Латын әдеби тілінің даму кезеңдерімен байланысты



Дата18.10.2023
өлшемі74,4 Kb.
#118020
Байланысты:
ҚЛЫШБЕК ҚЫМБАТ 6 апта әлем әд


Грек әдебиетінің алғашқы ескерткіштері б.з.б. УІІІ ғасырға жатса, ал рим әдебиетінің алғашқы жазба ескерткіштері б.з.б. ІІІ ғасырға жатады. Рим әдебиеті әлемдік аренаға грек әдебиетінен 400-500 жыл кейін шықты.
Рим әдебиеті ғасырлар бойы дамыған грек әдебиетінің жетістіктерін пайдаланып, өз әдебиетіне сіңдіріп, соның нәтижесінде өзіндік, дамыған әдебиетін қалыптастырды. 
Рим әдебиетінің даму кезеңінің басынан-ақ грек әдебиетінің күшті ықпалы болғаны сезіледі. Проф.И.М.Тронский рим әдебиеті латын тілінде жазылғандықтан, оның даму кезеңін латын әдеби тілінің даму кезеңдерімен байланысты қарастыру қалыптасқанын айта келе, осы тұрғыдан келгенде рим әдебиеті:
І. Ежелгі кезең – Римде грек үлгісі бойынша әдебиет пайда болғанға дейін (б.з.б. 240 жыл)
ІІ. Архаикалық кезең – Цицеронның әдеби шығармашылығы басталғанға дейінгі кезең (б.з.б. 240-81 жылдар).
ІІІ. Рим әдебиетінің алтын ғасыры:
а) Цицерон уақыты – рим прозасының гүлденуі (б.з.б. 81-43 жылдар);
б) Август заманы – рим поэзиясының гүлденуі (б.з.б. 43-14 жылдар).

Бірақ, И.М.Тронскийдің өзі рим әдебиетінің тарихын жазу барысында екінші принципті ұстанады. Яғни, рим әдебиетінің даму тарихын рим мемлекетінің тарихи кезеңдерімен байланыста алып қарастырады да, төмендегідей кезеңдерге бөледі:

  • І. Республика дәуірінің әдебиеті:
  • 1) Әдебиетке дейінгі кезең (б.з.б. 240 жыл);
  • 2) Ежелгі рим әдебиеті (полистің қалыптасуы мен гүлденуі б.з.б. ІІ ғасырдың ортасына дейін);
  • 3) азаматтық соғыстар кезеңіндегі әдебиет (б.з.б. ІІ ғасырдың аяғынан бастап б.з. 30-жылдарға дейін).

ІІ. Империя дәуірінің әдебиеті:
1) Империя басталуы кезіндегі әдебиет («Август дәуірі», б.з. 14 жылға дейін);
2) Императорлық рим әдебиеті:
а) б.з. І ғасыр мен ІІ ғасыр басындағы әдебиет
ә) кейінгі рим әдебиеті (б.з. ІІ-ІУ ғғ)
Плавттан кейінгі рим комедиясын өркендетуші, ежелгі римнің ірі ақыны Квинт Эннийдің бағытын жалғастырушы, комедиограф – Публий Теренций. Теренцийдің бүркеншік аты – Афр болды. 
Оның бұлай аталуының да өзіндік себебі бар. Құлдың отбасынан шыққан Теренцийдің туған жері – Африканың Карфаген қаласы болатын. Бала күнінде сенатор Теренций Луканның сарайында құлдықта жүреді. Сенатор Теренций Луканның осы бір сүйкімді әрі ақылды балаға ықыласы түсіп, оған «Теренций» деп өз есімін береді. 
Публий да өз кезегінде өнерге, соның ішінде сөз өнеріне жақын болатын. Баланың бойындағы зеректігі мен алғырлығын, білімге деген құштарлығын байқаған адамгершілігі мол сенатор оған өз заманына сай білім беріп, бостандыққа жібереді. Өте талантты жас қоғамның жоғарғы топтарының арасында беделді әрі танымал болады. Ол гректердің бай әдеби мұраларын жақсы білді.

Теренций әдебиетте комедия жанрын таңдады. Оның артында біздің дәуірімізге дейін толық жеткен 6 комедиясы сақталды. Бірақ комедиограф шығармалары өз дәуірінде өзіне лайықты бағасын алған жоқ. Теренцийдің әдебиеттегі қарсыластары бұл комедиялардың авторы – африкандық босқын емес, Сципион мен Лелий. 

  • Теренций әдебиетте комедия жанрын таңдады. Оның артында біздің дәуірімізге дейін толық жеткен 6 комедиясы сақталды. Бірақ комедиограф шығармалары өз дәуірінде өзіне лайықты бағасын алған жоқ. Теренцийдің әдебиеттегі қарсыластары бұл комедиялардың авторы – африкандық босқын емес, Сципион мен Лелий. 

Бірақ ол екеуіне сахна төрінде көрінуге болмайтын болғандықтан, оны Теренций атынан жариялап отырған. Теренций тек екі арадағы делдал ғана деп танып, қалың жұртшылыққа неше түрлі әңгімелер таратты. 
Бірақ Теренций бұл жағдайларға көңіл бөліп, мән берген жоқ. Себебі, ол Сципион өмір сүрген қоғам туралы, оның ерекшеліктері мен кемшіліктері жөнінде жазған еді. Теренций Плавттың жолын жалғастырушы болды дегенмен, Теренций комедия жанрында эллиндік драматург Менандр шығармашылығына ерекше көңіл бөліп, басты назарда ұстады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет