураны өлшеуге арналған. Мультиметрдің жалпы көрінісі 3 суретте көрсетілген.
3 сурет. Мультиметрдің жалпы көрінісі:
1- дисплей;
2- қорек көзін ажыратқыш;
3- транзисторларды тексеруге арналған ұяшық;
4-режимдерді айырып- қосқыш (4 сурет);
5-термопараны қосуға арналған орындар;
6-сыйымдылықты қосуға арналған орын;
7- ток, кернеу, кедергіні өлшеу үшін кірістер (5 сурет.)
5 сурет. Мультиметрдің өлшеуіш кірістері:
10А – токты 10А дейін өлшеу кірісі;
mA- токты 200 mA дейін өлшеу кірісі;
COM- жалпы кіріс (жер);
VΩ- кернеу мен кедергіні өлшеу кірістері:
Приборды қолдану кезінде келесі ережелерді сақтау маңызды:
1.Өлшенетін шаманы таңдау үшін режимдерді айырып - қосқышты бұрамай тұрып, өткізгіш сымдарды тізбектен ажыратыңыз;
2. Егер өлшенетін шаманың мәні алдын - ала белгісіз болса, режимдерді айырып - қосқышты ең үлкен мәнге сәйкес етіп қойыңыз;
3. Дисплейде «1» цифры көрінсе, өлшеу диапазоның арттыру қажет.
Назар аударыңыз!
Егер режимдерді айырып - қосқыштың орны 40 минут бойы өзгермесе, мультиметр автоматты түрде өшіріледі. Жұмысты ары қарай жалғастыру үшін 2 батырмасын 2 рет басады (3 сур. қара).
Кернеуді өлшеу
Бір өткізгішті СОМ кірісіне, екіншісін VΩ кірісіне қосыңыз. Режимдерді айырып- қосқышты тұрақты кернеуді өлшеу үшін V... жағдайына (1 аймақ), талап етілетін өлшеу диапазонына байланысты айнымалы кернеуді өлшеу үшін V ~ (II аймақ) жағдайына қойыңыз. Кернеу өлшенетін электр тізбегінің нүктелеріне өткізгіштерді жалғаңыз. Айнымалы және тұрақты кернеуді өлшеу диапазондары U=0.2; 2; 200; 700 B. Өлшеу қателігі 1,2 % құрайды.
Токты өлшеу
Бір өткізгішті СОМ кірісіне, екіншісін mA (A) немесе 10А (үлкен токтарды өлшеу үшін) кірісіне қосыңыз. Режімдерді айырып- қосқышты тұрақты токты өлшеу үшін А...жағдайына (4 сур. Қара, V аймақ), немесе талап етілетін өлшеу диапазонына байланысты айнымалы токты өлшеу үшін А~(IV аймақ) жағдайына қойыңыз. Ток өлшенетін электр тізбегінің нүктелеріне өткізгіштерді жалғаңыз.
Айнымалы токты өлшеу диапазондары I=20; 200мА; 10 А және тұрақты токты өлшеу диапазондары I=2; 20;200мА; 10А. Өлшеу қателігі 2% құрайды.
Кедергіні өлшеу
Бір өткізгішті СОМ кірісіне (5 сур.), екіншісін VΩ кірісіне қосыңыз. Режимдерді айырып-қосқышты талап етілетін өлшеу диаразонына байланысты Ω жағдайына (4- сур. қара, VI аймақ) қойыңыз. Кедергі өлшенетін электр тізбегінің нүктелеріне өткізгіштерді жалғаңыз.
Кедергіні өлшеу диапазондары R=200 Ом; 2 кОм; 20 кОм; 200 кОм;
2 МОм; 20 МОм; 200 МОм. Өлшеу қателігі 1 % құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |