3. Қарлұқ мемлекетінің саяси тарихы: құрылуы, көрші мемлекеттер мен тайпалармен қарым-қатынастары. 766 жылы Түргеш қағандығы қүлап, оның орнына Жетісуда Қарлұқ қағандығы құрылады Қарлұқ қағанатының алып жатқан жері сары және қара түргештердің жері. Ол негізінен Онтүстік шығыс Қазақстанның жері. Астанасы Баласағұн қаласы болған. Қағандық халқының этникалық құрамы түрік тілдес тайпалар болған. Ал, қарлуқтар және олардың ақсүйектері саяси-әкімшілік жағынан басты роль атқарған.
Қарлуқ қағандығының саяси қүрылысы да өзінің алдындағы Түргеш қағандығының саяси құрылысындай болды. Ескеретін бір жағдай қарлұқ жабғулары 766 жылы қағандықтағы билікті өз қолдарына алса да, олар “қаған” деген атақтың өзіне 100 жылдан кейін ғана ие болған. Қаған атағын тек 840 жылы Испиджаб қаласының әмірі Білге Қойыл Қадырхан алғаш рет алған. Оған дейін қарлұқтар жабғу деген атақпен билік жүргізген тәрізді.
Қадырхан өзін “ашна” руынан тарағанбыз деп жариялаған. Тарихи аңыздар бойынша “ашна” руы атақты ғұн тайпаларының бір бұтағы. Білге Қойыл Қадырхан қағанның өзін атақты ашна руының үрпағымын деуі қарлұқ тайпаларының ата тегі ғұн тайпасы деген ой туғызады. Сонымен, “қаған” түрік дәуіріндегі саяси әкімшіліктің ең жоғары биік сатысы. Одан кейінгі жоғары биліктің екінші сатысы жабғулардың қолында болған. Қарлұқтарда қаған жанында “көл еркіндер” деген көмекшілері болған, ол қазақ хандарының уәзірлері сияқты кеңес берушілер еді.
Қарлұқтар қаған атағын 742 жылда үйғырлар және басмыл тайпаларымен одақтас бола отырып, Шығыс Түрік қағандығын құлатқан кезде алған. Бүл кезде Жетісу жеріндегі қарлұқтар да, түргештермен саяси жағынан билік үшін талас-тартысқа түсіп жатқан. Кейіннен Ұйғыр қағандығының күшейе бастауына байланысты қарлұқтар Жетісуға қарай жылжып, ондағы қарлұқтармен бірлесе отырып түргештерді біржолата жеңеді.
Ірі қалалар мен оның аймағын қала әмірлері басқарған. Кейбір деректерде “Әмір” деген сөз патша сөзімен да қатар айтылған. Мәселен, Тараз қаласын қарлүқ тайпасынан шыққан Танкас патша басқарған деп хабарлайды.
Жалпы, қағандықтың саяси үстемдігін жүргізүшілер қарлұқтардың ақсүйектерінен түрған. Олар алым-салықты жинайтын, әскери күш те солар арқылы құралған. Әрбір ру-тайпаның әмірлері өздеріне тиісті жасақтарды және басқа да қажетті заттарды дайындап соғысқа, не жорыққа дайын түратын болған.
Жалпы тарихи түрғыдан алып қарағанда, VIII ғасырдың аяғымен IХ ғасырдың басында қарлұқтардың өзінің саяси жағынан Орталық және Орта Азиядағы өз көршілерінің арасында беделінің болғандығы байқалады.
IX ғасырдың аяғында қарлұқтардың жағдайы біршама нашарлай түседі. Орта Азиялық саманий әулетінің шабуылдары жиілейді. Сөйтіп саманийлер мен қарлұқ қағандығының арасында, әсіресе, Онтүстік Қазақстан жері үшін ұзақ жылдарға созылған күрес басталады. Сондай күрестердің нәтижесінде Испиджаб қаласы саманийлерге бағынған. Саманийлердің тегеурінді шапқыншылығы 893 жылы Тараз қаласына жасалған. Алайда, қала оңайлықпен беріле қоймаған. Исмаил ибн Ахмет көптеген шығындардан кейінғана қаланы алған. Саманийлердің негізгі мақсаты, қала тұрғындарын мұсылман дінін қабылдауға мәжбүр ету болған.
Кейбір деректерге қарағанда, қарлұқтар Орта Азиядан жасалған саманийлердің шабуылдарына төзіп отыра бермей, өздері де оларға қарсы шабуылдар жасаған. Сондай күшті шабуылдың бірі Орта Азияға 904 жылы жасалған. Ол алғаш жеңісті де болған. Соңында жеңіліс тауып кері оралған.
Саманийлар Онтүстік Қазақстандағы Испиджаб, Тараз сияқты қалаларға өздерінің ықпалын күшейтіп, мұсылман дінін енгізе бастады. Мұндай мәліметтерді Нәршахидің деректерінде де кездестіруге болады. Әл-Мақдисидің хабарына қарағанда түріктердің арасында дін таратудың негізгі тірегі Испиджаб қаласы болған. Мәселен, бұл аймақта мұсылман дінін тарату үшін 1700-ден астам керуен сарайы салынған. Әрине, бұл санның шындықтан артықтау болуыда мүмкін, десекте арабтардың ислам дінін таратуда қаншалықты іс-әрекеттер жүргізгендерін көрсетеды.
Х ғасырдың басында қарлұқ қағанаты әлсірей түседі. Бірақ та қағанаттың біржола құлауына саманийлер шешуші роль атқармаған, олардың қулауының басты себебі Шығыс Түркістандағы Ұйғыр қағанатының күшеюі, Қашқар жеріндегі түрік тілдес тайпалар Оңтүстік Шығыс Қазақстан жеріне жылжыды, олардың 940 жылы Испиджабты жаулап алуы қарлұқтарды құлатып, Қарахани әулетінің үстемдігін орнатады.
Қарлұқ қағандығы Жетісуда өмір сүрген дәл сол кезде қазіргі Қазақстанның батыс-оңтүстігінде IX ғасырдың аяғымен Х ғасырдың басында орталығы Сырдарияның төменгі ағысында орналасқан Жаңакент қаласы болған Оғыз мемлекеті де өмір сүрген. Оғыздар Оңтүстік, Батыс Қазақстанның және Орта Азияның көрші жатқан жерлеріне билік жүргізген. Халқының этникалық құрамы оғыздар мен түрік тілдес ру-тайпаларынан құралған.
Оғыз этимологиясының пайда болуы туралы осы уақытқа дейін нақты пікір жоқ. Бұл Қазақстан тарихында көңіл аударарлық мәселенің бірі. Белгілі бір тиянақты пікір болмаса да көңіл болерліктей түрлі пікірлер бар. Ол пікірлерді негізінен 4 -ке бөлуге болады:
1) Оғыздарды ғұн тайпаларынан немесе олардың бір бұтағы тюгю түріктерінен таратады;
2) Оғыздар қимақ-қыпшақ тайпаларынан шыққан;
3) Оғыздар ұйғырлардан тараған;
4) Оғыздар массагеттерден тараған;
Бұл пікірлердің ішінде екінші пікірге қосылуға болмайтыны рас дейтін ғалымдар бар. Біз оған төртінші пікіргеде қосылуға болмайды деп есептеймыз...
Әйгілі М. Қашқаридің сөздігі "Дивани луғат ат түрік" те, Оңтүстік Шығыс Қазақстанның жерінде, әсіресе Ыстық көлмен Шудың орта бойында қырғыз, қыпшақ, оғыз, йғма, чігін, имек сияқты түрік тілдес тайпалардың қатар өмір сүргендігі түралы деректер бар. Бүған қарағанда, Қазақстанда оғыздардың алғашқы отаны болған жер Жетісу жері болғандығына күмән жоқ. Алайда IХ ғасырдың екінші жартысында қарлұқ тайпаларының күшеюіне байланысты, олардың тегеурініне шыдамаған оғыздар Сырдарияның орта және төменгі ағысына ауа бастаған.
Бұл деректерде де ауып келгендерді ешкім құшағын жая қарсы алмаған. Мұндағы қаңғар-печенегтер мен оғыздардың арасында ұзақ жылдарға созылған, жер үшін талас-тартыс болған. Ақырында оғыздар жеңіске жетіп Сыр бойына, Қаратау қойнауларының баурайларына орын тебеді.
Сөйтіп, IX ғасырдың аяғында оғыз тайпаларының бірлескен одағы арқасында патриархалдық-феодалдық мемлекетке айналады. Оғыздардың құрамына тек түрік тілдес тайпалар ғана кіріп қоймай, Арал, Каспий бойына келіп орналасқан, тіл жағынан түріктене бастаған, үнді-европалықтар, фин-угарлар да кірген.
М. Қашқаридің дерегі бойьшша, оғыздар алғаш 24 тайпадан тұрса, ал Марвази олардың 12 тайпадан тұрғандығын жазады. Егер 24 тайпадан құрылған кезі оғыздардың алғаш әр түрлі тайпалардан жаңа қалыптаса бастаған кезін көрсетсе, ал 12 тайпалық кезі кейінгі мерзімін көрсетеді. Бұл заңды құбылыс. Ол тайпалардың бір-бірімен қосылып, саны азайып халықтық дәрежесі көтеріле бастаған кезі.
Оғыздардың саяси әкімшілік басқаруы көп жағдайда ру-тайпалары бірігіп, ірі тайпалық одақтар құрып, ал тайпалық одақтар ел деп немесе халық болып, аймақтарға бөлініп басқарылған. "Оғызнамеде” Оғыз қаған өзінің жерін басты он екі аймаққа бөліп басқарғандығы айтылады.
Сіздер Оғыз мемлекетінің саяси құрылымына көңіл бөліңіздір: мемлекетті “жабғу” басқарған, ол атақ жалғыз болып, ол мүрагерлікке қалып отырған. Жабғудың мүрагерлері “инал” деп аталатын болған. Оларды арнайы сайлап қойған “атабек” атағына ие болған тәлімгерлер тәрбиелеген. Оғыздарда жабғу әйелдері де мемлекеттің саяси істеріне араласып отырған. Олар “қатын” деген атаққа ие болған. Оғыз мемлекеті әскери демократияға сүйенген. Сондықтан да әскер басыларының қоғамдағы алған ролі зор болған. Ол “сюбашы” атағына ие болған.
Жабғудың “Кұл еркіндер” деп аталатын кеңесшілері болған. Тарихи деректерге қарағанда, оғыздарда “халық жиналысы болған”, бірақ ол феодализмнің дамуына байланысты біртіндеп, шақырылудан қалып, оның орнына Күлеркіндердің кеңесі шақырылатын болған. Бүл кеңес “қаңқаш” деп аталған.
“Оғызнамедегі” деректерге қарағанда, оғыз мемлекетінде ел басқарудың ең жоғарғы органдары ұлы және кіші қүрылтай жиналыстары болған. Ұлы құрылтай жиналысында мемлекеттік маңызы бар ішкі-сыртқы мәселелер, ал кіші қүрылтайда екінші кезектегі сұрақтар қаралаған сияқты.
Оғыздар Сырдарияның орта жәңе төменгі ағысы мен Арал бойына орын тепкен соң, өзінің батыстағы шекарасын да ұлғайта түседі. IХ ғасырдың аяғында хазарлармен келісімге келіп, Еділ мен Жайық аралығындағы печенегтерді біржолата талқандап, олардың жерін өздеріне қаратады.
Х ғасырдың аяғында оғыздар Киев князі Святославпен келісім жасап, Хазар қағандығын да ойсырата жеңген.
Оғыздардың жер үшін жүргізген жорықтарының көп жағдайда сәтті болуы олардың саяси беделін де көтере түскен. Орыс жылнамаларында князь Владимир 985 жылы түркі-оғыздармен одақтаса отырып, Еділ, Кама бойындағы бұлғарларды талқандағаны айтылады.
Алайда үзақ жылдарға созылған соғыстар, коптеген алым-салықтар халық наразылықтарын туғызады. Нәтижеде, Х ғасырдың соңымен ХI ғасырдың басында Әли ханның тұсында Оғыз мемлекеті әлсірейді. ХI ғасырдың екінші жартысында күшейе бастаған қыпшақтар оғыздарды Сырдария, Арал бойынан біржолата ығыстырады.
Қимақтардың жеке тайпа ретінде тарих сахнасына шығуы Батыс Түркі қағанаты шығыс бөлігінің 656 жылы ыдырай бастаған кезі. Қимақтар IХ ғасырдан бастап өз алдына жеке мемлекет болып өмір сүрген. "Худуд Әл-Алам"да Қимақ мемлекетінің орталығы Имақия қаласы болғаны айтылған. Жазба деректертерде қимақтардың екінші орталығы Алакөлдің шығыс жағындағы Қарантия қаласы деп көрсетілген.
Қимақ сөзінің этимологиялық негізі туралы ғылымда белгілі, тиянақты пікір қалыптаспаған. Қимақтардың этникалық құрамы туралы дерек Гардизидің “Зайн-Әл-акбар” атты еңбегінде аңыз түрінде кездеседі.
“Худуд Әл-Алам” мен Әл-Идриси IX ғасырда, Ертіс пен Жоңғар Алатауының арасында 12 қимақ тайпалары бірлестігінен жаңа Қимақ мемлекеті құрылғанын хабарлайды. Мемлекеттің жоғарғы билігі хақанның қолында болған. Билік мұрагерлік дәстүрмен ауысып отырған. Хақаннан кейінгі билік, қимақ мемлекетінің құрамына енген тайпалар бірлестігін басқарған жабғулардың қолында болған. Олардың кейінгі жеке-жеке ру-тайпаларды шад, түтіктер билеген, яғни:
қаған — жабғұ — шад — түтік
Басқарудың бұл жүйесі, қимақ мемлекетіндегі патриархалдық феодализмнің дамуынан келіп пайда болған.
IХ ғасырдың аяғындағы тарихи-георафиялық еңбектерге қарағанда қимақ мемлекеті өзінің территориялық жағынан ұлғайғандығын көрсетеді. Қимақ тайпаларының бірлестігі Орал тауының қыраттарынан Арал теңізінің далалы аудандарына дейін, Орталық және Шығыс Қазақстан мен Жетісудың солтүстік-шығыс аудандарының арасындағы ұлан-ғайыр, кең алқапты алып жатқан. Алайда, бұл көрсітілген территорияның барлық жерінде таза қимақ тайпалары дерліктей тығыз тұрған деген ой тумауы керек. Жазба деректерде қимақтардың негізгі тығыз тұрған жерлері деп Ертістің орталық ағысы мен Жетісудың солтүстік- шығыс аудандары аталады.
Қимақтар бұл кезде мәдени, әлеуметтік-экономикалық жағынан өздеріне жақын, саяси биліктері де ұқсас қырғыз, ұйғыр, қарлұқ, оғыз, қарахан мемлекттерімен іргелес көрші болыпқана қоймай, олармен тікелей қарым-қатынаста, байланыста болды. Сондықтан да олардың әдет-ғұрпын, салт-санасын, тілі мен діни наным-сенімдерін бірынғай деуге болар еді. X ғасырдың соңында Қимақ мемлекеті біршама әлсірей бастады. Басты себебі, жаңадан құралған басқару аппаратының әлі де болса осалдығы, оның ішкіқайшылықтардың бетін дер кезінде ашып, оған тойтарыс бермеуі болды.
Шаруашылығы: Қимақтар көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданды. Жылқы мен қой өсіруге баса назар аударылды. Олардың мыңдаған үйір-үйір жылқылары мен қора-қора қойлары Ертіс өзенінің арғы-бергі жағалауларында қаптап жайылып жүрген. Ибн Әл-Факих қимақтардың денелері ірі, қүйрықты қойларды өсіретіндігін хабарлайды. И. Маркворт қимақтардың қысқы жайылымы Орал мен Желі өзенінің бойы десе, ал жазда Ертіс бойын жағалай жайылатындығын жазған.
Әл-Жакуптың жазуына қарағанда, қимақтар егін шаруашылығының ішінде әсіресе тары өсіруге үлкен көңіл болген. Сондықтан да олардан осы күнге дейін тары, тарышы деген үғымдар сақталған. Жалпы, қазақтарда Қазан төңкерісіне дейін тары өсіру кәсібі басым болған. Қимақтар тасбұршақ, ақ, қара түсті жүзімдер және күріш өсірген. Бидай (бұғдай, арпа), егін (экин) сияқты сөздер қимақтардан бері белгілі.
Мәдениеті: Жазба деректер қимақтардың тұрақты мекендері мен қалалары туралы көптеген хабар береді. Мәселен: Мехак Ибн Әл-Хусайн мен Әл-Марвази қимақтардың жеркепелерде тұратындығын жазса, ал атақты Әл-Идриси қимақтардың Қарантия, Дамури, Сараус, Банджар, Дахлан сияқты т.б. 30-дан астам қалаларының болғандығын, олардың ішінде 12 қаланы, хақанның астанасы мен Ертістің орта ағысына орналасқандығын хабарлайды. Қимақ қалаларының басым көпшілігі өзен-көлдердің жағасына, сауда жолының бойына, қазба байлығы мол жерлерге салынған. Бұл кезде сауда тек айырбас түрінде ғана болып қоймай, қолданыста ақша да болған. Әл-Идриси деректеріне қарағанда, Гаган қаласында жібектен киім тігетін шеберхана болған. Қалалар ағаш шеберлерінің, темір ұсталарының, зергерліктің орталығы болған. М. Қашғаридің жазуына қарағанда, қимақтар темір қорытатын жерді "Тамурлук" деп атаған.
Қалалар қағанның саяси-әкімшілік орталығы болған. Қалаларда қағанның намангерлері, әскер басшылары, салық жинаушылары тұрған. Қалалардың құрылыс жүйелері бекініспен салынған.
Қимақтар пұтқа табынған, сонымен бірге, ата-бабаның әруағына сиынып, оларды қастерлеген. Сондай-ақ, олар көкке, тәңірге, күнге, отқа табынған. Бұлардың айғағы, обалардың жанынан кездесіп жүрген тас келіншектер мен адам бейнесіндегі тас мүсіндерден байқауға болады.
Қорытындылай келгенде, қимақтардың діни наным-сенімдерінің көптеген кәделері қазақ халқының өмірінде толығымен сақталған.
Жазба деректерге қарағанда, ХI ғасырдың бірінші жартысынан бастап Орталық Азиядан батысқа қарай кейбір тайпалардың жылжи бастауы байқалады. Ал тайпалардың жылжуына басты себеп Х ғасырдың басында Шығыста, Қытайдың Солтүстігінде Кидан (Лео) немесе Қарақытай мемлекетінің пайда болуы. Олар өздерінің шекарасын батысқа қарай ұлғайта бастайды. Тайпалардың қоныс аударуы түралы орта ғасырлық араб-парсы, орыс, армян, венгер, сирия, византия деректерінің барлығында дерлік хабар бар. Солардың ішінде Әл-Марвизидің жазғаны біраз тиянақты және көніл бөлерліктей. Ол “Қытай жерінен ауып келген түркі тілдес тайпалардың ішінде бір топ Кундер бар, олар христиан нанымындағы адамдар. Өздерінің жайылымды жерлерінің тарлығынан ауып келген”,-дейді.
Беруни жылжыған шығыс түрік тайпаларына қайлар, құндар, қырғыздар, қалмақтар, тоғыз-оғыздар, түркімендер, фарабтар және хазарларды кіргізген.
Әл-Идриси қайлардың қимақтармен іргелес тұрғандығын және тәуелді болғандығын жазған. Қимақтар әлсірей бастаған кезде батысқа қарай бағыт алған. Өздерімен бірге жылжымай, Орталық Ертістегі көршілес қимақ тайпаларының бір бөлігі қыпшақтарды да ала кеткен.