1.Пәндік олимпиаданың шығу тарихы. Олимпиада дегеніміз -Олимпиада ойындары немесе Олимпиада (гр. Ολυμπιακοί Αγώνες) төрт жылда бір рет өткізілетін ең ірі халықаралық кешенді спорттық жарыс.
Ежелгі Грекияда болған дәстүр, XIX ғасырдың соңында француздық қоғам қайраткері барон Пьер де Кубертенмен жаңартылды. Алғашқы кезде тек қана жазғы Олимпиада ойындары, төрт жылда бір рет өткізіліп отыратын, дүниежүзілік соғыстар болған жылдарды қоспағанда. 1924 жылы жазғы ойындарымен қатар қысқы Олимпиада ойындары да өткізіле бастады. Бірақ 1994 жылдан бастап жазғы және қысқы ойындар екі жылдық айырмашылықпен өтіп тұрады.
Олимпиада ойындарының ұраны — Citius, altius, fortius немесе "тезірек, жоғарырақ, күштірек".
Алғашқы кезде Олимпиада ойындары тек жазда ғана, төрт жылда бір рет өткізілетін. 1924 жылы қысқы Олимпиада ойындары да өткізіле бастады. Спорттың қысқы, жазғы түрлері болады. Сондықтан қысқы спорт түрлері бойынша да әлемдік жарыс өткізіле бастады. Басында қысқы, жазғы Олимпиада ойындары бір мезгілде өтетін. 1994 жылдан бастап екеуі екі жыл айырмашылықпен өткізіле бастады. Олимпиада ойындарының дәстүрлі ұраны – «тезірек, жоғарырақ, күштірек».
Ойын-сауық - қазақ халқы үшін даму көзі. Яғни, ойын - енбектің жемісі және ол сол еңбекпен бірге адамның табиғатган бөлінуіндегі саналы жетілуге де қозғаушы күш болған, сондықтан да еңбек етпейтін халық болмайтыны тәрізді, ойын-сауық құрмайтын да халық жоқ. Ойын халық рухымен қаншалықты тамырлас болса, оның тарихымен, тұрмыс күнімен, әдет-ғұрпымен, кәсібімен де соншалықты етене байланысты. Халық ойындарының бүкіл болмысынан сол елдің кәсіптік, салт-дәстүрін, дуниетанымдық тілдік ерекшеліктері атой салып танылып тұрады. Қазақ халық ойындарын да ел өмірінен осындай қан-тамырлар байланыстырып жатыр. Міне, олимпиада осылай әр заман сайын дамып, осы уақытқа дейін бізге жетіп отыр. Қазіргі уақытта физикалық тұрғыдан адамды жарыстырғанан басқа, білім тұрғысынан әр тұрлі пәндік олимпиадалар ұйымдастырылып, жеңімпаздар өз білімдерін көрсетіп, дәлелдеуде. Математикалық олимпиада оқушылардың математикалық білімінің артуына ерекше жағдай жасап, олардың ойлауын, қызығушылығын, білімге құштарлығын тәрбиелеуде және олардың білімдерін тереңдетуде үлкен рөл атқарады. Олимпиадалық есептерді үнемі шығару арқылы оқушылардың өзіндік жұмыстар жүргізуіне, ғылыми көпшілік әдебиеттерді пайдалана білуге бейімделіп, білімбілік дағдысы артады. Математикалық олимпиада математиканы оқытудың жалпы деңгейін жақсартады, оқушылардың алған білімінің сапасының артуына мүмкіндіктер жасайды.
Математикалық олимпиадалар –дайындығы неғұрлым жоғары
оқушылармен жүргізілетін жарыс. Мұнда белгілі табыстарға жету үшін
алдын ала даярлық жұмысын жүргізген жөн. Мәселен, алғашқы кезеңде бұрынғы олимпиадада пайдаланылған есептер мен жаттығулардың мазмұны
ілінеді және сол есептер мен жаттығулар бойынша ұдайы кеңестер жүр-
гізіледі. Сонымен бірге, жалпы мектептік математикалық олимпиадаларға
оқушыларды дайындау кезеңінде арнайы қабырға газетін шығарып, бұрынғы олимпиада жеңімпаздарының қатысуымен сұрақжауап кешін ұйымдастыруға болады. Оқушыларды бұрынғы жылдардағы олимпиада есептерінің шешілу әдістерімен таныстыру олардың жалпы математикалық білімін және жергілікті жердегі олимпиадаға дайындығын жақсартады. Тапқырлықты талап ететін әр түрлі есептерді шығарған оқушылардың кеңістік түсініктері, абстрактілі ойлау қабілеттері арта түседі. Оқушыларды олимпиада есептеріне қызықтыру математика мұғалімдері үшін оңай
жұмыс емес. Сондықтан, ең алдымен сыныпта өткізілетін математика сабақтарының сапасын арттырған жөн. Дұрыс ойластырылған, ғылыми жағы басым, математикадан жұргізілетін сыныптан тыс жұмыстар оқушыларды есеп шығаруға қызықтыратыны сөзсіз. Олимпиадаға дайындықты төмен сыныптан бастап оны үзбей бірнеше жыл жүргізудің көп пайдасы бар. Онда жүйелі түрде бүкіл математиканың мектептік курсының қиындау жәнебағдарламада аз қарастырылатын тарауларынан, өзіндік ақыл-ой күшін қажетсінетін есептерді әр жылға бөліп шығартуға болады.
Олимпиада есептері мазмұны жағынан әр алуан болады. Алғашқы жылдардағы жаттығу септерінің қиындығынан гөрі қызықтылығы басым болуы керек.
Дайындығы аз оқушылардың математикаға деген сенімін жоғалтпау үшін ең болмаса бір оңайлау есеп алу керек. Ал қалғандары сынып ерекшелігіне қарай әр түрлі қиындықта болғаны жөн. Олимпиада жүлдегерлерін мектеп басшыларының қатысуымен мадақтау, сыйлықтар беру оқушыларды ынталандыратын тәрбиелік мәні бар іс.
Олипиаданың келесі турына алғашқы турында жеңіске жеткен оқушылар қатыстырыла-
ды. Мұның жеңімпаздары аудандық (қалалық) олимпиадаларға жіберіледі.