Лекция. № Лекция тақырыбы: ХҮ- xyii ғасырлардағы әдебиеттің даму сипаты, ерекшелігі. Лекция жоспары


Тәтіқара ақынның өмірі туралы деректер



бет70/104
Дата14.10.2022
өлшемі369,21 Kb.
#43171
түріЛекция
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   104
Байланысты:
Лекция. № Лекция та?ырыбы Х?- xyii ?асырларда?ы ?дебиетті? даму

3. Тәтіқара ақынның өмірі туралы деректер.
XVIIІ ғасырда өмір сүрген ақын-жыраулардың ішідегі аты кеңінен танымал, көрнектілерінің бірі – Тәтіқара ақын. Шамамен 1705-1780 жылдары өмір сүрген. Қостанай өңірінде туып-өскен. Тегі - Сарыкөл маңайындағы уақ руынан. Уақ ішінде Қалмақ деген атадан. Тәтіқара – Абылай бастаған сарбаздардың айтулы ақыны, өмірінің соңын кедейшілікте, мұқтаждықпен өткізсе де, ешкімге бас имей өткен өткір тілді сөз шебері. Суырып салма ақындығымен, турашылдығымен белгілі болған.
Тәтіқара – қазақ халқының тарихындағы қиын кезеңдердің біріндегі сырт жауларға қарсы күрестің ұраншысы, өз отандастарын жаумен қайтпай күресуге ұрандаған жауынгер ақын, жортуыл кернейшісі болған. Өз дәуіріндегі тарихи оқиғаларды жырға қосқан. Жорық жыршысы болып, ұрыс кездерінде жырларымен жауынгерлер рухын көтеріп отырған. Қазақтың белгілі батырларын, ерліктерін жырларына арқау еткен.
Тәтіқара ақынның саналы өмірі негізінен Абылай ханның жанында өткен. Оның себебі, жұрттың бәріне билігін мол жүргізу үшін Абылай өз маңына ақын, жырау, шешен, батырларды көптеп ұстаған. Ел аузындағы сөздерге қарағанда, Абылай жаугершілікке аттанғанда Тәтіқараның суырып салма ақындығын, турашылдығын, сонымен қатар, жаудан қайтпайтын батырлығын қатты бағалап қасынан тастамайды екен.
Әрине, кез келген ақын жортуыл жыршысы бола алмайды. Аумалы-төкпелі заманда жорықтағы жауынгерлер арасында жүрген ақынның басы жау найзасына шаншылып кетуі де мүмкін. Сол себепті бұл ретте ақындық қана емес, жүрек те керек. Ақын қаруы көбіне өзге жұртпен бірдей – шашақты найза. Домбыра – жаугершілік арасындағы тыныштық сәттерде, әскер қонаға не дамылдауға тоқтай қалған кездерде ғана қолға алынады; ал кейде қарбалас сәттің өзінде-ақ, жауынгерлер қатары бұзылып, еңсесі түскенде олардың рухын көтеру үшін, жігерлендіру үшін ақынның даусы, яғни жауынгерлердің намысын жанып, сергітетін өлең-жыр айту қажет болып қалады. Тәтіқараның бізге жеткен шығармалары осындай реттерде айтылған.
Шоқан Тәтіқараның өлеңдерін алғаш рет жазып алып, орыс тіліне аударған. Ғалымның еңбектерінде ақынның қоғамдық мәселелерге араласуы, өмiрiне байланысты деректер келтіріледі. Онда ақынның жауынгер, батыр, күрескер болғандығы, шыққан тегi, өскен ортасы, қоғамдық, халықтық iстерi жөнiндегi мәлiметтер біршама айтылады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет