ФЕРРОМАГНЕТИК ҚАСИЕТТЕРІН ГИСТЕРЕЗИС ТҰРҒЫЗАТЫНЫҢ КӨМЕГІМЕН ОҚЫП ҮЙРЕНУ
МАҚСАТЫ: магниттік гистерезис тұзағының параметрлерін анықтау,магниттелудің негізгі қисығын және µr(H) графигін тұрғызу,ферромагнетиктің қайда магниттелуінің меншікті энергиясын есептеу.
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: арнайы пішіндегі кернеу генераторы, осциллограф,мультиметр, реостат,тоқ интеграторы,ферромагнетик миниблоктары.
К і р і с п е
Ескерту:№ 8 жүмыстың кіріспесін оқу міндетті.
Ферромагнетикті айнымалы ток өрісімен магниттегенде В=f(H)
тәуелділігін гистерезис тұзағын құрайды. Тұзақтың ауданы Нmax магнит өрісінің кернеулігінің амплитудасынмен анықталады. Нmax=Hsболғанда тұзақтың ауданы ең ұлкен,мұндағы Н5 –мүлгінің қанығу мәніне дейін магниттелетін өрістің екернеулігі. Бұл шектік тұзақ 1 суретте тұтас сызықпен көрсетілге. Амплитуда кіші (Hmax5 )болса,ауданы кіші гистерезис тұзағы пайда болады. Мұндағай дербес циклдер үзік сызықтармен көрсетілген. Кернеулік Н5 –тан арттыру В-ң Н-қа сызықтық тәуелділігін береді.
Шектік тұзақ пен дербес циклдардың ұштары магниттелудің негізгі қисығында жатады. Осы ұштарының координаталарын анықтап, №8 жұмысқа көосетілген магниттелудің нгізгі қисығын тұрғызуда және µr(H) есептеуге блады.
Гестерезистің шектік тұзағының графигі бойынша ферромагнетиктің келесі сипаттамаларын анықтайды:
Нs және Вs магниттік қавнығу нүктесінің параметірі;
1-сурет. Гистерезис Вr – қалдық магнит индукциясы;
Нc – КОЭРЦИТИВТІ КҮШТІҢ МӘНІ;
Феромагнетикті қайта магниттеу нәтижесінде ішкі энергияға айналатын энергия шыгынымен байланысты ω-ферромагнетиктің қайта магниттелуінің меншікті энергиясын есептеу.
Магнетиктің бірлік көлемін қайта магниттеуге жұмсалған энергия
гистерезис тұзағымен шектелген аудан арқылы анықталады.
Сонымен,зерттелетін үлгінін гистерезис тұзағынын көмегімен магниттелудің негізгі қисығын B=ƒ(Н), µr=ƒ(Н) магнит өтімділігінің магнит өрісінің кернеулігіне тәуелділік графигін тұрғызуға және ферромагнетиктің Hs,Bs,Br,Hc параметрлерін,ферромегнетиктің қайта магниттелуінің ω меншікті энергиясын есептеуге болады.
Өлшеулер әдісі
Бұл жұмысты гистерезис тұзағын осциллограф экранында бақылайды.Егер осциллограф горизанталь ауытқыш пластиналарына(X кірісі) H магнит өрісінің кернеулігіне уақыт бойынша пропорционал өзгеретін,ал вертикаль ауыткыш пластиналарына(У кірісі) В магнит өрісінің индукциясына пропорционал өзгеретін сигнал берсе, онда сәуле осциллографтың экранында B=f(H) гистерезис тұзағын сызады.
Ферромагнетик материалдан жасалған тороид пішіндегі зерттелетін үлгі екі катушка орамдарынан тұрады: бірінші реттік орамда (магниттеуші) орам, ал екінші реттік орам орамы бар) В магнит индукциясы шамасын анықтау үшін қолданылады.
2 сурет. Электр сызбасы : 1 – арнайы пішндегі кернеу генераторы; 2 - кедергісі бар «Реостат» миниблогы; 3 – мультиметр (режім А~20мА, кірістер СОМ, mA); 4- бірінші және екінші реттік орамдары бар тороид; 5 – «Ферромагнетик» миниблогы; 6 – демпфирлеуші кілт; 7 – ток интеграторы;
8 – «Ток интеграторы» миниблогы;
- осциллографтың Х кірісіне берілетін кернеу =~I~H;
- осциллографтың Y кірісіне берілетін кернеу =~Q~B;
Достарыңызбен бөлісу: |