Лекательном бестселлере секреты достижения самых амбициозных целей, ключ к успеху и богатству



бет4/14
Дата03.07.2023
өлшемі195,87 Kb.
#104034
түріКнига
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Қаржылық табыстың көне құпиялары

Баюдың жеті ережесі


Вавилонның даңқы жылдар бойы өшпей келеді. Ғасырлар өтті, біз әлі оны ең бай қалалардың бірі ретінде айтамыз, оның асыл қазыналары бұрынғыша қиялды қозғайды.
Алайда үнемі осылай болған емес. Вавилонның байлығы оның тұрғындарының даналығының нәтижесі. Олар гүлденудің алғашқы құпияларын ашты.
Ұлы патша Саргон жорықтан жауын жеңіп келгенде, күрделі жағдаятқа кездесті. Оны канцлер патшаға былайша түсіндірді:

  • Ұлы мәртебелім, сіз адамдарға каналдар салуға, Құдайдың құрметіне керемет храмдар салуға бұйрық ете отырып, ұзақ уақыт гүлденумен қамтамасыз еттіңіз. Енді ол құрылыстар аяқталды, адамдар өздерін немен тамақтандыруды білмейді. Жұмысшылар жұмыссыз қалды. Саудагерлердің алушылары да қалмады. Шаруалар өз тауарларын сата алмай отыр. Адамдардың тамақ сатып алуға алтыны жетпейді.

  • Осын жасауға жұмсаған алтындарымыз қайда кетті?

  • Олар біздің қаламыздың бірнеше бай адамдарының қолына кетті ме деп қорқамын, - деп жауап берді канцлер. Олар біздің тұрғындарымыздың қолынан сүзгіден өткен сүт сияқты ағып кетті. Ал енді бәрі таусылғанда, көпшілік не жерін білмей қалды.

Патша бір мезгіл ойланып қалды. Содан кейін сұрағаны:

  • аз ғана топтың барлық алтынды қолдарына жинап алуға қалайша сәті түсті?

— Олар мұны істеудің амалын білді, - деп жауап берді. – Істері бойынша үлгеріп жүрген адамдарды кінәлауға болмайды. Алайда, олар табыстың құпиясын ғана білді. Бұл адамдардың шынайы еңбекпен тапқанын тартып алып, жұмыс істей алмайтындарға беруге болмайтынмен парапар.
— Онда неге бәрінің де алтынды қалай табуға болатынын үйренуге болады ғой. Бай болып, бақытты болуына болады ғой? – деп сұрады патша.
— Бұл әбден мүмкін, құрметті мәртебелім! Бірақ кім бұны оқытады?
— Қалай бай болуды біздің қаламызда ең жақсы білетін кім?
— Сіздің сұрағыңызда жауап та бар, мәртебелім. Вавилондағы ең бақуатты кім деп тұрсыз ғой?
— Дұрыс ойлап тұрсың, менің данышпан канцлерім. Біздің арамыздағы ең бай Аркад. Ертең оны маған алып кел.
Келесі күні патшаның бұйрығы бойынша Аркад оған келді. – жетпіске келгеніне қарамастан сымбатты да, тіп тік қалпында.
— Аркад, — деп назар аударды оған патша, — Вавилондағы ең бай адам сен екені рас па?
— деп айтады, құрметті мәртебелім, сол себепті адамдардың айтқанына дауласпай ақ қояйық.
— Мұның қалай сәті түсті?
— мен өз мүмкіндігімді пайдалана білдім, бұл кезкелген азаматтың қолынан келеді.
— Сенің бастапқы капиталың болмады ма?
— Тек қана баюға деген үлкен тілегім болды. Одан басқа ештеңем болмады.
— Аркад, — деп сөзін жалғастырды патша, — біздің қаламыз ауыр жағдайға тап келіпті, тек қана аз ғана адамдар байлықтың құпиясын біледі, сондықтан да барлық алтынға олар ие болыпты. Ал осы кезеңде тұрғындардың негізгі бөлігі табыс жолын білмейтіндер кедейленіпті. Менің жалғыз тілегім – Вавилонның әлемдегі ең бай қала болуы. Ал бұл қаланың барлық тұрғындары бай болғанда ғана болатын жағдай. Сондықтан біз адамдарды ақша жасауға үйретуіміз керек. Аркад. Айтшы маған, бұнда бір құпия бар ма? Оған басқаларды да үйретуге бола ма?
— Бұл мүмкін нәрсе, құрметті мәртебелім! Бір адамға белгілі нәрсені басқаларға да үйретуге болады.
Патша көзі жарқ ете қалды. Жанарынан ұшқын пайда болғандай.
— Аркад, сенің сөзің менің жаныма жылу, от беріп тұр. Сен өзіңді осы іске арнай аласың ба? Сенің ісіңді әрі қарай жалғастыратын, тарататын адамдарды оқыта аласың ба?
Аркад келісім белгісі ретінде басын иіп:
— Мен тек қана қызметшімін, әміріңізге құлдық, мәртебелім.Егер осы менің патшама даңқ әкелетін болса, білетіндерімді бәрімен қуана бөлісемін. Өзіңіздің канцлеріңізге жүз оқушыдан тұратын класс ұйымдастыруға бұйрық беріңіз. Мен оларды өзімнің кедей әмиянымды толық еткен бай болудың жеті жолын үйретемін.
Екі аптадан кейін Білім залының үлкен залында патша бұйрығымен әр түсті орындықта жартылай дөңгелен отырған бірінші жүз оқушы жиналды. Аркад ізгілікті тарататын қасиетті лампа орнатылған кішкене табуреттің қасына отырды.
— Қара, Вавилондағы ең бай адам, — деп сыбырлады студенттердің бірі өзінің көршісін бүйірінен түртіп, Аркад орнынан көтерілгенде, кәдімгі қарапайым адам.
— Біздің патшамыздың қасиетті бұйрығын орындай келе, мен сіздердің алдарыңызда тұрмын. Бір кездері баюды армандаған кедей жастың бірі едім. Соңында осы мақсатқа жетуге мүмкіндік берген білімге ие болдым. Енді өзімнің білетіндерімді сіздермен бөлісуге дайынмын.
Менің байлығым нөлден басталды. Вавилонның басқа тұрғындарының алдында менің ешқандай артықшылығым болмады.
Бірінші жинағым (копилкам) менің жұп жұқа умаждалған әмияным болды. Оның пайдасыз бостығы менің жаныма тиетін. Мен оның томпақ, ауыр болуын армандадым, алтын тиындардың сыңғыры етілуін армандадым. Сол себептен де арық әмияныма дәрі іздеуді бастадым. Сөйтіп баюдың жеті ережесін аштым. Осы залға жиналған Сіздерге осылар туралы айтамын. Оларды байығысы келетіндердің бәріне ұсынамын. Күнде апта ішінде мен сіздерге жаңа ережелерді ашып отырамын. Мұқият тыңдаңыздар. Менімен айтысыңыздар. Бір біріңзбен талқылаңыздар. Алған білімдеріңізді ұқыпты меңгеріңіздер. Олар өздеріңіздің әмияндарыңызға егетін байлық дәні болмақ. Бірінші кезекте сіздердің әрқайсыңыз жеке бақуаттылықтарыңызды ( собственное состояние) құруларыңыз керек. қалай сіз осы өнерді толықтаймеңгересіз, тәжірибеңіді бақаларға бере аласыз. Қарапайым мысалдармен мен сіздерге әмияндарыңыз қалай толтырудың, толық етуді үйретемін. Бұл байлық жолына деген бірінші қадам. Бірінші қадамнан өте алмасаң, осы жолмен әрі қарай жүре алмайсың.
Бірінші ереже әмияндарыңызды толтыруды бастаңыздар.
Аркад екінші қатарда ойланып отырған ер адамға назар аударды:
— Құрметті ізгі досым, сіз қандай қаракетпен айналысасыз?
— Мен жылнамашымын, қыш тақталарға жазбалар жазамын.
— Мен осы қарекетпен алғашқы мыс теңгелерімді таптым. Сізге баю мүмкіндіктерін пайдалануға ештеңе кедергі келтірмейді.
Содан кейін соңына қарай отырған қызыл шырайлы кісіге назар аударды:
— Айтыңызшы сіз наныңызды қалай тауып жеп жүрсіз?
— Мен ет сатамын, - деп жауап берді қызыл шырайлы ер адам. — Мен шаруалардан ешкілерді сатып алып, оларды сойып, сатып, терілерін аяқ киім тігетіндерге сатамын.
— көріп тұрсыз ба, сіздің де мүмкіндігіңіз бар, баюға ештеңе кедергі келтірмейді.
Осылайша Аркад әрқайсысының немен айналысатынын сұрап шықты. Сұрақ аяқталған соң:
енді көріп тұрсыздар ғой, қаншама айналысатын шаруалар, ақша жасауға мүмкіндік беретін жұмыстар көп. Олардың әрқайсысы – бір бөлігі өзіңіздің әмияныңызға ағатындай етіп жасауға болатын алтын өзен. Сіздің біліктілігіңіз бен қабілетіңізге байланысты алтын ағыны үлкен немесе кішкентай болуы мүмкін. Келісесіздер ме?
Залда отырғандар бұған бірауыздан келісті.
— Ендеше сіздердің әрқайсыңызда бар табыс көзінің негізіне сүйеніп, өз байлығыңызды құруды бастауға болады ғой деп сұрады Аркад.
Оның оқушылары бұнымен де келісті. Сонан соң Аркад жұмыртқа сатушымын деп бастаған кісіден сұрады:
— Елестетіңіз, сізде күнде таңертең он жұмыртқа салвп, кешке оның тоғызын алып отыратын бір корзинаңыз бар. Уақыт өте келе не болады?
— Ол толып тұрады.
— Неге?
— Себебі алғанымнан гөрі бір жұмыртқа артық салып отырмын.
Сол кезде Аркад залға жымия қарап, сөйледі:
— Сіздердің қайсыларыңызда арық әмиян бар? Басында тыңдаушылар абдырап қалды. Бірақ содан кейін бәрі дабырап күлісті. Бір кісідей әмияндарын шығарды.
— жақсы деп, — жалғастырды Аркад. — ал енді сіздерге баюдың бірінші ережесін ашамын. Жұмыртқа сатушыға ұсынғанымды сіздер де орындаңыздар.
Әмияныңызға салған он монетаның өзіңіздің күнделікті қажеттілігіңізге жұмсайтын тек қана тоғызын алыңыздар. Арық әмияныңыз тола бастайды, жуық арада қолыңыз жанға жайлы ауырлықты сезіне бастайды.
Менің сөзіме қаншалықты қарапайым көрінсе де күлмеулеріңізге кеңес беремін. Шындық әрқашан қарапайым. Мен сіздерге айттым ғой, сіздермен өз байлығымның құпиясын бөлісемін деп. Ол міне осындай қарапайым заттардан басталған. Менің әмияным бос болатын, мен оны сондай жек көрдім, себебі ол менің тілектерімді орындай алмады. Бірақ мен қалай әмияннан онның тоғызын ғана ала бастадым, солай ол тола бастады. Сіздердің де әмияндарыңыз осына бастан кешеді.
Ал енді мен сіздерге өзіме де осы уақытқа дейін жұмбақ болып келген бір қызықты айтайын (А теперь я расскажу вам об одной странности). Өзімнің қажеттіліктеріме қалай тапқан ақшамның оннан тоғызын жұмсай бастадым, солай мен осы сомалардың жап жақсы жететінін аңғардым. Ерекше қиналған жоқпын. Маған ақша табу жеңілдей бастаған сияқты болып көрінді. Мүмкін осында бір пайда, мағына бар шығар. Алтын ешқашан бос тұрмайтын әмиянға ұмтылатын сияқты.
Сіздерде қай қалауыңыз, тілегіңіз басым? Мүмкін бұл тілек күнде қымбат дүниелер алып, қымбат киініп, керемет тағам жеп, өз тұтынуыңызды қанағаттандыру шығар – яғни тез келіп тез ұмытылатын қалаулырыңыз болар. Немесе сізге салмақты қажеттіліктер алтын, жер, мал, сауда, табысты мекеме қажет шығар? Күнде әмияныңыздан алатын монеталар біріншісін әкеледі, әмияныңызда қалған монеталар соңғысын әкеледі.
Сонымен, менің оқушыларым, баюдың бірінші ережесін естеріңізге сақтаңыздар: « Әмиянға салған он монетаның тек қана тоғызын жұмсау». Мұны өзара талдаңыздар. Егер кімде кім мен қателеседі деп ойласаңыздар, бұл туралы маған ертең жаңадан қайта кездескенімізде айтыңыздар.
Екінші ереже: өз шығыныңды бақыла
— Оқушыларым менің! Сіздердің кейбіріңіз маған сұрақ қойып жатыр: Адам қалай тапқан табысының оныншы бөлігін қалай қалдыра алады, егер он монет те ең толғақты қажеттіліктеріне жетпесе деп айтты Аркад екінші күнгі сабақта оқушыларына. – Қаншауыңызда кеше арық әмиян болды?
— Бәрімізде деп жауап берді класс.
— Ал сіздер табысты әр түрлі табасыңдар ғой. Біреу аз, біреу көп дегендей. Біреулердің отбасы үлкенірек. Ал әмияндарыңыз бәріңізде де бос болды. Енді екінші шындықты ашайын: біздің «толғақты қажеттіліктер» деп атағанымыз өзіміз осы тәртіпке қарсыласпайынша, біздің табысымызбен пропорционалды түрде өсе береді. Толғақты қажеттіліктерді (насущные потребности ) өздеріңіздің қалау, тілектеріңізбен шатастыруға болмайды. Сіздердің әрқайсыларыңызда отбасыңызбен қоса ақшадан да көп қалауларыңыз бар. Сондықтан қанша ақша жұмсасаңыз да барлық тілектеріңізді бәрібір орындай алмайсыздар. Олардың көпшілігі тілек, қалау болып қалады. Әрбір адамның тілегі оны орындай алатын қалып күйінен де көп. Сіздер ойлайтын шығарсыздар менің осынша байлығыммен кезкелген өзімнің тілегімді орындай алады деп. Қателесесіздер.мен уақытты кері айналдыруды білмеймін. Және мен өзімнің бұрынғы физикалық күшімді қайтара алмаймын. Ұзақ сапарлар қолымнан келмейді. Ойын сауық, ләззаттардан өзімді шектегенім сияқты тамақ таңдауда шектеулімін. Адамдардың қалау, тілегі даладағы арам шөп сияқты жылдам өсетінін айта аламын. Сіздердің тілектеріңіз өте көп, бірақ оны бәріңіз бірдей орындай алмайсыздар. Өздеріңіздің өмірге қажетті дағды, әдеттеріңізді зерттеп көріңіздер. Сіздер кейбір шығындар қатарын қысқартып, немесе мүлдем сызып тастайтындарыңызға көзім жетеді. Қаржыңызды жұмсауға дайын қажеттіліктер тізімін өзіңіз үшін жасап көріңіздер. Табысыңыздың оннан тоғызы жететіндей бірінші кезектегі, өмірге қажетті міндеттерді таңдаңыздар. Өкінуге де тұрмайтын, орындалмайтын тілектер қатарына қосып, қалғандарын сызып тастаңыздар.
Толғақты қажеттіліктеріңізді орындау үшін бюджет құрыңыздар. Бірақ табысыңыздың оннан бір бөлігін қалдыруды ұмытпаңыздар. Сіздің ең үлкен тілегіңіз әмияныңызды толтыру болсын. Табысыңыздың өзгеріп отыруына байланысты бюджетіңізбен үнемі жұмыс істеп, түзеп отырыңыз.
Бюджетті сіздің әмияныңыздың толуына басты көмекші болуына жеткізіңіз.
Осы жерде қызыл түсті алтын жіппен зерленген киім киген оқушылардың бірі орнынан көтеріліп:
— мен — еркін адаммын. Өмірдің барлық қызығын көріп, ләззат алуым керек. Сондықтан қанша жұмсауымды, неге жұмсауыма әмір ететін өз бюджетімнің құлы болуға қарсылық білдіремін. Осыдан менің өмірім көңілсіз болып кетпей ме? Ал өзім ауыр жүк артқан мисыз есекке айналып кетпеймін бе?
Ал оған Аркадтың жауабы:
— Досым менің! Сенің бюджетіңді кім анықтауы керек?
— менің өзім, — деп жауап берді қарсылық білдіруші оқушы.
— Ода елестетейік, жүк артқан есек өз бюджетін өзі анықтасын делік. Осы жағдайда Осы жағдайда ол өзіне асыл тастарды, кілемдерді, алтын құмаларды артар ма еді? Онда біз жүк артқан есек өз бюджетін көз алдымызға елестетелік. Жоқ, бәрінен бұрын ол өзіне шөп, дән және бір мөшекті суымен алар еді. Бюджеттің мақсаты өзіңнің әмияныңды толтыру. Осы үшін өмірлік маңызы бар қажеттіліктерді және басқа тілектеріңізді анықтау. Бюджет сіздің қай тілек қалауыңыз шындығында ақылға сыйымды, ал қайсысына назар аударуға тұрмайды, соны түсінуге көмектеседі. Қараңғы үңгірдегі жарық сияқты бюджет сенің әмияныңдағы кем кетіктерге жарық түсіріп, олардың алтындай жарқырауына көмектеседі. Тағы да шығындарыңды қажетті мақсаттарға бағыттай отырып, бақылауға мүмкіндік береді. Міне біз баюдың екінші ережесіне келдік. Өз бюджетіңді ақшаңыз қажетті мақсаттарыңызға, лайықты тілектеріңізге жететіндей құрыңыз, бірақ шығындарыңыз табысыңыздың оннан тоғызынан аспайтын болсын.

Үшінші ереже: Байлығыңызды көбейтіңіз


— Міне аңғардыңыздар ма, сіздердің әмияндарыңыздың толыққаны байқалады. Сіздер табысыңыздың оныншы бөлігін қалдыруды үйрендіңіздер. Өздеріңіздің шығындарыңызды бақылауды үйрендіңіздер. Енді сіздердің мақсаттарыңыз жинаған ақшаларыңызды жұмыс істету және табыс әкелдіру. Әмияндарыңыздағы жатқан алтын жандарыңызды жылытады, тыныштандырады, бірақ бұл өлі жүк (мертвый груз) Табысыңыздан жинаған монеталарыңыз байлыққа жасалған бірінші қадам. Олардың әкелген табыстары жұмыс істей бастағанда, бұл сіздің байлығыңыздың кірпіштері болмақ – деп айтты Аркад үшінші күні өзінің оқушыларына. — Сонымен алтынды қалай жұмыс істетеміз? Менің алғашқы жинаған капиталым сәтсіз болды, барлық жинағанымды жоғалтып алдым. Бұның тарихын кейінірек айтамын. Ең алғашқы пайданы менің шебер Аггарға қарызға берген ақшам әкелді. Аггар деңгейі жоғары лайықты адам болатын Ол қарызға алған ақшасын пайызымен уақытында қайтаратын. Қарыз алған сайын менің ақшам пайдамен оралатын. Сондықтан менің ақшам өсіп қана қойған жоқ, оның табысы да өсіп отырды. Бұл тіпті жақсы да еді. Менің оқушыларым, адамның байлығы әмияндағы ақшаның санымен өлшенбейтінін сіздерге айтқым келеді. Байлық оның оның әкелетін табысымен өлшенеді. Нақ осыған әрбір адам ұмтылады.— Табыс сіз жұмыс істеп жүрсіз бе, саяхаттап жүрсіз бе, оған байланысты емес. өсу керек,
Мен үлкен табысқа ие болдым. Молдығы сонша мені ең бай адам деп санайды. Аггарға берге менің қарыздарым пайдалы капитал салудың ( капиталовложений) алғашқы тәжірибесі болды. Даналықты үйреніп алып, мен бұрынғыдан да көп қарыз бере бастадым. Солай менің әмияныма құйылып жатқан алтын ағын арнасы кеңейе бастады. Оның көмегімен мен өзімнің көптеген қалау, тілектеріме жете алдым.
Көріп отырсыздар, менің қарапайым табысым алтын құлдардың армиясын жасады, олардың әрқайсысы маған жұмыс істеді, көбірек алтын әкеле бастады. Менің байлығым олардың еңбегімен жасалды.
Алтын үнемі жұмыс істеп тұрса, тез өседі. Сіздерге қарапайым мысал айтайын: фермер бірінші баласы туылғанда, өсімқорға он күміс монетасын апарады, ақшаны үстеме пайызбен жиырма жылдай сақтауға береді. Өсімқор салған ақшаның әрбір монетасы төрт жыл сайын төрттен бір пайызға өсумен оның ақшасын қабылдауға келісім береді. Пайыздық үстемесі салған ақшасымен бірге қайтарылатыны туралы келісім жасайды. Фермер жиырма жылдан кейін өсімімен бірге өзінің салған қаржысын алып, қуанады.

Міне сіздерге баюдың үшінші ережесі: әрбір тиын жұмыс істеуі керек, таусылмайтын өзен сияқты үнемі табыс әкелуі керек.


Төртінші ереже: Өз байлығыңды жоғалтудан сақта
— сәтсіздік жарық пен сәулені құрметтейді. Сіздің әмияныңыздағы сақталып тұрған алтын сенімді күзетті қажет етеді. Әйтпесе оны жоғалту қаупі бар. Даналық сонда, қарапайым жинағыңызды сақтай білуді үйренуде, - деген сияқты сөздерімен қарсы алды төртінші күні Аркад.
Байлықтың әрбір иеленушісі ерте немесе кеш пе, өзінің қаржысын әлдебір көздің жауын аларлық жобаларға салуға душар болады. Бұған көбіне жолдастары, туыстары итереді.
Ақша салудың кезкелген ұстанымы – оның қауіпсіздігін сақтау. Основной принцип любого капиталовложения — обеспечение его безопасности. Стоит ли поддаваться лестным посулам о высоких процентах, если интересы вкладчика могут пострадать? Конечно нет. Заплатить за риск придется своим капиталом. Внимательно изучите перспективу инвестиции, обратив внимание на гарантии возврата первоначального вклада. Не позволяйте романтическим грезам о быстром преумножении богатства обмануть вас. Байлықтың бас-басы иеленушісі ерте немесе кеш аздырушылыққа вложить өзінің қаржысын әлдебір көздің жауын аларлық жобаларға душар болады. Бұған көбіне туыстары немесе жолдастары итермелейді.
Ақшаны біреуге қарызға бермес бұрын қарыз алушы оны қайтара ала ала ма, репутациясы жақсы ма, соған қараңыз. Әйтпесе, еңбекпен тапқан байлығыңыз алаяққа жомарт сыйлық болуы мүмкін.
Қаржыны бір мекемеге саларда мүмкін болар рискіні оған байланыстыны зерттеу керек.
Менің алғашқы жинаған қаржым маған трагедия болып оралды. Бір жыл бойы жиған қаржымды алыс Тирге саяхатқа бара жатқан тас қалаушы Азмурге финикийліктерден асыл тастар әкелуге сеніп бердім. Біз асыл тастарды сатып, пайдасын бөліспекші едік. Алайда финикийліктер жүліктер екен, асыл тастардың орнына жай шыны тастар сатқан. Сөйтіп менің байлығым күйреді.
Прежде чем вкладывать деньги в то или иное предприятие, тщательно изучите возможные риски, с ним связанные.
Бүгіндері үлкен тәжірибеге ие бола отырып, менің тасқалаушыға асыл тастар сатып алуға сеніп бергенім үлкен қателік болған еді. Менің сәтсіз тәжірибемнен сабақ алуға кеңес беріп отырғаным сол:инвестиция туралы кім жақсы біледі содан кеңес алыңыз. Оның құндылығын сіздің байлығыңызбен салыстыруға болады.
Міне біз байлықтың төртінші ережесіне де келдік: қалай әмияның ақшаға толады, оны жоғалтудан сақтауыңыз керек.
Жиналған ақшаңызбен жинақтың толық қауіпсіздігіне кепілдеме беретін, қомақты пайызы бар жобаларды инвестициялаңыз. Құзыретті адамдармен кеңесіңіз. Тәжірибелі адамдардан кеңес алыңыз. Олардың даналығы сіздің алтыныңызды тәуекелді инвестициялардан сақтайды.
Бесінші ереже: Өз тұрғын үйіңді табысты кәсіпорынға айналдырыңыз
— Біз өмірде рахаттану үшін табысымыздың оннан бірін қалдырып, жинап отырамыз деп келіскен едік қой. Міне егерде осы құралдардың тоғызыншы бөлігі пайдалы салым болса, байлық одан да жылдам өседі деген сөздермен бастады бесінші сабағын Аркад.
Вавилонның көптеген тұрғындары өздерінің отбасын нашар кварталдарда ұстайды. Үй иелеріне баспана үшін олар салмақты рента төлейді. Тіпті бақ өсіруге мүмкіндіктері жоқ. Ал балалары шаң көшелерде ойнауға мәжбүр.
Ауласына гүлдер егіп, бақшасына мәдени дақылдар егіп жүретін кең және таза жеке үйі болмай, тар жерде отбасы бақытты бола алмайды.
Адамдарға өз ауласының жеміс ағаштарынан жеміс жеп, өз жүзімдерінен жасалған шарапты ішіп жүргені жанға жақын. Адамға өзінің үйі болуы маңызды. Міне мен әр ер кісіге өзінің жеке баспанасы болсын дегенді ұсынамын.
Өз алдына жеке үй алуға мақсат қойса, оның орындалуы әбден мүмкін. Біздің ұлы патшамыз қалалықтар әдемі үй салу үшін жерді кеңейтті емес пе? Және қол жетімді емес пе?
Одан басқа , құрметті оқушыларым, мен сіздерге өсімқорлар ( банкирлер) үй, жер аламын дегендерге қуана қуан қарыз береді. Сіздер құрылысшыларға, материалға төлеу үшін кредитті пайдалана аласыздар, ал жинаған ақшаларыңыз сіздің төлеуге қабілетті екендіктеріңізді білдіреді.
Сіздер үйіңізді салып біткеннен кейін банкке келісілген соманы бұрын үй иеленушілерге қалай төлеп отырсаңыздар, солай қайтарып отырасыздар. Әрбір төлем сіздің қарызыңызды азайта береді, бірнеше жылдан кейін сіз одан құтыласыз.
Сол кезде сіздің жаныңызды қуаныш билейді, сіздің жеке үйіңіз болады.
Тұрғын шығындары азаяды, сол қаржыны өзіңіздің қалау тілектеріңізге жұмсауға болады. міне сіздерге бесінші ереже: Өз үйінің жеке иесі бол ( Стань собственником собственного дома).

Алтыншы ереже: Болашағыңды табыспен қамтамасыз ет


— Адам өмірі сәбиліктен бастап, кәрілікке дейін ұласады. Өмір жолы осылай, оны ешкім кері қайтара алмайды. Қарттықты лайықты қарсы алу үшін бізге болашағымызды табыспен қамтамасыз етуге тура келеді. Және сіздің отбасыңыз сіз өмірден өткен соң да ештеңеге мұқтаж болмас үшін. Осы сабақты меңгеріп, сіздер өз әмияндарыңызды өмірдің сол кезінде де толық күйінде сақтай аласыздар деген сөздермен қарсы алды Аркад алтыншы күні.
Жинақтау заңын білген адам болашақты бағыттай отырып, өзін үнемі табыстың үнемі өсуімен қамтамасыз етеді. Олар өздерінің инвестициясының жемісін қартайғанда пайдалану үшін ұзақ жылдарға табысты болуын жоспарлауы керек.
Бұның бірнеше жолы бар. Үй, жер сатып алуға болады, болашақты есептеп. Егер оларды ақылмен таңдасаңыз, тиімді, құнды салым болады.
Қаржыңыздың бір бөлігін өсімқорға (ростовщик) беруге болады. уақыт өткен сайын ол өсіп отырады. Менің бір аяқ киім тігуші танысым сегіз жылға салған кішкентай ақшасы бірнеше есеге өскен. Мен оған осы ақшасын әрі қарай салым ретінде сақтауға ұсынар едім. Ал бұл қарттықты қарсы алуға болатындай жағдай.
Бұл мысал анық. Тіпті қарапайым салымыңыз да жаман табыс әкелмейді. Неге адамға байлықты көбейтудің осы амалын пайдаланбасқа. Тіпті өзінің кәсібінен табатын табысы тұрақты болмаса да. Қартайғандағы жоқшылық – трагедия.
— Ал енді сегізінші ережені тыңдаңыздар.
Лайықты қарттықты ертерек қамтамасыз ет және өз отбасыңның кедей өмір сүрмеуін қамтамасыз ет.

Жетінші ереже: Табыс табу біліктілігіңді жетілдір


— Менің оқушыларым, бүгін табыстың ең басты құпиясын ашамын. Алайда әңгіме ақша, алтын туралы емес, сендер туралы болмақ, алдымда қазір отырған түрлі түсті киімдегі ер адам туралы. мен сіздерге жүректеріңіз бен бастарыңыздағы табысты құрайтындар туралы айтпақпын деп бастады сөзін жетінші күні Аркад.
Жақында маған өтінішпен бір жас жігіт қарыз сұрап келді. Мұнша қажеттілік неліктен болды деп сұрағанымда шығындарды жабуға тапқан табысының жетпейтінін айтты. Кредитордың сіздің мәселеңізбен қызықпайды дедім, себебі сіз қарызын қайтара алмайсыз дедім. « Саған керегі көбірек табыс табу. Ол үшін не істейсің? Деп сұрадым. « Бар күшімді саламын. Соңғы екі айда басшыға айлығымды көтер деп алты рет бардым. Бәрібір өзгерген ештеңе жоқ. Ешкім мен сияқты айлықты көтеру туралы жиі сұрамас еді» .
Оның қарапайымдылығына күлуге болар еді. Бірақ осы жас табысқа жету үшін ең бастысына ие еді: онда көбірек табыс табу ынтасы болды. Ал ол қымбат тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет