Байланысты: Лекция №1 Кіріспе дәріс. Қазақстан қазіргі замандағы тарихы пәні-emirsaba.org
6.Елдің индустриалдық дамуның алғашқы қадамдары және дамуы. Иңдустрияландыру саясатьш жүргізуде, әсіресе, Ф.И.Голо-щекиннің қылмысты ролін ерекше атап кету керек. Ол орталық әмірін екі етпей орындайтын қатыгез, мейірімсіз адам болатын. Республиканы басқарған жылдары (1925-1933 ж.ж.) Мәскеудің Қазақстанды шикізат базасына айнаддыру саясатын бұлжытпай жүргізді. Әңгіменің жөнін айтқан С.Сөдуақасүлы сияқты азаматтарға "ұлтшыл-уклонист" деген айдар тағып, қудалады. Жергіліюі халықтың дамуын ескермеген ол қазақтарды үлкен қырғынға ұшыратгы. Сонымен Бірінші бесжылдық жыдцарывда Қазақставда 1929-32 ж. Совет мемлекетінің республиканың халық шаруа-шылығына жүмсаған күрделі қаржысының көлемі 1,5 млрд. сомнан асты, оның 48%-і өнеркәсіпке, транспортқа, байланысқа жүмсалды. Бесжылдық ішінде Қазақстанда жаңадан салынған және жабдықталган 40-тан астам ірі заводтар мен фабрикалар, шахталар мен рудниктер және электр станциялары қатарға қосылды. Халық шаруашылығындағы өнеркәсіп өнімдерінің үлес салмағы 39,5%-ке жетті. Ауыр өнеркәсіпті, мұнай мен көмір өнеркәсібін, түсті металлур-гияны дамытуға бірінші кезекті көңіл бөлінді. Донбасс пен Кузбасс көмір өндірушілері Қарағавды бассейнін салуға, Баку мен Грозныйдың мұнайшылары Орал—Ембі мұнайлы ауданын игеруге көмектесті. Түркістан-Сібір магистралы, Лениногор полиметалл комбинаты т.б. ірі кәсіпорындар — Қазақстанның енеркәсіптік бейнесін айқындайды.
1-бесжылдық тұсында пайда болған республика индустриясы КСРО (СССР)-де социализмнің экономикалық ірге тасын қалауға, Совет мемлекетінің технико-экономи-калық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге, оның қорғанымпаздық қабілетін нығайтуға елеулі үлес қосты.
Қорыта келгенде Қазақстанда индустрияландыру негізінен қазақ байларын тәркілеуден (конфискелеу) алынған мал-мүлкінің есебімен іске асты, оларды адамдық құқынан айыру, өзі мекендеген жерден басқа жаққа жер аудару мен қорқыту немесе "Тәрбиелеу мақсатывда" қамауға алу, үй-мүлкін конфискациялау, түрмеге жабу (ГУЛАГ) жалған атуды ұйымдастыру, ұрып-соғу т.б. 1930 жылдың 15 аурызында ЦИК-тің және СНТ, КАССР "Жартылай коллективтендіру және бай кулактармен күрес жүргізілген аудандарда социалистік ауылшаруашылығын нығайту жөніндегі қаулысы қабылданғаннан бір ай өткен соң-ақ қамауға алынған және сотқа берілгендердің саны 3113 адам, өзі тұрған аймақтан тыс жерде жер аударылғандардың саны 67бЗ адамға жетгі. Үй қожайыны қамауға алынды. Колымге немесе Коли түбегіне жер аударылды". Халық арасында ашаршылық болды. Одан 1,7 миллион шамасында қазақ тұрғындары қырғынға ұшырады. Бір мииллиондай адам Қазақстан территориясынан тысқары жерге көшіп кетті.