Лекция. № Лекция тақырыбы: ХҮ- xyii ғасырлардағы әдебиеттің даму сипаты, ерекшелігі. Лекция жоспары


Асан қайғы Сәбитұлының өмipi мен шығармашылығының зерттелуі



бет17/104
Дата14.10.2022
өлшемі369,21 Kb.
#43171
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   104
Байланысты:
Лекция. № Лекция та?ырыбы Х?- xyii ?асырларда?ы ?дебиетті? даму

3. Асан қайғы Сәбитұлының өмipi мен шығармашылығының зерттелуі.
Асан қайғы туралы аңыз-әңгімелер мен деректер XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап жарық көре басады. Олардың біразы орыс оқымыстыларының бастыруымен жарық көрсе, енді бір тобы ертедегі қазақ ақын, жазушылары мен тарихшыларының жариялауымен басылып келді. Алғаш рет Я.Лютшьтің хрестоматиясында Асан туралы ертегі жарық көрсе, Асан қайғының өмірі, ол өмір сүрген дәуір мен сол кездегі тарихи әлеуметтік жағдайлар туралы Құрбанғали Халидов та өзінің «Тауарих хамса Шархи» атты кітабында деректер береді.
Асан қайғы туралы аңыздар мен жыраудың жырлары кеңестік дәуірде ғана үздіксіз жарық көріп, жүйелі түрде зерттеле бастады. С.Сейфуллин жинап бастырған «Қазақ әдебиеті» жинағында алғаш Асан туралы кейбір құнды деректермен қатар, оның Әз-Жәнібек ханға айтқан «Қырында киік жайлаған», «Алты атанға қос артып» атты әлеуметтік мәні зор толғаулары жарық көреді. Осы жырларға орай жазған зерттеуінде автор Асан қайғының өмірде болған тарихи тұлға екенін айтып, оны Әз-Жәнібек ханның замандасы, Майқы бидің ұрпағы еді деп көрсетеді. Осы жылдарда Асанның Әз-Жәнібек ханға айтқан «Әй, хан, мен айтпасам білмейсің» атты ұзақ толғауы мен әр алуан қоныс-жерлерге берген баға-сындары «Таң» журналында жарияланды.
Асан қайғы жырлары ең алғаш мектеп оқушыларына арналған әдебиет оқулықтарында басылып, жарық көрді. Бұларда Асан белгілі бір дәуірде өмір сүріп, халқының бақытты болашағын аңсаған кісі ретінде аталып, оның өлең-жырлары кешегі өткен ел өмірінің айқын көрінісі тұрғысында бағаланып келді.
Асан қайғы туралы Ә.Марғұлан өзінің «Қазақ халқының поэтикалық көне мәдениетінің сақтаушылары туралы» атты мақаласында Асан қайғы мен Бұқарды әйгілі Сыпыра жыраудың бірден-бір мұрагері, Қорқыт, Ұлық жыршы, Аталық, Сыпыралар негізін салған жыраулық дәстүрдің ізбасар, жалғастырушылары еді» деп жазып, оның Сыпыра жырау секілді кезінде эпикалық жырлар тудыруға да үлес қосқанын атап көрсетеді. М.Ғабдуллиннің «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» атты еңбегінде Асан қайғы жайындағы халық әңгімелері кейбір кейінгі қоспаларына қарамастан, негізінен, реалистік болмыс пен шындық өмірден алынған шығармалар тұрғысында бағаланады. Осыған орай автор Асан бейнесін әңгімелегенде, оның ел қамын ойлаған азамат екенін тілге тиек ете отырып, өз тұсында сегіз қырлы, бір сырлы өнер иесі, құралайды көзге атқан мерген, саятшы, домбырашы, әнші, құсбегі болғанына да ерекше мән береді.
Асан қайғы жөнінде ертелі-кеш жазылған зерттеулердің ішінде М. Әуезовтің «Қазақ әдебиеті тарихына» (1948) арнап жазған «Асан қайғы» атты еңбегін жеке бөліп атауға болады. Бұл зерттеуінде ғалым Асанның өмірде болған тарихи тұлға екенін, ол жөніндегі әр алуан аңыздардың шындықпен арақатынасын, т.б. ерекшеліктерін атап көрсетеді. Асанның жер-су, қоныс-мекендер туралы айтқан баға-сындарын талдай келіп: «Алуаны бөлек ерекше бір аңыз-ертегінің адамы – Асан қайғы... Мұнда Асан ақын Асан, көркем сөз шығарушы Асан ғана емес, өзі халық шығарған көркем әңгіменің геройы болып кеткен Асан. Бірақ, осы қалпында да Асан туралы екі түрлі, бір-біріне қайшы, қарсы екі алуан аңыз-әңгімелер бар», – деген пікір айтады.
Соңғы кезде Асан толғауларының әр түрлі хрестоматияларда басылып жарық көруі оны бірден-бір ақын, жырау ретінде танып білуге жол салды. «Ертедегі қазақ әдебиеті» хрестоматиясында Асанның «Қырында киік жайлаған», «Құйрығы жоқ, жалы жоқ», «Мұнан соң қилы-қилы заман болар» атты үш толғауының бірден жарық көруі алғашқы елеулі бастама болды. Сол жылдары Асан атына байланысты туған халық әңгімелерінен «Асан қайғының жерге айтқан сындары» атты аңыздар «Шешендік сөздер» жинағында да басылып енді бір топ аңыз, әңгімелері балаларға арналып жеке кітапша болып жарық көрді.
Асан қайғы шығармашылығын тануда М.Мағауиннің «Қобыз сарыны» атты монографиясы мен «Алдаспан» жинағын ерекше орын алады. «Алдаспанда» Асан қайғының жұртқа мәлім жоғарыда аталған жырларынан тыс, бұрын жарық көрмеген алты өлеңі, ал, «Поэты Казахстана» атты жинақта төрт өлеңі орыс тілінде жарияланды. Ғалым мнографиясының Асанға арналған тарауында оның аңыздық бейнесімен қатар, ақындық, жыраулық тұлғасын ашатын жыр-толғауларына талдаулар жасады. Асан өмір сүрген тарихи дәуірге баға бергенде: «Асан толғауларындағы кейбір сарындарды соңғы кездің қоспасы деп қарауға болмайды. Асан – XV ғасырдың перзенті, сол заманның салт-санасы, идеологиясы Асанға да жат емес, сондықтан біз бұл жерде мәселеге тарихи көзқарас тұрғысынан келуге тиіспіз. Асан хандық үкіметтің берік болғанын қалайды, сондықтан Жәнібекті ата жорасын бұздың деп сөгуі әбден мүмкін», - дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет