Лапчик М. П. и др. Методика преподавания информатики



Pdf көрінісі
Дата09.01.2017
өлшемі435,65 Kb.
#1504

67 

кеңістіктегі  орнына  жəне  уақыттың  айырмашылыққа  қарамастан  интернет  арқылы  қарым-қатынас 

жасалады;  оқу  материалы  сипаттаудағы,  əсіресе  динамикадағы  құрылыстарды  моделдеудегі 

көрнекіліктің жоғарылайды;   ақпараттық технологиялардың дамып келе жатқан барлық интерактивті 

мүмкіндіктері қолданылады. 

 

Əдебиеттер: 



1.  Бочкин А.И. Методика преподавания информатики. -Минск: Вышэйшая школа, 1998. 

2.  Малев В.В. Общая методика преподавания информатики. – Воронеж: ВГПУ, 2005. – 271 с 

3.  Лапчик М.П. и др. Методика преподавания информатики. – М.: Академия, 2001. – 624 с. 

4.  http://www.ispring.ru/products.html 

 

 

АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР 



 

Бектурганова А.О., оқытушы; Омарова А.О., оқытушы; Эм Т.В., оқытушы 

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 

Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы 

 

Мақалада  жаңа  заман  білім  беру  жағдайында  кəсіби  білікті  маман  даярлау  мақсатында  жаңа  ақпараттық 



технологияларды  пайдалану  мəселелесі  қарастырылған;  оқу  процесі  кезінде  ақпараттық  технологиялардың 

пайдалану тəсілдері мен ерекшеліктері сипатталған. 



Кілтті сөздер: ақпараттандыру, ақпараттық технологиялар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, 

оқу процесі, дағдылар, құзыреттіліктер. 

 

Қоғам  дамуының  қазіргі  заман  кезеңі  белсенді  ақпараттандыру  процесімен  сипатталады.  Адам 



іс-əрекетінің  барлық  салаларында  ақпараттық  технологиялардың  рөлі  біртіндеп  өсті,  адамдардың 

ақпарат пен оны өңдеу, сақтау жəне пайдалану құралдарында қажеттілігі ұлғаюда. Ақпаратты қажет 

ету құбылысынң өріс алуы дəстүрлі ақпарат тасымалдаушылармен қатар қолданылатын электрондық 

ақпарат жəне коммуникациялық технологиялардың пайда болуына əкеліп соқтырады [1, 3].  

Қоғамның  ақпараттануы – глобальды  əлеуметтік  процесс;  оның  ерекшелігі  сонда,  қоғамдық 

өндіріс саласында іс-əрекеттің басыңқы түрі болып микропроцессорлық жəне есептеу техникасының 

қазіргі заман құралдары негізінде, жəне ақпаратты алмастырудың əр түрлі тəсілдері базасында жүзеге 

асырылатын ақпаратты жинақтау, өндіру, өңдеу, сақтау, тасымалдау жəне пайдалану табылады. 

Қазіргі  заман  қоғамының  ақпараттандыру  үдерісінің  басым  бағыттарының  бірі  болып  білім 

беруді  ақпараттандыру,  яғни  білім  беру  жүйесіне  жаңа  ақпараттық  технологиялардың  құралдарын 

ендіру, табылады. Бұл төмендегі нəтижелерге əкеледі:  

-  ғылыми-педагогикалық  ақпараттың  автоматтандырылған  қорларын,  ақпараттық-əдістемелік 

материалдарды,  коммуникациялық  жүйелерді  пайдалану  негізінде  білім  беру  жүйесін  басқару 

тетіктерін жетілдіру;  

-  қоғамды ақпараттандырудың қазіргі заман жағдайларында білім алушының тұлға дамуының 

міндеттеріне  сəйкес  келетін  оқыту  мазмұнының,  білім  берудің  ұйымдастыру  формаларының  жəне 

əдістердің əдіснамасы мен стратегияларын жетілдіру;  

-  білім  алушының  интеллектуалдық  мүмкіндіктерін  дамытуға,  білімдерді  жинақтау, 

ақпараттық-оқыту,  тəжірибелік-зерттеу  іс-əрекетін,  ақпаратты  өңдеу  бойынша  жеке  іс-əрекетінің  əр 

түрлі  тəсілдерін  жүзеге  асыру  бойынша  дағдыларды  дамытуға  бағытталған  оқытудың  əдістемелік 

жүйелерін құрастыру; 

-  компьтерлік тестілеу, диагностика, бақылау жəне бағалау жүйелерін құрастыру жəне пайдалану.  

Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінің саясатында айтарлықтай өзгерістер орын алуда, бұл 

тұлғаға  бағытталған  педагогика  ұстанымына  ауысумен  байланысты.  Міндеттердің  бірі  болып  білім 

беру  процесінің  барлық  қатысушыларының  мүмкіндіктерін  ашу,  олардға  шығармашылық 

қабілеттіліктерін  таныту  мүмкіндіктерін  ұсыну  табылады.  Жоғары  мектеп  алдына  мақсат  етіп  екі 

немесе одан көп тілдерді меңгерген, қазіргі заманғы ақпараттандырылған қоғам жағдайында кəсіптік 

құзыреттіліктердің қажетті деңгейін меңгерген кəсіби білікті маманды даярлауды қойды. Аталғанның 

барлығы кəсіби білікті, шығармашылық жəне инновация тұрғысынан ойлай білетін маманды даярлау 

барысында қазіргі заман инновациялық-білім беру құралдарын пайдалануды қажет етеді.  

Оқытылатын  тіл  елінде  болып  көрмей,  шетел  тілінде  тілдік  қарым-қатынас  құзыреттіліктерін 

меңгеру өте қиын. Сондықтан оқытушы сабақ үстінде жұмыс істеудің түрлі əдістері мен тəсілдерін 

пайдалана  отырып,  шынайы  жəне  ойдан  құралған  тілдесім  жағдайларын  ұйымдастыруы  тиіс. 

Ре

по



зи

то

ри



й К

ар

ГУ



68 

Мұндағы алдына қоятын мақсат – студенттің шетел тілдерін оқыту барысында танымдық іс-əрекетін 

жандандыру.  Ынтымақтастықта  оқыту,  жаңа  ақпараттық  технологиялар  мен  Интернет  көздерін 

қолдану арқылы жоба əдісі секілді жаңа əдістемелер білім берудегі тұлғаға бағытталған ұстанымды 

жүзеге  асыруда  септіктерін  тигізеді,  студенттердің  қабілеттіліктерін,  алған  білімдерінің  деңгейін, 

дағдыларын, 

қызығушылықтарын 

ескере 


отырып, 

оқытудың 

жекешеленуін 

жəне 


дифференциациялауын қамтамасыз етеді [1, 115 б.].  

Əлемдік  ақпарат  кеңістігінде  неғұрлым  сəтті  бағытталу  мақсатында,  студенттер  ақпараттық 

мəдениетті меңгеруі қажет, сонымен қатар  компьютерлік-экрандық мəдениетті де меңгерген абзал, 

себебі күннен күнге ақпаратты іздестіруде басымдылық интернетке беріледі. 

Компьютерлік  құралдардың  жəне  телекоммуникация  желілерінің  дамуымен  байланысқан  жаңа 

ақпараттық технологиялардың пайда болуы білім беру жүйесін дамыту мен жетілдіру негізі ретінде 

сапалы жаңа ақпараттық-білім беру ортасын құрастыруға мүмкіндік берді. [2, 28-30 б.].  

Ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар  оқытудың,  бақылау  мен  оқыту  процесін 

басқарудың қуатты құралы болып табылады, себебі ол – қазіргі заманғы əлеуметтік-мəдени жүйесінің 

ең  маңызды  көрсеткіші  болып  табылады.  Интернет-көздері – басқа  елдер  мен  халықтардың 

мəдениетімен  таныс  болу,  қатынасу,  ақпарат  алу  секілді  іс-əрекеттердің  үйреншікті  жəне  ыңғайлы 

құралы,  білім  беру  процесінің  сарқылмас  қайнар  көзі.  Дəл  сол  себептен  жаңа  ақпараттық 

технологияларды  пайдалану  арқылы  шетел  тілін  оқыту  əдістерін  реформалаудың  жүйелік  тəсілі 

негізінде  дамытушылық  оқыту  жүйесімен  тығыз  байланыста  қарастырылатын  ақпараттық-оқыту 

тұжырымдамасы жатыр.  

Ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды қолдану  ақпаратты іздестіру  жəне  тасымалдау 

процесін  едəуір  жылдамдатуға,  ойлау  іс-əрекетінің  сипатын  өзгертуге,  адам  еңбегін 

автоматтандыруға мүмкіндік береді. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың негізі болып, 

компьютерлік  құралдар  негізінде  құралған  жəне  ақпаратты  сақтау,  өңдеу  жəне  қашықтыққа 

тасымалдауды  қамтамасыз  ететін  аппараттық-бағдарламалық  жəне  ақпараттық  көздер  ретінде 

қабылданатын,  ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер табылады. [3, 33-36 б.].  

Ақпараттық  жүйе  ретінде  Интернет  өз  пайдаланушыларына  ақпарат  пен  ақпарат  көздерінің 

көптүрлілілігін ұсынады. Негізгі жиынтықтың ішіне төмендегілер кіруі мүмкін:   

- электрондық пошта (e-mail); 

- телеконференциялар (usenet); 

- видеоконференциялар; 

- өзінің ақпаратын жарыққа шығару; 

- өз үй парақшасын (homepage) құрастыру жəне оны Web-серверге тіркеу;  

- ақпарат көздеріне рұқсат; 

- анықтамалық каталогтар (Yahoo!, LookSmart,); 

- ақпаратты іздеу жүйелері (Alta Vista, HotBob, Open Text, WebCrawler);  

- желіде тілдесім (Chat). 

Аталған  мүмкіндіктер  ағылшын  тілі  сабағында  белсенді  түрде  қолданыла  алады.  Тілдесім 

практикасы болмай, тілдесім жəне мəдениетаралық құзыреттіліктерді меңгеру мүмкін емес, Интернет 

көздерін  шетел  тілі  сабақтарында  пайдалану  осы  жағдайда  мүмкін  емес:  Интернеттің  виртуалды 

ортасы  уақыт  жəне  кеңістік  шеңберінен  тыс  шығуға  мүмкіндік  береді,  оның  пайдаланушыларына 

шынайы  сұхбаттасушылармен  екі  жақ  үшін  де  өзекті  тақырыптар  бойынша  түпнұсқалық  тілдесім 

орнатуға мүмкіндік береді. Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, шетел тілдерін үйрену 

студенттерге  Интернет  желісінде  өтетін  сұрақ-жауап  сайыстарына,  байқауларға,  олимпиадаларға 

қатысуға, басқа елдерде тұрып жатқан құрдастарымен қатынасуға, видеоконференцияларға қатысуға, 

т.б.  мүмкіндік  береді.  Білім  алушылар  оларды  толғандыратын  мəселеге  байланысты  кез  келген 

ақпаратты  таба  алады,  ол:  лингво-елтанушылық  материал,  танымал  адамдардың  өмірінен 

жаңалықтар, газет пен журналдардан алынған мақалалар, қажетті əдебиет, жəне т.б.  

Алайда,  Интернет  тек  білім  берудің  көмекші  қосымша  техникалық  құралы  екендігін  есте 

сақтаған жөн. Тиімді нəтижелерге жету үшін оны оқыту үдерісіне сауатты түрде енгізу қажет.   

Интернет ресурстарын пайдалану тəсілі ретінде сабақтарға қатысты материалдар іздестіру болып 

табылады.  Интернетте  табылған  материалдарды  пайдаланудан  басқа,  тікелей  Интернет  желісінде 

құрастырылған сабақтарды өткізуге болады.  

Интернет  көмегімен  шетел  тілін  тікелей  оқыту  келесі  түбегейлі  ережелерге  сай  келуі  тиіс:  əр 

білім  алушының  жеке  бас  практикасы,  интерактивтілік  тəсілі  көмегімен  оқытушының  басқаруы, 

тиімді кері байланыс, сабақтардық ұжымдылығы, жеке жұмыс түрлерінің əр алуандығы.  Оған қоса, 

келесі  басты  əдістемелік  принциптерді  жүзеге  асыру  өте  маңызды:  коммуникативтілік,  саналылық, 

Ре

по

зи



то

ри

й К



ар

ГУ


69 

білім  алушылардың  ана  тілін  тірек  ету,  көрнекілік,  жағымды  эмоционалдық  айнала.  Оқыту 

мақсатында  Интернеттің  белгілі  бір  сайтын  пайдалану  мақсатында,  ол  сайт  жоғарыда  аталған 

талаптарға сай болуы тиіс.  

Көп  сайттарда  құрастырушыларымен  кері  байланыс  мүмкіндігі  қарастырылған.  Интернеттің 

көмегімен  білім  беру  барысында  студенттер  бойында  нақты  мəселе  бойынша  ақпаратты  іздестіруді 

жүзеге асыру, оларды оқу, аудару жəне баға беру, конспектілеу, электрондық пошта арқылы жіберу 

үшін  хат  жазу,  түрлі  көзқарас  пен  пікірлер  тарапынан  ойды  жеткізу  көмегімен  баяндама  немесе 

мақала жазу дағдылары мен құзыреттіліктері қалыптасады. Интернет көмегімен шетел тілінде оқуға 

тиімді  оқытуды  ғана  емес,  сонымен  қатар  білім  берудің  коммуникативтілігін  жүзеге  асыруға 

мүмкіндік береді. Кейде қағаз түріндегі оқулықтардың көмегі жеткіліксіз. Одан басқа қағаз оқулыққа 

қарағанда мəтендер мен тапсырмаларды жылдам түзету мен өзгертуге жақсы мүмкіндік туады.  

Шетел тілдерін оқытуда төмендегі ақпараттық технологиялардың элементтері аса кең таралған: 

интерактивті  тақталар;  экомпьютер  мен  мультимедиялық  проектор  көмегімен  көрсетілетін 

электрондық  оқулықтар  жəне  оқу  құралдары;  суреттер  мен  суреттемелер  сақталған DVD жəне CD 

дискілер;  видео  жəне  аудиотехника;  интерактивті  конференциялар  мен  байқаулар;  алыстан  оқыту 

материалдары; ғылыми-зерттеу жұмыстары мен жобалары; алыстан оқыту.  

Шетел  тілін  оқытуда  ақпараттық  технологияларды  пайдалану  студенттерге  кəсіби  біліктілікті 

дамыту  мақсатында кең ауқымды жаңа  ақпарат көлеміне  рұқсат  беерді.  Компьютерлік құралдарды, 

Интернет  желісінің  ақпарат  көздері  ақпараттық  құзыреттіліктердің  жоғары  деңгейін  дамытуға, 

техникалық  ғылымдарға  жаңа  көзқарасты,  шетел  тілінде  кəсіби  ойлауды  қалыптастыруға,  пəндерді 

оқуға деген қызығушылықты арттыруға септігін тигізеді. 

Жаңа  заман  күнделікті  өмірде  жəне  кəсіби  салада  шетел  тілдерін  практикалық  меңгеруге 

анағұрлым  жоғары  талаптар  қояды.  Ақпарат  көлемі  өсуде,  оны  тасымалдау,  сақтау  жəне  өңдеудің 

қарапайым  тəсілдері  тиімсіз  болып  есептеледі.  Ақпараттық  технологияларды  пайдалану  оқыту 

құралы ретінде компьютердің үлкен мүмкіндіктерін аша түседі.  

Компьютерлер  ағылшын  тілін  оқытуда  білім  алушылардың  танымдық  іс-əрекетін  жандандыру 

жəне  оқытуды  индивидуализациялау  бойынша  оқытушылардың  мүмкіндіктерін  кеңейтеді,  оқыту 

процесін  білім  алушылардың  жеке  қабілеттіліктеріне  сəйкестендіруге  мүмкіндік  береді.  Əр  студент 

өз ырғағына қарай жұмыс істеуге мүмкіндік алады, яғни материалды меңгеруге қажетті көлемін жəне 

жылдамдығын таңдай алады.   

Ағылшын  тілі  сабақтарында  компьютерлерді  пайдалану  оқу  процесінің  қарқындылығын 

арттырады.  Компьютерлік  оқыту  барысында,  дəстүрлік  білім  беру  жүйесі  жағдайымен 

салыстырғанда,  анағұрлым  көп  материал  меңгеріледі.  Оған  қоса,  компьютерді  қолдану  арқылы 

алынған материал терең меңгеріледі. 

Компьтердің  тағы  бір  артықшылығы – оқу  процесі  кезінде  статистикалық  ақпаратты  жинақтау 

мүмкіндігі. Статистикалық деректерді өңдей отырып (қателер саны, дұрыс/қате жауаптар саны, көмек 

сұрай саны, əр тапсырманы орындауға кеткен уақыт, жəне т.б.), оқытушы студенттердің білімдерінің 

қалыптасу дəрежесі мен сапасына баға бере алады.  

Компьютер  «жауап  беруден  қорқу»  сияқты  кері психологиялық фактордан  босататынын  айтып 

кеткен  жөн.  Дəстүрлі  сабақтар  кезінде  түрлі  факторлар  (айтылудағы  қателер,  қате  жасаудан  қорқу, 

дауыстап  пікірін  білдіре  алмау,  т.б.)  көп  студенттердің  шынайы  білімдерін  көрсету  мүмкіндігінен 

айырады.  Ал  компьютер  экранымен  «көзбе-көз»  қалған  кезде  студент  əдетте  қысылмай,  білімдерін 

анағұрлым жан-жақты танытуға тырысады.  

Ағылшын  тілі  сабағында  студенттердің  жеке  жұмысын  ұйымдастыруда  да  компьютерлердің 

көмегі зор. Студенттер компьютерді жеке тақырыптарды оқып түсіну үшін ғана емес, сонымен қатар 

өз білімдерін тексеруге де пайдалана алады.   

Компьютердің  өзі,  дұрыс  жауап  алмайынша,  кез  келген  тапсырмаларды  бірнеше  рет  қайталай 

алатын, ақыр соңында тиісті білімді бекітетін ең шыдамды педагог.   

Ағылшын  тілін  оқытуда  жаңа  технологияларды  пайдалану  студенттердің  бойында  қорытынды 

нəтижеге бағыттала отырып, білім алу іс-əрекетін өз бетімен жоспарлау жəне ұйымдастыру, бағалау 

жəне түзету секілді дағдыларды қалыптастырады. Студенттер шешімдерді қабылдауға, саналы түрде 

таңдау жасап, оған жауапты болуға үйренеді; оларда ақпараттық кеңістікте жұмыс жасау, ақпаратты 

өз бетімен іздеп, таңдау жəне талдау дағдылары мен қабілеттіліктері, қажетті тілдік жəне əлеуметтік-

мəдени құзыреттіліктері қалыптасады.  

Шетел  тілдерін  оқытуды  жанды  шығармашылық  процеске  айналдыратын  жаңа  ақпараттық 

технологияларды пайдаланудың зор педагогикалық əлеуеті бар. Алайда, оқу процесіндегі компьютер 

– механикалық ұстаз емес, оқытушының орынбасары немесе көшірмесі емес, ол студенттерге білім 

Ре

по

зи



то

ри

й К



ар

ГУ


70 

берудегі оқытушының оқыту іс-əрекетін күшейтетін жəне кеңейтетін құрал. Осылайша компьютер өз 

алдына оқытушыға, ешбір компьютер жүзеге асыра алмайтын, шығармашылық іс-əрекетті орындауға 

мүмкіндік береді.  

 

Əдебиеттер: 



1.  Сысоев,  П.В.  Информатизация  языкового  образования:  основные  направления  и  перспективы  [Текст] 

/П.В. Сысоев// Ин. языки в школе. – 2012. - №2.  

2. Якиманская И.С. Личностно ориентированное обучение в современной школе. – М.: Сентябрь, 1996.  

3. Алексеева, Л. Н. Инновационные технологии как ресурс эксперимента/ Л. Н. Алексеева// Учитель. - 2004. 

- № 3.  

4. Бычков, А. В. Инновационная культура/ А. В. Бычков// Профильная школа. - 2005. - № 6.  

5.  Артамонова  Л.А.,  Архипова  М.В.,  Ганюшкина  Е.В.,  Делягина  Л.К.,  Золотова  М.В.,  Мартьянова  Т.В. 

Инновации  в  обучении  английскому  языку  студентов  неязыковых  вузов // Инновации  в  образовании  Вестник 

Нижегородского университета им. Н.И.Лобачевского. – 2012. 

 

 



 

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ ЖƏНЕ ОНЫҢ ХАЛЫҚТЫҚ 

ПЕДАГОГИКАМЕН САБАҚТАСТЫҒЫ 

 

Белгібаева Г.Қ., п.ғ.к., доцент; Михалькова О.А., п.ғ.к., доцент;  



Айтжанова Р.М., п.ғ.к.,  доцент; Бейсенбекова Г.Б., п.ғ.к., доцент 

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 

Қарағанды қ., Республикасы Қазақстан 

 

Бұл мақалада бейнелу өнерінің түрлері  жəне оның халықтық педагогикамен сабақтастығы қарастырылып 



жəне де халықтық сəндік-қолданбалы өнердің тəлім-тəрбиелік мəні дəріптеледі. 

Кілтті сөздер: сыршырай, кескіндеме-сурет, мүсін монументті өнер, сəндік-қолданбалы өнер 

 

Адамның  рухани  дамуына  тікелей  əсер  ететін,  оның  көркемдік  туралы  талғамын,  өмір 



шындығына  деген  эстетикалық  қатынасын  қалыптастыратын  өнер  түрлерінің  бірі-бейнелеу  өнері. 

Өйткені  ол-айналамыздағы  қоршаған  өмір  шындығын,  қоғам,  адам  өмірінде  өтіп  жататын  оқиғалар 

мен  құбылыстардың  бар  болмысын  жазықтық  бетінде  немесе  кеңістікте  көркем  бейнелер  арқылы 

көрнекті кескіндеп, баланың көруі арқылы түйсіне, сезіне алатын өнер. 

Бейнелеу өнерінің өзіне тəн ерекшелігі мен мазмұндық мəні – суретші мен көрермен арасында 

қатынас орнататын «сенімдік» көркем бейнелі тілі. Кез-келген туындыдағы көркем бейнелер «үнсіз», 

«қимылсыз»  болғанымен,  көрерменнің  ойы  мен  түйсіну  сезіміне  əсер  етеді,  шығарма  мазмұнынан 

қажетті  қорытынды  жасауына  ықпалын  тигізеді [1]. Бейнелеу  өнері  тындыларының  адам  сезіміне, 

түйсігіне эмоциялық əсер ету дəрежесі оның жалпы танымдық, тəрбиелік мəнділігіне, шығармадағы 

ойдың  мəн-мазмұнының  тереңдігіне,  суретшінің  бейнелеу  мəнерлік  құралдарын  ұтымды,  əсемдік 

заңдылықтарына сай, үйлесімді қолдана білуіне тікелей байланысты. 

Бейнелеу  өнерінің  түрлеріне:  сыршырай,  кескіндеме-сурет,  мүсін  монументті  өнер,  сəндік-



қолданбалы өнер жатады. Əрбір өнер түрінің өзіне тəн мəнерлік жəне бейнелеу  құралдары, жеке дара 

ерекшеліктері  болғанымен  «Бейнелеу  өнері», - деген  атауға  біріктіретін  ортақ  белгі  сол  нақтылы 

бейнелеу арқылы қоршаған өмір шындығының көркемдік бейнесінің жасалуы. 

Сыршырай - бейнелеу  өнерінің  ең  көп  тараған,  неғұрлым  бай  əрі  толысқан  түрі.  Сыршырай 

өнерінің басты бейнелеу құралы - бояулары мен олардың реңктерінің үйлесімділігі. Бояу түстерінің 

суретпен тығыз байланысын нəтижесінде сыршырай өнері қоршаған өмірдің бай болмысының мəнін 

айшықтап  көрсете  білуге  мүмкіндік  береді.  Дегенмен,  ол  бояу  түстері  мен  реңктерінің 

жарасымдылығы бейнеленетін мысалдардың пішіндеріне, пропорциялық үйлесімділігіне, жарық пен 

көлеңкенің зат формасын айқындауына да байланысты. 

Картиналық  жазықтықта,  автор  өз  ойын  көрерменге  толық  жеткізу  үшін  алған  нысандарын 

шығарма  мазмұнына  орай  компазициялық  үйлесімде  орналастыра  білуі,  жазықтық  бетінде 

перспектива  заңдылықтарына  сүйене  отырып,  көру  тереңдігін  дəлелді  бейнелеу  білуі-бейнелеу 

өнерінің көркемдік мəнерлі құралдары болып табылады. 

Сыршырай  өнерінің  кез  келген  жанрының  шығармалары,  міне,  осы  айтылған  мəнерлік 

құралдарды  əр  жанрдың  өзіндік  мазмұн  ерекшеліктеріне  қарай  ұтымды  пайдалануды  талап  етеді. 

Сыршырай  өнерінің  негізгі  жанрлары  мыналар:  табиғат  көріністерінің  бейнесі;  натюрморт  (табиғи, 

тұрмыс  заттарының  белгілі - бір  мазмұнға  қарай  үйлесімді  жиынтығын  бейнелеу);  портрет  (белгілі 

Ре

по

зи



то

ри

й К



ар

ГУ


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет