Лауазымдық міндеттері



бет7/12
Дата26.10.2022
өлшемі77,65 Kb.
#45418
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;
жеке тұлға психологиясы, дифференциалды балалар және жас ерекшеліктері, әлеуметтік, медициналық психология, балалар нейропсихологиясы, патопсихология, психосоматика;
педагогикалық этиканың нормалары;
дефектология, психотерапия, сексология, психогигиена, кәсіптік бағдар, мамандану және еңбек психологиясы, психодиагностика, психологиялық кеңес беру және психопрофилактика негіздері;
белсенді оқыту, әлеуметтік-психологиялық қарым-қатынас әдістері;
жеке және топтық кеңес берудің, диагностика мен баланың дамуын түзетудің заманауи әдістері,
еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
74. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Педагогика және психология" бағыты бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе бейіні бойынша жоғары медициналық білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің жоғары немесе орта деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 5 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-шебер үшін кемінде 5 жыл.
Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог":
заманауи психологиялық әдістерді қолдану керек;
балалармен диагностикалық, түзету жұмыстарын жүргізу;
балалардың эмоционалды әл-ауқатын, тиімді дамуын қамтамасыз ету;
білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлау және ұйымдастыру;
педагогикалық ұжым мен ата-аналарға психологиялық білім беруді жүзеге асыру;
2) "педагог – модератор":
"педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
жеке психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, балалармен жұмыс жүргізу;
балалармен, педагогтармен, ата-аналармен проблемалық (стандартты емес) жағдайларда жұмысты ұйымдастыру;
ересектердің балалармен қарым-қатынасын қамтамасыз ету және реттеу;
әлеуметтік бейімделудің белсенді әдістерін қолдану;
ата-аналар мен педагогтарға консультациялық көмек көрсету;
3) "педагог – сарапшы":
"педагог-модератор" біліктілігіне, сондай-ақ:
әр түрлі профильдер мен мақсаттардағы психологиялық диагностиканы жүргізу, балалармен жеке жұмыс жүргізу;
шығармашылық топты басқару, психологиялық – педагогикалық қызметтің өзекті мәселелері бойынша конференцияларға, семинарларға қатысу;
мектеп жасына дейінгі балаларды психологиялық қолдау бойынша ұсыныстар әзірлеу;
тәлімгерлікті жүзеге асыру және білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын айқындау, аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтау;
4) "педагог-зерттеуші":
"педагог-сарапшы" біліктілігіне, сондай-ақ:
психологиялық тексеру және диагностика деректерін ескере отырып, мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасау бойынша психологиялық-педагогикалық бағдарламаларды дербес әзірлеу, психологиялық қорытынды жасау және түзету жұмыстарын жүргізу;
әдістемелік құралдар, Оқу-әдістемелік кешендер әзірлеу;
психологиялық-педагогикалық жұмысты ұйымдастырудың инновациялық тәжірибесін енгізу;
балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру бойынша педагогтерге көмек көрсету;
аудан, қала деңгейінде психологиялық - педагогикалық қоғамдастықта тәлімгерлікті жүзеге асыру және даму стратегиясын айқындау, облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде тәжірибені жинақтау;
5) "педагог-шебер":
"педагог-зерттеуші" біліктілігіне, сондай-ақ:
РОӘК-те мақұлданған, авторлық бағдарламасы болуы немесе шығарылған оқу-әдістемелік құралдардың, оқу-әдістемелік кешендердің авторы (тең авторы) болуы;
тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен республикалық және халықаралық кәсіптік конкурстардың қатысушысы болу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет