Лекция. № Лекция тақырыбы: ХҮ- xyii ғасырлардағы әдебиеттің даму сипаты, ерекшелігі. Лекция жоспары


Арнау, толғаулары, олардың идеялық-көркемдiк ерекшелiгi



бет76/104
Дата14.10.2022
өлшемі369,21 Kb.
#43171
түріЛекция
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   104
Байланысты:
Лекция. № Лекция та?ырыбы Х?- xyii ?асырларда?ы ?дебиетті? даму

2. Арнау, толғаулары, олардың идеялық-көркемдiк ерекшелiгi.
Тәтіқара мен Бұқардың арасындағы орынды толтырып, тарихта болған батырлардың ерлігін паш еткен Үмбетей толғаулары санаулы-ақ, онда басқалардан ауысып жүрген дүние көрінбейді, бәрі өзінікіндей оқылады.
Үмбетейдің поэзиясында жеке-даралық творчествоның белгілері айқындау көріне бастаған, оны анық нысаны бар арнау өлеңдерінен аңғаруға болады. Бұған «Бәкеге», «Бұқарға» дейтін Үмбетей айтқан бірқатар арнаулары куә. Бөгембай өлімін Абылай ханға естіртуінен жыраудың үлкен эпикалық жанрға да икемі барлығын байқаймыз.
Жырау «Бәкеге» арнауында ел тонап жүрген тоғыз тентекті сынға алады, оларға араша түскен Бәкеге оларды «не бетіңмен қорғайсың Жауқашардың тоғызын» деп, озбырларды әділеттілікке, адамдыққа шақырады.Осы өлеңінде жырау жақсы ұл мен жаман ұлдың айырмашылығын:
Ұл он беске келгенше,
Қолға ұстаған қобызың,
Ұл он бестен асқан соң,
Тіл алмаса доңызың –
деп сипаттайды.
Осы шумақтан Үмбетейдің отбасылық институтқа қандай талаптармен қарағандығын сеземіз. Ол баладан көрген базарын да, азарын да жасырмайтын сияқты. Балалық, жастық, кәрілік жыраулардың тұрақты тақырыптарының бірінен саналады.
Жыраудың «Дін пұсырман баласы адамдықтан жерімес» деуіне қарағанда, мұсылмандықтан адамды жақсартатын біраз нәрселер іздеген болуға керек.
«Жауқашарға» деген өлеңі «Бәкеге» арнауының жалғасындай, жалпы екеуі біртұтас дүние болуы мүмкін. Ол кезде өлеңге тақырып қоймаған, айтқан жерден халықтың өзі қағып алып, келесі ұрпаттарға жеткізіп отырған. Үмбетей сөздеріне қарағанда көпшіліктің, көптен шыққан батырлардың ақылшысы, кеңесшісі болған кісі. Шағын қазынасының өзінен көргені, білгені мол мейірімді адамның келбеті елестейді.
...Кісіні көрсең, есікке
Жүгіре шық, кешікпе.
Қарсы алмасаң мейманды,
Кесір болар несіпке, –
деп, жырау мезгілсіз келген қонақа да қуанады. Бұл – әрі батыр, әрі ақынның ғана аузынан шығатын сөздер.
Үмбетей жырларында фәлсафа айтып келіп, мәселені әйел жайындағы түйінмен аяқтайды. Өзіне сауал қояды да, жауабын өзі береді. Түйенің биенің, адамның, жаманның қандай болатындығын нақты сөздермен келтіріп, тұрмыс философиясын тартымды бейнелейді.
Үйіңдегі ұлың жаман болса,
Есіктегі құлмен тең.
Қойныңдағы қатынын, жаман болса,
Қаңтардағы мұзбен тең, –
дейді жырау «Бұқарға» атты арнауында. Мұнда да ұлдың жақсы, жаманы сын таразысына түседі. Әйелдің нашарын «Арқаңа артқан тұзбен тең» дейді. Өзі жорықта жүрсе де от басының тірлігін, бірлігін тілеген кісінің келбетін елестеді жырау.
...Бәйбішең аю болса, аса алмассың,
Қарау болса, әй, деуге бата алмассың.
Мейманға отың басы болса суық,
Еліңе жақсы жігіт атанбассың, –
деген Үмбетейдің бұл шумағындағы ойлар Бұқардың:
Жабыдан айғыр салсаңыз,
Жауға мінер ат тумас.
Жаман қатын алсаңыз,
Топқа кірер ұл тумас, –
деген жолдарымен үндесіп келеді.
Үмбетейдің «Ей, Ақтамберді» деп басталатын он үш жол өлеңі де өмірге өздігінен келмегенге ұқсайды. Құн дауы ма, жесір дауы ма, әйтеуір, ар жағында бір жәйттің бар екені анық. Екі жырау да қарсы келгенде қандыра жауап қайтармаса көңілдері көншімейді. Бір батырының құнын қуа келген Ақтамберді жырау Үмбетейге тіл тигізе:
Қынаптан қылыш суырмай,
Қырысқан жау бүлк етпес.
Қанымен қастың жуылмай,
Намысқа тиген кір кетпес.
Шабыссың, кәне, шыдап көр,
Жау емессің күш жетпес –
деп жырменен күш көрсете сөйлейді. Тоқтататын сөз шықпаса, Ақтамбердінің екпіні жаман, мерт етуі мүмкін. Үмбетейде де тура жауаптан тайсалмай:
Суытпа босқа түсіңді,
Қайрама онша тісіңді,
Сырт тазасы не керек,
Тазарт әуелі ішіңді.
Мен арғын дейтін арыспын,
Азуы кере қарыспын.
Сен бұзау терісі – шөншіксің,
Мен өгіз терісі – талыспын, –
деп, Ақтамбердінің айбынын басады. Жырау сөзі алмас қылыштан да қуаттырақ, өткір естіледі. Үмбетей Ақтамберді жырауды жақсы біле, сыйлай тұра, тура жауабын беруден тайсалмайды.
Үмбетейдің эпикалық күшінің барлығын байқататын өлеңнің бірі – «Бекболат биге» арнағаны. Әдетте, жыраулар кесімді пікір айту үшін сол тақырыптың өзіне тура кіріспей, орағытып, тұспалдап, көтеріңкі кіріспе жасап алады. Мысалы, жырау Бекболат биге арнауының кіріспесінде :
Мен пайғамбардан бастасам,
Әңгімеге кетермін.
Едігеден бастасам,
Ертегіге кетермін.
Келтесінен қайырсам,
Сөз түбіне жетермін, –
деуінде біраз мән жатыр. Осы арқылы шешендік сөздің салмағын, өрісін байқатып қояды. «Қаһарман қылыш ала алмаған қамалды қанатты сөз алады» деген сөз өмірлік тәжірибеден туған. Іс шындыққа тақалғанда Үмбетей, Бұқарлар ханға да, қараға да қарамайды. Қара қылды қақ жарып айтады. Әр шумақ, әр жолында өрнекті сипат бар. «Баласын мақтар бас жаман, қатынын мақтар қас жаман, Алыстағы дұшпаннан аңдып жүрген дос жаман» десе мойындамасқа, бас иземеске амалыңыз қайсы.
Үмбетей – Сыпыра жыраудан, Асан қайғыдан, Қазтуғаннан, т.б. қалған асыл сөз мұрасын ілгері апарушылардың бірі. Насихат сөздерінде, «Бөгембай өліміне», «Бөгембай батырдың өліміне Абылай ханға естірту» атты шығармаларында ханнан гөрі қауым мен батырдың бейнесі молырақ сипатталады. Үмбетей аты аталғанда, әсіресе, осы туындылар алдымен ауызға ілінеді. Соңғы толғаудың айтушылардан түгел жеткені сезіледі. Толғау еркін, төкпелі сарыннан туған, таудан құлаған сарқырама су үніндей әсерлі естіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет