Лекция №1 Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы


Сібір хандығының құрылуы, оның ішкі және сыртқы саяси тарихы



бет18/33
Дата14.02.2023
өлшемі0,74 Mb.
#67986
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33
Байланысты:
ҚТ лекциялар 2022-2023жж docx (1)

6. Сібір хандығының құрылуы, оның ішкі және сыртқы саяси тарихы. Батыс Сібірде ең ірі этникалық-саяси құрылымдардың бірі Орта Ертіс, Тобыл, Есіл мен Тура аумағындағы түркі тілді тайпалардың бірлестігі болды да, онда керейіттер басты рөл атқарды. Бұл бірлестіктің туу кезеңін халық аңыздары және «Сібір шежіресінің» авторлары ХIII ғасырға жатқызады. Бірлестіктің негізін қалаған және жергілікті әулетті құрушы Тайбұға болған. Ол Тура өзеніне қазақ даласынан келген, ол Батыс Сібір жерін иелеген және Чинги-Тура немесе Чимги-Тура қаласын (казіргі Тюмень) салғаны туралы деректер хабарлайды.
Монғол шапқыншылығынан кейін Батыс Сібір аумағы Жошы ұлысының құрамына енді және шайбанилердің батыс тармағының жері деп аталса да, басқару тізгіні жергілікті тайбұғалық түрік әулетінің қолында қалдырылды, ол оның өкілдері Шыңғыс ұрпағы болмағандықтан, ресми түрде хан атала алмайтын еді.
.

Лекция №6
Қазақ хандығы XV-XVIII ғғ.
1.Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі. Қазақ жүздері
2. Қазақ хандығы XV-XVI ғғ.
3.Қазақ хандығы XVII – XVIII ғ. басында.
4.XVII ғ. екінші жартысындағы қазақ-жонғар қатынастарының сипаттамасы.
1. Демограф ғалымдарының зерттеулерi негiзiнде қазiргi кезеңде дүние жүзiнде мыңнан астам халықтар бар деп есептеледi. Әрбiр халықтың жеке халық болып қалыптасуы үшiн көптеген тарихи кезеңдердi басынан өткiзуiне тура келедi. Бұл күрделi процесс бiр немесе екi ғасырдың iшiнде болмайды, халық болу үшiн бiрнеше ғасырларды керек етедi. Мәселен, Қазақстан жерiнде халық болып құрылу процесi алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, одан кейiн қола дәуiрi мен (б.д.д. II-I м.ж. кезеңi) темiр дәуiрi (б.д.д. VII-IV ғғ.) кезеңдерiнен немесе бұл кезде өмiр сүрген ру-тайпалардың өсiп-өркендеуiнен басталады. Олар негiзiнен Қазақстанның ұлан-ғайыр территориясын ежелден мекендеген байырғы (автохонды) тайпалар мен тайпалар бiрлестiктерiнен құралған. Археологиялық деректерге сүйенетiн болсақ, олар мал шаруашылығымен, егiншiлiкпен, металл өндiру және оны өңдеумен айналысқан.
Орта Азия мен Қазақстанның ерте дәуiрдегi кезеңдерiн зерттеп жүрген ғалымдардың пiкiрлерiне қарағанда, бiздiң жерiмiзде қола дәуiрi /Андрон, Беғазы-Дәндiбай мәдениеттерi/ мен темір дәуiрiнде өмiр сүрген тайпалардың /сақ, сармат т.б./ иран тiлдес болғандығы айтылады. Сондай-ақ, ғалымдардың көрсетуiнше бұл кездегi тайпалар антропологиялық жағынан монголоидтық белгiлерi бар европеидтiк нәсiлдер екендiгi көрсетiледi. Қазақ халқының бастауы болып табылатын, керек болса, сақ тайпаларының тiкелей жалғасы болып үйсiн, қаңлы тайпалары саналады. Оны қытай деректерi "өзi сары, көзi көк, ат жақты сэ /сақ/ тайпалары үйсiндердiң арасында жүр" – деп көрсетедi. Бұл сақтардың жалғасы үйсiндер екендiгiне ешбiр талас тудырмайды.
Қазақ халқының шыққан тегi туралы көптеген аспектiлерi iшiнен өзектi ретiнде лингвистикалық және антропологиялық мәселелерiн бөлшектеп алған жөн. Жоғарыда айтылғандай Орта Азия мен Қазақстан өңiрiнде осы екi процестiң екеуi де қатар дамып отырған. Қазақстанның ертедегi тарихын екi аумақты кезеңге: үндi-еуропалық және түрiктiк кезеңге бөлуге болады. Бiрiншi кезеңде лингвитсикалық тiл жағынан Қазақстан тұрғындары үндi-еуропалық топтың ежелгi иран тобына кiредi, яғни бұл кез б.з. дейiнгi III-I мыңжылдықтарды қамтиды.
Екiншi кезеңде Қазақстан территориясына шығыс жақтан көптеген көшпелi тайпалардың, соның iшiнде ғұндардың, Батысқа қарай қоныс аударуына байланысты, сақ және сармат тайпаларының жалғасы-үйсiн мен қаңлылар ғұн тайпаларымен араласып, ассимиляцияға түскен.
Ол қалай болды? Б.з.б. I ғасырда Солтүстiк ғұндардың құрамына кiрген көптеген түркi тiлдес тайпалардың бiр бөлiгi Орталық Азиядан Тянь-Шань арқылы өтiп, Қаңлы тайпалық бiрлестiгiмен көршi-қолаң отырды. Ғұндардың Қазақстанға өтуiнiң екiншi толқыны б.з. 2-ші ғасырдың бiрiншi жартысында орын алды. Бұл кезде Солтүстiк ғұндардың толып жатқан тайпалары Шығыс Қазақстан мен Жетiсуға қоныс аударып, VI ғасырға дейiн өмiр сүрген Юэбань мемлекетiн құрды. Ғұндардың бiрiктiрушi рөлiнiң арқасында сырттан келген тайпалармен байырғы тұрғындардың этникалық жақындасуы iске асты. Мұның өзi тайпалардың жаңа этникалық қауымдастығының қалыптасуына әкелдi және сол этникалық процестердiң бағыт-бағдарын айқындап отырды. Этномәдениеттiк жағдайда түркi тiлiнiң одан әрi дамып жайылған аймақтарда сол сияқты сыртқы моңғол түрiнiң белгiлi әсерi де көбейдi.
Сөйтiп, үйсiндер мен қаңлылардың моңғолоидтық нәсiлге өтуi басталды. Бұл процесс тарихи деректерге қарағанда б.з. I-V ғасырларын қамтиды, мұның өзi жергiлiктi жұрттың кескiн-кейпiне, оның тiлiне белгiлi дәрежеде әсер еткенi даусыз. Оның үстiне бұл тайпалық одақтардың қоныстарына жүргiзiлген археологиялық зерттеулер олардың әдет-ғұрып, салт-санасында, дiни-наным сенiмдерiнде бiрiн-бiрi қайталайтын ұқсастық қасиеттерiнiң барлығын байқатады. Олардың жұрттарынан табылып жүрген ыдыс-аяқ, құрал-сайман, төрт-түлiк үй жануарларының сүйектерi, егiн егуге қажеттi құралдар, қол диiрмендер т.б. өмiрге қажеттi бұйымдардың табылуы, олардың да бiр-бiрiне ұқсастығын, экономикалық жағынан бұлардың арасында ешбiр қайшылық жоқтығын дәлелдейдi.
Ал, б.з. VI ғасырынан бастап үйсiн, қаңлы және басқа тайпалар тарих сахнасынан көрiнбейдi, аттары аталмайды. Оған себеп, бұл кезде Қазақстан жерiнде, әсiресе оңтүстiк аймақта шығыстан Алтай, Сiбiр жақтан келген түркi тайпаларының басымдылығы болса керек. Олар негiзiнен: Байырқу, Бұлақ, Қарлұқ, Кимек, Едiз, Қыпшақ атты тайпалары. VI ғасырда Қазақстан жерi түгелдей құдыреттi бiр тұтас мемлекет – Түркi қағанаты құрамына кiрдi. Жазба деректерден алғаш Түрiк қағанатының /542 ж./ одан кейiн Батыс түрiк қағанаты /603 ж./ сияқты феодалдық мемлекеттер құрылғандығы белгiлi. Осы қағанаттықтардың құрамында 30-дан астам түркi тiлдес ру-тайпалардың болғандығы тарихта айтылады. Үйсiндер мен қаңлылар осы тайпалармен араласып, сiңiсiп кеткенге ұқсайды. Тоныкөк жазуында "бұрынғы үйсiндердiң жерiн жайладық" – деген сөздерге қарағанда, олар расында да түрiктерге тәуекелдiлiкке түскен. Сөйтiп, VI-VIII ғасырда олар түркi тiлдес болды деген болжамдар айтылады.
702 жылы Батыс түрiк қағанаты тарағаннан кейін оның орнына Түргеш қағанаты (704-756 жж.), Қарлұқ қағанаты (756-940 жж.), Оғыз мемлекетi (IХ ғ. соңы – ХI ғ. Басы), Кимек қағанаты (893 ж – ХI ғ. Басы), Қыпшақ хандығы (ХI ғ. – 1219 ж.), Қарахан мемлекетi (942-1212 жж.) өмiр сүрдi. Осы мемлекеттердiң iшiнде қазақтардың халық болып қалыптасуына, әсiресе екi мемлекеттiң тарихи рөлi ерекше болған. Оның бiрiншiсi – Қыпшақ хандығы (ХI ғ. – ХIII ғ.) Ертiс пен Едiл арасындағы кең байтақ жердi иемдендi. Қыпшақ хандығының құрылуына байланысты этникалық процестер жаңа даму кезеңiне аяқ басты. Осы бiр даму кезеңде қыпшақтар мекендеген этникалық территория қалыптасып, ол қазақ халқының қазiргi территориясының көпшiлiк бөлiгiн қамтыған. Бұл кезде қазақ тiлiнiң негiзi - әдеби қыпшақ тiлi құралып, сонымен қатар қазақтардың өзiне тән антропологиялық кескiнi қалыптасты. Қыпшақтардың құрамы болған сол бiр этникалық қауымдастық – қазақ халқының шығу тегiмен байланысты. Қазақ этнотегiнде қыпшақтар этнос ретiнде маңызды рөл атқарды. "Қазақ" сөзiнiң шығу тегiнiң өзi қыпшақтар мекен еткен аймақтарда пайда болды деуге толық негiз бар. Кейбiр турколог ғалымдардың пiкiрiнше, "қазақ" терминiнiң таралу аймағы Шығыс Дештi-Қыпшақ даласымен және iргелес Мәуеренахр өлкесiмен байланысты.
Қазақ халқының қалыптасуына ықпал еткен екiншi мемлекет – ол оңтүстiк, оңтүстiк Шығыс Қазақстанда өмiр сүрген Қарахан феодалдық мемлекетi. Бұл мемлекеттiң кезiнде халық болып қалыптасу пiсiп-жетiлiп, қалалық өмiр өркендеп, отырықшылық жанданып, қолөнер дамып, көршi жатқан елдермен сауда қатынасы артып, жалпы мәдени-экономикалық дамуы өскен. Бұл мемлекетте қарлұқтардың ықпалы күштi болды. Қарахан мемлекетiнде феодалдық қатынастар түрi қоғамның барлық саласын қамтыды. Шығыстан моңғол тектес көшпелi халықтардың жасаған шапқыншылығы Оңтүстiк және Оңтүстiк-шығыс Қазақстанның қалыптасқан этникалық жайына оншалықты өзгерiс жасай алған жоқ.
Дегенмен Алтай жақтан ығыса келiп, өздерiнiң мемлекеттiк бiрлестiктерiн құрған Наймандар мен Керейлер Қарахан мемлекетiнiң этникалық құрамына елеулi әсерiн тигiздi. Кейiн Найман және Керей тайпаларының атауы сол күйiнде қазақтың генеологиялық құрылымына ендi.
Бiрақ осы бiр сапырылыс кезеңде шығыстан кидандардың /қарақытайлықтардың/ шапқыншылығы болып, Қарахан мемлекетiнiң жағдайы нашарлап кеткен. ХІІІ ғасырдың басында Қарахан мемлекеті қайта дамып келе жатқанда моңғол шапқыншылығы басталды, сөйтiп халық болып қалыптасу процесi тоқталды. Сондай-ақ, осы кезде Қазақстанда халық болып қалыптасудың екiншi бiр ошағы болған Орталық, Солтүстiк, Шығыс және Батыс Қазақстан жерiндегi Қыпшақ мемлекетi де ауыр жағдайға ұшырады. Өйткенi моңғол шапқыншылығы халық болып қалыптасып келе жатқан екi ошақтың екеуiнде тас-талқан етiп қиратты. Нәтижесiнде қазақ жерiндегi этникалық бiрлестiктердiң құрамы бұзылып, халық болып қалыптасу процесi ХV ғасырға дейiн немесе 200 жылдай уақытқа кешеуiлдедi.
Қазақ халқының құрылуының негізгі кезеңдері және этнос ретінде қалыптасуының аяқталуы.
Моңғол шапқыншылығы салдарынан Қазақстан жерiндегi ру-тайпалардың арасындағы тарихи қалыптасқан жағрафиялық ортақтастық пен мәдени-экономикалық байланыстар бұзылды. Моңғол басқыншылары көптеген қалалар мен елдi мекендердi, егiншiлiк ошақтарын талқандап, өлкенiң өндiргiш күштерiн күйзелттi. Мұндағы экономикалық және мәдени байланыстарды үздi. Көптеген бейбiт халық: егiншi, малшы, зергер тағы басқа да кәсiп иелерi қырылды. Iрi ру-тайпалардың бiрсыпырасы қоныс аударуға мәжбүр болды. Мәселен, қыпшақтардың бiр бөлiгi Солтүстiк Қазақстан мен Батыс Сiбiрге көштi. Моңғол феодалдарының, Шығыс Қазақстан мен Жетiсуда таңдаулы жайылымдарды тартып алуы, әсiресе, жергiлiктi халықтың жиi-жиi ығысуына әсерiн тигiздi. Моңғол әмiрлерi өз үстемдiгiн берiк ұстау үшiн жаулап алған елдердi ұлыстарға бөлiп, этникалық жағынан туыстас жергiлiктi халықты бiр-бiрiнен бөлiп тастауға тырысты.
Қазақстан жерiнде қаншалықты жойқын шапқыншылық болғанымен, халық болып қалыптасудың негiзгi шарты - тiл бiрлiгi жойылмайды. Қайта, керiсiнше, уақыт өткен сайын моңғол шапқыншыларының өздерi өз тiлдерiнен айырылып, жергiлiктi ру-тайпалардың қалыптасқан түркi тiлiне, әдет-ғұрпына, салт-санасына көшiп, ХIV ғ. өзiнде-ақ толық түркiленiп кетедi. Бiрақ бұл кезде бұрынғы екi үлкен расаның /нәсiлдiң/ байырғы еуропеидтік және кейiн қосылған моңғолоидтық нәсiлдердiң күрделi араласу нәтижесiнде қазiргi қазақ халқы құрамының /антропологиялық, этникалық және лингвистикалық негiзде/ бiрыңғай тұтас қосындысы /қорытпасы/ келiп шығады.
Алайда, бүкiл Қазақстанның жерiнде өмiр сүрген ру-тайпалар түркi тiлiнде сөйлегенiмен территориялық бөлiнуге ұшырап, Моғол, Әбiлхайыр, Ноғай, Көшiм хандықтарының қол астында өмiр сүрiп жатты. Олар саяси, мәдени және экономикалық жағынан бытыраңқы болды. Атақты "92 баулы қыпшақ" атты шежiреде көрсетiлген бұл ру-тайпалардың барлығы кейiн қазақ халқының құрамына кiрген.
Оңтүстiк Қазақстан мен Жетiсудың оңтүстiк-батыс территориясы баяғыдан берi қазақ халқының құрылып, қалыптасуының басты этникалық орталығына айналды. Мұнда Қазақстанның аса iрi екi этникалық қауымдастығының тоғысқан жерi жатты. Олар – Орталық, Солтүстiк және Оңтүстiк Қазақстандағы Қыпшақ тайпалар одағы мен Оңтүстiк-шығыс Қазақстандағы Үйсiн тайпалар одағы, бұларға Сырдарияның төменгi ағысы арқылы Кiшi жүз тайпалары келiп қосылды. ХV ғ. екiншi жартысынан бастап, осы бiр қалыптасқан халық өздерiнiң көршiлерi арасында "қазақ" деген атпен белгiлi болған.
Қазақ этнонимiнiң туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушiлердiң қызу айтыстарының тақырыбына айналған. Ол халықтың өзiнiң шыққан тегi туралы туғызған көптеген аңыз-әңгiмелерiнде сөз болады. Кейбiр деректерде бұл термин әлеуметтiк мәнiнде қолданылған "қашақ" деген атаудан шықты деп есептейдi. Немесе "қазақ" атауы Жәнiбек пен Керей бастап Жетiсуға бөлiнiп көшiп кеткен рулық одақтарды бiлдiру үшiн бастапқы кезде "өзбек-қазақ", кейiн "қазақ" түрiнде пайдаланылған деп пайымдалады. "Қазақ" терминi 1245 жылы Мамлюк мемлекетiндегi қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткiштерiнде /түрiк-араб сөздiгiнде/ кездеседi. Мұнда "қазақ" деген сөз "басы бос-кезбе" деген мағына бередi. Бұл семантикалық ұғым бойынша "қазақ" терминiне әлеуметтiк мағына берiледi, яғни еншiсi бөлек, үлкен ұлдардың ата шаңырақтан бөлiнiп уақытша ру, тайпалардан кетiп, күнкөрiс үшiн әскери жорықтарға қатысуын санаған.
Кейде бұл термин ертедегi екi тайпалық /каспий және сақ/ одақтардың атынан шыққан деп жорамалдайды. Ал кейбiр тарихшылар "хас" – нағыз және "сақ" деген сөзден құралған деп болжам жасайды. Қалай дегенде де "қазақ" этникалық терминнiң ғылыми тұрғыдан дәлелденiп, тұрақты бiр шешiмi әлi жоқ.
Сонымен, қорытып айтқанда, қазақ халқының этнос болып қалыптасуы өте ұзақ процесс. Ол 2,5-3 мың жылды қамтитын күрделi және ұзақ даму жолынан өткен. Қазақ халқының халық болып қалыптасуының басты алты кезеңiн бөлiп көрсетуге болады. Бiрiншi кезең – сақ және сармат дәуiрi, шамамен бес ғасырды қамтиды /б.з.д. VII-II ғғ./. Екiншi кезең – үйсiн, қаңлы және ғұн дәуiрi /б.д.д. III ғ. – б.д. IV ғ./. Үшiншi кезең – түрiк дәуiрi /542-702 жж./. Төртiншi – қыпшақ және қарлұқ дәуiрi /IХ-ХIII ғғ./. Бесiншi – моңғол дәуiрi /ХIII ғ. басы – ХIV ортасы/. Алтыншы – Алтын Орда тарағаннан кейiнгi мемлекеттер дәуiрi /ХIV ғ. ортасы – 1465 ж./. Мұның барлығы әзiрше алынып отырған бөлiнулер кезеңi, бұл маңызды тарихи проблема өзiнiң одан әрi қарай ғылыми тұрғыдан тереңiрек зерттеулерiн талап етедi.
Қазақ халқының ұлт ретінде құрылуы этникалық-әлеуметтік организмдер ретінде халықтардың қалыптасуының жалпы заңдылықтары негізінде, таптық, феодалдық қатынастардың қалыптасуымен және нығаюымен байланысты.

  • жалпы тіл бірлігінің болуы;

  • жалпы аймақтық бірлігінің қалыптасу;

  • материалдық, шаруашылық қатынастары;

  • рухани мәдениетінің және психикалық ортақтығының қалыптасуымен байланысты жүзеге асты.

Бұл жағдайлардың пайда болуына Қазақ хандығының құрылуы негіз болды. XV ғасырдың соңғы отыз жылы – бұл Қазақстан мен Орта Азия тарихындағы ірі-ірі саяси оқиғалар болған уақыт. Қазақ хандығы күшейе түсті, қазақ хандарының Сырдариядағы қалалар мен олардың төңірегіндегі кең байтақ далалар үшін күресі шиеленісе түсті, шын мәнінде бірнеше феодалдық иеліктерге бөлінген Моғолстан барған сайын әлсірей берді. Темір ұрпағының да әскери қуаты, олардың ықпалы біртіндеп құлдырай түсті. Аймақтағы саяси жағдай ең алдымен экономикалық факторлардың бүкіл әрекетін – көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығының отырықшы егіншілікпен өзара байланысын қалпына келтірудің қиындығы мен қажеттігін, феодалдық топтардың қолөнер, сауда және олар арқылы өтетін сауда жолдарының орталығы ретінде Сырдария өңіріндегі қалаларды жеке дара билеуге ұмтылуын бейнеледі. Сонымен бірге Сырдария өңіріндегі қалалар, олардың төңірегіндегі көшпелі жұрт мекендеген жерлер үшін, Жетісу территориясы үшін күрес қазақ, өзбек, қырғыз халықтарының этникалық территориясының қалыптасу барысын, қазақстандық-ортаазиялық регион территориясындағы этникалық процесстердің тоғысуы күрделіленгенін көрсетті.
Оңтүстік және Орталық Қазақстанды билеу үшін Шайбанилықтармен күрескен қазақ хандарының нақты күші болғаны сөзсіз, олардың төңірегіне көшпелілердің едәуір бұқарасы топтасты. Олардың Жетісуда берік сүйеніші болды. Әбілқайыр ханның мұрагерлеріне тек Сырдария өңіріндегі территорияларға иелік ету жолындағы бақталастықпен шектелуіне, бұл үшін Темір әулетінің, моғол хандарының, маңғыт мырзаларының көмегіне сүйенуге тура келді.
Қазақ халқының қалыптаса бастауы б.з.д. ІІ-І мыңжылдықтардан басталады. «Қазақ» сөзінің шығуы туралы алуан-түрлі ғылыми болжамдар мен көзқарастар болды. Бірақ әлі де нақтылы толық дәлелденген пікір айтыла қойған жоқ. Дегенмен ол пікірлер мен болжамдардың кейбірі көңіл аударуға тұрарлықтай. Көне түрік тіліндегі деректерге қарағанда, «қазақ» деген атау Орхон, Енисей жазбаларындағы «қазғақ оғлұм» деген сөздегі «ғ» әрпінің түсіп қалу нәтижесінде тұрақтанған. Алай түрік тілінің заңдылықтары бойынша бұл пікір де қолдау таппады. Түркі тілдерінің қыпшақ-ноғай тармағынан қазақ тілі ХІV-ХV ғасырларда бөлініп шықты. Қазақ халқының көп ғасырлық құрылу процесі мен этникалық территориясының анықталуы ХV-ХVІ ғасырларда аяқталды. Саяси жағынан шашыраңқы этникалық туыстас топтардың басы қосылып қазақ рулары мен тайпаларының бірігуіне Қазақ хандығының құрылуы әсер етті. Ежелгі Сібір тайпалары тілдерінде «қазақ» сөзін «мықты», «берік», «алып» мағынасында берілген. Шығыс Дешті Қыпшақта «қазақ» атауы ІХ-Х ғасырларда әлеуметтік мағынада қолданылса, ал ХІ-ХІІ ғасырларда осы аттас этникалық әлеуметтік топтардың болғандығы байқалады.
«Қазақ» ХІІІ ғасырдағы хорасан түркімендері арасында да кездеседі. Кейбір деректерде сақ, хазар тайпаларының атынан шыққаны айтылады. Тарихшы Б.Е.Көмековтың айтуы бойынша «қазақ» сөзі бұлардың арасында этникалық сипатта қолданылған тәрізді. Сонымен «қазақ» сөзі көне түрік дәуірінде пайда болып, ХІІІ ғасырға дейін бостандық сүйгіш «еркін адамдар» деген мағынада қолданылып келген. Рузбиханның өзбек ұлысында (ХV ғ.) үш халықтың болғандығы, оның ішінде ең көбі, ержүректері қазақтар екені айтылған. Ақыр соңында өзбек ұлысынан немесе Әбілхайыр хандығынан Жәнібек пен Керей сұлтандар қазақ аталып жүрген тайпалармен бөлініп көшкенде, оларға алғаш «өзбек-қазақ» деген ат тағылған, кейін ХV ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының құрылуына байланысты «қазақ» атауы біржола этникалық сипатқа ие болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет