Тест тапсырмалары ! ХҮII ғ. өмiр сүрген, шығармалары өте аз мөлшерде жеткен жырау: /
Марғасқа
/
Шалкиiз
/
Қазтуған
/
Жиембет
! Қазақ хандығы дәуірінің алғашқы кезеңі қай ғасырларды қамтиды? /
ХV-ХVIІ ғғ.
/
ХIII-ХХ ғғ.
/
ХV-ХIX ғғ.
/
ХII-ХVI ғғ.
/
ХII-ХIII ғғ.
! 1973 ж. жарық көрген “Ақберен“ қандай сипаттағы еңбек? /
Антология (жинақ)
/
Оқулық
/
Оқу құралы
/
Мақала
! Жыраулардың ерлік рухы ерекше байқалатын жанр: /
Арнау
/
Терме
/
Эпос
/
Аңыз
/
Шежiре
! Кеңес дәуiрiнде шешендiк сөздердi және шешен, билер сөздерiн зерттеуге зор үлес қосқан ғалым: /
Б.Адамбаев
/
Х.Сұйiншәлиев
/
Қ.Жұмалиев
/
Б.Кенжебаев
/
А.Қыраубайқызы
! Марғасқа, Жиембет жыраулар қай ғасырда өмiр сүрген? /
ХVII ғ.
/
ХV ғ.
/
ХVI ғ.
/
ХIV ғ.
! Х.Досмұхамедұлының хандық дәуiр әдебиетi сөз болатын, халық әдебиетiн жүйелейтiн еңбегi: /
“Аламан”
/
«Исатай – Махамбет»
/
“Қалмақтың қарғысы''
/
“Қазақ-қырғыз бiлiм комиссиясынан”
! М.Мағауин «Алдаспан» жинағында «Көшпенділердің әскери аристократиясынан шыққан. Халық аңыздарында және көне шежірелердің айтуынша – арғы атасы Ноғайлының қорғаны Алау батыр. Алау батыр – ХҮІІ ғасырдың бірінші жартысында жасаған тарихқа белгілі адам» - дегенде қай жырау туралы айтып отыр? /
Жиембет
/
Бұқар
/
Марғасқа
/
Асан Қайғы
/
Шалкиіз
! Қай ханның есімі Жиембет жыраудың шығармаларында көп кездеседі? /
Есім хан
/
Тәуке хан
/
Абылай хан
/
Қасым хан
/
Жәңгір хан
! Есім ханға бірнеше арнаулары бар жырау: /
Жиембет
/
Ақтамберді
/
Доспамбет
/
Асан қайғы
/
Бұқар
! Арғы атасы Алау батыр, алшын руынан шыққан батыр жырау: /
Жиембет
/
Ақтамберді
/
Доспанбет
/
Шалкиіз
/
Қазтуған
1. Лекция тақырыбы: ХҮIII ғасырдағы қазақ әдебиеті. Төле би.
2. Лекция жоспары: Қазақ хандығының XVIII ғасырдағы саяси-әлеуметтік жағдайы.
Би-шешендер шығармашылығының ерекшелігі, олардың зерттелуі, танылуы, жариялану жайы.
Төле бидiң өмiрi, қоғамдық қызметi туралы деректер.
Төле бидің өсиет, нақыл сөздерi.
3. Лекция мақсаты: XVIII ғасырдағы қазақ хандығының саяси-әлеуметтік жағдайы мен әдебиетінің даму сипатынан деректер, мәліметтер бере отырып, елдің бірлігі мен тәуелсіздігі үшін қызмет еткен би-шешендер шығармашылығының ерекшеліктерін түсіндіру. Төле бидің өмірі мен қоғамдық қызметі деректер беру, шешендік сөздерінің мәнін игерту.
4. Лекцияның мазмұны: 1. Қазақ хандығының XVIII ғасырдағы саяси-әлеуметтік жағдайы. Әдебиеттің дамуы тарихи жағдайлармен тікелей байланысты. Сондықтан да белгілі бір дәуір, кезеңдегі әдебиет, оның дамуы туралы айтқанда, сол кездегі маңызды тарихи оқиғаларға тоқталмай өте алмаймыз. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлар қазақ тарихында өте күрделілігімен ерекшеленеді. Бұл кезең – қазақтың елдігінің тағдыры ауыр сынға түскен кезең. Ұзаққа созылған жоңғарлар шабуылы толық бір ғасыр бойы елімізге тыным бермеді. Алғашқы кездері кезек түскен ұрыс-керістер бара-бара ұшығып, қазақ жұртының қайғы-қасіреттерін зорайта берді. Ілкі кезде бірінің елін бірі тұтқиылдан шауып мал-мүлкін тонап, барымта-қарымта жасап, тынымсыз ұрыстар жүргізіп, кектене берсе, кейін үлкен айқас басталып кетті.
Тарихшылар жоңғарлар мен қазақтар арасындағы алғашқы үлкен соғыс 1643 жылғы жоңғар Қонтайшы Эрдене батур бастаған ұлы жорықтан бастау алғанын айтады. Олар толық даярлық жасап алып, Қазақстан, Орта Азия жерін, Еділ, Жайыққа дейінгі аралықты түгел басып алуды мақсат тұтып, елу мыңдай қарулы, жасақты қолмен келіп тиіскен. Ойраттарды бастаған қол қырғыздарды шауып алып, қазақ жеріне тұс-тұстан шабуылдайды. Негізгі қолы Оңтүстік шығыс, Алтай, Тарбағатай, Алатау мен Қаратау, Бетпақ, Алакөлге қарай, одан өзге қолдары Алтайдан Орал тауына қарай бет алмақ болған. Олар Еділ бойындағы қара қалмақтарға қосылып, одан әрі кіші жүз өлкесін алуды ойлаған. Қырғыздар мен қазақтар қол қусырып отырмаса да, даярлықтары ұзаққа созылып, алауыздықтар да орын алып, көп жерден айрылып қалады. Кейінірек ес жинаған ел басшылары жауға қарсы тұру қамын ойлап, жер-жерге хабар салып, жауға қарсы ұрысқа шақырады. Қазақтың жоңғарларға қарсы қолы Түркістанға жиналып, ұлы жорық бастады. Есім хан, одан кейін Тәуке хандар кезінде талай ұрыстарды өткізген қазақ жасақтары бірте-бірте күш алса да, жеңіске жете алмай, шегіну азаптарын бастан кешеді. Соғыстың алғашқы кездеріндегі Алакөл, Шу, Талас, Аякөз, Сусамыр бағытында болған айқастарды Жәңгір сұлтан, Жалаңтөс батырлар, Жиенбет пен Марқасқа бастаған қолдар қарсылап жау шабуылына бөгет болған. Кейбір жерде жақсы ұйымдасқан қазақ жасақтары жеңіске де қол жеткізген. Бұндай ілкі жеңістер қазақ жігіттерін жігерлендіріп, жауға қарсы күрестің нығаюына септігін тигізген-ді. Жоңғарлар Қазақ хандынына күресті одан әрі өрістетіп, көздеген жеңіске жету үшін қосымша даярлықтар жасайды. Шығыста Қытай империясымен, батыста Ресей патшалығы шекара әскери қорған қожаларымен келіссөздер жүргізіп, көп қару жарақтар сатып алады. Қазаққа қарсы жорықтарда қолға түсірген мал-мүлікті әскери құрал-жабдыққа айырбастайды. Өздерінің қорғаныс шептеріне берік бекіністер орнатады. Өзара да келіссөздер жүргізіп, түгел жоңғар-ойрат одағын нығайтады. 1711 жылдары бар қонтайшы бас қосып, қазақ, қырғыз, Орта Азия жерін түтел жаулап алудың нақты жоспарын қабылдайды. Мың сан қол жасақтарымен шабуылға кіріскен жоңғарлар қарсыластарына бөгелмейді. Осылайша олар тұтқиылдан шауып,1723 жылғы қазақ жұртын қайғылы оқиғаға душар етті, қырғынға ұшыратады; қазақ халқы өзінің ескі мәдениет ошақтары - оңтүстіктегі қалалардан айырылады, ата-қонысынан босып, халық санасында терең із қалдырған ақтабан шұбырындыға ұшырайды. Бұл кездегі Тәуке хан жоңғарға қарсы күш жинауға қанша талаптанса да, жоңғарлар көп жерді басып алды. Бас сауғалап босқан ел күңірене күн батысты бетке алып, Қаратаудан Сырға, Атырау, Арал, Хиуа, Бұхар асты. Қара орманнан айрылған босқындардың хал-жағдайлары өте ауыр күй кешті. 1726-1927 жылдары қазақ батырлары тағы да жоңғарларға қарсы күш көрсетеді. Әбілқайыр хан мен Бөгенбай, Қабанбай, Шақшақ Жәнібектер бастаған қазақ сарбаздары Қонтайшылардың шабуылын бөгеп, өздерінің астанасы Түркістанға жолатпай қорғаныс шебін берік қолдарында ұстайды. Осындай алғашқы күш көрсете алған Әбілқайыр басқарған Кіші жүз қолдары Тәуке хан өліміне байланысты таққа талас тұсында қорғаныс шебін тастап өз еліне кетуге мәжбүр болады. Бірақ осы үлкен жеңілістен соң көп ұзамай-ақ ес жиған қазақтар біріккен күшпен 1728,1730 жылдары жоңғар басқыншыларына ауыр соққылар беріп, жау қолында қалған жерлердің біразын босатады. Алайда ойраттарды біржола талқандауға қазақ хандары мен сұлтандарының арасындағы алауыздық бөгет жасайды. Осы сын кезеңде 1731-жылы Кіші жүз,1740-жылы Орта жүз, 1742-жылы Ұлы жүздің бір бөлігі Россияға бодан болады.
Бұл кездегі тарихи жағдай жөінде М.Мағауин өзінің «Қобыз сарыны» еңбегі мен Қазақстан даму институтынан 2001 жылы жарық көрген «Дала даналарында» басылған «Қоңыраулы найза қолға алып» деген мақаласында жалпы жағдайды жинақтай XVІІІ ғасыр қазақ тарихындағы бетбұрыс кезең болғанын жазып көрсетті. Бұл жайында Шоқан: «Әрқайсысы әр тараптан жортуыл жасаған жоңғарлар, Еділ қалмақтары, Жайық казактары және башқұрттар қазақ ұлыстарының ұйпа-тұйпасын шығарды, малын айдап, жанын байлап әкете берді. Алланың көктен келген кәріндей қақаған қыс, жұт, ашаршылық олардың халін тіпті ауырлата түсті», - деп жазған еді.
Әйткенмен, бұл кезеңде қазақ хандары жердің шалғайлығына байланысты ақ патшаға номинальді түрде ғана тәуелді болады. Және орыс үкіметінің қол астына қарайтындығы туралы ант берген рубасылардың көбі тек өз мүдделерін ғана көздеген еді. Бұл ретте академик Н.И.Веселовскийдің «Көшпенділер мен біздің бодандық жайлы түсінігіміз мүлде сәйкеспейді: олар әдетте бодандықты айтарлықтай ештеңеге міндеттемейтін тиімді шарт деп қана есептейді» деген сөздердің жөні бар. Мұның дәлелі ретінде Абылайдың 1756 жылы Қытай империясының бодандығын тағы қабылдағанын айтуға болады. Сондықтан айтылмыш актілер шын мәнісінде қосылу емес, бодандықтың басы ғана еді.
Осы дәуір әдебиетіндегі сырт жауларға қарсы күрес, ерлік сарыны Ақтамберді, Тәтіқара, Үмбетей жыраулардың шығармаларынан, ал қазақ даласында болған кейбір өзгерістер негізінен Бұқар жырау шығармаларынан өз көріністерін тапты.
Абылай ханның тұсында қазақ хандығының бірлігі күшейіп, жоңғарларғы қарсы күрестерде жеңіске жетіп, өз іргесін бекітті. Осы ауыр кезеңдерде елдің тәуелсіздігі мен бірлігін сақтауға, жауға қарсы күресте халыққа рухани күш беріп отырған сөз шеберлерінің еліміздің тарихы мен мәдениетінде, әдебиетінде алатын орны үлкен.
Қазақтың Ақтамберді, Қожаберген, Үмбетей, Тәтіқара сияқты батыр жыраулары қарумен де, ерлік рухты жырларымен де жауға қарсы күресте жеңіске жетуге үлкен үлес қосты. Бұқар жырау сияқты жыраулар қиын кезеңде халық пен ел бастаған батырлар, хандар қасынан табылып, жырларымен жеңісті жақындатқан еді.
Бұл ауыр кезеңдегі әдебиеттің дамуында ақын-жыраулармен қатар би-шешендердің де өзіндік орны бар. Би-шешендер сол кезде елдің ішкі бірлігін нығайтумен қатар сыртқы саяси мәселелерді шеуге де ат салысты.