Лбу-300 бұрғылау шығырын пайдалану технологиясы



Дата28.01.2023
өлшемі48,38 Kb.
#63431
Байланысты:
ЛБУ-300 бұрғылау шығырын пайдалану технологиясы


ЛБУ-300 бұрғылау шығырын пайдалану технологиясы

Бұрғылау шығыры бұрғылау құбырлары тізбегі көтеріп-түсіру, ұстап тұру, бұрғылау кезінде жайлап жіберіп отыру жəне шегендеу құбырларын түсіру үшін қолданылады. Кейбір жағдайларда лебедканы қозғалтқыштар қуатын роторға жеткізу, құбырларды бекіту, ашу, ауыр жүктерді сүйреп тарту жəне де басқа қосалқы жұмыстарды атқаруда қолданылады. Лебедка бұрғы қондырғысының ең негізгі агрегаттарының бірі.


Бұрғылау шығырына түсетін салмақ циклділігімен сипатталады. Бұрғы ілмегін көтергенде күш қозғалтқыштардан лебедкаға көтерілсе, түсіру кезінде керісінше лебедканың тежегіш тетіктері барлық бос энергияны жылуға айналдырады. Тəл блогын көтеру кезінде қуатты дұрыс пайдалану үшін, лебедка трансмиссиясы немесе оның жетегі əр түрлі жылдамдықпен жұмыс істеуі қажет. Лебедка көтеру кезінде жоғарғы жылдамдықтан төменгісіне жəне керісінше, тез қосылуы тиіс. Бұрғылау тізбегін көтеру кезінде, тізбек салмағына қарай лебедка жылдамдығы ауыстырылып, қосылып орнатылады. [8]
Бұрғылау шығыры: тербелмелі подшипниктерге отырғызылған көтеру жəне трансмиссиялық біліктер, таспалы жəне гидравликалық немесе электр тежегіштер орналасатын рамадан жəне басқару пультінен тұрады.
Бұрғылау шығырлары білік санына қарай бір, екі, үш білікті болып бөлінеді. Біліктер арасындағы кинематикалық байланыс шынжыр берілістер арқылы іске асырылады. Көтеру білігі – бұрғы лебедкасының негізгі білігі, кейбір лебедкалар үшін ол тек біреу ғана. Көтеру бөлігіне шынжыр беріліс жұлдызшаларынан басқа, тəл арқанын орау үшін барабан, таспа тежегіш жəне гидравликалық немесе электр тежегіштер білігін қосушы муфта орналастырылады. Трансмиссиялық жəне аралық, (катушкалы) біліктер көтеру білігі мен лебедка жетегі арасындағы кинематикалық байланысты іске асырады. Кейбір жағдайларда трансмиссиялық білікті, роторға айналым беру үшін жəне қашауды өздігінен жіберетін тетікті лебедкаға қосу үшін қолданады. Аралық білікке, көтеру білігіне айналым беруші шынжыр беріліс жұлдызшаларынан басқа кейбір жағдайларда жүк сүйретіп тарту, көтеріп-түсіру кезінде құбырларды ашу, бекіту үшін арнайы катушка қойылады. Кейінгі кезде бұл жұмыстарды атқару үшін қосалқы лебедка жəне пневматикалық ашқыштар қолданылады.
Бұрғылау шығыры екі түрлі тежегіштермен жабдықталады: таспалы, гидравликалық немесе электр тежегіштер. Таспалы тежегіштер құбыр тізбектерін көтеріп ұстау, түсіру жылдамдығын реттеу, толық тоқтату, бұрғылау кезінде қашауды жіберіп отыру қызметтерін атқарады. Бұрғылау шығырлары екі таспалы қолмен жəне пневматикалы басқарылатын тежегіштер мен жабдықталады. 1-суретте бұрғы лебедкасының таспалы тежегіш схемасы көрсетілген.

Сурет 1- Бұрғылау шығырының тежегіш схемасы


Екі тежегіш таспа (3) лебедка барабанының шкивіне қапсыра ұстатылған. Таспаның жүгірмелі шеті (6) екі таспа арасындағы күшті реттеуші, теңестіруші бұранда арқылы жалғанады. Келуші шеті (8), таспа шетінің сол жағына орналасқан басқару тұтқасы (1) жағындағы иінді білік (2) мойнына бекітіледі. Иінді білікке рычаг (5) арқылы пневматикалық цилиндр (4) жалғанады.
Шығыр барабанының айналуын тоқтату немесе бəсеңдету үшін тұтқа (1) еденге қарай басылады. Бұл кезде таспаның жүгірмелі шеті (6) тоқтап қалады. Ал иінді білік мойнына ұстатылған келуші шеті (8) жылжып таспа қалыбымен барабанның тежеуіш шкивін қапсыра қысып тоқтатады. Цилиндр (4) бұрғышы жұмысын, барабанды тоқтату кезінде жеңілдету үшін қолданылады. Сығылған ауа цилиндр қуысына кірген кезде, поршень жылжып рычаг (5) арқылы тежегіш иінді білікті айналдырады. Су тұтқаға орналастырылған казанцев жүйесі патронының шүмегі арқылы пневматикалық цилиндрге жіберіледі.
Бұрғылау аспабын төмен тереңдіктерге түсіру барысындағы тежеу кезінде, тежеуіш қалыптарының шкивке үйкелу салдарынан өте көп жылу бөлінеді де, қалыптар мен шкив қызып, олардың тежеу сапасы төмендейді. Сондықтан бұрғы лебедкасы қосымша гидравликалық немесе электр тежеуіштермен қамтамасыз етіледі. [4]
Гидравликалық тежеуіш бұрғылау жəне шегендеу тізбектерін түсіру жылдамдығын бəсеңдету үшін қолданылады. Шығыр барабанын толық тоқтату, таспалы тежеуішпен іске асырылады.
2-суретте гидравликалық тежеуіш схемасы көрсетілген. Тежеуіш статоры (1) лебедка рамасына қозғалмайтындай етіліп отырғызылған. Статордың ішіне бұрғылау аспабын түсіру кезіндегі тежеуіш роторының (3) айналу бағытына қарама-қарсы бағытталған қабырғалар (2) орналасқан. Ротор (3) тежеуіш білігіне сыналар арқылы отырғызылған. Тежеуіш білігі тұрық ішіне, тербелмелі подшипниктерге отырғызылады, аспапты түсіру кезінде лебедканың көтергіш білігімен жұдырықша немесе пневматикалық шин муфтасы (5) арқылы қосылады. Тоңазытқыш (7) тежеуіш ішіндегі сұйық деңгейін реттеу жəне оны суыту қызметін атқарады.
Тоңазытқышта жүйе ішіндегі сұйық деңгейін реттеу үшін қолданылатын бірнеше шүмек орналасқан. Құбырлар тізбегін түсіру кезінде тежеуіш статоры мен роторы, сонымен қатар тежеуіш қуысы мен тоңазытқыш арасында сұйықтың көлденең ағысы пайда болады. Лебедка барабанындағы қуаттың жартысы ротор қалақшаларында көлденең ағын тудыру үшін гидравликалық тежеуішке кетеді. Тежеуіш ішіндегі сұйық деңгейі көбейген сайын, тежеу моменті де жоғары болады. Гидравликалық тежеуіштерді бір жəне екі қатарлы етіп дайындайды. Гидравликалық тежеуіштердің басты кемшіліктері, ротордың айналуы бəсеңдеген кезде тежеу моменті төмендейді жəне ол бірден реттелінбейді. Сондықтан кейінгі кезде электр тежеуіштер қолданылып жүр.




Сурет-2 Гидравликалық таспалы тежегіш

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет