Лекция № Тақырыбы: Мәдениет морфологиясы Мәдениет -күрделі қоғамдық рухани құбылыс. Мәдени ұғымдарға түсініктеме



бет22/24
Дата17.02.2023
өлшемі224 Kb.
#68685
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Қазақ тілі мен жазба мәдениеті. Оның маңызды салаларының бірі – батырлар жыры. Ауыз әдебиетінің , XV – XVIIғғ. атын шығарған ақын жыршылар : Доспамбет жырау XV ғ. соңы мен XVIғ. алғы шегі; Шалкиіз жырау (1465 – 1560); Бортағаш ұлы Жиембет Әсіресе, XV – XVIIғғ. Тәуке хан тұсында халықтың шешендік өнеріне қатты мән берген. Олардың көбі мәнін күні бүгінге дейін жойған жоқ. Қазақ қауымы аспан әлемін, оны жайлаған жұлдыздардың сыр – сипатын жақсы білді. Қазақтарда күнтізбе немесе күнпарақ деп аталатын күннің, айдың, жылдың жұрттың жадында, жазбасында жүретін есебі болған
Қазақ халқының рухани және материялдық мәдениеті. Ежелгі қазақ жеріндегі ірі сауда – саттық орталығы болған Яссы (Түркістан), Отырар, Өзгент, Сауран, Сайрам сияқты қалалардағы сәулет өнерінің туындылары, ғажайып ғимарат – құрылыстар, ескерткіш – белгілер болған. Көшпелі қазақтардың киім – кешектері қала тұрғындарына қарағанда біраз бөлектеу болған. Жалпы қазақтар қысқы киімнің жел, суық өткізбейтін жылы, жазғы киімнің әдемі, әсем тартымды болуына көңіл бөлген. Қазақтардың қайталанбайтын ұлттық тағамдары ет, сүт, май, қымыз, шұбат сияқты құна лы азық – түліктен тұрды. XV – XVII ғасырларда өмір сүрген алыстағы ата –бабаларымыздың заттық сипаттағы қалыптасқан, қалың қазақ жұртшылығының игілігіне айналған биік мәдениеті болғанын байқатады.
18.Тақырып. XVIIIғ. мен XXғ аясындағы қазақ мәдениеті. 1.Дәстүрлі дүниетаным және жаңашылдық.
2. Зар-заман мәдениеті.
3.Қазақ ағартушылығының ерекшеліктері.
ХҮ-ХҮІ ғасырларда өмір сүрген, халқының сәуегей философ-ойшылы, өз заманының сыншысы өз еліне шаруаға жайлы қоныс, бақытты өмір іздеген қиялшыл ақын ретінде бағаланған Асанқайғы толғауларында туған елінің табиғаты, жер байлығы, аумақтық ерекшелігі, әсемдігі, халқы, жан-жануары, тұрмысы философиялық тұрғыдан сөз болады. Ол жүрген жерінде әрбір елге, қонысқа сын айтып, баға беріп отырды. Қазақ халқының рухани мәдениетінің қалыптасуына мифологиялық ертегілері; хайуанаттар жайындағы ертегілер; реалистік ертегілерінің де әсері өте үлкен роль атқарды. Бұл ертегілер өте ерте заманда, адамның табиғат сырын әлі толық түсініп болмаған кезінде туған. Ол дәуірдегі адамдардың нанымдары, ойлау дәрежесі өте қарапайым болған. Күн, ай, от пен судың жойқын күштерінің сырын түсінбеген алғашқы қауым адамдары табиғатқа сиынып, табынған: бірінен қорықса, бірін қастерлеген. Табиғат құбылыстарын адамша ойлап, әрекет жасайтын құбылыстар деп түсінген. Қазақтың қайсыбір эпос жырларын алмаңыз, олардың өзіндік құндылықтары жоғары, мазмұнды, онда халықтың табиғи болымысы емін-жарқын ашылады, тұрмыстық, фольклор жанрларының бар мазмұны халықтың тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланысты. Бұларды тек бұрынғы заманның мифі, аңыз-ертегісі деп қарамай, тым ерте заманнан халық санасында туған рухани қазына деп қарағанымыз жөн. Әлем-адам үшін о бастан ыңғайлылығымен айқындалған. Ол қатынас табиғатпен байланыс жасау тәсілі ретінде адамға басымдылық көрсетпей. өзінің шексіздік түрі арқылы жайсыздық сезімін қозғамай, қайта тіршілік күштерін көбейтеді және оның көтеріңкі рухтану сезімдерін күшейтеді. әлемнің шексіздігін, үйлесіділігі мен сұлулығын қабылдауды ақын-жыраулардың шығармаларынан көруге болады. Қазтуған жырау бейне бір табиғаттың осындай қасиеттерінің жаратылуын көріп тұрғандай жырлайды.
Сонымен қорытындылай келе қазақ халқының рухани мәдениетінің қалыптасуы, сол ежелгі заманнан бергі қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ халқын құраған ұлыстар мен тайпалардың рухани мәдениетінен туындайды деп тұжырымдауға болады. Бұл уақыттары қазақ халқының қалыптасуына байланысты қазақ халқының рухани мәдениетінің сипатты белгілері де орнықты. Бұл қалыптасқан мәдениет қазақ халқының өз ата-бабаларының мәдени қазыналарын қамтығын мәдениет болды. Қазақ халқының мифтік аңыздары, аспан әлемі жөніндегі түсініктері, байырғы қазақ күнтізбесі, бай әдеби мұралар көркемөнердің сан алуан түрлері, шежірелік шығармалар, халық емшілігі және материалдық мәдениет мұраларын жасаушылар және оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырушы да халықтың өзі. Қазақстанның Ресей империясының құрамына енуі. Дәстүрлі дүниетанымының дағдарыстарға ұшырауы. Қазақ ағартушылығын бағалап, ой елегіне өткізудегі көзқарастар. Шоқан Уәлиханов Шығыс мәдениетін зерттеуші ұлы ғалым, әрі Еуразия идеясының негізін қалаушылардың бірі. Абай- қазақтың ұлы ойшылы мен ақыны. Шәкәрімнің мәдениеттану көзқарастары. Ы. Алтынсарин- белігі ағартушы және педагог. Құрманғазының, Тәттімбеттің, Жаяу Мұсаның және т.б. музыкалық шығармашылығы. Зар-заман мәдениеті. ХІХ-ХХ ғғ. қазақтың оә-санасы мен қазақ әдебиетінің басты бағыттары. Қазақ интеллигенциясының ірі өкілдері мен саяси қайраткерлерінің (Ә. Бөкейханов, иА, Байтұрсынов, М. Дулатов, Т. Рұсқұлов) басты идеялары. Кеңес дәуіріндегі қазақ мәдениетінің тағдыры. Тоталитарлық-әкімшілік жүйе және ұлттық мәдениет. Мәдени саясаттың қарама-қайшылықтары. Қазақстандық ғылымның қалыптасуы мен дамуы, мәдениет пен ғылым ордаларының ашылуы. Қазақ интеллигенциясының қазақтың төл мәдениетінің дамытып, халықтың мәдени дамуындағы сабақтастығын сақтап қалуға қосқан үлесі.

19.Тақырып. Кеңестік Қазақстан мәдениеті..




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет