Лекция №1 (1) Әдебиетті оқыту әдістемесінің тарихы



жүктеу 203.64 Kb.
Pdf просмотр
Дата01.01.2017
өлшемі203.64 Kb.
түріЛекция

 

Лекция №1 (1) 

Әдебиетті оқыту әдістемесінің тарихы 

       Әдістеменің даму негіздері мен бағыттары, қалыптасу кезеңдері.Әдебиет методикасы-

педагогикалық ғылымдардың саласына жататын  ғылыми пән.Ғалым А.Көшімбаев «Әдебиет 

методикасының қамтитын обьектісі, қарастыратын мәселелері мектепте әдебиетті оқыту 

сабағы кезінде мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынасы болып табылады....Әдебиет 

методикасы педагогика сияқты мектеп, оқутәрбие мәселелерін тұтас алып қарастырмай,тек 

көркем әдебиетті оқып үйрену негізінде оқушыларға берілетін білім мен тәрбие мәселелерін 

өз шеңберінде алып баяндайды» деген пікірінде әдебиет әдістемесінің жалпы педагогика 

ғылымымен байланыстылығын аңғартуы.А.Байтұрсынов- қазақ әдебиеті әдістемесінің 

көшбасшысы. «Тіл жұмсар »еңбегіндегі ойлар :баланың өздігінен білім алу жолдарын 

анықтау-әдістеменің басты қызметі мен міндеті. «Баяншы, «Әлифба астары» еңбектеріндегі 

әдістеме туралы ойлары. Мағжан баланы сұлу әдебиетпен таныстыруға мән берген. 

«Бастауыш мектептегі ана тілі» әдістемелік еңбегінде төрт жылдық бастауыш мектептің әр 

жылына сәйкес ана тілін дамыту  бойынша жаттығулар жүйесін ұсынуы.Мағжан жасаған 

жүйе қазіргі әдебиеттік оқу курсына негіз болды.Көрнекті методист ғалым В.В.Голубков : 

«Әдістеме дегеніміз уақытты үнемдей білу, оқушы күш -жігерін ақылмен жұмсау,оқу 

материалының негізгі және басты мәселелерін таба білу, ұжым болып табылатын сыныптың 

еңбегін ұйымдастыру шеберлігі, оқушылардың әр түрлі жеке әрекеттеріне ықпал етуді алдын 

ала ойластыру».Әдістеме «не үшін, нені , қалай»деген негізгі үш сұраққа жауап береді.Қазақ 

әдебиеті әдістемесінің іргетасын қалаушылар Байтұрсынов, Мағжан, Аймауытов, М.Әуезов, 

С.Мұқанов, І.Жансүгіров, С.Сейфуллин, Ғ.Мүсірепов, С.Сейітов; Қырқыншы 

тоқсаныныншы жылдар арасында С.Қирабаев, Ә.Қоңыратбаев, А.Көшімбаев , 

Ш.Кәрібаев,Қ.Жұмалиев, Ш.Аманов, 

Т.Әбдірахманова,Е.Ысмайылов,М.Базарбаев,З.Қабдолов,Н.Ғабдуллин,Т.Ақшолақов,М.Мыза

хметов,Ә.Дайы-роа, Р.Нұрғалиев,А.Нұрхатов, Б.Сахариев,Ә.Дербісалин,Т.Жұмажанова, 

С.Мақпыров, Қ.Мырзағалиев, Б.Сманов.   

Ә. Дайырованың мақаласы, 1933 жыл-ғылыми-зерттеу институтының      ашылуы. «Қазақ 

тілі мен әдебиеті» журналы, 1991 жыл. 

 1917 жылға дейінгі үш мектептік білім жүйесі:1.орта оқу мекемелері -ерлер мен әйелдер 

гимназиялары, түземдік училищелер, мұғалімдер семинариялары.2.Бастауыш оқу 

мектептері- қалалық училищелер, приход училищелер, орыс қазақ орыс түземдік мектептер , 

ауылдық, болыстық мектептер, бастапқы сауаттылық мектептері 3.Кәсіби оқу мекемелері -

мұғалімдер семинариялары ,мұғалімдер мектептері,ауыл шаруашылық , фельдшерлік және 

қолөнер мектебі.(Т.Тәжібаев «XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы ағарту 

жұмысы мен педагогикалық ойдың дамуы») Әдіскер Ш. Кәрібаевтің (Әдебиет , класс, 

А.,Қазмембас,1935) еңбегі. 

 

Пайдаланған әдебиеттер 



1.

 

Қирабаев С. Мектеп және қазақ әдебиеті. А., Мектеп,1979. 



2.

 

Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. А., Мектеп, 1985. 



3.

 

Дайырова Ә.Қазақ тілі мен әдебиеті ,1994, №2. 



4.

 

Көшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. А., Мектеп,1993. 



5.Тәжібаев Т.XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы ағарту жұмысы мен 

педагогикалық ойдың дамуы А.,Қазмембас,1962 ,507б. 

6.Кәрібаев Ш.Әдебиет ,А.,Қазмембас, 1935 ж., 245б. 

 

Лекция №2 (2) 



Алтынсарин –педагог – жазушы 

Ыбырай туралы  пікірлер... 

   Н.И. Ильминский пікірі «Мен оны қашанда шын көңіліммен жақсы көрдім.Оның 

орыс тіліне деген тынымсыз құмарлығы мен қазақ халқына сол білімнің қажеттігі 

туралы ой арманын жоғары бағалаушы едім». 

   А.Е.Алектров «Алтынсарин өзінің тамаша алғырлығымен, дарындылығымен...көп білім 

алған еді» (Торғай облысындағы халық ағарту ісінің очеркі , 1900 ж., №1).В.Лавшин «Ол 

инспектор , педагог ретінде өте іскер адам еді.Ол оқытушыларды жанымен сүйетін шынайы 

дос еді. Ол орыс тілінде де, қазақ тілінде де шешен , тапқыр сөйлеген».М.И.Фетисов 

«Ы.Алтынсаринның баспасөз бетіндегі мақалалары халықтың өз үніндей естілуші еді. Оның 

«Оренбургский листоктың бетіндегі мақақалары Қазақстандағы демократиялық ой 

пікірлердің даму тарихында даңқты беттерді жасады». 

 Алтынсаринтану зерттеушілері: «Оренбургский листок»,1879 ж., №49,2 .12 , 

«Библиографиялық жаңалық», «Тургайская газета»,1906ж., 17 декабрь (Хрестоматияның 

шығуына байланысты ), «Дала уалаяты»газеті , 1892 24 октябрь,  1894ж.,№ 3, Орынбай бин 

Құрымбай қыпшақи , Қазан 1900, И.Лаптев «Қазақ  қырғыз тілінен 

материалдар»Москва,1900ж., Д.Львович «Қазақ даласында» ,СПБ, 1914ж. 45б.,А.Е.Алектров 

«Россиядағы қсақ халықтардың ағарту ісінің даму тарихынан»1896ж.,Н.И.Ильминский 

«Алтынсарин туралы естегілер»1891ж., М.Сералин, «Айқап»,1915ж.,№2,М.Дулатов «Оқу 

құралы»жиырмасыншы жылдар,А.Самойлович «Дүние жүзінің әдебиеті», «Шолпан » 

журналында (Ы.Алтынсарыұлы мақала),М.Жолдыбаев, М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев 

«XIXғасыр мен XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің оқу кітабындағы айтылған 

қиянат»,Ғ.Тоғжанов «Абай»кітабында Ыбырайдың ағартушылық қызметі туралы ,Баталов 

пен М.Сильченконың жалған пікірі,А.Ф.Эфиров «Ы.Алтынсаринның педагогикалық 

қызметі», Ә.Сыдықов «Ы.Алтынсаринның педагогикалық идеялары мен ағартушылық 

қызметі», М.Жолдыбаев , Ә.Қоңыратбаев, М.Қаратаев Әдебиет хрестоматиясында 

ағартушының шығармашылығы жарияланды,С.Сейфуллин Алтынсаринның өлеңдер 

жинағы, Б.Сүлейменов «Таңдамалы шығармалары», Х.Жұмалиев «Ы.Алтынсаринның қазақ 

әдебиетіндегі тарихи мәні мен орны»,Н.Сәбитов «Ы.Алтынсаринның өмірі мен 

творчествосына байланысты материалдардың библиографиялық көрсеткіші»,Е.Бекмаханов 

«Қазақстанның Россияға қосылуы», Қ.Бейсембиев «Қазақстанда XIX ғасырдың екінші 

жартысындағы қоғамдық ой пікірлердің тарихы, М.И.Фетисов «Қазақ публицистикасының 

тууы»,Ә.Дербісалин «Ыбырай Алтынсарин», Т.Қоңыратбай, т.б. 

Педагогтық қызметі, мектеп ашуы(1864).Торғай облысы мектептерінің инспекторы,1879-

1882 жылдарда Торғай облысының уезінен төрт мектеп :Торғайда, Ырғызда, Троицкіде, 

Бөрте болысында ашуы.Торғайда қолөнер мектебінің ашылуы. «Қазақтың болыстық мектебі 

туралы записка»еңбегі педагогикалық трактат. Ырғыздағы қыздар мектебі,Орск 


қаласындағы қазақтың тұңғыш оқытушылар мектебін ашуы.Қазақ балалары үшін Қазан 

университетінде екі,СанкПетербург университетінде бір стипендия тағайындатуы. «Қазақ 

хрестоматиясының»ролі. Аудармалары(Лермонтов «Теректің сыйы», Крыловтың  «Қарға 

мен түлкі»,  «Ақымақ дос»,Л.Толстойдан Сілінше ханым, Үш ұры,Мұңсыз адам, Данышпан 

қазы,Жамандыққа жақсылық (Визирь Абдулла),Паульсоннан  Бір уыс мақта, Алтын 

шеттеуік,Аурудан аяған күштірек, \тәкаппаршылықӘдеп, т.б., Ушинскийден «Үнді», 

«Құзғын мен сауысқан»,Түлкі мен ешкі, ). Оқыту әдістемесіне қосқан жаңалықтары.Мұғалім 

беделін көтеруі,білім мен тәрбиені сабақтастыра жүргізу идеясы, оулық авторы, оқытушылар 

даярлау ісін қолға алуы,қазақтардың тұрмыс жағдайына лайықталған мектеп үлгісін ұсынуы, 

«мектеп қазақтарға білім берудің басты құралы»,қазақ тілінің мәртебесін ,тазалығын 

көтеруі,дене , еңбек тәрбиесін қолға алуы, «қазақ мектептері үшін ең керектісі оқытушы, 

тамаша жақсы педагогикалық құралдар да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да ,әбден мұқият 

түрде жүргізілетін инспектор баұылауы да оқытушыға тең келе алмайды.», сабақты оқыту, 

оқушыларға білімді тиянақты меңгерту, сабақ уақытын тиімді пайдалану, оқушыны қатаң 

жазаламау,білім көлемі баланаң түсінігі мен жас ерекшелігіне қарай берілуі, оқытушының 

түсініксіз сөздерді қолданбауы,мәнерлеп сөйлеу керектігін талап етуіоның шебер әдіскер 

екендігін танытады.  

  Семинар 1 

Та0ырыптар мен сауалдар 

Публицистикалық материалдары. (көсемсөз), хаттары,этнографиялық тақырыптағы зерттеу 

мақалалары,, газеттегі мақалалары. «Орынбор ведомствосы қазақтарының өлген адамды 

жерлеу және оған ас беру дәстүрінің очеркі», «Орынбор ведомствосы қазақтарының құда 

түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлерінің очеркі». Әңгімелері-ұстаздық тәлім-тәрбие 

құралы. 


 

 

 



Пайдаланған әдебиеттер 

1.Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы.А., 1994. 

2.Алтынсарин Ы. Мұсылманшылықтың тұтқасы.А., 1991. 

3. Мұқанов С. Жарқын жұлдыздар, А., 1964. 

4. Қайырбеков Ғ. Дала қоңырауы, А.,1976. 

5.

 



Дербісалин Ә. Ы. Алтынсарин, А., 1965. 

 

Лекция №3 (2) 

Ағартушы-демократтардың білім саласындағы еңбектері 

Ш. Уәлихановтің ағартушылық көзқарастары. Г.Н.Потанин «...ол еріксіз , маған «Европаға 

ашқан терезе» сықылды болды ». Шоқан саяхаттарының мамұнында ағартушылық 

көзқарастар бар. «Тәңрі», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Жоңғария очерктері», 

«Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы», «Ыстықкөл 

сапарының күнделіктері», т.б.еңбектерінде ағартушылық көзөарастар жатыр.Шоқанның 

халық әдебиетіне оның қоғамдық, әлеуметтік өмірімен байланыста қарауы.Поэзия халықтың 

серігі  екендігін атауы, Оңтүстік Сібір руларының тарихы туралы еңбегінде халық аңызын , 



ертегілерін оның өмірімен байланыста алып қарауы,ауыз әдебиетінің нұсқаларын жырлаған 

Орынбай, Шөже, Жанақ, Арыстанбай есімдерінің берілуі,көшпелі елдің мәдениеті туралы 

бағалы деректері, «Жоңғария очерктеріндегі » батыл ойлары, қазақ, араб поэзиясын 

салыстыруы, қазақтардың суырып салма айту өнері туралы толғаулары, «Манас,  

«Семетей»туралы ойлары,қазақ өлеңдерін түрге бөлуі жаңашылдық ойларына жатады.Ф.М. 

Достоевскийге, А.Н. Майковқа, Г.А. Колпаковскийге жазған хаттарындағы ағартушылық 

көзқарастары. 

Абайдың білім туралы өлеңдері. «Дүние де өзі, мал да өзі»білім екенін насихаттауы, 

«Жасымда ғылым бар деп ескермедімдегі ақын өкініші мен мақсаты», «Ғылым таппай 

мақтанба», «Интернатта оқып жүр»өлеңдеріндегі идея мен өсиет,Әбдірахманға арналған 

өлеңдеріндегі өнербілім тақырыбы. Жетінші, Он тоғызыншы, Отыз бірінші қарасөздеріндегі 

өнер-білім мәселелері. 

Шәкәрімнің «Мұсылмандық шарты», «Үш анық»еңбектері туралы. 

С. Торайғыровтың «Айқап»журналымен байланысы. Мақалалары («Қазақ ішінде оқу, оқыту 

жайы қалай», «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан»,т.б.) 

А. Байтұрсынов , «Қазақ» газетімен байланысы, «Масадағы » ағартушылық  идеясы. »Әдебиет 

танытқыш», Әліппе, «Оқу құралы», «Жаңа құрал»оқулықтары ұлттық әдебиеттің мектепте 

жеке пән ретінде жұргізуіне жетекші ықпал жасауы. 

М. Дулатов пен «Серке», «Қазақ »газеті. «Оян, қазақ» жинағының мәні. 

С. Көбеевтің ағартушылық қызметі.Аудармасы. «Үлгілі бала», «Үлгілі 

тәржіма»жинақтарының мәні. «Орындалған арман»мемуарлық шығармасы. 

Семинар -1 

Ж. Аймауытов «Психология. Жан жүйесі және өнер таңдау» еңбегі. 

М. Жұмабаев Оқу құралын шығаруы (Бастауыш мектептегі ана тілі, Бастауыш мектепте ана 

тілін оқыту мәні, Педагогика, Сауатты бол). 

 

 



Пайдаланған әдебиеттер 

1.Қазақ әдебиетінің тарихы, ІІІ кітап, А., 1967. 

2. Кәкішов Т., Дүйсенов М. Ұлы октябрь шуағы.А., 1961. 

3. Байтұрсынов Әдебиет танытқыш// Ақ жол,А., 1991. 

4. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы, А.,1994. 

5. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. А.,1998. 

6. Қирабаев Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. А., 1995. 

6.

 



Мұқанов С. Жарқын жұлдыздар . А., 1994. 

7.

 



Мағжан Психология. А., 1991 

 

Лекция №4. (1) 



Кеңестік дәуірдегі әдебиетті оқыту әдістемесіндегі үш кезең. 

 

1917-1927-әдебиет пәнінің қоғамтану шылауында болуы.Акад.С.Қирабаевтың пікірі қазақ 

әдебиетін оқыту көп уақытқа дейін қоғамтану пәнінің құрамында болып келді.Пәннің 

арнаулы курс есебінде мектепте оқытылуы біраз кешендікпен басталған іс.Ол кезде 


әдебиетіміздің тарихы жоқ болатын.Ретке келтірілген программалар мен оқулықтарға қазақ 

мектеперінің қолы тек отызыншы жылдардың аяқ кезінде ғана жетті.Осы кезеңнің өзіне 

лайық программалары , методикалық жүйесі болды., бірақ олардың мақсаты мен мазмұны 

анықталмады.Ә.Қоңыратбаев «1939 жылдан бастап 1-4-кластарда бастауыш оқу,5-7- 

кластарда әдебиеттік оқу жүйесі,8-10- кластарда әдебиеттің тарихи курсы түпкілікті орын 

алды.» Оқулық авторларының белсенділіктері (М.Әуезов «Оқу ісі»мақаласы, «Әдебиет 

тарихы »оқулығы, «Жеткіншек» оқу құралы, С. Мұқанов «Колхоз ауыл»,  «Жиырмасыншы 

ғасырдағы қазақ әдебиеті» оқулығы, С. Сейфуллин қазақ мектептері үшін  «Қазақ 

әдебиетінің қысқаша тарихы», М.Жолдыбаев, М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев «XIXғасыр мен XX 

ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің оқу кітабы» , С.Сейфуллин мен Ө.Тұрманжановтың 

«Көркем әдебиет »оқулықтарына, Ә.Тәжібаев, Е.Ысмайылов пен Т.Ақшолақовтың оқулық 

хрестоматиясына шолу жасау.).1928-1938-әдебиеттің тарихи-әдебиеттік курс ретінде 



оқытылуы. ВКП(б)орталық комитетінің қаулылары.1929 жыл- ға дейін араб графикасы, 

1929-40 жылдар аралығында латын алфавиті,1940 жыдан соң орыс графикасына көшу 

әдебиет пәнінің қалыптаспауына әсерін тигізді.Бұл кезде қазақ әдебиеті пәні бойынша 

бағдарлама, оқулық , әдістемелік құралдар жазу тоқталып қалды.1939-1990-халыққа білім 



беру жүйесіндегі реформалар. Оның мектепте әдеби білім беру ісін жақсартуға рөлі.луінші 

жылдарда мектеп типі,программалар тұрақталды,оқулықтар мазмұны 

жаңартылды,әдістемелік құралдар жазылды.  

Пайдаланған әдебиеттер 

1.

 

Қирабаев С. Мектеп және қазақ әдебиеті. А., Мектеп,1979. 



2.

 

Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. А., Мектеп, 1985. 



3.

 

Дайырова Ә.Қазақ тілі мен әдебиеті ,1994, №2. 



4. Көшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. А., Мектеп,1993 

5.

 



Кәрібаев Ш. Әдебиеттік оқу. Қаз. Мем.баспасы,1941. 

 

Лекция №5(2) 



Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің негізін қалаушылар 

Қоңыратбаев Ә.-тұңғыш әдебиетті оқыту әдістемесінің іргесін қалаушы. «Әдебиетті оқыту 

методикасының очерктері»(1962), «Әдебиетті оқыту методикасы»(1966)еңбегі. «Әдебиеттік 

оқудың басты міндеттерінің бірі қоғам өмірі,адам проблемасы жайында ұғым,білім берумен 

қатар жастардың мінез құлқын, тұлғасын жасап,идеялық адамгершілік тәрбие беру 

болмақ.»Еңбекте әдебиеттік оқудың міндеті мен методикасы, көркем мәтін бойынша жұмыс 

істеу,көркем мәтін бойынша шығарманы тапдау, жанр оқытудың методикасы , жазба 

жұмыстар туралы айтылды.Мектептегі қазақ әдебиетінің әдебиеттік оқу сатысының 

әдістемесін ғылыми түрде зерттеуі,мектептегі әдебиетті оқытудың жүйесін толық 

қарастыруы,жазба жұмыстар жүйесін қарастыруы, «Мұны тарихи,ғылыми курс деп 

атауымыз бір жағынан балаға бір кезеңнің әдебиетін  мен тарихы туралы мәлімет 

береді...»деуі,яғни оқушыларға әдебиетке заман тұрғысынан баға беруге үйрету негізгі 

орынға қойылған. Автордың кемшілігі:әдебиетті көркем өнер ретінде қабылдай оқытуды 

қарастырмағаны,жеке өлеңдер ,дастандарды , ауыз әдебиеті үлгілерін , прозалық 

шығармаларды  драманы оқыту әдістері толық ашылмаған.Қазақ әдебиетін оқыту 

әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуына айрықша еңбек етуі.  



             Көшімбаев А.-әдебиетті оқыту әдістемесінің негізін салушы екендігі. «Сегіз жылдық 

мектепте әдебиетті оқыту методикасы»(1958), «Қазақ әдебиетін оқыту 

методикасы»(1969)еңбегі.Еңбекте қазақ әдебиеті әдістемесі туралы, оның ғылыми пән 

екендігі, мақсаты мен міндеттері,білім мазмұны, ұстанымдары,әдіс, тәсілдері,,сыныптан тыс 

әдеби жұмыстардың түрлері туралы айтылуы.Еңбектердің қазірге дейін маңызын жоймай, 

жоғары оқу орындарында оқулық міндетін атқаруы. «Әдебиет методикасы педагогикалық 

ғылымдар саласына жататын ғылыми пән».Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесін ғылым ретінде 

айқындап, ғылыми негізде дәйектеуге алғаш рет үлес қосқан ғалым.Әдістеменің міндеттері 

мен мазмұнын ашуы, оның қағидаларын :эстетикалық этикалық мәселелерін, ойлау 

мәдениетіне үйрету сияқты тұжырымдамалық пікірлерін тұңғыш рет ғылыми негізге 

түсіруі.Әдебиетті оқытудың жетекші ұстанымдары мен қолданылатын негізгі 

амал,тәсілдерін белгілеуі. 

  Семинар-2 -талдауға ұсынылатын тақырыптар 

А.Көшімбаев-Автор жаңашылдығы:баяндау, сұрақ,жауап, мәнерлеп оқу, түсініктеме бері, 

лекциялық , сөз жарысы, баяндама жасау,т.б.әдістерді көрсетуі.Әдістемені алғаш рет тұтас 

кешен ретінде алуы,5-10-кластарда оқыту.  

 

Пайдаланған әдебиеттер 



1.

 

Қирабаев С. Мектеп және қазақ әдебиеті. А., Мектеп,1979. 



2.

 

Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. А., Мектеп, 1985. 



3.

 

Дайырова Ә.Қазақ тілі мен әдебиеті ,1994, №2. 



4. Көшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. А., Мектеп,1993 

4.

 



Кәрібаев Ш. Әдебиеттік оқу. Қаз. Мем.баспасы,1941. 

5.

 



 

Лекция №6. (2) 

Әдебиет пәні бойынша бағдарламалар мен оқулықтардың жасалу жайы. 

Білім беру жұйесіндегі өзгерістерге байланысты (жалпы білім беретін мектеп 10 жылдық 

болды, пәндік жүйе 4-кластан басталды, бастауыш үш жылдық болды)жаңа 

бағдарламалардың жасалуы. 4-10-класс бағдарламаларын  Ә.Дайырованың  жасауы. 

Бағдарламаларға ғылыми талдаулардың жасалуы. Әдебиеттің пән ретінде 5-кластан 

оқытылуы. Оқу материалдары құрамының өзгеруі. Білім мазмұнының аспектілерінің өзгеруі 

.Әдебиет оқулықтарының жаңа нұсқаларының пайда болуы.Оқулық авторлары:V класс 

Ш.Кәрібаев,VI, VIIклас Р.Құтхожина ,VIII класс Х.Жұмалиев,Т.Ақшолақов, М.Ғабдуллин, 

IХ класс Е.Ысмайлов Х.Жұмалиев, С.Қирабаев,  Xкласс  Ғ:мүсірепов, Қ.Бекхожин, 

С.Сейітов, З.Қабдолов,А.Нұрқатов,М.Базарбаев, Б.Сахариев,М.Хасенов,т.б. 

С. Қирабаев, Қ. Айтқалиев, К. Назарғалиева, Р. Құтхожиналар –оқулық авторлары. Т. 

Ақшолақов, Б. Сманов, С. Тілешова, Т. Жұмажанова, Қ. Мырзағалиев-«Қазақ әдебиеті 

методикасының мәселелері»жинағының авторлары. 

Семинар 2 

Әдебиет пәні бойынша алғашқы оқулықтар авторлары 

50-жылдар авторлары 

Өтпелі кезең авторлары 

Жаңа буын оқулығы, авторлары 


 

 

Пайдаланған әдебиеттер 



1.Қирабаев С. Мектеп және қазақ әдебиеті. А., Мектеп,1979. 

2. Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. А., Мектеп, 1985. 

3. Дайырова Ә.Қазақ тілі мен әдебиеті ,1994, №2. 

6.

 



Көшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. А., Мектеп,1993 

7.

 



Қазақ әдебиетінің методикасының мәселелері. А. 1983. 

8.

 



Қазақ әдебиетінің 4-11-кластарға арналған бағдарламалары. А., 1989. 

9.

 



Ақшолақов Т. Шығарманың көркем айшықтарын таныту.А. Рауан,1993. 

 

 

Лекция №7 (1) 



1970-1990 жылдағы әдебиетті  оқыту жайы. 

   Орыс әдебиетін оқытудағы әдістемелік тәжірибелер. Аманошвили, Ильин,Шаталов, 

Лысенкова,т.б.тәжірибесі. «Литература в школедегі » (1970-1972) пікірталастардың 

мәні.Мұғалім беделін көтеру туралы пікірлер,Ш.Айтматов ұсынысы.Осы кезеңдегі әдебиетті 

оқытудағы олқылықтар :С.Қирабаев пікірі «Орта мектептегі қазақ әдебиеті курсы 

программалары өмір талабы дәрежесінен көп кейін қалып қойғанын көрсетті...»Әдебиетті 

оқытудағы тұтастықтың қажеттігі,әдебиет теориясын, тарихын қоса қамту қажеттігінің 

айтылуы,әдебиет курсы бойынша жасалған соңғы өзгеріс жеке шығарманы оқыту мен әдеби 

процестің дамуы жайындағы оқушы түсінігін ғылыми жүйеге салу мәселесі.Әдіскер 

ғалымдардың шығуы:жаңаша оқыту=жеке шығарманың танылуы мен әдеби процесстің 

дамуы +уақыт арасындығы тұтастық+тарихи түсініктермен байытылу=ғылымды біртұтас 

қарастыруы-әдебиет әдістемесінің жаңа негізі. С.Қирабаев «Әдебиетті жаңа программаман 

оқытудың кейбір мәселелері», Тілешова С. «V-VIII кластарға арналған қазақ әдебиетінің 

жаңа программалары мен оқулықтары жөнінде», «Әдебиет сабағындағы жазба жұмыстар», 

«Эпикалық шығармаларды оқытып үйрету», Дайырова Ә. «Қазақ әдебиетін оқытудағы жаңа 

бетбұрыс», Ақшолақов Т. «VIII-X класс программалары мен оқулықтарын жетілдіру 

жолдары», «Көркем шығарманың эстетикалық табиғатын таныту», «Қазақ әдебиетін оқыту», 

«Тереңдетіп оқыту мақсаты »әдістемелік құралы, Р.Сүлейменова «Қазақ совет әдебиетін 

оқыту методикасының кейбір мәселелері».,Тасболатов Қ.«Әдебиет сабағында оқушылардың 

танымдық белсенділіктерін арттыру жолдары», т.б. әдебиетті оқыту саласындағы 

еңбектері.Жаңашылдық:проблемалық оқыту әдісі,сабақты дамытып жетілдіргіш сабақтар, 

оқушылардың ынтасы мен ақыл,ой қабілетін дамытып, жанжақты дамып ,жетілдіруге 

бағытталған инновациялық сабақтар,зерттеушілікке бағыттау,кабинеттік жүйеге 

көшу,проблемалық ситуацияға көшу,ғылыми теориялық, эмприкалық зерттеушілік , 

тәжірибелік, интуитивтік толғаныстар  

 Семинарда (2)талқыланатын тақырыптар :С.Мақпырұлы «Қазақ әдебиетінен шығарма 

жұмыстары», «Қазақ әдебиетінен білім мазмұны мен әдістерін жетілдіру мәселелері 

»ғылыми мақалалар жинағының шығуы,Р.Құтхожина «кластың қазақ әдебиеті 

программасындағы жаңа материалды оқыту», Қ.Жаманбаева «Оқушы 

творчествосы»,Т.Жұмажанова «Кластан тыс оқу сабақтарында оқушыларды өз бетімен оқуға 


тәрбиелеу мүмкіндіктері», «IV-VII сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылығын 

арттыру», Ш.Кәрібаев «Әдебиеттік оқу кітабы»,оқулықтардағы  проблемалы, эвристикалық 

,ішінара ізденіс, зерттеу әдістерінің көрінуі. 

 

 



Пайдаланған әдебиеттер 

1.    Кәкішев Т. Сын сапары.А., 1971. 

2.

 

Қабдолов З. Екі томдық шығармалар .ІІ том.А.,1983. 



3.

 

Байтұрсынов А. Шығармалар.А., 1989. 



4.

 

Мүсірепов Ғ. Заман және әдебиет.А.,1982. 



5.

 

Әуезов М. 20 томдық шығармалар.19-том.А.,1985. 



6.

 

Кәкішев Т. Қазақ әдебиетінің  сынының тарихы. А.,1998. 



7.

 

Тоғжанов Ғ.Әдебиет және сын мәселелері. А.,1929. 



8.

 

Әуезов М. Әдебиет тарихы.А.,1991. 



9.

 

Қазақ әдебиетінің тарихы.3-том, А., 1967. 



10.

 

Нұрқатов А. Жалғасқан дәстүр.А.,1980. 



11.

 

Қабдолов З. Арна. А., 1988. 



12.

 

Серғалиев М. Сөз сарасы. А., 1989. 



 

 

 

Лекция №8(1) 



1990-2000 жылдардағы жалпы орта білім жүйесіндегі бетбұрыс 

Әдебиетті оқыту әдістемесінің  екі бағытта-болашақ және қазіргі мектеп 

жүргізілуі.Егемендіктің келуі , ұлттық рухани қазыналарға қайта оралу ,Байтұрсынұлы, 

Мағжан, Шәкәрім, Жүсіпбек, Міржақып, Жүсіпбек шығармаларының оқулыққа 

енгізілуі,Ресми құжаттардың (Әдеби білім тұжырымдамасы,Білім туралы Заң, пән бойынша 

мемлекеттік білім стандарты) жасалуы,  пәннің оқу-әдістемелік жүйесін қайта қарау 

мәселесінің қойылуы.  Жеке тақырыптарда әдістеменің дамуы.Білім мазмұнының жаңа 

парадигмасы , ғылыми білім, іскерлік, дағдылар жүйесінен құралған білім 

мазмұны,шәкірттің субьектіге айналуы, оның сабақ беру процесінде әдістердің негізі мен 

бағдарын анықтайтыны, Қ.Бітібаева,Қ. Айтқалиевтің Атаулы мектептерінің 

құрылуы.Әдістемелік еңбектерТ.Жұмажанова, Г.Құрманбаева, Н.Әбдіғаппаровалар 

«Даналық әлеміне кілт», Н.Нұрахметов «Мемлекеттік білім стандартының оқу сапасын 

жаңарту мен жақсартуға әсері»,Қ.Бітібаева «Қазақ әдебиетін тереңдетіп оқыту 

әдістемесі»,»Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары»,Айтқалиев Қ.»Сабақ жүйесінде 

әдеби теориялық ұғымдардың орны және оны қалыптастыру жолдары», Б.Әрінова 

«Әдебиетті оқыту әдістемесінің тарихы»,Ә.Мұхтарова «Оқушы шығармашылығын дамыту», 

т.б. 

 

Пайдаланған әдебиеттер 



1.

 

Бітібаева Қ. Сабақ тиімділігін арттыру. А.,Рауан,1991. 



2.

 

Сманов Б. Кейіпкер табиғатын таныту. Рауан.1992. 



3.

 

Дайырова Ә. Әдебиет әлемінде. Рауан. 1992. 



4.

 

Тілешова С. 6-кластағы әдебиет сабақтары үшін дидактикалық материалдар. 



5.

 

Қазақ әдебиетінің методикасының мәселелері. А. 1983. 



6.

 

Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Рауан,1997. 



7.

 

 



                                                            Лекция №9.(1) 

Жалпы білім беретін қазақ орта  мектебінің концепциясы 

Қазақ орта мектебінің мемлекеттік базистік оқу жоспары-авторлық ұжым, оқу 

жоспарының жасалу үлгісі мен құрылымдық мазмұнының ерекшелігі.Орта мектеп 

Тұжырымдамасында қарастырылған болашақ мектеп үлгісінің кеңестік білім 

жүйесінен айырмасы. Білім жүйесіндегі оқыту және тәрбие моделі. Оқушыны дара 

тұлға ретінде бағалап, оның жан-жақты дамуын қалыптастыратын тиімді әдіс, 

тәсілдердің жасалуы.Ақшолақов Т. Қазақтың ұлттық мектебінің концепциясының 

ерекшелік сипатының мәні мен маңызы.. Оразаев М. Келешек қазақ мектебінің 

концепциясының өзіндік орны мен мәні,болашақ ұрпаққа пайдасы  .Базистік оқу 

жоспарының үлгілері. Үзіліссіз білім беру мазмұнының қаралуы.Жалпа орта білім 

беретін мектептер , гимназия, лицейлердің оқу жұмыс жоспарының ерекшелігі, 

оқушының таңдауы мен қоғам сұранысынан туындауы.Таңдау және арнаулы 

курстардың жүргізілуі, жаңа типті мектептердің мазмұндық компоненттерінің 

сұрыпталып жүргізілуі.Базистік жоспардың негізге алынып жүргізілуі. 

 

Пайдаланған әдебиеттер 



1.

 

Қазақ орта мектебінің мемлекеттік базистік оқу жоспары-авторлық ұжым, А., 1990. 



2.

 

Ғаббасов С. Қазақ халқының болашақ ұрпақ тәрбиесі мен оқу-ағарту жүйесінің 



үлгісі. А.,1990. 

3.

 



Ақшолақов Т. Қазақтың ұлттық мектебінің концепциясы. А., 1990. 

4.

 



Оразаев М. Келешек қазақ мектебінің концепциясы А., 1990. 

 

                                                       Лекция №10 (1) 



«Әдеби білім тұжырымдамасы»(1991-1992). «Қазақ әдебиетін оқыту 

тұжырымдамасы»(1997) 

Тұжырымдамада білім мазмұны мен құрылымын жаңартудың принциптері, 

концептуалдық бағыттары мен жолдары ғылыми негіделуі. Авторлары-Дайырова Ә., 

Ақшолақов Т., Жаманбаева Қ. , Құрманбаева Г.Тұжырымдаманың 1991жылғы нұсқасындағы 

ғылыми талдаулар :әдебиет пәнінің мақсаты мен міндеттері,әдебиеттен білім берудің 

жағдайы,әдеби білімді жаңарту жолдары, базалық және тереңдетілген, білім 

деңгейлері,әдебиет мұғалімі, әдеби білім концепциясын жүзеге асырудың шарттары, 

оқытудағы басымдық :жеке тұлғаны дамыту мен тәрбиелеу,әдебиеттің оқу пәні ретіндегі 

мақсаты, міндеті өнердің бір түрі ретіндегі ерекшелігінен туындайтыны, әдеби білімнің 

мәні:ой мен сезімді ояту, оқушының табиғатқа, қоғамға, қоршаған ортаға ,Отанға, өзөзіне 

деген қатынасының жалпы мәдениетін қалыптастыратыны туралы.Тұжырымдаманың пән 

алдына төрт мақсат қоюы:эстетикалық адамгершілік,азаматтық тәрбие;Тқрақты оқырмандық 

ынта,ықыласты қалыптастыру;эстетикалық қабылдауға және бағалауға қажетті 


білім,білікпен қаруландыру;ойын ,тілін ,сезімін дамыту. «…сондықтан қазақ әдебиеті 

пәнінің мазмұнын негізінен ұлттық құндылыққа негіздеу жетекші ұстанымдардың бірі 

болмақ».Жетекші ұстанымдардың берілуі, әдеби білім мазмұнына көркем мәтіндермен бірге 

әдебиет тану, әдебиет сыны, стилистикасы бойынша да мағлұматтардың берілуі,әдеби 

білімнің құрылымы туралы, білім жүйесі,пән әдістемесін оқуәдістемелік кешен жүйесінде 

даярлау мәселелесінің берілуі.  

 

Пайдаланған әдебиеттер 



1.

 

«Әдеби білім тұжырымдамасы».А.,1992. 



2.

 

Тұжырымдаманы талқылайық-«Қазақ тілі мен әдебиеті, «Қазақстан мектебі» 



басылымдарындағы пікірлер, ұсыныстар. 

3.

 



Жаманбаева Қ. Оқушы шығармашылығын дамытудың ғылыми-методикалық жүйесі. А., 

4.

 



Бейсенқұлова Х. Қазақ әдебиеті сабағында компьютерді пайдалану мәселесі. А.,1995. 

5.

 



Жоғары кластарда әдебиетті оқытудың тиімді әдістері-А.,1990. 

6.

 



Бітібаева Қ. Әдебиет сабағының түрлері мен үлгілері.А., 1994. 

 

Лекция №11(2) 



Оқытудың жаңа технологиясы 

Білім беру саласындағы оқытудың жаңа технологиясы. Білім беруді ізгілендіру 

технологиясы (Ш.А.Амоношвили, мақсаты:баланың жеке қасиетін аша отырып азамат етіп 

тәрбиелеу, жаны мен жүрегіне жылылық ояту,танымдық күшін дамыту),Саралап оқыту 

:мақсаты:оқу үрдісіне мұғалім мен оқушы білімдерін есепке ала отырып жұмыс істеуі, 

когнитивтік ерекшеліктерін есепке алу мақсатында әр түрлі мектеп пен сыныптар , топтар 

үшін оқыту жағдайын жасау.Ұжымдық оқыту :әр оқушының қабілетін дамыту, еңбек етуге 

баулу, ұйымшылдық қабілеттерін ояту, ынтымақтастықта тәрбиелеу.Тәрбиелеуді ізгілендіру 

жүйесі (В.Т.Кабуш, мақсаты:оқушының бойында өзінөзі жетілдіру, қабілет, 

қызығушылығын дамыту, өзін өзі тану қажеттіліктерін қалыптастыру) Оқыту 

технологиясының  түрлері мен білім сапасын арттырудағы жетекші ролі. 

Деңгейлік(Монахов, Қараев), модульдік оқыту(М.Жампейісова), дамыта оқыту 

идеясы(Давыдов, Зенков), сыни тұрғыдан дамыта оқыту технологиясы(демократиялық ашық 

кеңістік орталығы). Құрылымы, мазмұны,түрі,сабақ позициялары, американдық оқу 

стратегиялары-Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыда дамыта оқыту, нәтижелері. 

Семинарда (2) талқыланатын тақырыптар:Оқыту технологияларының мазмұны, 

құрылымы.,оқу жоспары, оқулығы, бағдарламасы, әдістемелік кешені, жұмыс 

дәптері,бағалау критерийі, жұмыс тәсілдері,жұмыс сатылары,нәтижелері туралы. 

 

 



Пайдаланатын әдебиеттер 

1.

 



Қараев Ж.Оқытудың жаңа технологиясының қолданылу аясы. А., 1997. 

2.

 



Валиева Т. Оқыту процесінде жаңа технологияны пайдалану А.,1998. 

3.

 



Дамыта оқыту идеясы бойынша сабақ өткізу. А.,2001. 

4.

 



Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыда дамыту-тәжірибелер жинағы. А.,1998. 

5.

 

Конаржевсий Ю.А. Мектепішілік басқаруды бақылау бойынша әдістемелік нұсқау. 



Челябинск.1982. 

6.

 



Портнов М.Л. Азбука школьного управления.М.,Просв.1991. 

 

Лекция №12. ( 1) 



Әдістемелік басылымдардың әдебиетті оқыту әдістемесін қалыптастырудағы ролі. 

Әдістемелік тәжірибелердің газет-журнал бетінде жариялануы. «Айқап» журналы (1911-

1915) , «Қазақ»газетіндегі1913-1918 мақалалар туралы:Ағартушылық , демократияшылдық 

бағытты ұстаған «Айқапта» қазақ әдебиетінің жай -күйі сөз болды, Журнал бетінде отызға 

тарта өлең жинақтарына сын сын, пікірлер берілді.М.Сералиннің Ахметтің «Маса»жинағы 

туралы туралы пікірі: «Бұл кітаптың шығарушысы жүйрік жігіт екендігі көрініп тұр. Әсіресе 

«Қазақ салты», «Қазақ қалпы», «Досыма хат», «Жиған терген»нағыз сап дүрлер.жалғыз-ақ 

біздің айтатынымыз- жазу емлесін біразырақ түзеп жазу керек еді.» (1913 

ж.№1).М.Сералинің мақаласында «Тіл, әдебиет-бір ұлттың жаны мен рухы...әдебиеті 

болмаған  ұлт тілі шықпаған бала сияқты...Өз ана тілінің , әдебиетінің бағасын біліп, дәмін 

сезген ұлт балалары өз тілін, ата-анасын артық құрмет етер. » «Айқап»1915 

ж.115бет.С.Торайғыров «Айқапта қызмет жасап, «Өлең һәм айтушылар»мақаласында 

әдебиет пен көркемөнердің ел өміріндегі маңызына тоқталады. «Көңілді түзейтін машина- 

өлең жыр.Әнсіз өмір- бұлдыр өмір.»деп, бір халықтың әні жоғалса, өзі де жоғалады деген 

пікір айтады.Жазушының «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан»мақаласында тіл 

тазалығы көтерген. «Қазақ тілінде деп бастырылған кітаптардың көбінде қазақтың иісі де 

жоқ.Неге десең, тілдері бытбырық, қалғанының ағыны теріс,рухын тексерсек, баяғы  «қатын 

ойбай».Мен тілімізге шала тілдердің шатасуынан , тілдің ағыны теріске бейімделіп, өріс 

алып бара жатқанынан қорқамын .Нағыз өлең қайнаған қанның , қиналған жанның , 

толғатқан көңілдің , толғанған жүректің сығындысы». 1913ж.№№ 19,22, 23, 24. 

«Қазақ»газетінде Ә.Бөкейхановтың «Роман бәйгесі»1915ж. № 120 мақаласы жарияланды. 

«Қазақ «газетінде «Роман не нәрсе»(авторы Арысұлы, М.Дулатовтың «Бақытсыз 

Жамалы»талданады.) мақаласы шықты.1914ж.№48.Газетте жарияланған  «Қазақ әдебиеті 

жайынан»мақала пікірлер тоғысын туғызады.1915ж.№112,114.Ахметтің газетте  «Қазақтың 

бас ақыны»1913ж.№43мақаласы жарияланды.М.Дулаттың «Абай»мақаласының шығуы.1914 

ж.№67.Дулатовтың Шоқан туралы мақаласында : «Мен әуелі қазағымды жақсы 

көремін.Онан кейін Сібірді,онан кейін Россияны, онан кейін бүкіл адамзатты жақсы 

көремін.Орыс қазақты сабап жатса, мен қазаққа болысамын.Егер орысты француз сабап 

жатса,менің жүрегім орыс жағында»деуші еді деген Потаниннің пікірінің берілуі. 

«Қазақ»1914ж.№76.Дулатовтың сөзі «Тарихын жоғалтқан жұрт жоғалған жұрт»,1915ж.№ 

155. «Абай»журналының шығуы.Аймауытов сөзі:..Қазақтың тұрмысын , өмірін, мінезін 

айқын суреттеп, келешегін көрсеткен де Абай еді». «Абайдан соңғы ақындар»мақаласында 

тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін, сезімге әсер беретін суретті өлеңдер иесі Мағжан, 

Міржақып, Сұлтанмахмұт және сырты төгілген,сұлу, тілі кестелі, оқуға жеңіл 

Ахмет,Сәбит,Шәкәрім, Б.Өтетілеуов шығармашылығына талдау жасалады».Соңына 

«Екеу»деп қол қойылған.Екеу Әуезов пен Аймауытов болуы мүмкін. «Еңбекші 

қазақта»Ахметтің «Қазақ қаламгерлері жайынан»мақаласында сол кезеңнің мәселесін сынап 

жазды.1922ж.8. 6. Ж.Аймауытов «Мағжанның ақындығы» «ЛЖ»1925ж. №5 мақаласында 



Мағжан поэзиясының сыр-сипатын жарқыратып көрсетті.Аймауытов 1.4.;17.14.1925ж. «Ақ 

жолда» «Әдебиет мәселесі», «Көркем әдебиетті саралау»сыни мақалаларын жариялады. 

 «Қазақстан мектебі» (Жаңа мектеп-1925) «Семипалатинский листокта»Ә.Бөкейхановтың 

Абай туралы мақаласы шықты.Ана тіліндегі бағдарлама, хрестоматия, оұулықтардың 

шығуына А.Байтұрсынұлы, С.Сейфоллаұлы, Б.Сүлейұлы, Т.Шонанұлы басшылық жасады, 

С.Сәдуақасұлы, М.Дулатұлы, Б.Майлин,Ж.Аймауытұлы, М.Әуезов, Ә.Бөкейханов пән 

оқытушыларының ақылшысы болды. Жүсіпбек, Мағжан, Сәкен, Телжан қазақ тілінде 

шыққан оқулықтар туралы мақалаларының зор пайдасы туралы. «Қазақ тілі мен әдебиеті» 

(1958,1991)журналының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері үшін сенімді серік болып 

келе жатқаны туралы. 

Алғашқы әдіскерлер- Ш.Кәрібаевтің, Ә. Үсеновтің,Ә. Мәмбетовалардың мақалаларының 

басылымдарда жариялануы. 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер 



8.

 

Бітібаева Қ. Сабақ тиімділігін арттыру. А.,Рауан,1991. 



9.

 

Сманов Б. Кейіпкер табиғатын таныту. Рауан.1992. 



10.

 

Дайырова Ә. Әдебиет әлемінде. Рауан. 1992. 



11.

 

Тілешова С. 6-кластағы әдебиет сабақтары үшін дидактикалық материалдар. 



12.

 

Қазақ әдебиетінің методикасының мәселелері. А. 1983. 



Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Рауан,1997. 

 

 



 

                                         Лекция №13. (2) 

Жалпы орта білім беретін мектептегі әдебиет курсының мазмұны мен құрылысы. 

Әдебиет пәнінің оқушылардың рухани дүниесінің қалыптасуына әсері. Әдебиет пәнінің 

әдебиеттану, педагогика-психология,оқыту әдістемесінен құралатыны.Бастауыш, базалық 

білім беру және 10-11-сыныптардағы тарихи -әдеби курстың мақсаты, құрылымының 

ерекшеліктерінің болуы.Тұжырымдамада әдеби білімнің мазмұны мен құрылымы 

республикадағы білім жүйесі құрылымына сәйкес берілуі,Оқу бағдарламаларының үш 

сатысы:бастауыш білім(I-Ivтүсіндірмелі оқу),базалық білім (V-VII,әдебиеттік оқу курсы 

,оқылатын шығармалар тізімі,әдебиет теориясынан мәліметтер,тіл дамыту жұмыстарының 

дағдылары),тарихи әдеби білім`(VIII-X,әдебиет тарихы, аннотация,оқушының ой жүйесін 

дамытуға бағыттаудың, оқушының білімі мен дағдыларына қойылатын талаптар, білім мен 

білігін бағалау туралы ұсыныстар,оқылуға тиісті әдебиеттер және мәнерлеп оқу 

программасының  болуы) ретінде сатыланып берілуі,алдымен оқушыға ұсынатын оқу 

материалының базалық инварианты деңгейінің анықталуы, жоғары сыныптарда саралап 

оқытуды жүзеге асыру, тереңдете оқыту мен бағдарланған мектепке лайықты бағдарламалар 

ұсыну қажеттігі.1939 жылдан бастап кластар әдебиеттік оқу, кластарда әдебиет тарихы 

оқулықтары жасалуы, сөйтіп,бастауыш оқу, кластарда әдебиеттік оқу жүйесі, кластарда 

әдебиеттің тарихының жүргізілуі.Ә.Шәріповтің «Оқу кітаптарында ақын, жазушылардың 


өмірі мен творчествосынан беріліп жүрген мағлұматтар таза ,тарихи сипатта болмай, 

олардың өмірі туралы татымды әңгіме түрінде жазылуы керек» деген пікірі... 



Семинарда (1) талқыланатын тақырыптарКурс материалдарының өзіндік 

ерекшеліктерінің болуы.Жетілдірілген бағдарламалар, «Түркі халықтары әдебиеті»пәнінің 

бағдарламасының жасалуы,Ә.Қанафин, VII-VIII кластарда әдебиеттік оқу мазмұнының 

күрделеніп тарихи курсты оқуға бейімделуі, IX-X сыныптарда әдебиет үлгі жүйелі, 

хронологиялық тарихи курс жеке шығарманы оқыту емес,әдеби үрдіс жайында тұтас ұғым 

беретін ғылыми курс болмақ.  

 

 

Пайдаланған әдебиеттер 



1.

 

Бітібаева Қ. Сабақ тиімділігін арттыру. А.,Рауан,1991. 



2.

 

Сманов Б. Кейіпкер табиғатын таныту. Рауан.1992. 



3.

 

Дайырова Ә. Әдебиет әлемінде. Рауан. 1992. 



4.

 

Тілешова С. 6-кластағы әдебиет сабақтары үшін дидактикалық материалдар. 



5.

 

Қазақ әдебиетінің методикасының мәселелері. А. 1983. 



6.

 

Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Рауан,1997. 



7.

 

Қазақ әдебиетін оқыту тұжырымдамасы. А., Рес.баспа каб.,1997. 



 

Лекция №14 (1) 

Оқу-тәрбие процесін жоспарлау (1) 

Мектепішілік басқару ісіндегі педагогикалық процедуралар. Жоспарлаудың құрылымы 

Мектептің даму бағдарламасы.Жылдық оқу жоспары. Оқу мен тәрие жұмысы бойынша 

мектептің жылдық жоспары. Мектепішілік бақылау мен әдістемелік жұмыс 

жоспары.Тексеру түрлері. Дербес,дербес-фронтальдық,салыстырмалы -дербес,дербес- 

тақырыптық , пәндік- жинақтау, кешенді жинақтау, сыныптық-  жалпылау,тақырыптық- 

жинақтық  тексеру.Ұйымдастыру. Ағымдық тексеру. Педанализ:мәлімет талдау, мақсаттық -

мазмұндық ,жоспарлау,болжау, ұйымдастырушылық-орындаушылық, бақылау-бағалау, 

реттеу-бағыттау. Календарлық, күнтізбелік жоспар. Сабақ жоспары. Сабақ жоспарының 

үлгілері. Қазіргі сабақ , оған қойылатын талыптар. Сабаққа анализ жасаудың түрлері,сабаққа 

психологиялық талдау жасау үлгілері.Сабақ түрлері.Б.Сманов «Сабақ- оқу тәрбие үрдісінің 

негізгі үлгісі». 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер 



1.

 

Хмель Н.Д. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. А., 1894. 



2.

 

Шамова Т.И. Мектеп реформасын жүзеге асыру шарты негізінде мектепішілік 



педагогикалық мәліметті жетілдіру. М.,1983. 

3.

 



Конаржевский Ю.А. Мектепішілік басқаруды бақылау бойынша әдістемелік 

нұсқау. Челябинск.1982. 

4.

 

Портнов М.Л. Азбука школьного управления.М.,Просв.1991. 



5.

 

Бітібаева Қ. Әдебиет сабағының түрлері мен үлгілері. А.,1994. 



6.

 

Обернихина Г.А. Уроки литературы сегодня.М.,2000. 



7.

 

Құрманбаева Г.,Дүйсебаев С. Әдебиет сабақтарының үлгілері.А.,1999. 



 

Лекция №15 (2) 

Оқу-әдістемелік кешен, мазмұны мен түрлері. 

«Қазақ әдебиетін оқыту Тұжырымдамасындағы» оқу тәрбие процесі бөліміндегі 

шығармашылықпен оқыту ұсынымы.Пән әдістемесін оқу әдістемелік кешен жүйесінде 

даярлау мәселесі.Әлі бір жүйеге енгізіілмеу проблемасының сақталуы, 

материалдардың толық іріктелмеуі, қиын, күрделі үзінділердің алынуы , балаларлың 

жас, психологиялық ерекшеліктерінің ескерілмеуі (5-сынып әдебиеті).ОЛАР 

:Оқулықтар, хрестоматия, әдістемелік нұсқаулар, анықтамалар,сыныптан тыс оқу 

кітаптары,мақалалар мен мәдениеттану жинақтары, дидактикалық 

материалдар,сөздіктер, көрнекіліктер,тестер мен тапсырмалар. Дыбыстық және бейне 

материалдар. Фонохрестоматиялар. Мультимедиялық бағдарламалар, интерактивті 

тақтаны қолдану.Жаңа буын оқулықтары туралы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні 

бойынша оқулық, бағдарлама, хрестоматия, дидактикалық материалдардың жазылу 

барысы туралы. Жаңа технологияға негізделген көрнекілік құралдардың толық 

жасақталмауы.Көру, есту материалдарының сапалы әзірленбеуі, фонохрестоматияның 

қажеттілікке сай дайындалмау проблемелерының болуы.Оқу әдістемелік кешеннің 

оқыту процесіндегі ерекшелігіне тоқталу. 

Авторлар:Г.Қосымова, Ж,Дәуренбекова,Әміров,, Н.Уәлиевтер, әдебиет бойынша 

Н.Рымғалиев, З.Қабдолов, Р.Бердібаев, Қ.Жұмалиев,С.Мақпыров, Қ.Бітібаева, 

Г.Құрманбаева, Ш.Беркімбаева, Р.Мұханбетжанова.т.б. «Он екі жылдық оқу» және 

«Оқу құрал жабдықтарын жасау» орталықтарының жұмысы туралы.Телехабарлардағы 

оқулықтардың әзірлену барысы туралы хабарларды талқылау жұмысын таныстыру.  

 

 



Пайдаланған әдебиеттер 

1.

 



Хмель Н.Д. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. А., 1894. 

2.

 



Шамова Т.И. Мектеп реформасын жүзеге асыру шарты негізінде мектепішілік 

педагогикалық мәліметті жетілдіру. М.,1983. 

3.

 

Конаржевский Ю.А. Мектепішілік басқаруды бақылау бойынша әдістемелік 



нұсқау. Челябинск.1982. 

4.

 



Портнов М.Л. Азбука школьного управления.М.,Просв.1991. 

5.

 



Бітібаева Қ. Әдебиет сабағының түрлері мен үлгілері. А.,1994. 

6.

 



Обернихина Г.А. Уроки литературы сегодня.М.,2000. 

7.

 



Құрманбаева Г.,Дүйсебаев С. Әдебиет сабақтарының үлгілері.А.,1999. 

 

 



Лекция №16. (2) 

Әдебиетті оқыту әдістері 

Оқытудың ауызекі әдістері. Көрнекілік әдістері. Практикалық әдістері. Әдебиетті оқыту 

әдістерінің топтары. Проблемалық, саралап , дамыта оқытудың өзіндік ерекшеліктерінің 

болуы. Әдебиетті оқытудың репродуктивтік, зерттеушілік, эвристикалық  және 



шығармашылық әдістерінің айырмасына тоқталу.Оқытудың ауызекі , көрнекілік , 

практикалық әдістері.Проблемалап оқыту, саралап оқыту,дамыта оқыту,шығармашылық 

оқыту әдісі, эвристикалық зерттеу , репродуктивтік әдісі.Диалогиялық әңгімелеу, 

Дебат,диспут,прозаны драмаға ,поэзияны драмаға айналдыру, тосыннан жұмбақ  ,қиял 

әлеміне шомылдыру,тосын жағдайға келтіру,проблемалық жағдаяттар әлеміне салу,ой 

толғау,сыр толғау, бес шумақ өлең,Венн диаграммасы,диагностикалық карта,т.б. әдістер 

туралы.Әрқайсысының ерекшелігіне тоқталу.Қоңыратбаевтің , Көшімбаевтің, Айтқалиевтің, 

Бітібаеваның тиімді әдіс- тәсілдері туралы мағлұмат беру.Б.Смановтың «Сабақ , оның 

ерекшелігі туралы» зерттеу еңбегімен жұмыс жүргізу.Панорама сабақ берудің үлгісін 

көрсету, талқылау, қорытындылау. 



Семинарда (2)талқыланатын мәселелер:Қазіргі сабақ үлгілері 

Сабақ құрылымы, мазмұны 

Ю.Конаржевскийдің сабақ үлгілері 

Жаңашыл ұстаздардың сабақ үлгілері 

Панорамалық сабақ үлгілерін практика жүзінде көрсету 

 

 



Пайдаланған әдебиеттер 

1.

 



Хмель Н.Д. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. А., 1894. 

2.

 



Шамова Т.И. Мектеп реформасын жүзеге асыру шарты негізінде мектепішілік 

педагогикалық мәліметті жетілдіру. М.,1983. 

3.

 

Конаржевский Ю.А. Мектепішілік басқаруды бақылау бойынша әдістемелік 



нұсқау. Челябинск.1982. 

4.

 



Портнов М.Л. Азбука школьного управления.М.,Просв.1991. 

5.

 



Бітібаева Қ. Әдебиет сабағының түрлері мен үлгілері. А.,1994. 

6.

 



Обернихина Г.А. Уроки литературы сегодня.М.,2000. 

7.

 



Құрманбаева Г.,Дүйсебаев С. Әдебиет сабақтарының үлгілері.А.,1999. 

 

Лекция №17 (1) 



Көркем шығарманы қабылдау ерекшеліктер мен оқушылардың дайындық 

деңгейінің сапасы. 

Әдеби білім шеңберінің жас, психологиялық ерекшелікке сәйкестігі. Оқырмандық 

қабылдау. Дарынды оқушылар , олармен жүргізілетін жұмыстың түрлері. Ережесімен 

таныстыру.Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:мәтінді өз бетімен оқып 

талдау,пайымдап оқу,көркем шығармаларды жатқа оқу,туындыдағы оқиға мен кейіпкерлерге 

өз пікірін білдіру, мәнерлеп оқу,шығарманың тектік, жанрлық сипатын білуі,туындыдағы 

автор позициясын , бейнелеу құралдарын практикалық түрде қолдана білуі,өлеңнің 

құрылымдық элементтерін ажыратуы,мәнерлеп оқудың партитурасын білуі,кейіпкерлерге 

салыстырмалы мінездеме жасауы,әдеби сыниматериалдарға реферат, мақала жаза білу. 

Білім, білік, дағдылар.Оқушылардың көркем шығарманы қабылдау  қабілеттері бойынша 

психологиялық тест, сауалнама алып, талдама жасау.Көкем мәтінмен жұмыс жасаудың 

методикасын ұғындыру , аудиторияда іс тәжірибелік, психологиялық тренингтер жүргізу. 

 


 

Пайдаланған әдебиеттер 

1.

 

Бітібаева Қ. Сабақ тиімділігін арттыру. А.,Рауан,1991. 



2.

 

Сманов Б. Кейіпкер табиғатын таныту. Рауан.1992. 



3.

 

Дайырова Ә. Әдебиет әлемінде. Рауан. 1992. 



4.

 

Тілешова С. 6-кластағы әдебиет сабақтары үшін дидактикалық материалдар.А., 1989. 



5.

 

Қазақ әдебиетінің методикасының мәселелері. А. 1983. 



6.

 

Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Рауан,1997. 



7.

 

Қазақ әдебиетін оқыту тұжырымдамасы. А., Рес.баспа каб.,1997. 



 

Лекция №18.(2) 

Әр түрлі жанрдағы шығармаларды оқыту 

Көркем шығарманы оқытудың,  мәтінді меңгертудің талдау-жинақтау арқылы жүретіні. 

Талдау түрлерінің жүзеге асуы. Образды талдау, тақырыптық талдау, проблемалық 

талдаудың жүзеге асырылуы. Авторлық позиция мен туындының тақырыбын түсіне білуге 

ұмтылдыру. 

Эпикалық туындыны оқытуда  проблемалық  оқыту, ізденушілік қызметтің мол 

болуының  қарастырылуы. Драмалық шығарма ны оқытуда акт, көрініс, шегініс 

,монолог,диалог, ремарка, драмалық образ,оның көркемдік сипатына зер салу,сахналық 

қойылым, драматург, режиссер,актер, суретші еңбегі,декорация,музыкалық көркемдеу, т.б. 

ұғымдардың қатыстырылуы мен жүзеге асуы.Драмалық шығармалардың мәтінмен 

жүргізілетін жұмыс түрлері,сценарий жазуды үйрету.Прозаны оқытуда әр түрлі талдау 

әдістерін қолдану мүмкіндігі.Т.Ақшолақов «Көркем шығарманың эстетикалық табиғатын 

таныту»кітабы. 

Лирикалық жанрды оқытуда лириканың ақындық тіл, сезім, авторлық пафос, суреткерлік 

қуат ,ой нақтылығын, табиғи бояуды есте ұстау арқылы ,Лирикадағы азаматтық үн,сөз 

астарына үңілу,жеке сөз,сөз тіркесі мен сөйлемдегі көркемдік бояуды,эмоциялық реңкті 

аңғару,мазмұн мен форма бірілігін сақтау заңдылығын , бейнелеу көрнекілігін ескере 

отырып оқитындығы.М.Жүсіп «Көркем сөздің құдіреті»кітабы. 

Семинар (2)да талақыланатын мәселе: 

Поэзияны оқыту ерекшелігі 

Лириканы оқыту ерекшелігі 

Прозаны оқыту  

Драманы оқыту 

 

 



Пайдаланған әдебиеттер 

1.

 



Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. А.,Мектеп, 1985. 

2.

 



Көшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. А.,Мектеп, 1969. 

3.

 



Дайырова Ә. Лириканы оқыту., Орта мектепте І.Жансүгіров творчествосын оқыту.А., 

1969. 


4.

 

Мәшһүр Жүсіп К. Көркем сөздің құдіреті. П.,2000. 



5.

 

Бітібаева Қ. Әдебиетті тереңдетіп оқыту.А.,2003. 



 

Лекция №19. (1) 

                              Сабақ беру кезеңіндегі мұғалімнің мақсаты мен міндеттері. 

Мұғалім тұжырымдамасының болуы. Әдебиет пәні мұғалімінің адамдық,азаматтық , 

ұстаздық келбетінің критерийі.Мұғалімнің келбеті=білімділік,талап қойғыштық, 

әділдік,принципшілдік,тазалық,адалдық,қарапайымдылық,ақ жарқын ашық,көпшілдік,сөзге 

тұру,өтірік айтпау,қайырымдылық,т.б.қасиеттерінің болуы.Сабақ –мұғалімнің айнасы. 

Мақсатқа сай жұмыс жасалудың қажеттілігі. Мұғалімнің міндеттері. Мұғалім және уақыт 

талабы. Педагогтік такт мен ұстаздық шеберліктің қалыптасуы.Сницаның мұғалімге қойған 

талаптары, мұғалім Ильиннің көзімен, Алтынсаринның мұғалімі, Мағжанның бала 

тәрбиешісі... Республикалық атаулы мектептер авторлары Қ.Бітібаева мен Қ.Айтқалиев 

мектептерінің іс-тәжірибесі мен озық өнегелері туралы мағлұматтар беру. «Республикалық 

Қ.Бітібаева атындағы атаулы мектептің іс- тәжірибесі туралы » сурет альбоммен таныстыру, 

сол бойынша жұмыс жүргізу. «Мұғалімнің педагогикалық штихтары» «Қаз.мектебі», 2010 

қазан айындағы мақаланы талдату, пікірлерін айтқызу. 

 

 



Пайдаланған әдебиеттер 

1.

 



Сница Ұстаздық шеберлік пен педагогтік такт,М.,1978. 

2.

 



Бітібаева Қ. Сабақ тиімділігін арттыру. А.,Рауан,1991. 

3.

 



Сманов Б. Кейіпкер табиғатын таныту. Рауан.1992. 

4.

 



Дайырова Ә. Әдебиет әлемінде. Рауан. 1992. 

5.

 



Тілешова С. 6-кластағы әдебиет сабақтары үшін дидактикалық материалдар. 

6.

 



Қазақ әдебиетінің методикасының мәселелері. А. 1983. 

7.

 



Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Рауан,1997. 

8.

 



Қазақ әдебиетін оқыту тұжырымдамасы. А., Рес.баспа каб.,1997. 

 

Лекция №20 (1) 



Сыныптан тыс оқу және сыныптан тыс жұмыстар 

Оқу жоспары бойынша вариативті бөлімнің ерекшелігі туралы айту.Сыныптан тыс 

жүргізілетін сабақтардың оқушы білімін дамытып, пән бойынша білім, білік, дағдыны 

дамытатындығы,  әдеби білім беру ісінің түрі екендігі.Факультатив,үйірмелер, Әдеби кеш,  

конференция, әдебиет үйірмесі, оқырмандар конференциясы, әдеби  педоқу , кездесулер, 

саяхат, мұражайларға бару, кинотеатрларға бару,кітапханамен жұмыс,т.б.Бұл жұмыстардың 

әдебиет сабағымен тығыз байланыстылығы.Көркем шығарманы оқытудың мүмкіндігін 

туғызатынын, әдеби білімдерін дамытатыны, болашақ әдебиетшіге кәсібін таңдауға 

көмектесетіні,тіл байлығын дамытып, ойын ұшқырлауға жәрдемдесетіні туралы баяндау. 

Факультативтік сабақ, оқыту әдістемесінің ерекшелігі.Үлгі сабақтың жоспарымен 

таныстыру.Абайтану, Әуезовтану арнаулы курс, таңдау пәндерінің оқушыларға ықпалының 

қандай екендігіне көз жеткізу.Т.Жұмажанованың «Сыныптан тыс оқу мен сыныптан тыс 

жұмыстардың ғылыми әдістемелік негізі»кітабы бойынша жұмыс жүргізу. 

Семинарда(1) талқыланатын мәселе: 

Сыныптан тыс әдеби жұмыстар, түрлері  



 

Пайдаланған әдебиеттер 

1.

 

Жұмажанова Т. Әдебиеттен кластан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ғылыми-



әдістемелік негіздері.А.,1995. 

2.

 



Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. А.,Мектеп, 1985. 

3.

 



Көшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. А.,Мектеп, 1969. 

4.

 



Дайырова Ә. Лириканы оқыту., Орта мектепте І.Жансүгіров творчествосын оқыту.А., 

1969. 


5.

 

Мәшһүр Жүсіп К. Көркем сөздің құдіреті. П., 2000. 



6.

 

Бітібаева Қ. Әдебиетті тереңдетіп оқыту.А., 2003. 



 

Лекция №21. (1) 

                                      Педагогикалық практика 

Педпрактика өткізудің мақсаты мен міндеттерін анықтау, оның міндеттілігі. 1,2,3,4-курс 

студенттерінің  практикада болу мерзімдерін анықтау, міндеттерін түсіндіру: 

     Оқу тәрбие жұмысы  

Мектеппен, директор, оқу ісі меңгерушілерімен танысу, әңгіме өткізу 

Пән бойынша сабаққа қатысу 

Байқау, сын сабақтарына қатысу 

Пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысу 

Өздері сабақ өткізу 

Көрнекі  құралдар мен дидактикалық құралдар жасау 

Мектептегі ісшараларға қатысу 

Пән бірлестіктерінің жұмысына қатысу 

                                    Ата аналармен жұмыс  

Ата аналар комитеті жұмысымен сынып жетекшісі арқылы танысу 

Белгілі мақсатпен оқушылар үйіне бару 

Ата аналармен өткізілетін конференцияға қатысу 

                                    Психологиядан орындалатын тапсырмалар  

Оқушылардың жеке бас және жас ерекшелігі туралы әдебиеттер оқу 

Сыныптағы әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілетімен танысу 

Бір оқушыға психологиялық педагогикалық мінездеме жазу 

                                  Педагогикадан берілетін тапсырмалар 

Сынып жетекшісі міндетін атқару 

Апта сайын сыныпта тәрбие сағатын өткізу 

Жетекшілік ететін сыныпта бір сын сабағын өткізу 

Сынып тазалығына көңіл бөліп, мектепте кезекші болу. 

 «Студенттердің педагогикалық практика өткізу бойынша Ережесімен» таныстыру, 

тарату, педпрактикадан есеп беру құжаттары туралы айту: 

 Студентпрактиканттың жеке жұмыс жоспары 

Педпрактика күнделігі 

Екі сын сабақтарының жоспарконспектісі 

Сыныптағы тәрбие жұмысының жоспары 


Екі оқушыға психологиялық  мінездеме жазу 

Қазақ тілі мен әдебиетінен сабақтан тыс жұмыстардың жоспарлары 

Қорытынды конференцияда көрмеге қойылатын материалдарды дайындау 

Қорытынды конференция өткізу 

Есеп беру 

Семинар (1) Талқыланатын мәселе:Студенттерді мұғалімдік мамандыққа даярлаудағы 

рөлі туралы. Мерзімі. Тиісті құжаттардың (күнделік,анализ,бағдарлама, күнтізбелік 

жоспар,сабақ жоспары, мінездеме,сабақ талдау үлгілері, мінездеме,сараптамалар) жүргізілуі. 

Ашық сабақ және тәрбие сабақтарының жоспарларын жасаудың қажеттілігі. Пассив және 

актив мерзімнің айырмашылығы. Күнделіктің жүргізілуі.Оқушыларға мінездеменің 

жазылуы. Ашық сабақтар беру,талдау.Сынып сағаттары мен тәрбие сабақтарын жүргізу, 

оқушылармен жұмыс жүргізу,пән мұғалімдері және сынып жетекшілерімен ынтымақтаса 

жұмыс жүргізу,оқушыларға бақылау жүргізіп, зерттеу жүргізу, практикаға арналған жеке 

папкаларын даярлату,педпрактиканы қорытындылап,есеп беру конференциясын өткізу 

туралы мәлімет беру.  

 

Пайдаланған әдебиеттер 



1.

 

Сница Ұстаздық шеберлік пен педагогтік такт,М.,1978. 



2.

 

Бітібаева Қ. Сабақ тиімділігін арттыру. А.,Рауан,1991. 



3.

 

Сманов Б. Кейіпкер табиғатын таныту. Рауан.1992. 



4.

 

Дайырова Ә. Әдебиет әлемінде. Рауан. 1992. 



5.

 

Тілешова С. 6-кластағы әдебиет сабақтары үшін дидактикалық материалдар. 



6.

 

Қазақ әдебиетінің методикасының мәселелері. А. 1983. 



7.

 

Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Рауан,1997. 



8.

 

Қазақ әдебиетін оқыту тұжырымдамасы. А., Рес.баспа каб.,1997. 



9. Жұмажанова Т. Әдебиеттен кластан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ғылыми-

әдістемелік негіздері.А.,1995. 



 

 

 





Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет