Зертханалық кешені
Кешен кернеу генераторлары блогынан, жинақтау алаңынан, мультиметрлер блогынан, өрістерді модельдеу блогынан, миниблоктар жиынтығынан және электродтары бар әлсіз өткізгіш пластиналар жиынтығынан құралады.
Кернеу генераторларының блогының жалпы көрінісі 1 суретте көрсетілген. Блок арнайы пішіндегі кернеулер генараторы мен тұрақты кернеу генараторынан (реттегіші бар тұрақты кернеу көзі және екі реттегіші жоқ тұрақты кернеу көзін тұрақтандырғыш көздерден) тұрады.
1- сурет. Кернеу генераторларының блогы:
1-арнайы пішінді сигналдар генератордың қызып кету индикаторы;
2- «0...+15 В» реттегіші бар тұрақты кернеу көзінің қызып кету индикаторы; 3-«+15 В» тұрақтанған кернеудің қызып кету индикаторы;
4-«-15 В» тұрақтанған кернеудің қызып кету индикаторы;
5- жиілік индикаторы;
6-таңдап алынған пішіндегі сигнал индикаторы;
7- исциллографтың синхрондау шығысы (төртбұрышты сигналдар «+5 В»);
8-сигнал пішіндерін ауыстыру батырмалары;
~ - синусоидалы;
- биполяр импульстер «-15В...+15В»;
- «0...+15В» униполяр импульстер;
9- арнайы пішінді сигналдар генераторының шығысы; Арнайы пішіндегі сигналдар генераторының шығыс сигналы- синусоидалыб жиілігі 500Гц, шығыс сигналының амплитудасы 0 – 15 В;
10 - арнайы пішінді сигналдар генераторы сигналының амплитудасын реттеу батырмалары;
11- жиілікті 50 Гц-тен 20000 Гц-ке дейін реттеу батырмалары;
12-«0...+15В» ретегіші бар тұрақты кернеу көзі, рұқсат етілетін максимал ток 0,3А;
13-нөлдік шығыс (жер);
14-тұрақты кернеу қондырғысының батырмалары;
15-«0...+15 В» реттегіші бар кернеу көзінің шығысындағы тұрақты кернеу индикаторы;
16 - «+15 В» тұрақтанған кернеу, рұқсат етілетін максимал ток 0,3А
17 - нөлдік шығыс (жер);
18 - «-15 В» тұрақтанған кернеу, рұқсат етілетін максимал ток 0,3А;
19 - генераторлар блогының бастапқы қондырғысының батырмасы: тұрақты кернеу көзінің шығыс сигналы (12)-0В;
20- қоректендіру ажыратқыш.
Достарыңызбен бөлісу: |