Ақпаратты сақтау, өлшеу, өңдеу және тасымалдау
Ақпаратты сақтау үшін арнайы жад құрылғысы қолданылады. Дискретті ақпаратты үздіксізге қарағанда сақтау оңайырақ, себебі ол сандардың кезектестігі арқылы сипатталады. Егер әрбір санды есептеудің екілік жүйесінде қарастырсақ, онда дискреттік ақпарат нөл мен бірліктің кезектестігі түрінде болады. Кейбір құрылғыларда қайсыбір қасиеттерінің болуы немесе болмауы осы кезектестіктің кейбір сандарын анықтауы мүмкін. Мысалы, дискреттегі орналасуда санның орны, ал магниттіктің полярлығын – оның мәні анықтайды. Дискретті ақпаратты жазу үшін қосқыш құралдарын, перфокарталарды, перфоленталерды, магниттік және лазерлік дискілердің әр түрін, электронды тригтерді және т.б. қолдануға болады. Дискретті ақпаратты сипаттағанда екілік цифрдағы 1 позиция бит деп аталады(bit, binary digit). Бит ақпаратты өлшеу үшін арналған 1 бит көлеміндегі ақпарат “иә” немесе “жоқ” деген жауапты қамтитын сұрақтың жаубына жатады.
Үздіксіз ақпараты сақтау өте қиын. Көбінесе бұл үшін конденсатор негізіндегі электрлік схемалар қолданылады. Үздіксіз ақпарат та битпен өлшенеді.
Бит- бұл өте кішкентай бірлік, сондықтан екі 4 биттік полубайт немесе тетрадьан тұратын, шамасы 8 есе үлкен байт типі қолданылады. Байт үлкен В немесе Б әрпімен белгілінеді. Басқа да стандартты бірліктер сияқты бит немесе байт үшін кили(К), мега(М), геге(Г), тера(Т), пета(Р немесе П) арқылы құралатын туынды бірліктері болады. Бірақ бит және байт үшін олар 10-дық дәрежені емес, екілік дәрежені білдіреді: кило - 210=1024 3, мега - 2206, гига - 230 9, тера - 240 12, пета - 250 15 . Мысалы, 1 КБ=8 Кbit=1024 B=8192 bit, 1MБ =1024 KБ =1048576 Б =8192Кбит.
Ақпаратты өңдеу үшін есептеу машинасы қолданылады, олардың екі түрі бар. ЦВМ(цифрлы есептеуіш машинасы)- дискретті ақпаратты өңдеу үшін, АВМ (аналогтік есептеу машинасы) – үздіксіз ақпаратты өңдеу үшін . ЦВМ- әмбебап, онда кез келген есептеуіш тапсырмаларды дәлдікпен шешуге болады, бірақ дәлділік өскен сайын оның жұмыс жасау жылдамдығы азаяа түседі. ЦВМ- бұл кәдімгі компьютерлер.
Әрбір АВМ есептің аз ғана классына арналған, мысалы, интегралдау немесе дифференциалдау. Егер бұндай АВМ-ге f`(x) функциясымен анықталатын сигнал енгізсек, онда одан F(x) немесе f’(x) түріндегі сигнал шығады. АВМ өте тез жұмыс жасайды, бірақ олардың дәлдігі шектелген және олар аппараттың араласуынсыз үлкейе алмайды. АВМ-ге арналған бағдарлама – бұл электронды қоспалардың жиынынан тұратын электрлі схема.
Сонымен бірге ЦВМ және АВМ секілді элементтерден тұратын гибридті есептеуіш машина бар.
2- суретте ақпаратты тасымалдау схемасы бейнеленген.
Кодтауға, мысалы, мәліметті шифрлау, ал декодтауға – дешифрлау жатады.
Кодтау және декодтау бірнеше рет қайталануы мүмкін. Ақпаратты тасымалдаудан қате көбінесе- каналдағы артық дыбыстардан(армосфералық және техникалық ақаулар), кодтау мен декодтаудағы қателіктерден болады. Ақпарат теориясы осындай қателер санының минималды болуын зерттейді.
КОДТАУ БАЙЛАНЫС КАНАЛЫ ДЕКОДТАУ
ШЫҒУ КӨЗІ ЖІБЕРУШІ ҚОЛДАНУШЫ ҚАБЫЛДАУШЫ
Ақпараттық тасымалдау жылдамдығы 1 секундта жіберілген бит немесе бодтың санымен өлшенеді. 1 бод=1бит/сек(bps). Бодқа арналған бірліктер бит және байтымен бірдей, мысалы 1 Kbaud=10240 baud.
Ақпаратты кезектестіріп, яғни биттен кейін бит және параллелдікпен, яғни саны таңдалған бит тобы, жіберуге болады. Параллелді тәсіл жылдамырақ, бірақ ол техникалық түрде күрделірік және деректерді үлкен қашықтыққа тасымалдағанда қымбаттырақ. Параллелді тәсіл тек қана 5 метрден аз қашықтыққа қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |