Лекция 1- тақырып. Қылмыстық құқықтың қысқаша сипаттамасы



Дата06.01.2022
өлшемі39,62 Kb.
#16115
түріЛекция
Байланысты:
fb9c5405-3704-11e3-a987-f6d299da70eeЛекции по уголовному каз. общ. Microsoft Word


Лекция
1- Тақырып. Қылмыстық құқықтың қысқаша сипаттамасы.
1. Қылмыстық құқықтың түсінігі.

2. Қылмыстық құқықтың міндеттері.

3. Қылмыстық құқықтың қағидалары

4. Қылмыстық құқықтың қайнар көздері.

5. Қылмыстық құқықтың жүйесі.

6. Қылмыстық құқық

7. Қылмыстық құқықтың басқа пәндермен байланысы.
Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстың қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді.

Қылмыстық құқық – бұл жалпы құқық жүйесінің негізгі бір саласы және пән болып табылады. Осы ұғымдардың бәрінің жиынтығы қосылып қылмыстық құқық курсы деген түсінікті білдіреді.

Құқық саласы ретінде қылмыстық құқық заң шығарушылық органдар қабылдаған қылмыс пен жаза, қылмыстық жауаптылық негізі, жаза жүйелерін, жазаны тағайындаудың тәртібі мен шарттарын, согдай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуды белгілейтін заңдылық нормаларының жиынтығы болып табылады.

Басқа құқық салалары сияқты қылмыстық құқықтың да негізгі заңдылық базасы – Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады.

Жаза тағайындаудың немесе қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың мәселелері осы жалпы бөлімде зерттеледі.

Ерекше бөлімде нақты қылмыс құрамдары және оларды істеген үшін белгіленген жаза түрлері көрсетіледі.

1.Адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіппен қауіпсіздікте, қоршаған ортаны, ҚР-ның Қонституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалады мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады.

2. Бұл міндеттерді жүзеге асру үшін осы Кодексте қылмыстың жауптылық негіздері белгіленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлект үшін қауіпті қандай әрекеттер қылмыс болып табылады екенін айқындалады, оларды жасағаны үшін жазалар мен өзге де қылмыстық құқықтық ықпал ету шаралары белгіленеді делінген.

Қылмыстық құқықтың негізгі міндеті қылмыстық құқықтың құралдардың көмегімен заңда көрсетілген осы маңызды объектілерді қорғау, қылмыстық пен барынша пәрменді күрес жүргізу болып табылады.

Қылмыстық құқық ғылымы қылмыстың заңдарды, қылмыстың институттар мен түсініктерді, нақты қылмыс құрамдарды, яғни қылмыстық құқықтық нормаларын зерттейді. Сонымен бірге қылмыстық құқық ғылымы ҚР қылмыстық құқық тарихи, даму кезеңдерін, шет мемлекеттердің де қылмыстық құқықтық ілімдерін терең талдайды. Дамыған, өркениетті елдердің қылмыстық заңдарының ғылыми жетістіктерінің пайдалы жақтарын елімізде кеңінен қолданудың ұсынатын да қылмыстық құқық ғылымы болып табылады.

Қылмыстық-құқықтың принциптер – заң шығарушыға, ғылымға, құқық қорғау және қолдану органдары мен азаматтарға қылмыс пен қарсы күрес жүргізу саласындағы қажетті, негізгі және міндетті ережелердің көрінісі болып табылады. Заңдылық қағидасы Парламент немесе Президент қабылдаған қылмыстық заңнын құқық қолдану тәжірибесінде де, заң нормаларын қабылдау саласында да, сөз жоқ, үстемдік ету арқылы көрініс табады. Бұл көрініс бірнеше құқықтық талаптардың жиынтығынан құрылады. Оның біріншісі – Республика қылмыстық Кодексінің халықаралық қылмыстық құқықтың жұрт таныған принциптері мен нормаларын басшылыққа алуы болып табылады.

Қылмыстық құқықтың екінші бір қағидасы – азаматтардың заң алдындағы теңдігі болып табылады. ҚР Конституциясының 14 – бабының 1 – тармағында – заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең деп атаған.

Қылмыстық құқықтың үшінші бір принципі – жауаптылықтан құтылмайтындық принципі. Бұл принцип бойынша әрбір кез келген адам лауазымдық, басқа да жағдайларға қарамастан өзі істеген қылмысы үшін сөзсіз, міндетті түрде жауапты болады. Яғни, қолымен істеген қылмысты мойынмен көтереді.

Қылмыстық заңнын төртінші принципі – жеке жауаптылығы болып табылады. Адам өзінің кінәсі анықталған жағдайда ғана қоғамға қауіпті әрекеттер және бағытталған қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылады.

Қылмыстық құқықтың бесінші принципі – кінәлі жауаптылық принципі болып табылады. Бұл қағиданың мәні сол, кінәсіз қылмыс та болмайды дегенді білдіреді.

Қылмыстық құқықтың алтыншы принципі әділеттілік принципі болып табылады. Бұл принциптің мәнісі сол қылмыстың жауапқа және жазаға іс-әрекетінде қылмыс құрамының толық белгілері бар адамдар тартылуы керек.

Қылмыстық құқықтағы тағы бір принцип ізгілік принципі болып табылады. Ізгілік принципінің жүзеге асырылуы ең алдымен қылмыстың заң арқылы азаматтардың жеке басын, оладың өмірін, денсаулығын, құқықтарын қылмыстық қолсұғушылықтан қорғау арқылы көрініс табады.

Қылмыстық құқықтағы ізгілік принципі – қылмыстық заңды бұзған адамдарға да қолданады.

2- Тақырып. Қылмыстық заңның қысқаша сипаттамасы.


  1. Қылмыстық заңның түсінігі, белгілері, маңызы.

  2. Қылмыстық заңның міндеттері.

  3. Қылмыстық заңның мазмұны.

  4. Қылмыстық заңның

  5. Қылмыстық заңның мерзімдегі күші.

  6. Қылмыстық заңның кері күші.


Қылмыстық заң – ҚР Конституциясына сәйкес Республика Парламенті қабылдаған құқылық акті болып табылады. Қылмыстық заңнын міндеттері – бейбітшілік және адамзаттың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті аумақтық тұтастықты, коституцияның тұтастығы, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, табиғи ортаны қылмыстық алдын алу болып табылады.

Қылмыстық заң – қылмыстық құқықтың ең негізгі көзі. Сот үкімі, ұйғаруы немесе қаулысы құқықтың көзі болып табылмайды. Олардың нақты қылмыстық істер бойынша ғана заңдылық күші бар.

Қылмыстық – құқылық нормалар мазмұнына қарай үш түрлі топқа бөлінеді.

  1. Декларативті – яғни, қылмыстың құқықтық жалпы міндеттерін айқындайтын нормалар.

  2. Анықтаушы – яғни, қылмыстық құқықтың түсінігі мен жекеленген институттарына айқындама беретін нормалар.

  3. Арнаулы – яғни, нақты қылмыс құрамында және оған айқындайтын жазаға сипаттама беретін нориалар.

Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші Қылмыстық кодекстің 6- бабындағы, 7- бабындағы, 8-бабындағы принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады. Қылмыстық кодекстің 6,7,8 – баптарында жүзеге асыру үшін төмендегі мынадай түсініктерді анықтап алу қажет:

1.ҚР аумағы

2.ҚР қылмыстық заңы қолданылатын жерлер мен обьектілер

3.Қылмыс істеу орны

4.Шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдерінің және иммунитетті пайдаланатын өзге де азаматтарының жауаптылығы.

5.Қылмыскерді ұстап беру туралы. Халықаралық шарт туралы.Қылмыстық кодекстің 6-бабының 4-бөлігінде ҚР аумағында қылмыс жасаған адамдарға, республика қылмыстық заңның ережелерінің қолдану шарты көрсетілген.

Қылмыстық кодекстің 4-бабында іс-әрекеттің қылмыстығы және жазалаушылығы сол іс-әрекет жасалған уақытта қолданылып жүрген заңмен белгіленеді. Қоғамға қауіпті әрекет жүзеге асырылған, зардаптың басталған уақытына қарамастан, қылмыс істелген уақыт деп саналады. Яғни, зардаптың қашан болғанына байланыссыз істелген іс-әрекеттің уақыты болып іс-әрекеттер жүзеге асырылған жыл, ай,күндер және сағаттар есепке алынады.

Қылмыстық заңды түсіндірудің мәнісі, сол заңды дұрыс қолдану үшін оның мазмұны заң щығарушының заң еркіне сайма-сай етіп,ашып көрсету болып табылады. Заңды заң шығарушының еркіне сайма- сай, дәлме-дәл қолдану үшін оның мазмұнын ашыр көрсетуді қылмыстық заңды түсіндіру деп білеміз.Қылмыстық заңды түсіндіру субьектісіне, әдісіне және көлеміне қарай түсіндіруге байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді.Заңды түсіндіретін субьектісіне байланыты түсіндіру – легалды, соттық, ғылыми болып бөлінеді. Заң бойынша құзіретіне сәйкес заң шығарушы органның өзінің заңға түсіндірме беруін түсіндіру дейміз. Ресми оның түсіндіру деп – заң бойынша өзіне жүктелген осы міндетті атқаруға құзіретті органның заңға түсіндірме беруі айтылады.

3-Тақырып. Қылмыс және қылмыстық жауаптылық: түсінігі, арақатнасы.

1.Қылмыстың түсінігі мен белгілері.

2.Қылмыстың санаттары.

3.Қылмыстың басқа құқық бұзушылықтардан айырмашылығы.

4.Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі.

5.Қылмыстық жауаптылықтың басқа құқықтық басқа жауаптылық түрлерінен айырмашылығы.

6.Қылмыс пен қылмыстық жауаптылықтың арақатнасы.

7.Қылмыстық жауаптылықтың негізі.

Қылмыстық құқықтағы негізгі мәселелердің бірі қылмыстың ұғымын анықтау болып табылады. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығыстардың қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екндігін анықтау және оған мәселеде қылмыстық құқықлық шараларды қолдану арқылы осы қатынастарды реттеу – қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Заң шығарушы осындай тұжырымдарға келе отырып, қылмыстың әр уақытта да адамның нақты іс-әрекетінің, мінез-құлқының сыртқа шыққан көрінісі екенін атап көрсетеді.

Адамның мінез құлқына қайшы мінез-құлқы белсенді әрекет күйінде немесе әрекетсіздік күйінде болуы мүмкін.

Қылмыс санаттары деп оларды нақты белгілері бойынша торқа бөлуді айтамыз. Қылмысты санаттауға іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің сипатымен дәрежесі немесе қылмыс құрамының жекелеген элементтері негіз болады. Қылмыстық заңда қылмысты санаттаудың үш түрлі көрінісі қалыптысқан. Ол біріншіден, іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінен сипаты мен дәрежесіне қарап қылмысты төрт түрлі санатқа бөлу, екіншіден, қылмыстың обьектісі болынша санаттау. Үшіншіден, қоғамға қауіптілік дәрежесі бірдей қылмыстар қоғамға қауіптілік сипаттарына қарай жай, күшейтілген артықшылық берілген болып бөлшектенеді.

Қылмыстық жауаптылық бұл қылмыстың құқылық норманы бұзудың нәтижесі, қоғамға қауіпті іс-әрекеттің көрінісі болып табылады. Қылмыс істемесе қылмыстық жауаптылықта болмайды. Қылмыстың заң бойынша жазалау қатерімен тиым салынған қоғамға қауіпті іс-әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық тек қана қылмыс істеу арқылы келтірілген зиянның көлеміне, қылмыстың жолау тәсіліне, кінәнің нысанына, қылмыскердің тұлғасының ерекшеліктерін еске сала отырып жүзеге асырылады.

Қылмыстың жауаптылық өзіне тән ерекшелігімен оқшауланған құқылық жауапкершіліктің бір түрі болып табылады. Қылмыстық жауаптылық - өзінің нысаны, мазмұны жағынан мемлекеттік күштеу мәні бар жауаптылықтың түрі.

Қылмыстық құқық бойынша қылмыстық жауаптылықтың негізі болып қылмыстың заңда көрсетілген қылмыс құрамының барлық белгілері бар іс-әрекетті істеу болып табылады. Яғни, бұл деген қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істегенге, яғни қылмыстың заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді қасақана немесе абайсыздықтан істегенге айыпты адамға ғана тағайындайтынын көрсетеді. Демек, қылмыстық жауптылық негізі іс-әрекетте қылмыс құрамының болуы болып табылады. Қылмыстың заң қылмыс құрамы деген терминнің мазмұнын ашып көрсетпейді. Бұл мәселе қылмыстық құқық теориясында ғана ашып көрсетіледі. Адамның қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді қылмыс құрамының белгілері болып табылады. Қылмыстың обьектісі болып табылатын қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Қылмыстық кодекстің 2-бабында көрсетілген.


4-Тақырып. Қылмыс құрамы: түсінігі, маңызы, элементтері.
1.Қылмыс құрамының түсінігі.

2.Қылмысты саралаудың түсінігі мен маңызы.

3. Қылмыс құрамы және қылмысты саралау ұғымдарының арақатнасы.

4.Қылмыс құрамының түрлері.

5. Қылмыс құрамының элементтері.

6.Қылмыстың обьектісі.

7.Қылмыстың обьективті жағы.

8.Қылмыстың субьективті жағы.

9.Қылмыстың субьектісі.

Қылмыстың құрамы деп – қылмыстың заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарша жатқузыға мүмкіндік беретін қылмыстың обьективтік және субьективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз. Қылмыс құрамының белгілеріне мынадай 4 түрлі элементтер жатады: обьект, обьективтік жағы, субьект, субьективтік жағы. Мысалы, бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру қылмысы.187-бап белгілері болып біріншіден, басқа біреудің мүлкіне қол сұғу, екіншіден, осы мүлікті жою немесе бүлдіру, үшіншіден, осы әрекетті қасақана істеу, төртіншіден, бұл іс-әрекет ауырлататын жағдайда жасалатын. Ол үшін 14-ке толған адам жауапқа тартылады. Осы көрсетілген белгінің біреуі жоқ болса, онда бұл қылмыс құрамы болмайды. Егер адам бөтен адамның мүлкін абайсызда бүлдірсе немесе жойса онда кінәлінің әрекетәнде басқа бір қылмыс болады. Себебі, бұл жерде 187-бап көрсетілген қылмыстың басты белгісі қылмысты қасақаналық пен ңстеу жоқ. Әрбір қылмыс құрамының белгілері ерекше бөлімдегі баптардың диспозициясында ғана емес, қылмыстық заңнын жалпы бөлімінде оның тиісті баптарында да ашылады. Ерекше бөлімнің баптарның диспозицияларында әр түрлі қылмыстың көптеген белгілері аталып көрсетілген.

Қылмысты саралау дегеніміз – адамның қоғамға істеген қауіпті іс-әрекетін қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмыс құрамының белгісі бар бапқа дәлме-дәл жатқызу болып табылады. Қоғамға қауіпті іс-әрекет қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмыс құрамымен қамтылса, онда ол дұрыс сараланған деп саналады. Қылмысты саралауда іс-әрекеттің қылмыс құрамының тиісті баптары немесе оның бөліктеріне тармақтарына сай келетін дәлме – дәл көрсету қажет егер адамның іс-әрекетінде бірнеше қылмыстық құрамы болса, онда оның іс-әрекеті заңнын бірнеше баптары немесе баптардың бірнеше бөліктері, тармақтары бойынша сараланады. Қандай түрде болса да қылмысты дұрыс сарамалау, ол заңдылықты бұзуға, қылмысқа қарсы күрес жүргізетін органдардың беделіне нұсқан келтіруімен байланысты болады. Мұндай құбылысқа жол бермеу үшін қылмыстық заңды дұрыс қолданып, істің мән жайын терең зерттеп біліп, істелген іс-әрекетті дұрыс саралау қажет, сондай-ақ қылмысты қылмыс еместіліктен немесе соған ұқсас болған басқа қылмыстардан ажрататын белгілерді анықтау керек. Міне, бұл жерде қылмыс құрамының, оның белгілерінің қылмысты саралаудағы, заңдылықты сақтаудағы маңыздылығы ерекше болып отыр. Біздің құқықтық мемлекетімізде бірде-бір адам, егер оның істеген іс-әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болса қылмыстық жауапқа тартылуға немесе жазалануға тиісті емес. Өйткені жаңа Қылмыстық кодекстің негізгі талабын қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істегенде, яғни қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекетті қасақана немесе абайсыздықтан істеген кінәлі адамда ғана тартуға болады.

Қылмыстың құрамы – бұл қылмыстың іс-әрекет емес, тек соның нысанын сиапттайтын түрі ғана. Ол нақты қылмыстық заңды сипаттамасы, жеке нақты қылмыстың заңдылық түсінігі. Егер қылмыстың түсінігінде барлық қылмыстарға тән белгілер қоғамға қауіптілігін, құқыққа қайшылық, кінәлік және жазаланушылық аталған болса, ал қылмыс құрамында іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін білдіретін нақты қылмыстардың міндетті белгілерінің жиынтығы есепке алынады. Қоғамға қауіптілік қылмыс құрамының емес, қылмыстың құқылық – түсініктерінің бағыты да әр түрлі. Нақты қылмыстың құрамы қылмыстың жауаптылықтың негізі болып, ал қылмыстың жалпы түсінігі нақты қылмыстың құрамының заңдылық базасын жасаудың, қылмыстық құқықта оның құқылық, әлеуметтік-саяси табиғатын түсіндіру қажттілігінен туындайды.

Қылмыстың обьектісі деп, сол қылмыстың қиянатынын неге бағытталған, оның қандай зиян келтіргенін немесе келтіруге нысана алғанын айтамыз. Қылмыстың обьектісі заң қорғайтын қоғамдық қатынастар болып табылады. Қылмыстық құқықта олар шартты түрде жалпы, топтық және тікелей обьект болып бөлінеді. Қылмыстың обьектісін оны сипаттайтын қылмыс құрамының белгілерін дұрыс анықтаудың қоғамға зиянды іс-әрекеттің сипаты мен дәрежесін белгілеу үшін және оны саралау үшін маңызы ерекше.

Қылмыстың субьективтік жағының белгілеріне қылмыстың ішкі жағын құрайтын белгілері, яғни адам істеген қоғамға қауіпті іс-әрекет не психикалық қатынас сипатталады. Субьективтік жақтың белгілеріне кінә ниет және мақсат жатады. Кінә 2 түрлі нысанда: қасақаналық және абайсыздық түрінде көрініс табады.

Қылмыстық құқық ғылымда мұндай түрлерге бөлінеді:1-ден іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің дәрежесі, 2-ден қылмыс құрамының сипатталу тәсілі, 3-ден, қылмыс құрамының құрылысы есепке алынады. Іс-әрекетінің қоғамға қауіптілігінің дәрежесі мен мәніне қарай құрамдары негізгі, жауаптылықты ауырлататын қылмыс құрамдары болып бөлінеді.



5-тақырып. Қылмыс істеу сатылары.

  1. Қылмыс істеу сатылдары түсінігі;

  2. Қылмысқа дайындау;

  3. Қылмысқа оңталу;

  4. Қылмысты аяқтау;

  5. Аяқталған қылмыс және аяқталмаған қылмыс;

  6. Қылмысты аяғына жеткізуден өз еркімен бас тарту.


Қыдмыс істеу сатылары деп қасақана істелетін кылмысқа дайындалу, оңталудан біткенге дейінгі өтетін кезеңдерін айтамыз. Қасақаналықпен істелетін қылмыста бірнеше саты болады. Олар: қылмыс істеуге дайындалу, қылмыс істеуге оңталу және қылмысты аяқтау.

Кез келген қылмысты істеу үшін адам өзін соған итермелейтін қоғамға зиянды мүдделерді, қажеттіліктерді, зұлымдық пиғылдарды басшылыққа алады. Яғни адам қылмыс істеу үшін ең алдымен өзінің психологиялық ой-ниетін қалыптастырады. Бұл адам ішкі сезімін, ойын, ниетін білдіреді. Бірақ осы сезім, ой-ниет адамның нақты мінез-құлқы, қимылы, әрекеті арқылы сырттай көрініс бермеуі де мүмкін. Сондықтан да адамның мұндай сыртқа шықпаған ішкі жан-дүниесінің белгілі бір іс-әрекет арқылы сырттай көрініс бермеуін қылмыс қатарына жатқызуға болмайды. Яғни мұндай психологиялық сана-сезім, жалаң ой, қиял, қылмыстық құқық нормасынан тысқары болады, ол үшін қылмыстық жауаптылық жоқ.

Тікелей ниетпен қылмыс құралдарын немесе қаруларын іздестіру, әзірлеу немесе бейімдеп жасау, қылмысқа қатысушыларды іздестіру, қылмыс жасауға сөз байласу, не қылмыс жасау үшін өзге де қасақана жағдайлар жасау, егер бұл орайда қылмыс адамның еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, қылмысқа қыдмысқа дайындалу деп аталады (24-бап, 1-бөлігі). Заңда ауыр немесе ереукше ауыр қылмысқа дайындалуы үшін қылмыстық жауаптылық басталады деп көрсетілген (24-бап, 2-бөлігі).

Қылмыс істеуге дайындалу мынадай белгілермен сипатталады:

  1. дайындық іс-әрекеттерін жасау;

  2. қылмысты тек тікелей қасақаналықпен істеу;

  3. оның қылмыс құрамын толық орындауға дейін үзіліп қалуы;

  4. қылмыстың адамның еркінен тыс жағдайларға байланысты істелмеуі. Дайындық әрекеттері көп жағдайларда қылмыс құрамының объективтік жағының белгілерін қамтамасыз етумен тікелей байланысты болады. өзінің объективтік белгілеріне сәйкес істеуге дайындық адамның мынадай үш түрлі әрекеттері арқылы жүзеге асырылады: қылмыс істеу үшін құралдар немесе қарулар іздестіру я лайықтау немесе қасақана бір жағдайлар туғызу.

Қылмыс істеу үшін құралдар мен қару-аспаптар іздестіру дегеніміз – кез келген тәсілмен заңды немесе заңсыз жолмен осы заттарды алуды айтамыз.

Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3,4-бөліктері бойынша “Тікелей қылмыс жасауға тура бағытталған ниетпен жасалған іс-әрекет, егер бұл орайда қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, қылмыс жасауға оқталу болып табылады.

Қылмыстық жауаптылықтың ауырлығы орташа, ауыр немесе ерекше ауыр қылмыс оқталғаны үшін ғана басталады”.

Қылмыс істеуге оқталудың төрт түрлі белгісі бар:

Бірінші – іс-әрекеттің қылмыс істеуге тікелей бағытталуы қылмыс істеуге оқталғанда, қылмыс субъектісі қылмыс құрамын орындауға тікелей кіріседі және қылмыстық құқылық норма диспдициясының объективтік жағында көрсетілген элементтерді орындайды.

Қылмыс істеуге оқталудың екінші белгісі – субъективтік белгісі болып табылады. Қылмыс істеуге оқталғандық тек тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады.

Қылмыс істеуге оқталудың үшінші белгісі – істеуге бағытталған қылмыстың ақырына дейін жеткізілмеуі болып табылады. Яғни қылмыс құрамын орындау сатысында қылмысты әрекет амалсыздан үзіледі.

Кінәлінің ырқына байланысты емес себептерден қылмыстың ақырына дейін жеткізілмеуі – қылмыс істеуге оқталғандықтың төртінші беогісі болып табылады.

Кінәлінің істеген іс-әрекетінде қылмыстық заңда көрсетілген қылмыстың барлық белгілері болса, ондай қылмысты аяқталған қылмыс деп айтамыз (25-бап). Қылмыстық заңның көрсетілген қылмыстық құрамының ерекшеліктеріне байланысты аяқталған қылмыс бір түрлі емес, әр түрлі болуы мүмкін. Оның әр түрлі болуы қылмыс құрамының құрылысының түрліше болуына тікелей байланысты болып, ал басқа бір қылмыстың аяқталуы сол қылмыстың объектісіне зиян келтіру қаупін туғызған жағдайда жүзеге асырылады. Қылмыстық заң осы аталған жағдайлардың орын алған уақыттан бастап қылмыс құрамының аяқталғанын білдіреді. Сол себепті де қылмыстың аяқталуы барлық уақытта да белгілі бір қылмыс құрамының ерекшелігімен тығыз байланысты болады.

Адамның дайындау іс-әрекеттерін немесе қылмыс істеуге тікелей бағыттаған дайындалу іс-әрекетінің тоқтауы, не іс-әрекетті тоқтату, егер адам қылмысты ақырына дейін жеткізу мүмкіндігін ұғынған болса, қылмыс істеуден өз еркімен бас тарту деп танылады. Егер адам бір қылмысты ақырына дейін жеткізуден өз еркімен бас тартса, ол осы қылмыс үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылмауы тиіс.
6-тақырып. Қылмысқа қатысу: түсінігі, нысандары мен түрлері.

1.Қылмысқа қатысудың түсінігі.

2. Қылмысқа қатысудың түрлері.

3. Қылмысқа қатысудың нысандары.

4. Қылмысқа қатысушылардың түсінігі мен түрлері.

5.Қылмысқа жанасудың түсінігі, түрлері.

6. «Қылмысқа қатысу» және «қылмысқа жанасу» ұғымдарының арақатнасы.

1.Қылмыс – бір адам арқылы немесе бірнеше адамның бірлесуі арқылы істелуі мүмкін. Бірнеше адамның қылмыс істеуінің нәтижесінде істелген қылмыстың мәні, одан туындайтын зиянның мөлшері де жеке дара адам істеген қылмысқа қарағанда едәуір өзгереді және мұндайда қылмыс істегені үшін жауапты болатын адамдардың санын тура анықтау қажеттілігі туындайды. Қылмысқа қатысу қылмыстық құқық бойынша қылмыс істеудің ерекше нысаны ретінде қарастырылады, өйткені жеке дара қылмыс жасауға қарағанда қылмысты осы нысанда істеудің қауіптілік дәрежесі және келтіретін залалы да зор. Қылмыс істеудің ерекше нысаны болып табылатын қылмысқа қатусыдың өзіндік обьективтік және субьективтік белгілері бар. Қылмысқа қатысудың обьективтік жағының бір белгісі бір қылмысқа екі немесе одан көп адамдардың қатысуы болып табылады. Қылмыс істеуге қатысуда екі немесе одан көп адам қылмысты бірлесіп істейді. Обьективтік жағынан алғанда қылмыс істеуге бірлесіп қатысу деп, оны істеуге бірге қатысқан әрбір қатысушылардың әрекеті белгілі бір қылмысты іс-әрекетті істеуге және соның орындалуын жүзеге асыруға бағытталуы қажет.

2.Қылмысқа қатысудың түрлері қылмыс істеуге қатысқан жекелеген қатысушылардың қылмыс істеуге қатысуының дәрежесі мен сипатына байланысты қоса орындаушылық және тар мағынадағы қылмысқа қатысушы болып екі түрге бөлінеді.

Бірнеше адамның қылмысты бірге топ болып істеуін қоса орындаушылық деп атаймыз.Қылмысқа қатысудың бұл түрі бойынша қылмыс істеуге қатысқандардың барлығы да сол істеген қылмыстың обьективтік жағының белгілерінің басынан аяғына дейін немесе жекелеген қатысушылардың қылмыстың обьективтік жағының бір бөлігін орныдауға ғана қатысуын айтамыз.

3. Қатысудың қатысу нысанының ең қауіпті және көп тараған түрі алдын ала сөз байласып, келісіп қылсыты бірлесіп жасау туралы күні бұрын уағдаласқан түрі болады. Алдын ала келісу деп қылмыстың обьективтік жағын құрайтын әрекеттерді орындағанға дейін басқа бір адаммен болса да келісімге келуді айтамыз. Бір топ адамның қылмысты алдын ала келісіп істеуінің белгілері: біріншіден, қылмысқа қатысушылардың саны екіден кем болмайды; екіншіден, олапдың қылмыс істеу туралы келісімі қылмысты істегенге дейін орын алады; үшіншіден, келісім белгілі бір немесе бірнеше қылмысты істеу жөнінде болады. Егер қылмысты ауыр немесе ерекше ауыр қылмыстар жасау үшін құрылған бірігіп ұйымдасқан топтардың бірлестігі жасаса, ол қылмыс сыбайластыққа тән өзіндік белгілердің бірі қылмысқа өзара алдын ала келісушілерінің ең жоғары дәрежеде болатындығына және оның тұрақты, тығыз ұйымдасқан, топтасқан құрылым екендігіне байланысты.

4.Қылмыстық құқықта қылмысқа қатысушылар орындаушылар, ұйымдастырушылар, айдап салушылар және көмектесушілер деп бөлінеді. Оларды бұдай бөлуге қылмысқа қатысудағы атқаратын іс-әрекетінің мәнісі мен дәрежесі негіз бола алады. Қылмысқа қатысушыларды осылай бөлудің олардың жауаптылығын негіздеу, іс-әрекеттерін дұрыс саралау және жаза тағайындағанда әрқайсының ерекшелектерін еске алу үшін маңызы өте зор. Қылмысқа қатысушылардың түрлері және олардың әрқайсысына заңдылық сипаттама ҚК-тің 28-бабында көрсетілген.

Орындаушы. Қылмысты тікелей жасаған немесе оны жасауға басқа адамдармен бірге тікелей қатысқан адам, сондай-ақ жасына, есінің дұрыс еместігіне немесе осы Кодексте көзделген басқа да мән жайларға байланысты қылмыстық жауапқа тартуға болмайтын басқа адамдарды пайдалану арқылы, сол сияқты әрекетті абайсызда жасаған адамдарды пайдалану жолымен қылмыс жасаған адам орындаушы деп танылады.

Қылмысты орындаушы қылмысты жеке өзі немесе оны бірнеше басқа адамдармен қоса орындап, тікелей жүзеге асыруы мүмкін, мысалы, топ болып танылатын жасқа толмаған адамдарды пайдалану арқылы қылмыс жасаған адам қылмыстың тікелей орындаушысы болады.

Ұйымдастырушы. Қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен адам, сол сияқты ұйымдасқан қылмыстық топ немесе қылмыстық қауымдастық құрған не оларға басшылық еткен адам ұйымдастырушы деп танылады. Ұйымдастырушы қылмысқа қатысушылардың ішіндегі ең қауіптісі болып табылады. Қылмысты ұйымдастырушылардың әрекеті көбінесе тұрақты қылмыстық топ, қылмысты ұйым құруға байланысты болады. Ұйымдастырушылар обьективтік жағынан алғанда қызметі қылмысқа қатысушыларды табу, оның дайындығына, жүзеге асыруына жоспар жасау, қылмысқа қатысушылардың арасында берік тәртіп орнату, олардың өзара міндеттерін бөлу, сондай-ақ қылмысты істеу барысында оған тікелей басшылық жасау жағынан көрінеді.

Айдап салушы. Басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге де жолмен қылмыс жасауға көндірген адам айдап салушы деп танылады. Айдап салушы болашақ қылмысты орындаушыны әр түрлі әдіспен қылмыс істеуге азғырып, көндіріп, оның батылдығына жігер береді. Айдап салушы қылмысты істеушінің сана-сезіміне, еркіне тікелей әсер етіп, оны қылмыс жасауға тікелей жігерлендіреді. Айдап салушының өзі қылмыс істеуге көндірген адаммен қатынас жасауы ауызша, жазбаша, қимыл көрсету және тағы басқа сан түрлі болуы мүмкін. Қылмыс істеуге біреуді көндірудің тәсілі, құралы да сан түрлі болуы мүмкін. Айдап салудың барлық тәсілдері мен әдістері азғыруға көнушінің еркін басуға немесе оны шатасуға әкеліп соқтырмауы керек, қайта оның белгілі бір қылмысты жасауға деген жігерін қоздырып, соны істеуге деген бекл байлағандыққа итермелеу керек.

Көмектесуші. Кеңестермен, нұсқаулармен, ақпарат, қылмысты жасайтын немесе құралдар беруімен не қылмысты жасауға кедергілерді жоюымен қылмыстың жасалуына жәрдемдескен адам, сондай-ақ қылмыскерді, қаруды немесе қылмыс жасаудың өзге құралдарын, қылмыстың ізін не қылмыстық жолмен табылған заттарды жасыруға күні бұрын уәде берген адам, сол сияқты осныдай заттарды сатып алуға немесе өткізуге күні бұрын уәде берген адам көмектесуші деп танылады. Көмектесушінің қылмысты орындаушылардан өзгешілдігі – сол қылмысқа көмектесу әр уақытта да орындаушының қылмысты іс-әрекетті істеуінің алдын алады. Қылмысқа айдап салушыдан қылмысқа көмектесушінің айырмашылығы мынада: қылмысқа айдап салушы, орындаушыны қылмыс істеугше көндіретін болса, ал көмектесуші қылмыс істеуге өздігінен бел байлаған адамға ақыл-кеңес, нұсқаулар беру арқылы оның қылмыс істеуге, істелген қылмысты жасыруға деген сенімін нығайтады.
Тақырып №7

Қылмыстың көптігі: түсінігі мен түрлері.

  1. Қылмыс көптігінің түсінігі

  2. Қылмыстың көптігі мен жеке қылмыстың ара-қатынасы

  3. Қылмыс көптігінің түрлері

  4. Қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы

  5. Қылмыстың жиынтығы

  6. Қылмыстың қайталануы




  1. Бір адамның бір немесе бірнеше қылмыс істеуі мүмкін. Жеке қылмыс деп қылмыстық заңда көрсетілген бір әрекеттен, зардаптан, кінәнің нысанынан құралатын бір құрамды білдіретін және ерекше бөлімнің бір бабымен ғана сараланатын қылмысты айтамыз. Кейбір жағдайларда бір адам бірнеше қылмысты істеуі мүмкін, мұндай жағдайда олардың іс-әректеін дұрыс саралау үшін қылмыстардың көптігінің түсінігін дұрыс анықтау керек. Қылмыстық жауапқа тартудың мерзімі ескірмеген немесе сотталғандықтан немесе сотталғандығы жойылмаған жағдайда бір адамның екі немесе одан да көп қылмыстарды істеуін қылмыстар көптігі деп айтамыз. Қылмыстардың көптігінің өзіндік белгілері: бір адамның екі немесе одан да көп әрқайсысы жеке-жеке құрам болып табылатын қылмысты істеуі болып табылады. Сондықтан әкімшілік құқық бұзушылық іс-әрекеті қылмыстар көптігіне жатпайды. Күрделі құрам деп екі немес одан да көп іс-әректтерден құраплатын, оның әрқайсысының бірінен бірін бөліп қарағанда жай түрдегі қылмыс құрамына жататын, бірақ ішкі бірлігі бойынша бір қылмысты құрайтын қылмыстардың жиынтығын айтамыз. Созылмалы қылмыс деп кінәлінің өзіне қылмыстық заң жазамен қорқытып жүктеген міндіеттемелерін ұзақ мерзімге орындамай әрекет немес әрекетсіздік арқылы белгілі бір қылмыс құрамын үзіліссіз, белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асырылуы болып табылады. Жалғасқан қылмыс деп ортақ мақсатқа жетуге бағытталғын ұқсас қылмысты әрекеттерден құралатын, жиынтығында бір қылмыс болып табылатын қылмыстарды айтамыз.

  2. Іс-әрекеттің құрылуына қарай қылмыстық құқық қылмыстардың көптігін үш нысанға бөледі. Қылмыстық құқық теориясында бірнеше мәрте жасалған қылмыс жалпы және арнаулы болып екіге бөлінеді. Бірнеше мәрте джасалған қылмыстың жалпы қайталануы деп істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігінің мәні мен дәрежесіне қарамастан, кез келген басқа бір қылмысты қайталап жасаушылықты айтамыз. Қыдмыстың жалпы қайталануы қылмысты саралауға әсер етпейді, бірақ жаңа тағайындалғанда жазаны ауырлататын мән-жай ретінде есепке алынуы мүмкін. Бірнеше мәрте жасалған қылмыстың арнаулы қайталануы деп адамның ұқсас немесе біртектес қылмысты іс-әрекетті тағы да жасауы болып табылады. Біртектес қылмыстар деп объективтік, субъектитік белгілері ұқсас, кінәнің бір түрлі нысаны орын алатын, бір немесе бірнеше ұқсас объектіге қылмыстың қол сұғатын қылмыстарды айтамыз. Үнемі жасаған қылмыстар да бірнеше мәрте жасаған қылмысқа жатады. Үнемі қылмыс жасау кейбір қылмыс құрамдарының қажетті белгісі болуы мүмкін.

  3. Қылмыстық кодекстің түрлі баптарында немесе баптарының бөлікетерінде көзделген адам солардың бірде біреуі үшін сотталмаған немесе заңмен белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған екі немесе одан да көп әреукеттерді жасау қылмыстардың жиынтығы деп танылавды. Қылмыстардың жиынтығында адам, егер жасалған әрекеттердің белгілері осы кодекстің бір бабының немесе бабының бір бөлігінің неғұрлым қатаң жаза қолдануды көздейтін нормасымен қамтылған болса, әрбір жасалған қылмыс үшін осы кодекстің тиісті бабы немес бабының бөлігі бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Қылмыстың жиынтығы болу үшін адам істеген іс-әрекеттің біреуі үшін де сотталмаған немесе заңмен белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған болуы керек. Қылмыстың жиынтығы идеалдық және нақты болып екіге бөлінеді.

Қылмыстың идеалдық жиынтығы деп кінәлінің бір іс-әрекетінен бірден қылмыстық заңның әр түрлі баптары, бір баптың әр түрлі бөліктері, тармақшалары бойынша сараланатын екі немесе одан да көп қылмыстардың істелуін айтамыз. Қылмыстың нақты жиынтығының зияндылығы идеалдық жиынтыққа қарағанда қомақты болады, сол үшін де оған қатаңырақ жаза мөлшері белгіленеді. Егер арнаулы нормалар өзара бәсекеге түссе, онда жазаны жеңілдететін мән-жайларды көрсететін қылмыстық құқылық нормаға артықшылық беріледі. Егер белгілі бір және нақ сол әрекет осы кодекстің тиісті баптарының жалпы және арнаулы нормаларының белгілеріне сәйкес келсе, қылмыстардың жиынтығы болмайды және қылмыстық жауаптылық осй кодекстің ерекше бөлімінің арнаулы норманы қамтитын бабы бойынша туындайды.

  1. Бұрын қасақана жасаған қылмысы үшін сотталғандығы бар адамның ақсақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады. Қылмыстың қайталануын білу үшін бұрын міндетті түрлде сотталғандығы, бұрынғы істеген қылмысы үшін жазаны толық немесе ішінара өтеуі, соңғы қасақана қылмысты істегенде сотталғандық атағының болуы шарт, яғни қылмыстың қайталануы, өптік қылмыстардың ішіндегі ең қауіпті түрінің бірі. Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың қайталануы фактілі және ресми болып бөлінеді.

Адамның бірінші істеген қылмысы үшін сотталғандық атағының бар-жоғына қарамастан, тағы да жаңа қылмыс істеуі фактілі қылмыстық қайталау деп саналады. Сотталғандық атағы жойылмаған немесе одан арылмаған адамның жаңа қылмыс істеуі ресми қылмыстық қайталау болып саналады. Ресми қайталану жалпы, арнаулы, жай, күрделі, қауіпті, аса қауіпті болып бірнеше түрге бөлінеді. Жалпы қайталану деп сотталғандығы бар адамның кез келген жаңа қылмыс істеуін айтамыз. Арнаулы қайталану деп сотталғандығы бар адамның бұрынғы істеген қылмысына ұқсас немес біртектес жаңа қылмысты істеуін айтамыз. Жай қайталану деп бір рет қана сотталғандығы бар адамның жаңа қылмыс істеуін айтамыз.
Тақарып №8 Іс-әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын мән-жайлар.
1.Іс-әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын мән-жайлардың түсінігі мен маңызы.

2.Қажетті қорғану.

3.Аса қажеттілік.

4.Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру.

5.Орынды тәуекел ету.

6.Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу.

7.Бұйрықты немесе өкімді орындау.

8.Жедел іздестіру шараларын жүргізу.
1.Әрбір азаматтың конституциялық борышы – қоғамдық қатынастарды қылмыстық жолмен келтірілген зияннан қорғау. Осы міндетті жүзеге асыруда жеке адамға, қоғамға, мемлекетке, қарсы бағытталған іс-әрекеттерді дер кезінде тыюдың, тойтарудың маңызы ерекше. Қоғамға қауіпті іс-әрекетті тойтаруда, оның зияндылығын тыюда, сол қауіпті төндірген адамға материалдық, моралдық және басқа да зиян келтірілуі мүмкін. Мұндай әрекеттер формалдық жағынан алғанда Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің жекелеген баптарында көрсетілген қылмыс құрамына жатуы мүмкін. Бірақ та бұл әрекеттер белгілі бір жағдайларда қылмыс болып табылмайды. Өйткені мұндай әрекетте қылмыстың материалдық белгісі болып табылатын басты белгі – қоғамға қауіптілік жоқ. Керісінше, мұндай жағдайларда, қоғамдық қатынастарға зиян келтіруге бағытталған қауіпті жою, тойтару қоғамға пайдалы іс-әрекет деп танылады.

2.Қылмыстық заңға сәйкес барлық адамдардың кәсіби немесе өзге де арнаулы даярлығына және қызмет жағдайына қарамастан тең дәрежеде қажетті қорңануға құқығы бар. Бұл құқық адамға қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан құтылу басқа адамдардың немесе мемлекеттік органдардың көмегіне жүгіну мүмкіндігіне қарамастан тиесілі блоып табылады. Қажетті қорғану жағдайында қол сұғушы адамға зиян келтіру, яғни қорғанушының немесе өзге бір адамның жеке басын, тұрғын үйін, меншігін, жер учаскесін жіне басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүделерін қоғамдық қауіпті қол сұғушылықтан қол сұғушыға зиян келтіру жолымен қорғау кезінде, егер бұл орайда қажетті қорғану шегінен асып кетушілікке жол берілмеген болса, ол қылмыс болып табылмайды. Бұл жерде мемлекеттік, қоғамдық мүдделерге қорғанушының өзіне, басқа адамның заңды құқықтарына, құқықтық тәртіпке тікелей қауіп төндіріп тұрған істі тоқтату мақсатымен соны төндірушіге зиян келтірушілік, қылмыстық құрамда көрсетілген белгілерге дәл ұқсағанымен қылмыс болып саналмайды делініп отыр.

Қажетті қорғану - әрбір адамның заңды және заңмен көтермеленетін әрекеті болып табылады. Әлеуметтік мәні бойынша қажетті қорғанудың қоғамға қауіптілігі жоқ. Қажетті қорғану адамның ең қасиеті, табиғи құқықтары, өмірін, денсаулығын, бостандығын, меншігін т.б. басқа да игіліктерін қорғаудың тәсілі болып табылады. Қажетті қорғану қылмыстылықты тыюды, зорлықпен істелетін қылмыстарға және меншікке, басқа да қылмыстарға және меншікке, басқа да қылмыстарға қарсы қүресудің пәрменді құралы болып табылады. Қажетті қорғануды пайдаланудан бұлтарған немесе бас тартқан адамдар тек қана моралдық жағынан айыпталады. Қажетті қорғануды заңды әрекетке қолдануға болмайды, сол сияқты қажетті қорғануды қандай да бір әрекетінде қылмыстың формальдық жағынан белгілері бар, маңызы шамалы әрекет немесе әрекеттсіздікке қолдануға болмайды.

3.Осы Кодексте қорғалатын мүдделерге аса қажет болған жағдайда зиян келтіру, яғни белгілі бір адамның немесе өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті жою үшін зиян келтіру, егер бұл қауіпті басқа адамдармен жою мүмкін болмаса және бұл орайда аса қажетті шектен шығып кетушілікке жол бермесе, қылмыс болып табылмайды.

Төнген қауіпті сипаты мен дәрежесіне және қауіптің жойылған жағдайына сөзсіз сәйкес келмейтін зиян келтіру заңмен қорғалған мүдделерге оларды сақтап қалғаннан гөрі көбірек зиян келуі аса қажеттілің шегінен шығуы болып табылады. Мұндай шектен шыққан зияндылық үшін тек қасақана әрекеттерде ғана жаупқа тартылады. Осы заңнан туатын қорытынды: аса қажеттілік деп біріншіден заң қорғайтын мүдделерге төнген қауіпті жоюға бағытталған әрекет, екіншіден осы төнген қаіпті басқа амалдармен жоюға болмайтындай болса, үшіншіден заңмен қорғалған мүдделері сақтап қалу үшін келтірілген зиян болғызылмаған зияннан кем болуы, төртіншіден бұл істелген әрекет аса қажеттіліктің шегінен шығып кетпесе, онда істелген әрекет қылмыс табылмайды.

4.Қылмыстық кодекстің 35-бабында әлеуметтік пайдалы мақсатқа жеткізу үшін орынды тәуекел кезінде заңмен қорғалаған құқықтық мүдделерге зиян келтіру қылмыс болып табылмайды делінген. Бұрынғы Қылмыстық кодексте мұндай ұғым болмаған еді. Сондықтан да бұл қылмыстық заңдағы жаңа институт болып табылады. Егер әрекеттер қазіргі ғылыми-техникалық білімдерге сәйкес келсе, ал қойылған мақсатқа тәуекелге байланыссыз әрекетттерсіз жетуге мүмкіндік болмаса және тәуекелді пайдалынған адам заң қорғайтын мүдделерге зиян келтірмеудің барлық мүмкін шараларын қолданса, тәуекел орынды деп танылады.

Егер ол адамдардың өміріне, денсаулығына көрінеу қатер төндіретін, экологиялық апатқа немесе өзге де зардаптарға апарып соқтыратын болса, тәуекел орынсыз деп танылады. Заңға сәйкес орынды тәуекелге байланысты әрекеттер екі түрлі шартқа байланысты қылмыс болып табылмайды. Бұл шарттарды екі түрлі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа тәуекел әректтерін қолдануға негіз болатын шарттар, ал екінші топқа сол әрекеттің өзін сипаттайтын шарттар жатады. Тәуекел әрекеттерін қолдануға медицина, ғылым, техника, мәдениет, шаруашылық саласы қызметінің тиімділігін жетілдіру қажеттілігі негіз болады.Тәуекел әреттері кейде кездейсоқ жағдайларға байланысты да қолданылады.

5.Жаңа Қылмыстық кодекстің 36-бабының 1-бөлігіне сәйкес егер күштеп мәжбірлеудің салдарынан адам өзінің іс-әрекеттеріне ие бола алмаса, күштеп мәжбүрлеудің нәтижесінде осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру қылмыс болып табылмайды. Бұрынғы қолданылған қылмыстық заңдарда мұндай ұғым болған емес. Ұзақ жылдардағы соттергеу тәжірибесі көрсеткендей, күштеп мәжбүрлеудің салдарынан адам қоғамға қауіпті іс-әрекет жасап, азаматтар мен ұйыымдардың заңды мүддесіне зиян келтіреді. Жаңа Қылмыстық кодексте арнаулы норма күштеп мәжбүрлеудің салдарынан болған әрекеттің заңдылық салдарына баға берген. Осы нормаға сәйкес мұндай жағдайда істелген іс -әрекет жасап, азаматтар мен ұйымдарың заңды мүддесіне зиян келтіреді. Жаңа Қылмыстық кодекстегі арнаулы норма күштеп мәжбүрлеудің салдарынан болған әрекеттің заңдылық салдарына баға берген. Осы нормаға сәйкес мұндай жағдайда істелген іс-әрекет қылмыс болып табылмайды деп тура кқрсетілген.Күштеу – бұл белгілі бір әрекетті істеуге мәжбүрлеу. Мұндай ретте жәбірленушіге күш қолданып, оның жанын қинайтын, сөйтіп оның еркінен айыратын әрекеттер орын алады.Күштеу тойтарылатын немесе тойтарылмайтын болып екі түрге бөлінеді. Қылмыстық кодекстің 36-бабының 1-бөлігінде көрсетілген күшпен мәжбүрлеу тойтарылмайтын жағдайда ғана орын алады.. Тойтарылатын күштеуде жәбірленушінің белгілі бір әрекетті істеу мүмкіндігі сақталады. Сондықтан тойтарылатын күшпен мәжбүрлеуге жол бергенде, адамға 36-баптың 1-бөлігі қолданылмыйды.

6.Қылмыстық кодекстің 37-бабында Өзі үшін міндетті бұйрықты немесе үкімді орындау жөнінде іс-әрекет жасаған адамның осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіруі қылмыс болып табылмайды. Құқылық табиғатына сәйкес міндетті бұйрықты орындау қылмысты әрекетке жатпайды. Өйткені мұндай әрекет бастық пен бағыныштының қызметтік қатынастарына, тәртіп талаптарына негізделген. Мұндай бапты Қылмыстық кодексіне енгізу басшылардың, олардың бұйрықтары мен өкімдерінің беделін арттырады, сонымен бірге мұндай бұйрықтар мен өкімдері орындаушылардың тиісінше берілген міндетті бұйрықты орындаудан орын алған зиянды зардаптар үшін жауапқа тартылудан қаймығатын түгі жоқ. Қылмыстық заң қорғайтын мүдделерге зиян келтірудің негізі болып міндетті бұйрықты және өкімді орындау ресми түрде берген жарлығы. Бұйрық оны істеуге өкілеттігі бар адамы арқылы ауызша немесе жазбаша түрде жүзеге асыралады.
Тақырып№9 Қылмыстық жаза: түсінігі, мақсаттары, жүйесі және түрлері.
1.Қылмыстық жазаның түсінігі.

2. Қылмыстық жазаның мақсаттары.

3.Қылмыстық жазаның жүйесі мен түрлері.
1.Қылмыстық жаза мемлекетік күштеу шараларының бірі болып табылады және ол мемлекеттің қылмыспен қарсы күрес жүргізуде әр түрлі ұйымдастырушылық, тәрбиелік, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрін кеңінен қолданылады, сөйтіп қылмыстан сақтандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Сондықтан да біздің жас, тәуелсіз мемлекетіміз қылмысқа қарсы күрес қылмыстық жазаны қолдануда ең негізгі басты күрес қылмыстық жазаны қолдануда ең негізгі басты кұрес деп саналмайды, бұл құбылысқа қарсы күресте шешуші мәселелер жоғарыда аталып өткен экономикалық, ұйымдастыру, тәрбие, қоғам мүшелерінің белсенділігін, олардың құқылық сана –сезімін жетілдіру арқылы жүзеге асырылады.Сондықтан да қылмыстық шара мемлекетітік күштеу шарасы ретінде тек арнаулы, заңда көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс істеген адамдарға мұндай шараны қолдану мемлекеттің атқаратын функцияларының бірі ретінде қарастырылады. Әсіресе ауыр, өте ауыр қылмыс істегендерге соған сәйкес ауыр қылмыстық – құықылық күштеу шараларын қолдану мемлекеттің міндеті болып табылады. Мемлекеттік күштеу шаралары сан алуан. Оларға тек қылмыстық құқылық шаралар ғана емес, азаматтық, әкімшілк, тәртіптік шаралар да жатады. Қылмытық шара мемлекеттік күштеу шараларының жеке бір түрі бола отырып, өз еркшелектерімен оқшауланады.

Қылмыстық жазаны қолдану кінәліні басқа түрдегі азаматтық әкімшілік немесе тәртіптік құқылық жауапкершілікке тартумен де ұштастырылуы мүмкін. Қылмыстық жаза мемлекет атынан қылмысты іс-әрекеттер үшін кінәлінің кінәсін бетіне басу арқылы берілетін теріс құқылық баға болып табылады. Бетіне басудың және кінәләудің дәрежесі қылмыстың ауырлығына, кінәләнің жеке тұлғасына және оның қылмысты іс-әрекетті істеудегі мінез-құлықына тікелей байланысты болады. Қылмыстық жазаның басқа да мемлекеттік күштеу шараларынан еркешелігі сол, оны қолдану кінәліге барлық уақытта да сотталғандық туралы атақ береді.Сотталғандықтың кінәлі үшін белгілі бір құқылық зардабы бар, ол сотталғандығы туралы өмірбаянында көрсетілуі керек, сотталғандық кейбір жағдайларда қылмысты ауырлататын мән-жайларға жатады.

2.ҚР Қылмыстық кодексінің 38-бабының 2-бөлігінде жазаның мақсаты- әлеуметтік қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамдарды түзеу, сондай-ақ сотталғандарды да, басқа адамдарды да жаңа қылмыстарды істеуден алдын ала сақтандыру екендігі айтылған. Жазаның мақсаттары қылмыстық құқықтың жалпы міндеттері арқылы белгіленеді. Қылмыстық кодекстің 2-бабындағы осы заңнын міндеттері заң қорғайтын мүдделерді қорғау, алдын алу делінсе, ол міндеттерді жүзеге асыру үшін қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленіп, қылмыс ұғымы айқындалады, қылмыс істеген адамдарға қолдануға тиісті жазамен өзге де қылмыстық –құқылық ықпал ету шаралары белгіленеді. Арнаулы сақтандырудың иелері болып қылмыс істеп сотталғандар танылады. Жазаның мақсаты бұл адамдардың тарапынан тағы да қылмыс істеу фактісінің орын алмауын көздеуі болып табылады. Жазаның осы көзделген мақсатына жетуінің құралы- соттал,андарды түзеу арқылы, еңбекке адал, заі талаптарын мүлтіксіз орындау рухында тәрбиелеу болып табылады. Бұл жерде түзеу дегеніміз қылмыс істеп сотталған тұлғаның әлеуметтік, психологиялық көзқарасын өзгертіп қылмысты құбылысқа, қоңам ережелерін бұзуға, еңбексіз күн көріске деген пиғылдарын, жазадан қорықса да өзгертіп дұрыс жолға салу болып табылады. Сондықтан да қылмыскерге жаза тағайындау арқылы оны түзеу жазадан қорықса да қылмыс істемейтін, заң талаптарын қалт жібермей мүлтіксіз орындайтын адам етіп қалыптастыру болып табылады. Жазаның басқа бір мақсаты- басқа адамдарды қылмыс істеуден сақтандыру болып табылады. Бұл қылмыс істемеген, бірақ тәртіптік, әкімшілік құқық қалыптарын бұзып, биморалдық күйге жүрген, қылмыс істеу мүмкін, тұрақсыз элементтерге бағытталады. Мұндай әлеуметтік тұрақсыз адамдарды қылмыстық құқықта көрсетілген жазамен қорқыту арқылы және қылмыс істегендерге жазаның сөзсіз қолдануын ескерту, қылмыстан сақтандырудың жалпы түрі болып табылады. Қылмыстық құқық қалыптарының жеке түрлерінң санкцияларында көрсетілген жазаларда қылмыс істеген кінәлі адамдарға қолданбақшы болып қорқыту арқылы қылмыстық заі барлық азаматтарға, олардың психологиялық сана-сезіміне әсер ету арқылы, олардың әлеуметтік әділеттілікті, адам өмірінің қорғалуының, құқық тәртібін нығайтудың қажеттілігі туралы көзқарастарының қалыптасуына жағдайлар туғызады. Сол сияқты – қылмыстының жанын қинау немесе адамгершілік намысына тиіп, қорлау мақсатын көздемейді. Бұл тарихи қалыптасқан қылмыстық құқықтың адамгершілік принципі болып табылады. Осы жерде жазаның мақсаттары туралы Заңның қалпының өзінде қарама-қайшылық жоқ па екен деген заңды туындайды. Жаза сотталған адамның құқықтары мен бостандықтарына шек қою арқылы, сөз жоқ, оның жанын қинайды, адамгершілік намысына тиеді. Бұл жерде қарама-қайшылықты жою үшін жазаның мақсатын және құрамын, мазмұнын дұрыс айыра білген жөн. Жаза қылмыстының жанын қинау немесе адамгершілік намысына тиіп қорлау мақсатын тіпті де көздемейді. Сотталған адамның құқықтары мен бостандықтарына заңда көрсетілген шекті қою жазаның мақсатына жету құралын құрайды.Сотталған адамның қоғамнан оқшауланып, түзеу мекемесінде жазасын өтеуі, әлбетте, оның жанын жеуі сөзсіз, бұл жазаның жазалау элементтері болып табылады.

Тақырып №10

1.Ұлттық қылмыстық заң бойынша жаза тағайындаудың жалпы негіздері.

2.Жаза тағайындау кезінде Жалпы және Ерекше бөлім ережелерінің арақатынасы мен маңызы.

3.Жаза тағайындау кезігдегі қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлардың ескерілуі.

4.Жаза тағайындау кезіндегі қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайларды ескерілуі.

5.Жаза тағайындаудың арнаулы ережелері.

1.Қылмыстық құқық жаза тағайындағанда кінәлінің жеке-дара жауапкершілік принципін негізгі басшылыққа алады.ҚР Конституциясының барлық адам заң мен сот алдында тең, ешкім де сот үкімінсіз қылмыс жасауда кінәлі деп танылуға жатпайды және қылмыстық жазаға тартыла алмайды деген қағидаларын басшылыққа ала отырып, соттар қылмыстың түрі мен ауырлығына, айыптының қызметтегі және қоғамдағы орнына қарамастан, әрбір қылмыстық істі заңға сәйкес бұлжытпай шешуші қажет екендігіне жете назар аударуға тиіс. Заңнын бұзылуын ештеңе де ақтай алмайды.Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттар ҚК-тің 52-бабында көрсетілген жаза тағайындаудың жалпы қағидаларын бұлжытпай сақтауы, сондай-ақ сотталушы жасаған қылмыс ауырлығы бойынша қай санатқа жататындығын; рецидивтің болуын және оның түрін; сотталашының қылмыстық әрекеті қай сатыда тоқтатылғанын; қылмысты топ, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық жасаған жағдайда сотталушының қатысу дәрежесін; қылмыстық мақсатқа жету үшін оның әрекеттерінің мағынасын және келтірілген немесе келтіруі мүмкін зиянның сипаты мен көлеміне ықпалын; қылмыстар жиынтығын; жазаны жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларды; сол қылмыс үшін көзделген жазаға қарағанда неғұрлым жеңіл жаза тағайындау немесе шартты соттау негіздерін ескеруі тиіс.

Қылмыстық жаза тағайындаудың жалпы негіздері

2. Қылмыстық құқық жаза тағайындағанда кінәлінің жеке-дара жауапкершілік принципін негізгі басшылыққа алады. Осы мәселеге байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1999 жылғы 30 сәуірдегі “Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы” №1 қаулысында былай делінген:

Қазақстан Республикасы Конституциясының барлық адам заң мен сот алд ында тең, ешкім де сот үкімінсіз қылмыс жасауда кінәлі деп танылуға жатпайды және қылмыстық жазаға тартылмайды деген қағидаларын басшылыққа ала отырып, соттар қылмыстың түрлері мен ауырлығына, айыптының қызметтегі және қоғамдағы орнына қарамастан, әрбір қылмыстық істі заңға сәйкес бұлжытпай шешуі қажет екендігіне жете назар аударуға тиіс. Қылмыстық заңда қылмыс жасаған адамдардың жасы кәмелетке толмағандарына, жасы 65-тен асқан ер адамдарға, сондай-ақ әйелдерге қылмыстық жаза тағайындаудың ерекшеліктері көзделгенін ескере отырып, соттар сотталушылардың жынысын және жасын ескеруі қажет.

Сот нақты жағдайларға байланысты әр уақытта да кінәлінің жеке басын сипаттайтын әлеуметтік мәні бар барлық жайттарды анықтауы қажет. Соттардың сотталушының жеке басының мәліметтерін жан-жақты объективті түрде тексеруін оларға тағайындалатын жазаның түрі мен көлемін белгілеу үшін елеулі маңызы болып табылады.

3. Әрбір нақты қылмыс үшін жаза тағайындағанда соттар қылмыстың қоғамға қауіптілігінің дәрежесін және жазаны даралау үшін жауптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайларды анықтауға міндетті. Жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайларды қылмыс құрамының қажетті, жетілген белгілерімен шатастыруға болмайды. Жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар қылмыстық заң арқылы белгіленеді. Қылмыстық заңда жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлардың үлгі тізбегі ғана берілген. Ал жауаптылықты ауырталатын мән-жайлардың заңда көрсетілген тізбегі тұжырымды, сот осы заңда көрсетілген мән-жайлардан басқаларды жауаптылықты ауырлататын мән-жай деп тануға құқықлы емес.

Жауаптылықты ауырлататын мән-жайлардың мазмұны төмендегідей:

Қылмысты әлденеше рет жасау, қылмыстардың қайталануы.

Қылмыс арқылы ауыр зардаптар келтіру.

Адамдар тобының алдын ала сөз байласып, адамдар тобының ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың құрамында қылмыс жасау.

Қылмыс жасағанда айрықша белсенді роль атқару.

Айыпкер үшін психикасы бұзылуының ауыр түрімен зардап шегетіні алдын ала белгілі адамды немесе қылмыстық жауаптылық жасына толмаған адамдарды қылмыс жасауға тарту.

Белгілі бір адамның өзінің қызметтік, кәсіби немесе қоғамдық борышын өтеуіне абйланысты оған немесе оның туыстарына қатысты қылмыс жаса у.

Аса қатыгездікпен, садизммен, қорлаумен, сондай-ақ жәбірленушіні қтинай қылмыс істеу.

Қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар немесе оны бейнеленуші қондырғылар, улы және радиоактитвті заттар қолданып қылмыс жасау.

Адамның өз қабылдаған антын немесе кәсіби антын бұза отырып қылмыс жасау.

Өкімет өкілінің нысанды киімін немесе құжатын пайдаланып қылмыс жасау.

4. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодеусінің 53-бабында қылмыстық жауаптылық пен жазаны деңілдететін мән-жайлар болып мыналар есептеледі:

Мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасау.

Айыпкердің кәмелетке толмауы.

Жүктілік.

Айыпкердің жас балалары болуы.

Жеке басындық, отбасылық немесе өзге де ауыр мән-жайлар тоғысуының салдарынан не жаны ашығандық себебімен қылмыс жасау.

Қажетті қорғанудың құқықтық шартын бұзу, аса қажеттілік, қылмыс жасаған адамды ұстау.

Шын жүректен өкіну, айыбын мойындап келу, қылмысты ашуға, қылмысқа басқа қатысушыларды әшкерелеуге жәнеқылмыс жасау нәтижесінде алынған мүлікті іздеуге белсенді жәрдемдесу.
Тақырып №11

1.Қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату

2.Қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың түсінігі, мәні, маңызы.

3.Қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері.

4.Қылмыстық жазадан босатудың негіздері.
Жалпы қағидаға сәйкес қылмыстық жауаптылық сот арқылы қылмыс жасаған кінәлі адамға жаза тағайындау арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстық құқық жауаптылықтан және жазадан немесе жазаны жеңілірек жазамен айырбастау туралы институтты белгілейді. Сонымен бірге ескерілетін жағдай, қылмыстық жауаптылықтан, жазадан босатылуды кеңінен пайдаланудың да зиянды жағы бар.

Қылмыстық заң бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың мынадай түрлері кездеседі;

Шын өкінціне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.

Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату.

Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.

Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.

Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.

Қылмыстық жауаптылықтан босату, жазадан босату немесе жазаны одан әрі өтеуден босатудың бір-бірінен айырмашылығы олардың қолдану нгізлеріне байланысты болады. Қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босатылудың кейбір түрлері жұртшылық өкілдерінің қатысуы арқылы жүзеге асырылады.

Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату. Қылмыстық жауаптылықтан босатудың бұл түрі Қылмыстық Кодекстің ерекше бөліміндегі жеке қылмыс құрамының санкцияларында көрсетілген реттерде ғана қолданылады. Мұның өзінде шын жүректен өкіну деп тану үшін кінәлінің кінәсін иойындап, өз бетімен келуі, шын жүректен өкінуі қылмысты ашуға жәрдемдесу және келтірілген зиянның орнын толтыруы белгілері болуы шарт. Кінәсін мойындап келу деп біткен немесе дайындық арасындағы қылмыстарды істегеннен кейін кінәлі адамның өзінің айыбын мойындап заңда көрсетілген органға келуін айтамыз. Кінәсін мойындап келу көп жағдайларда аяқталған қылмысты істегеннен кейін орын алады.

Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату. Қылмиыстық кодекстің 66-бабына сәйкес қоғамға қауіпті қылмысьтан болған үрейлену, қорқу немесе сасқалақтау салдарынан қажетті қорғану шегінен асқан адамды сот істің мән-жайын ескере отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.

Жәбірленушімен татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату. Қылмыстық кодексте бірінші рет кішігірім немесе орташа а уырлықтағы қылмыс істеген адам, егер ол жәбірленушімен татуласса және жәбірленушіге келтірген зиянның есесін толтырса, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін деп көрсетілген.

Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықьтан босатылу. Қылмыс белгілері бар әрекет жасаған адамды, егер істі сот қараған кезде жағдайдың өзгеруі салдарынан ол жасаған әрекет қоғамға қауіпті емес деп танылса, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.

Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату. Қылмыстық жауапқа тартудың мерзімінің ескіруі деп қылмыс істеген уақыттан бастап, кінәлі адамның сол қылмысы үшін заңда көрсетілген шарттарға сәйкес жауапқа тартуға мүмкіндік беретін уақыттың өтуін айтамыз. Қылмыстық кодексте мұндай жауаптылықтан босатудың негіздері істелген қылмыстың ауырлығына байланысты болып көрсетілген. Ескірудің мерзімі өқылмыс істеген күннен бастап және сот үкімі заңды күшіне енген кезге дейін есептелінеді. Қылмыс істеген уақыт деп қылмыстың зардабының орын алған уақытынан тысқары қоғамға қауіпті іс-әрекет жүзеге асырылған уақытты айтамыз.
Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату. Жазадан шартыты түрде мерзімінен бұрын босату жазаның алға қойылған мақсатын тез әрі тиімді шешуге мүмкіндік берумен бірге қылмыстылық пен қарсы күрес жүргізуге зор үлесін тигізеді. Сот тәжірибесі көрсеткендей, жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандардың қайталамалы қылмыс жасауы жазаны толық өтеп шыққандарға қарағанда едәуір төмен.

Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру. Жазаның өтелмеген бөлігін жеңілірек зжазамен ауыстырудың жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың айырмашылығы оның шартсыз, түпкілікті босатылуында болып табылады. Жазаның өтелмеген бөлігі жеңілірек жазамен ауыстырылу қолданылған сотталған адамды сот қосымша жазадан толық немесе ішінара босатуы да, босатпауы да мүмкін. Бұл мәселе нақты жағдайларға қарап шешіледі.

Жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің жазаны өтеуін кейінге қалдыру. Жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің жазаны өтеуін кейінге қалдыру Қылмыстық кодекстің 72-бабында қаралған және бұл сот тағайындаған жазаны өтеуден босатудың бір түрі болып табылады. Заңда жазаның қайсы түрін өтеуді кейінге қалдыру туралы айтылмаған.

Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату. Қылмыстық кодекстің 73-бабы ауруға шалдығуына байланыты жазадан босатудың тәртібін белгілеген. Осы бапқа сәйкес қылмыс жасағаннан кейін оның өз іс-әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғыну не оған ие болу мүмкіндігінен айыратын психикасы бұзылуы пайда болған адамды сот жазадан босатады. Аурулығына байланысты жазадан босатуға заңда ек і түрлі аурумен ауыруға негіз бола алады. Өзінің әрекетінің мағынасын түсіну немесе оны басқару мүмкіншілігінен айыратын психикалық ауру немесе жазаны өтеуге кедергі жасайтын басқа қатаң ауру.

Айыптау үкімін орындаудың мерзімі ескіруге байланысты жазадан босату. Айыптау үкімі белгілі бір себептермен орындалмай қалуы да мүмкін. Мұндай жағдайларда оны орындаудың мерзімі ескіреді. Мерзімі ескіршген айыптау үкімі орындалмайды.

Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату. Рақымшылық пен кегірім беру Қазақстан Республикасы Жоғарғы өкімен органдарының актілері болып табылады. Бұл актілер белгілі бір қылмыстар үшін жауаптылықты белгілеген қылмыстық заңдаоды немесе сот үкімін жоймай-ақ қылмысиық жауаптылықты немесе жазада немесе оған сот тағайындаған жазаны жеңілірек жазамен ауыстыра алады.

Төтенше мән-жайлардың салдарынан жазадан босату немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыру. Жазадан босатудың бұл түрі тек қана жаңа қылмыстық кодексте көрсетілген. Бұрынғы қылмыстық заңда жазадан босатудың бұл түрі болмаған еді. Заңға сәйкес төтенше мән-жайларға өрт немесе кездейсоқ апат, отбасылық еңбекке қабілетті жалғыз мүшесінің ауыр науқасқа душар болуы немесе еңбекке қабілетті отбасының жалғыз мүшесінің қайтыс болуы негіз болады.
Тақырып№ 12

Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
1.Кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері.

2.Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының ерекшеліктері.

3.Кәмелетке толмағандарға қолданылатын жаза түрлері, мерзімі мен мөлшері.

4.Кәмелетке толмағандарға жаза тағайындау барасындағы ерекшеліктер.
Жаңа Қылмыстық кодексте кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы жеке дараланып, арнаулы бөлімде көрсетілген. Бұл дегеніміз әділеттік және ізгілік принциптерін басшылыққа ала отырып, кәмелетке толмағандардың жас жағынан және ақыл-ойы жөнінен толық жетілмегендігін ескере отырып, оларды арнаулы қамқорлыққа алуының көрінісі болып табылады. Осыған орай қылмыстық заң кәмелетке толмағандарға ересектермен бірдей талап қоймайды. Кәмелетке толмағандардың психикасын ескере отырып, оған қылмыстық жауаптылықтың ерекше жағдайларын белгілеу қылмыстық жазаның мақсаттарына жетудің бірден бір оңтайлы жолы болып табылады.

Егер кәмелетке толмаған адамның есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуы оларды қылмыстық жауаптылықтан босатпайды. Қылмыс жасаған кезде 18-г.е толған адам кәмелетке толмаған деген атаққа ие бола алмайды. Бірақ та Қылмыстық кодекстің 87-бабының талабына сәйкес 18-25 жас аралығындағы қылмыс жасаған адамдарға жасаған әрекетінің сипатын және жеке басын ескере отырып, сот ерекші жағдайларда оларға кәмелетке толмағандарға арналған арнаулы тәрбие немесе емдеу, тәрбиелеу мекемесіне орналастыруды қоспағанда, осы бөлімнің ережелерін қолдана алады.

Кәмелетке толмағандардың психикалық жағжайы мен жас ерекшеліктеріне байланысты оларға тағайындалған жаза түрлері де ересектерге қарағанда жеңіл болып белгіленген. Кәмелетке толмағандарға қатаң қылмыстық шаралар тағайындалмайды. Кәмелетке толмағандардың статусының ерекшеліктеріне байланысты оларға белгілі бір лауазым атқару құқығынан айыру; мүлікті тәркілеу сияқты жазалар тағайындалмайды.

Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері:

1.Айыппұл;

2.Белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;

3.Қоғамдық жұмыстарға тарту;

4.Түзеу жұмыстары;

5.Қамау;

6.Бас бостандығынан айыру.

Қылмыстық кодекстің 86-бабына сәйкес 18 жасқа толғанға дейін қылмыс жасаған адамдар үшін осы кодекстің 77-бабында көрсетілген соттылықты жою мерзімдері қысқартылады және тиісінше 86-бапта көрсетілгендей: бас бостандығынан айыруға қарағанда жазаның неғұрлым жеңіл түрлерін өтегеннен кейін төрт айға; кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшін бас бостандығынан айыруды өтегеннен кейін үш жылға тең болады; ауыр және аса ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айруды өтегеннен кейін үш жылға тең болады.

Кәмелетке толмағандарға жаза тағайындау барасындағы ерекшеліктер:

Айыппұл кәмелетке толмай сотталған адамның дербес табысы немесе өндіріп алуға жарайтын мүлкі болған жағдайда ғана тағайындалады.

Кәмелетке толмағандарға белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге тағайындалады.

Түзеу жұмыстары сот үкім шығарған кезде 16 жасқа жеткен кәмелетке толмағандарға бір айдан төрт айға дейінгі мерзімге тағайындалады.Заңда кәмелетке жасы толмағандардың арнаулы тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу мекемесінде болуы Қылмыстық кодекстің 83-бабының 5-бөлігінде көзделген. Осы мерзім біткеннен кейін ұзартуға тек кәмелетке толмаған адамның жалпы білім беретін немесе кәсіптік даярлығын аяқтауы қажет болған жағдайда ғана жол беріледі, бірақ ол кәмелетке толғанға дейіндегіден аспауы керек деп белгіленген. Кәмелетке толмаған адамның арнаулы тәрбие және емдеу –тәрбиелеу мекемесінде болуының, оларды ауыстырудың тәртібі мен ережелері заңдармен белгіленген.
Тақырып №13 Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары.

1.Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түсінігі.

2.Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың мақсаттары.

3.Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлері.

4.Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының мерзімін ұзарту, өзгерту және тоқтату.

5. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының қолданғаннан кейін жаза тағайындау.

6.Жазаны орындауға қосылған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары.

1.Қылмыстық заң есі дұрыс емес күйде қоғамға қауіпті іс-әрекеттер жасаған немесе мұндай іс-әрекеттерді есі дұрыс күйде жасаған, бірақ сот үкімі шыққанға дейін немесе жазасын өтеген кезде өз әрекеттері жөнінде өзіне есеп беру немесе өзі әрекетін басқару мүмкіндігінен айыратын психикалық аурумен ауырған, сондай-ақ дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуынан зардап шеккен адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды белгілейді. Көрсетілген адамдар жөніндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданғанда сот олардың жаңадан қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді жасаудан сақтандыруы, ондай азаматтардың жеке басын қорғауда және дұрыс емдеуді жүзеге асыру мақсатын көздейді, психикалық ауруға душар болған адамдарға жаза тағайындау ізгілік және әлеуметтік әділеттілік принциптеріне қайшы келеді. Сондықтан да есі дұрыс емес адамдар қылмыс істесе, олар қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді жасағаннан кейін есі ауысқан аурумен ауырғаг адамдарға да жаза тағайындау тиімсіз болады. Өйткені мұндай адамдар өзіне - өзі есеп беру немесе өз әрекетін басқару мүкіндігінен айыратын есі ауысқан аурумен ауырына байланысты айналада болып жатқан құбылысты қабылдай алмайды, сондықтан да оған тағайындалған жаза өз мақсатына жетпейді.

2.Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлері оны тағайныдаудың, өзгертудің және тоқтатудың ҚР Қылмыстық кодексінің 90-бабында белгіленген. Заңда медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының 4 түрі көрсетілген:

1.емханалық мәжбүрлеп қадағалау және психиатрда емделу;

2.жалпы үлгідегі психиатрлық стационарда мәжбүрлеп емдеу;

3.мамандырылған үлгідегі психиатрлық стационарда мәжбүрлеп емдеу;

4.интенсивті қадағаланатын мамандырылған үлгідегі психиатрлық стационарда мәжбүрлеп емдеу түрлерін тағайындауы мүмкін;

Есі дұрыс күйінде жасалған қылмысы үшін сотталған, бәрақ алкокголизмен, нашақорлықтан емдеуді не психикасының есі дұрыстығын жоққа шығармайтындай бұзылуынан емдеуді қажет ететін адамдарға сот жазамен бірге емханалық мәжбүрлеп қадағалау және психиатрда емдеу түрінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындауы мүмкін.Осы көрсетілген мәжбүрлеу шаралары ауруларды емдеумен бірге, оларды қоғамнан оқшаулап, медицина мекемелері арқылы мұндай адамдардың денсаулығы мен мінез-құлқына өте мұқият түрде бақылау жасау арқылы жүзеге асырылады.Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлерін бөлудің негізгі белгілеріне істелген іс-әрекеттің қоғамға қауіптілік және сот – психиатрлық сарапшының қорытындысымен анықталған ауру адамның психикалық күйі болып табылады.

3.Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың негізі Қылмыстық кодекстің 88-бабында тұжырымдалған. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын ұзарту, өзгерту және тоқтату Қылмыстық кодекстің 93-бабында көрсетілген, осы заң талабына сәйкес:

1.Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын ұзартуды, өзгертуді және тоқтатуды психиатр- дәрігерлер комиссиясының қорынтыедысы негізінде мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыратын мекеме әкімшілігінің ұсынуы бойынша сот белгілейді.

2.Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы белгіленген адам сотқа осындай шараны тоқтату туралы немесе өзгерту туралы ұсыныс енгізу үшін негіздердің бар екені жөніндегі мәселені шешу үшін негіздердің бар екені жөніндегі мәселені шешу үшін кемінде алты айда бір рет психиатр-дәрігерлер комиссиясында куәландырып отыруға тиіс.

3. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын өзгертуді немесе тоқтатуды адамның психикалық жай-күйі өзгеріп, бұрын тағаындалған шараны қолдану қажет болмай қалған немесе медициналық сипаттағы өзге мәжбүрлеу шарасын тағайындау қажет болған жағдайда сот жүзеге асырады.

4. Психиатрлық стационарда мәжбүрлеп емдеуді қолдану тоқтатылған жағдайда сот мәжбүрлеп емдеуде болған адам жөнінде қажетті материалдарды оны емдеу немесе психиатрлық –неврологиялық мекемеге жіберу туралы мәселені денсаулық сақтау туралы заідарда көзделген тәртіппен шешу үшін денсаулық сақтау органдарына беруі мүмкін.

3.Алкоголизм, нашақорлық пен уытқұмарлық дертіне шалдыққан адамдарға қылмыс жасауына байланысты қолданылатын медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану.Есі дұрыс адамдарға қолданылатын медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларына қарағанда қылмыстық жазамен бәрге емес, онымен қатар тағайындалады және оның басқа түрлері болады. Алкоголизммен, нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға қылмыс істеген ретте медициналық сипаттағы еріксіз шараны қолданудың негізгі мақсаты, мұндай аурумен зардап шегетіндер емдеп, осындай күйде олардың тағы да қылмыс істеуіне жол бермеу болып табылады. Қылмыстық заң Алкоголизм, нашақорлық пен уытқұмарлықпен қылмыс істегендердің бәріне де медициналық сипаттағы еріксіз шараны қолдануды талап етпейді. Қылмыс істеуге байланысты емес жағдайда алкоголизм, нашақорлық пен уытқұмарлық дертіне шалдыққан ауруларды еріксіз емдеу шаралары ҚР Президентінің 1995-жылғы сәуірдің 7-індегі заң күші бар Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады. Қылмыс істеген адамдарға қарағанда қылмыс істемеген адамдарды көрсетілген дерттен емдеудің негізі, мерзімі, жағдайы, емдеуді ұйымдастыру тәртібі біркелкі емес, өзара айырмашылықтары бар.





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет