Гипоаллергенді диета тағайындалады. 3-4-ші дәрежесінде ұнтақталған тағам немесе парентеральды тамақтану тағайындалады.
Жүйелі ГКС жоғары дозада (1000-3000мг/тәул преднизолон) қолданылады. Препараттар тіндердің септикалық асқынуы мен перфорациясы қаупіне байланысты индивидуальды тағайындалады. Септикалық аурулардың 12-14-ші апталарға сәйкес келеді, бұл кезде ГКС дозасын төмендетеді, кей жағдайда тіптен тоқтатады.
Интенсивті инфузиялы терапия жасалады 3-4 дәрежесінде 6-8л сұйықтықты орталық гемодинамиканы, диурез, қышқыл-сілтілі жағдайды бақылай отырып енгізеді. Балаларда – 30-50 мл/кг тәулігіне.
Қан препараттарымен (альбумин, нативті плазма) немесе Ig (сандоглобулин, пентаглобин, октагам) 3-4 ауырлық дәрежеде қолданылады.
Қан препараттарымен (альбумин, нативті плазма) немесе Ig (сандоглобулин, пентаглобин, октагам) 3-4 ауырлық дәрежеде қолданылады.
7-10 тәулікте агранулоцитоз дамуы мүмкін, бұл кезде донор қанын немесе лейкоцитарлы масса құяды.
3-4 ауырлық дәрежесінде кең спектрлі АБТ тағайындалады.
Плазмаферез, гемосорбция, гемодиализ қатаң көрсеткіштер кезінде және гемодинамиканы тұрақтандырып алған соң қолданылады. Бұл кезде адекватты орын плазмамен немесе Ig –мен алмастырушы терапия жүргізіледі.
Симптоматикалық терапия: Антигистаминді препараттар, антикоагулянттар, дезагреганттар, диуретиктер, протеаза ингибиторлары, жүрек гликозидтері қолданылады.
Науқасқа күтім жасағанда стерильді жағдай тудыруға тырысады, ашық тәсіл қолданылады. Экссудативті компоненттер болған жағдайда ерітінділермен құрғатып дезинфекциялайды, жақпамайларды қолдануға болмайды.

Көздің кілегей қабатын тәулігіне 6 рет өткізу қажет (3 рет гидрокортизон жақпамайы және колларголмен, көзге 3 рет дексаметазонды көз ерітінділерін тамызады.)
Ауыздың кілегейлі қабатын реополиглюкинмен, сутегі асқын тотығымен өңдейді, эпителизация болғанда итмұрын және облепиха майларын қолданады.
Жыныс-зәр жүйесінің кілегей қабаттарының солкосерил және гидрокортизон жақпамайларымен тәулігіне 3-4 рет өткізеді.