Лекция №1 Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы



бет23/33
Дата14.02.2023
өлшемі0,74 Mb.
#67986
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33
Байланысты:
ҚТ лекциялар 2022-2023жж docx (1)

Бөліктер
(батыс, орта, шығыс)
басқарушы - сұлтан.




Дистанция
(1831 жылы 54 дистанция құрылды)
басқарушысы - ру шонжарлары




Ауыл
басқарушысы - ауыл старшыны

Қазақстандағы 1867-1868 жылдардағы реформа


XIX ғ. 60 жылдарында патша өкіметі қазақ елінің Кіші және Орта жүз жерлерін өзіне қаратып алумен тоқтамай Ұлы жүздің жерін өз иелігіне қаратуға тырысты. Ресейдің отаршылдық саясаты Қазақстанның жерімен тоқтамай Орта Азияның барлық халықтарын басып алуға ұмтылды. Бұрынғы жазылған тарихи кітаптардың көпшілігінде патшалық Ресейдің отарлау саясатын бүркемелеу үшін, орыс халқы Қазақстан мен Орта Азия елдеріне мәдениет пен шаруашылықтың соңғы жетістіктерін әкелді деп жазып келді. Алайда ұзақ жылдарға созылған отарлау Кеңес империясы тұсында дами түсіп, Қазақстан, Орта Азия халықтарының тілі, діні, әдет-ғұрыптарына зор зиянын тигізе отырып, халық ретінде жойылуына әкеп соқтыра жаздады.
XIX ғ. 60-шы жылдарында Қазақстанның жері бірнеше әкімшілік-территориялық облыстарға бөлінді. Облыстар үш генерал-губернаторлықтың құрамына кірді. Мұндағы мақсат – отаршылдық тәртіпті күшейту еді. 1867 жылы 12 шілдеде Александр II – «Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша Ережеге», 1868 ж. 21 қазанда- «Орынбор және Сібір генерал – губерноторлығын басқару туралы уақытша Ережеге» қол қойды. Сөйтіп, 1868 жылдан бастап жаңа тәртіп бойынша қазақ даласын облыстарға, облыстарды уездерге, уездерді болыстарға, болыстарды ауылдарға бөлді де, ел арасында съезд өткізіп, болыс, старшын сайлау дегенді енгізді. Үш генерал – губернаторлық: Түркістан, Орынбор және Батыс Сібір. Барлық әскери және азаматтық өкімет билігі түгелдей генерал-губернатордың қолында болды. Орынборға – Орал және Торғай; Батыс Сібірге – Ақмола, Семей; Түркістанға – Жетісу орталығы Верный; Сырдария орталығы- Ташкент. Бұрынғы Бөкей хандығының жері 1872 жылы Астрахань губерниясына қосылды. Маңғышлақ приставы 1870 жылы Кавказ әскери округінің қарауына берілді, ол кейіннен Закаспий облысына енді.
1867-1868 жылдардағы реформалар бойынша әскери-сот комиссиялары мен үздік соттар құрылды, олар жалпы империялық заңдар негізінде жұмыс істеді. Бұл «ережелер» екі жыл мерзімге тәжірибе түрінде уақытша енгізілген болатын. Алайда, бұл «тәжірибе» жергілікті халыққа теріс әсер етуі ықтимал деген қауіппен 20 жылдан астам уақытқа созылды. 1886 ж. 2 маусымда «Түркістан өлкесін басқару туралы ереже», 1892 ж. 21 наурызда «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы ереже» қабылданды. Бұл реформалардың барлығы да отаршылдық және феодалдық езгіні күшейте түсуге бағытталған еді.
2. Ішкі Бөкей ордасы 1801 жылы Павел патша «Кіші жүз қазағының хан кеңесінің бастығы Нұралы хан Ұлы Бөкей төрені өзіме қабыл аламын, көңілдегі жеріне жайлауға рұқсат етемін, мейірімдігім түскендігін білдіру үшін қара бауға тағып, мойнына іліп жіберуге салған алтын медаль беремін», - деген жарлық шығарады. Осы жылы Бөкей бастаған оң мыңға жуық отбасы Жайықтың оң жағына көшкеннен кейін Ішкі Орда хандығы құрылып, оның ханы болып Бөкей сұлтан сайланды. Жаңа құрылған хандықты Бөкей 1815 жылы өзі өлгенше басқарды. Өзінің орнына хандыққа баласы Жәңгірді қалдырды. 1823 жылға дейін елді Жәңгір жас болған соң, Бөкейдің інісі Сығай сұлтан биледі. 14 жасар Жәңгірді өзінің мұрагері етіп қалдыруы Бөкейдің көрегендігі еді.. Хандық 14 аймаққа бөлінді. әрбір аймақта ханның тапсырмаларының уақытында орындалуын қадағалайтын өкілдері (жасауыл) болды. Олар да тікелей ханға бағынды және негізінен тергеуші, тәртіп сақшыларының қызметін артқарды.Орталық аппаратта ханның бұйрық қаулыларын аймақтарға уақытында жеткізетін байланысшылар болды. Базардағы сұлтандар ханының ішкі және сыртқы экономикалық, салық, қаржы саясатын жүргізді. Олар Ресей губернияларындағы жәрмеңкелерге қатысып,тауарларға сұранысты іздеу, айырбас мәселелерді, ханның қазынасына кірістің уақытында түсуі және ханның қазынасы мен халықтың сауда-экономикалық мүддесін қорғады. Ханның жанында 175адамнан тұратын әскери күзет болды. Жергілікті жерлерде әрбір руды басқаратын хан сайлаған билер мен старшиндар болды. Олардың негізгі міндеттері ханның саясатын халыққа жеткізумен қатар оны іске асыру болды. Хандықтың құрамындағы 17 ру ірілендіріліп, 10-ға дейін қысқарды. Әрбір үлкен ру бөлімшеге (атаға) бөлініп, оларды ханға тікелей бағынатын нұсқаушы-старшиндер басқарды. Барлығы 120 отбасы болды. Бөкей хандығында барлығы 1500 ауыл болды. Олар да әкімшілік бірлік болып саналды.Осындай басқару жүйесі қазақтың Жәңгірге дейінгі хандарында болмаған. Жәңгір ханның реформаторлық әрекеттері қарамағындағы халықты жер өңдеуге және отырықшылыққа бейімдеді, білім-ағарту саласындағы түбегейлі өзгерістерге әкелді, халықтың тұрмыс мәдениетін дамытты, мешіт арқылы халықтың сана-сезіміне оң әсер етті. Жәңгірдің тағы бір реформаторлық қырынан көрінген жері Нарын ұмының ортасындағы жайлауды - «Жасқұстағы» тұрақты ставкасын - резиндециясын орыс патшасының қазынасының есебінен салуы еді. Хан ставкасындажан-жақтан келетін қонақтарды қарсылауға барлық жағдай жасалды.
Онда еуропаша жиһаздалған залдар, саз, шахмат, бильярд салондары болды. Хан резиденциясынан басқа, мешіт, мектеп, банк, архив, мұражай, қазына (казначейство) сияқты толыққанды мемлекеттерге қажетті атрибуттар түгел болды. Хан Ордасында барлығы 150-ден астам үй болды. Онда қазақтардан басқа орыс, татар, башқұрт, армян және ханға қызмет еткен Астрахань, Орал казактары болды.Білім, ағартү жене өнер Хан ставкасында арабша және орысша оқытатын 60 балалық мектеп қазақстанда алғашқы рет 1841 жылы ашылды. Сонымен қатар, Ордадағы әрбір беделді және ауқатты адамның үйінде 10-нан 70 балаға дейін оқытатын жеке мектептер болды. Мешіт арқылы хан халық арасында идеологиялық саясатын жүргізді. Ханның жанынан жоғары діни дәреже - Ахунды бекітті. Молдалар халықты ханға адал қызмет етуге уағыздады. Сонымен қатар, олар ұстаздық қызметпен де айналысты. Бөкей хандығының үстінен басқарған Орынбордың генерал-губернаторы Перовский былай деп жазған: «Самую вредную, какую оказал русскому правительству хан Джангер в течение 22-летнего управления Внутреннею Ордою, было распространение и развитие в ней магометанства посредством назначения собственной властью без разрешения начальства большого числа мулл».Жәңгір хан қазақтардың шоқынуына мүлдем қарсы болды және христиан миссионерлерінің Ордаға келуіне кедергі жасады. Ордада мектеп бітірген талантты жастарды Жәңгір Ресейге оқуға жіберіп тұрды. Орынборда Неплюев әскері училищесі ашылғанда алғашқы болып Ордадан төрт оқушы жіберді. Одан кейін жыл сайын он баладан оқуға жіберуге рұқсат алды. 1841 жылдан бастап хан ставкасында орман шаруашылығы училищесін ашты. Ол училищеде емтихан алушылардың ішінде ханның өзі де болды. Оқу-біліммен қатар, Бөкей Ордасында өнер де жақсы дамыды. Еділ мен Жайықтың арасы ертеде Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Досмамбет жыраулардың елі болған.«Ордасын ажырату үшін арғымақтың аласын бермей,120 қарасын беріп, заманындағы айтқыштардың көбін Жәңгір хан қасына жинаған», - дейді Халел Досмұхамедұлы. Ордадағы белгілі ақындар -Шернияз, Байтоқ, Нысанбай, Махамбеттер.
Бөкей ордасында ерекше дамыған күй өнері болды. Құрманғазы, Дәулеткерей. Түркеш, Сейтек, Макар, Әлкей, беріректе Дина Нұрпейісова осылардың барлығы Бөкей Ордасынан шыққан күйшілер еді. Қазақта күй өнерінің шарықтау шыңына жеткен жері - Бөкей Ордасы болды. Жалпы Бөкей Ордасы «Күйдің Меккесіне» айналды.
Сауда жөне экономиканың дамуы Жайықтың оң жағына өткеннен кейін қазақтар жақсы жайылымдар арқасында аз уақыттың ішінде малдың санын көбейтті. Жәңгірдің кезінде сауда өте жақсы қарқынмен дамыды. Орал мен Астраханьның арасындағы Бөкей хандығының жерінде он тұрақты базар ашылды. Жыл сайын Хан ордасындағы базарға мың бес жүзге дейін шеттен адамдар келіп тұрады және онда 300-дей тұрақты істеп тұрған лавкалар болды. Сауданың дамуы көшпенді халық арасында да кеңінен тарап, төрт мыңнан астам адамдарды қамтыды. Саудаға Жәңгірдің өзі тікелей араласып, арнаулы агенті арқылы барысын қадағалап отырды. Жәңгір хан малды асылдандыру мәселесіне көп көңіл бөлді. Ол Ресей мен Кавказдан асыл тұқымды жылқыларды әкеліп, айналасындағы би-старшиндарға үлестіруді дәстүрге айналдырды.
Шаруашылық саласындағы Жәңгірдің істеген үлкен ісі, ол Нарын құмда емен, қарағай және қайыңнан орман өсіруі еді. Хан көзінің тірісінде орманды қорыққа айналдырып ағашты кесуге тиым салды.
Ханның жеке басына келетін болсақ, ол жас кезінде Астрахань генерал-губернаторы Андреевтің үйінде жатып оқып, еуропаша білім алған заманның озық ойлы, жан-жақты білімді азаматы болды. Ол өз анкетасында татар, орыс және араб тілдерін білемін деп жазды. 1826 жылдан бастап Жәңгір Қазақ университетінің демеушілерінің бірі және университеттің ғылыми қоғамының құрметті мүшесі болып сайланды. Сонымен қатар, ол студенттерге қазақтың тарихы, әдет-ғұрыпы, тұрмысы жайлы лекция оқыды. Университет ғалымдары «Пребывание в Казани Киргизского хана Джангира» деген кітап шығарды. Ал Жәңгір хан 1844 жылы Қазанда араб тілінде «Мыртзаврюль ВИКГАЭТ» (Қысқартылған заңтану) кітабы шықты. Ол патша армиясының генералы, «Қасиетті Анна», т.б. императордың ең жоғарғы бірнеше ордендерінің иегері болды. Хан тапсырмасы бойынша С.А. Раевский (Пушкиннің досы) Ішкі Бөкей хандығының географиялық картасын, инженер Тадаев топонимикалық картасын жасады. Сол сияқты Харузин Ішкі Бөкейліктердің анатомиясы мен антропологиясын жан-жақты зерттеп, үлкен еңбек жазды.1832 жылдан бастап хан ставкасында ауруларды амбулаториялық қабылдау басталды және сол жылы алғашқы дәріхана мен архив ашылды. Жәңгір хан заманның көптеген зиялыларымен жақсы қатынаста болды. 1829 жылы Ордада болған А. Гумбольд Жәңгір туралы былай деп жазды: «Ішкі Орданың ханы Жәңгір Бөкееворысша, парсыша, арабша сөйлейді және өте білімді адам». 1844 жылы Кіші жүз қазақтарын билеу туралы бірінші толық заң шықты. Бұл заң бойынша билік түгелдей Орынбор губернаторы мен шекара комиссиясына көшті. Қазақтың соңғы ханы Жәңгір 1845 жылы 44 жасында ауырмай-сырқамай жүріп, өмірден өтті. Ханның өлімі туралы әртүрлі жорамалдар бар. Солардың бірі - патша жендеттері улап өлтірді дегеннің негізі бар. Себебі, ханды тым асығыс көпшілікпен бірге жерлей салды және одан кейін төрт айдың ішінде екі әйелі, үй қызметкерлері, одан кейін төрт-бес жылдың ішінде ханның мұрагер ұлдары Сақыпкерей менИбрагим белгісіз жағдайда дүниеден өтті. Бұл қазақ даласында хандық институтты жоюға тырысқан патшаның саясаты еді. Жәңгір мен Махамбет халық аузында Жәңгір мен Махамбет сөз таласында ханның: «Менің алдьім жалын, артым өрт», -деген сөзі қалды. Шынында да, Жәңгір ханның тағдыры орыс патшасының колониялық саясаты мен көшпенді халқын ивилизацияға жеткізуге реформаторлық қызмет еткен ханды түсінбеген ру басшылары мен қарапайым халықтың трагедиясының ортасында өтті. Бұл жөнінде Н. Макиавелли «Реформатордың ісі - нәтиже бермейтін ең қиын қызмет. Себебі, қоғамда қалыптасқан дәстүрді сақтап қалуға тырысқан көпшілік оған қарсылық көрсетеді. Ал, оны түсінген аз топтың өзі, оған белсенді көмек беруі екіталай, себебі олар да істің оң бітуіне сене бермейді» деген екен. Қалай болғанда да, Жәңгір хан – өз ғұмырының ішінде ұрпақтарына өшпес із қалдырған ұлы мемлекет қайраткері. Ол құрған мемлекет басқару жүйесі, оқу-ағарту саласындағы, дінді дамытудағы, шаруашылық саласындағы реформаторлық істері әлі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ.
3. Патша өкіметінің аграрлық саясатының ажырамас бөлiгi-қоныстандыру саясаты. Помещиктер мен империалистiк буржуазияның мүдделерiне сай келген қоныс аудару мәселесiне патша өкіметі XIX ғасырдың екiншi жартысынан бастап қатты назар аударды. Өйткенi Ресейде крепостниктiк хұқықтың жойылуы және әлеуметтiк - әкiмшiлiк жөнiндегi реформалар аграрлық мәселенi толық шешкен жоқ. Ресейдiң орталық аудандарында шаруалар толқулары тоқтамады. Осындай жағдайда патша өкіметі шаруалардың назарын революциялық қозғалыстан аудару үшiн бiрқатар шаралар қолданды. Қоныс аудару шаралары сол саясаттың бiрi едi. Сiбiрдi, Қазақстанның солтүстiк, батыс, орталық және оңтүстiк шығыс аудандарын отарлау арқылы патша өкіметі Орталық Ресейден шаруаларды қоныс аудартып, жаңа жерлерде солар арқылы өзiне тірек жасамақ болды
Әскери-әкiмшiлiк отарлау саясаты Ресейден шаруалардың қазақ жерiне ағылып келуiне жол ашты. Қазақ даласын отарлау саясатын iске асыру жолында Жетiсудың бiрiншi - әскери губернаторы Колпаковскийдiң бастауымен 1868 жылы "Жетiсуда шаруаларды қоныстандыру туралы ережелер" бекiтiлдi. Осы ереже бойынша коныстанушыларға 30 десятина жер бөлiндi. Қоныс аударушылар 15 жыл мерiзiмге алым-салықтан, рекруттық әскери мiндеткерлiктен босатылды. Мұқтаж отбасыларға керек-жарақтар алу үшiн ақшалай көмек берiлдi. Патша өкіметі 1889 жылы 13 шiлдеде "Село тұрғындары мен мещандардың қазыналық жерлерге өз epкімен қоныс аударуы туралы" арнаулы ереже бекiттi. Бүл ережеде жердi бекiтiп берудiң тиянақты мөлшерi белгiленген жоқ, жергiлiктi өкімет орындарына өз қалауынша белгiлеуге epiк берiлдi.
Аграрлық саясатты жүзеге асырушылардың бiрi - Сiбір темір жол комитетi едi. Елдiң шығысындағы бiрсыпыра аудандар темір жолмен байланысқаннан кейiн, шаруалардың қоныс аударуы кең етек алды. Қазақстанда шаруаларды қоныстандыру алдымен Ақмола, одан соң Жетicу, Семей, Орал, Торғай облыстарында жүргiзiлдi.
Тек 1885 жылдан 1893 жылға дейiн Ақмола облысының жергілікті халқынан 251779 десятина жер тартылып алынып, 10940 адам халқы бар 24 жаңа село пайда болды. Семей облысында бұл кезде қазақ шаруаларынан 33064 десятина eгicтік жер тартып алынды. 1884-1892 жыл аралығында мұнда 3324 отбасы қоныстанды. Шеттен шаруаларды әкелiп қоныстандыру, Сырдария облысындағы Шымкент, Ташкент және Әулиеата уездерiн кеңiнен қамтыды.
Қоныс аударушылар Ресейдiң еуропалық бөлiгiнен ғaнa емес, сондай-ақ басқа облыстардан да келдi. Өйткенi, қазақ даласы ұлан-ғайыр кeңдiгiмeн, кең-байтақ жерде eгiн шаруашылығына да, мал шаруашылығына да жарамдылығымен қызықтырды. Мәселен, 1900 жылғы халық caнағы бойынша тек Қазақстанның бес облысында / Ақмола, Орал, Торғай, Семей, Жетicу / ғaнa 3463598 адам болса, оның iшiнде Еуропалық Ресейден келгендер 247 мыңдай адам, Сiбiрден - 42119, Орта Азиядан - 23530, Польшадан - 1191, Кавказдан ­1672, Финляндиядан - 72, басқа жерлерден 3557 адам келдi. Сөйтiп, 1900 жылы 5 облыс бойынша сырттан келушiлер өлкенiң барлық халқының 10,5 процентiн қамтыды. Оларға 44 миллион гектар жер таратылды.
Патша өкiмeтi Қазақстанның кең даласындағы ен байлықты өзiнiң шикiзат қоймасына, елдi өндipic тауарларын сататын сауда аймағына айналдырды. Мал, жүн, тepiнi cу тeгiнгe сатып алып, өте қымбат бағаға өндiрic тауарларын сатып, қазақ халқын аяусыз қанады. Патша әкiмшiлiк органдарының бастықтары мырзалық жасап, қазақтардың шұрайлы жерлерiнiң әр десятинасын он тиыннан оңды-солды сатты.
Отарлау саясаты қазақтардың тек материалдық жағдайын ғана емес, сонымен бiрге рухани-адамгершiлiк мүддесiн де қысымға салды. Патша өкiметiнiң қолдауымен келген қоныстанушылар, көбiнесе кулактар, қазақтарды шұрайлы өз мекендерiнен қуып шығып отырды. Cонымен бiрге қазақтардың бiр-бiрiмен қатынастарына үлкен кедергi жасап, ауылдастардың экономикалық мүддесiне, адамгершiлiк және рулық қатынастарына нұқсан келтiрдi. Кей жерлерде қазақтардың көшетiн жолдары орыс посёлкаларының үстiнде жатқандықтан қоныстанушылар олардан малын өткiзгенi үшiн мол алым төлеттiрдi. Сонымен бiрге отаршыл әкiмшiлiк бұрыннан қалыптасқан қазақтың отырықшылық ұяларын бұзып, жергiлiктi тұрғындарды шөл және шөлейт аудандарға күшпен көшiру фактiлерi жиiлендi. Бiр ғана Жетiсуда 30 мыңнан астам отырықшылдық ошағы талқандалынды. Осындай зорлық-зомбылық барлық жерде орын алды.Патша өкіметінің отарлау саясатының салдарынан Қазақстанның ауыл шаруашылығы дамудың орнына дағдырысқа ұшырады. Жерді тартып алу, отырықшылық ошақтарын талқандау, жергілікті халықты шөл және шөлейт далаларға қуалау қазақтың егін шаруашылығын, әсіресе, мал шаруашылығын өркейтуге қолайсыз жағдайлар туғызды. Оған мысал, Қазақстанның далалық облыстарында /Жетісуды қоспағанда/ қой-ешкі 1880 жылдан 1905 жылға дейін 24,9 пайыз, ал жылқы 1905 жылдан 1914 жылға 4,1 пайыз кеміді.
Күйзелicке ұшыраған қазақ кедейлерiнiң едәуiр бөлiгi орыс кулактарына, казактарға және ауқатты шаруаларға жалданып жұмыс iстeyre мәжбүр болды.
4. ХХ ғасырдың басына қазақтар, орыстар мен украиндар бүкіл өлке халқының 87% -ынан 95% --ына дейін құрады, онда бұладрдан басқа татарлар, өзбектер, дүнгендер, мордвалар және басқалар да тұрады.
1897 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанда шамамен 55 мың татар, 55 мың ұйғыр, 30 мың өзбек, 15 мың дүнген, 10,5 мың мордва және т.б. тұрған. ХХ ғасырдың басында олардың саны біршама көбейді, мысалы, 1917 жылы өлкеде енді 93 мыңға жуық татар, 25 мың мордва және т.б. болған. Қазақстан тұрғындарының 90% -ынан астамы ауылдық жерлерде қоныстанды. Олардың басты кәсібі ежелден көшпелі мал шаруашылығы болатын. ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басында егіншілік халықтың көп бөлігінің негізгі кәсібіне айналды. Онымен қоныс аударушы шаруалардан басқа қазақтар да айналысты. Олар 1897 жылғы санақ бойынша өлкедегі бүкіл егінші халықтың 55,4% -ы болды. Село тұрғындарының басым көпшілігі -2/3 бөлігіне жуығы қазақ шаруалары және қоныс аударушы шаруалар кедейлер мен батырақтар еді.Таптық жіктеліс қоныс аударушылар деревнясында ғана емес, сонымен қатар қазақ ауылында да күшейді: «жер мен мал ірі феодалдардың, байлар мен кулактадың қолында шоғырланды».
Өлкеде село тұрғындары мүлдем басым болған жағдайда дегенмен де қалада халқының өсуге бейімділігі байқалды. 1870-1897 жылдар ішінде барлық қалаларда қала халқы үш есе дерлік, ал 1897-1914 жылдарда бір жарым еседен астам көбейді.
Қалалардың көпшілігі әкімшілік орталықтар ретінде пайда болды. Бірте-бірте, әсіресе ХІХ ғасырдың аяғы –ХХ ғасырдың басында біршама ірі қалаларда –сауда және мал шаруашылығы мен егіншілік өнімдерін ұқсату орталықтарына айналған Оралда, Петропавлда, Верныйда, Семейде, Қостанайда, Шымкентте, Әулиеатада және басқаларында өнеркәсіптік даму үрдісі басталды.
Қалалардың халқы негізінен көші-қон үрдісі есебінен өсті. Қазақстан қалаларында, көбінесе орыстар, қазақтар мен татарлар тұрды. Қала халқының әлеуметтік құрамы да әр түрлі еді. Зерттеушілердің есептеуі бойынша, Орта Азия мен Қазақстанның тоғыз облысындағы қала тұрғындарының 20% -ына жуығы шаруашылығымен және шаруашылық кәсіпшілігімен айналысқан (шаруалар, батырақтар және басқалар).
Әкімшілік, сот және полиция әскери шенділерінің үлес салмағы 7,1% -ға, дін қызметшілері – 1,7% --ға жетті. Ең ірі әлеуметтік топ сауда буржуазиясы болды-20,3% -, бірақ саудада жұмыс істейтіндердің бәрі, соның ішінде жалдама жұмысшылар да енген. Рантьенің үлесі 2,1% - болды. Негізінен өнім өндірмейтін еңбекпен айналысқан бұл әлеуметтік топтар 31% -ды құрады.
Орта Азия мен Қазақстанның қала халқының қалған бөлігі (48,8% ) кәсібінің тегіне қарай былайша бөлінді: тау-кен, кен өндіру және тамақ өнеркәсібінде -33,1% (негізінен жұмысшыларр мен қызметшілер), малайлар, күндіктер -9,6%, ал басқалар -6,1%.
Ғасырдың басындағы Қазақстандағы әлеуметтік –демократиялық жағдайға қысқаша талдау жасаудан оның өлкедегі отаршылдық жағдайды бейнелегені көрінеді: халықтың көп ұлтты құрамының қалыптасу үрдісі күшейді, байырғы халықтың үлес салмағы кеміді және сонымен бірге келімсек халықтың, негізінен алғанда орыстар мен украиндардың үлесі ұлғайды; қалалар мен олардағы халықтың бірсыпыра өсуі байқалып, оның құрамында метрополияның басқа аймақтарынан келген қоныс аударушылар және орташылдық әкімшілік пен кәсіпкерлікке байланысты әлеуметтік жіктер мен топтар басым болды.
5. ХІХ ғасырдың басында Қазақстан жерінде халыққа білім беру екі бағытта: діни және жай азаматтық бағытта жүргізілді. Ел ішіндегі болыстар мен ауылдардағы қазақ балалары әдетте мүсылман мектептерінде оқыды. Оларға оқу араб алфавиті бойынша жүрді. Азаматтық тұңғыш қазақ мектебі Бөкей Ордасында 1841 жылы ашылды. Бұл мектептің оқушылары орыс тілін, математиканы, географияны, шығыс тілдерін, сондай-ақ ислам дінін оқып үйренді. Қазақ балаларына арналған келесі оқу орны Орынбор қаласындағы Шекаралық комиссия жанынан ашылған жеті жылдық мектеп болды. 1865 жылы Омбыда қазақ балаларына арналған тағы бір мектеп ашылды, ал 1869 жылы Орынбор гимназиясы жанынан шығыс тілдерінің тілмәштарын және әскери округтердің хатшыларын даярлайтын бөлімше құрылды. Қазақстанда XIX ғасырдың 60-шы жылдарында бастауыш мектептердің ашылуы аса көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, жаңашыл педагог, этнограф-ғалым, қазақтың жазба әдебиетінің және тілінің негізін салушылардың бірі - Ыбырай Алтынсариннің (1841-1889) есімімен тығыз байланысты. ЬІбырай орыс графикасына негіздеп қазақ әліпбиін жасады. Осы әліпби бойынша жүргізілген сабақтар ол ұйымдастырған қолөнер және ауыл шаруашылығы училищелерінде қазақ балаларының дүниеге көзін ашты. Ол қазақ қыздарын өнер-білімге кеңінен тартгы. Осы мақсатта ашылған қыздар мектеп-интернаты 1888 жылы Ырғызда, 1891 жылы Торғайда, 1893 жылы Қазалыда, 1895 жылы Қарабұтақта, 1896 жылы Ақтөбеде жұмыс істей бастады. Оны бітірген кыздар кейін қазақ даласында білім ұрығын септі. Ыбырай Орынбордағы ғылыми-жағрафиялық қоғамның тілші мүшесі болып сайланды.
Ресей мемлекеті Қазақстанды өзіне қосып алғаннан кейін, оның табиғи байлықтарын игеру, кен ресурстарын зерттеу мәселелеріне ден қоя бастады. Ол үшін өлке жеріне ғылыми іздену экспедицияларын жіберіп, қазақ халкының жағрафиясын, тарихын, экономикасын, этнографиясын, минерал қорларын зерттеуге кірісті. 1769 жьлы Қазақстанға жасалған алғашқы ғылыми экспедицияларының бірін П.С. Паллас басқарды. Экспедиция Симбирск, Орынбор, Елек, Орск, Гурьев, Жайық, Уфа қалалары аймақтарын аралады. Оның қорытындысы бойнша П. С. Паллас 1773 жылы өзінін «Ресей империясынын әр түрлі шет аймақтары бойынша саяхат» - деген еңбегін жариялады.
1769-1772 жылдары Н. Рычков патша әскерлерінің кұрамында Қара Торғай, Терісаққан, Есіл аймағында, Усть-Уйск, Крутояр, Тройцк бекіністері төңірегінде қазақ өлкесі жөнінде мәліметтер жинастыру жұмысын жүргізді. Кейінірек оның «Капитан Н. Рычковтың 1771 жылғы қырғыз-қайсақ даласына саяхатының күнделік жазбалары» - деген еңбегі жарық көрді. Қазақстанның тарихы мен этнографиясын, географиясын зерттеп, бір жүйеге түсіруде белгілі тарихшы және мемлекет қайраткері А. И. Левшинның (1797-1879) «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ далаларының сипаттамасы» деген іргелі еңбегінің зор маңызы болды. Сондай-ақ өлкені жан-жақты зерттеу көрнекті орыс ғалымдары П. П. Семенов-Тяньшаньский /1827-1914/, Н. А. Северцев /1827-1885/, И. В. Мушкетов /1850-1902/, В. В. Радлов /1837-1918/ және басқалардың есімдерімен тығыз байланысты. Олар өздерінің зерттеулерімен отандық ғылымның еркендеуіне үлкен үлес қосты.
Орыс ғалымдары қазақ халқының тарихын, тұрмысын, мәдениеті мен тілін зерттеуде көп жұмыс істеді. Олардың ішінде зерттеушілер В. В. Вельямин-Зерновтың, А. И. Добромысловтың, украин ақыны Т Г. Шевченконың т. б. есімдерін атап өтуге болады. Еліміздің мәдениеті мен қоғамдық ой-пікірінің тарихында қазақтың тұңғыш ғалымы, аса көрнекті демократ-зерттеуші Ш. Ш. Уалиханов /1835-1865/ құрметті орын алады. Оның қоғамдық-саяси, ғылыми және әдеби қызметі қазақ даласында прогресшіл идеялардың тарауына үлкен жол ашты.
Шоқан 1856-1857 жылдары Алатау қырғыздарының жеріне, Ыстықкөл маңына сапар шекті. Осы сапарда ол қырғыз эпосы «Манастың» жекелеген бөлімдерін жазып алды.
1858-1859 жылдарда Шығыс Түркістанда болып, ондағы халықтардың тарихы мен этнографиясына, сондай-ақ осы сапарда қырғыз елінің тарихына байланысты бай материал жинап, соның негізінде көптеген еңбектер жазды. Оның қазақ халқының тарихына байланысты жазғандары шығыстану ғылымына зор үлес болып қосылды. Ол орыстың атақты жазушы-философы Ф. Достоевскиймен өте жақын дос болды. Оның ағартушы-демократ ретіндегі көзқарасының қалыптасуына орыстың прогресшіл революционер-демократтары Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов ықпал жасады. Шоқан Ресейдің ғылыми-жағрафиялық қоғамының толық мүшесі болып сайланды.
Ресей империясы әкімшілігі кең-байтақ Қазақ өлкесін зерттеп игеруде Орыс географиялық қоғамына едәуір мән берді. . Қазақстан жерінде алғаш кұрылған Орыс ғылыми-жағрафиялық қоғамының бөлімшесі 1867 жылы Орынборда ұйымдасты. Онда А. Алектров, Ы. Алтынсарин, А. Добромыслов, И. Крафт және басқалары жұмыс істеді. Бөлімшелердің қызметіне орыс саяхатшысы және Қазақстан мен Орта Азияны зерттеуші Г. Н. Потанин белсене қатысты, ол Ш. Ш. Уалихановтың замандасы және досы болған. 1877 жылы Ресей географиялық қоғамының Батыс-Сібір бөлімі, кейінірек оның Семей бөлімшесі құрылды. Осы бөлімшемен Абай Құнанбаев байланыс жасап тұрды. 1896 жылы Императорлық орыс географиялық қоғамының Түркістан бөлімі, ал XX ғасырдың басында Жетісу облысында оның тағы бір бөлімшесі құрылды. Бұл бөлімдердің жетекшілігімен және олардың мушелерінің қатысуымен XIX ғ. екінші жартысы - XX ғ. басында Тянь-Шаньдағы Хантәңірі аймағына, Верныйдан Құлжаға және Ыстықкөлге дейін, Оралдың оңтүстігіндегі қазақ даласына, Жайык өзені, Каспий және Арал теңіздері арасындағы кеңістікке, ал 1899-1902 жылдары Л. С. Бергтің басшылығымен атақты Арал экспедициясы ұйымдастырылды. Экспедициялардың жұмыстары нәтижесінде кең көлемді материал жиналып ғалымдардың зерттеушілік қызметтерін бағалау орын алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет