Лекция №1 Аналитикалық химия пәнінің негіздері және оның әдістері


Лекция № 6 Аналитикалық химияда әрекеттесуші массалардың заңын және ерітінділер теориясын қолдану



бет6/34
Дата02.06.2023
өлшемі0,56 Mb.
#98215
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Лекция № 6
Аналитикалық химияда әрекеттесуші массалардың заңын және ерітінділер теориясын қолдану
Лекцияның жоспары:
1. Аналитикалық химияда әрекеттесуші массалардың заңын қолдану.
2. Анализдегі гомогендік жүйелердегі тепе-теңдік.
3. Электролиттік диссоциациялану дәрежесі.

Сапалық талдаудың негізгі түсініктерін және жартылай микроәдістің орындалу техникасын қарастырған соң жеке топтардың сапалық реакцияларын зерттеуге көшуге болады. Бұл бөлімдегі сұрақтарға қатысты материалдарды игеру үшін сапалық талдаудың теориясының негізін білу керек. Химиялық тепе-теңдік және ерітінділер теориясы анағұрлым басты теориялық негіздер болып табылады.


Аналитикалық химиядағы көптеген реакциялар қайтымды болып табылады. Яғни, олар екі бағытта да, тура және кері, жүре алады. Бұл реакциялардың жылдамдықтарының арасында белгілі бір уақытта және жағдайда тепе-теңдік орнайды (химиялық тепе-теңдік). Мысалы, берілген ерітіндіде

А + В → С + D


Қайтымды реакция жүреді деп қарастырайық. Мұндағы А, В, С және D – реакциялық қоспадағы әр түрлі заттар. Шартты түрде тура бағыттағы реакция үшін келесі өрнекті жазуға болады:


V1=k1[A][B] және де [A] = [B] = 1 моль болғанда V1=k1
сәйкесінше кері бағыттағы реакция үшін де V2=k2
Белгілі бір жағдайда осы екі қарама-қарсы 2 реакцияның жылдамдықтарының арақатынасы тұрақты болады. Яғни, k1/k2=К.
Көп жағдайларда ерітінділерде жүретін аналитикалық реакциялар иондардың арасында өтеді. Сондықтан да аналитикке заттардың ерітінділерде (электролиттердің) қаншалықты дәрежеде иондарға ыдырайтындығы, яғни, диссоциацияланатындығы белгілі болуы керек. Электролиттің қанша бөлігі иондарға ыдырағанын көрсететін сан электролиттік диссоцияциялану немесе ионизациялану дәрежесі деп аталады.
Мысалы, «сірке қышқылының 0,01 молярлық ерітіндісінің ионизациялану дәрежесі 0,0419» ұғымы осы ерітіндідегі барлық H3C-COOH-ның 4,19 %-ы ғана иондарға ыдырап, ал қалған 95,81 %-ы иондалмаған молекулалар қалпында болатындығын білдіреді. Электролиттердің ионизациялану дәрежесінің анализ үшін мәні жоғары. Себебі ол сәйкес заттардың иондарының химиялық белсенділігін сипаттайды. Бұл тұжырымның әділдігін келесі мысал арқылы дәлелдеуге болады. Сірке қышқылына қарағанда тұз қышқылының электр өткізгіштігі жоғары. Ал кейбір заттар (BaCrO4) тұз қышқылында ериді, ал сірке қышқылында ерімейді. Бұл анализ үшін өте маңызды.

Бақылау сұрақтары:


1. Қайтымды реакцияларды талдау тәжірибесінде қолдануға болады ма ?
2. Қандай жағдайда тура реакцияның жылдамдығы жоғары болып саналады ? К-ның мәні қандай болады ?
3.Сірке қышқылының ионизациялану дәрежесінің өте төмен болуына не себеп ?
4. Ионизациялану дәрежесінің анализдегі мәні ?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет